1917 жылы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері.

2. 1905-1907 жж. Қазақ депуттары Ресей империясының I - II Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.

3. 1917 жылы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: "Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет" деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.
1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет "бұратана жұмысшы жасақтарын" Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.
Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.
Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда "Қара жұмысшылар одағы" құрылды.
Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар "Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын" ұйымдастырды. Петропавлда "Жас арбакештер одағы" құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.
Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917 жылғы Ақпан революциясы және саяси партиялар мен ағымдар
1917 жылғы Ақпан революциясы
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
РЕСЕЙДЕГІ АҚПАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ӨМІРІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Латын Америка елдеріне кіретін мемлекеттер
Ақпан революциясы жайлы
Ресейдегі ақпан буржуазия-демократиялық көтерілісі және оның Қазақстанға ықпалының ерекшеліктері
Ұлы қазан революциясы және Қазақстан
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Пәндер