Геоэкология және ландшафттық экология


Кіріспе
Геоэкология - жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі организмдермен қарым-қатынасын зерттейді.
Геоэкология - экология мен географияны біріктіретін комплексті ғылым. Геология терминінің пайда болуын неміс географы Карл Тролльдің есімімен байланыстырады (1899-1975), ол 1930 жылдары геоэкологияны экология мен экожүйедегі географиялық зерттеулерді біріктіретін жаратылыстанудың бір бағыты ретінде түсінген. Карл Тролльдің ойынша, «геоэкология» термині және «ландшафт экологиясы» синоним болып келеді. Геоэкология термині Ресейде 1970 ж. бастап қолданыла бастады, ең алғаш қолданған кеңестік географ Б. Б. Сочава. Жеке ғылым ретінде ХХ ғ. 90 ж. бөлініп шықты.
Бірақ, бұл ұғымға нақты әрі жалпыға бірдей түсінік берілмеді, геоэкология пәні мен оның қызметі әр түрлі түсіндіріледі. Жалпы жағдайда антропогендік факторлардың табиғатқа кері ықпалын зерттеуге тоқталады.
Ландшафт геоэкологиясы ландшафттану ғылымындағы онша жақсы танылмаған проблемалардың қатарына жатады. Осы күнге дейін оның мазмұны да толық анықталып болған жоқ. Территориялық табиғат құбылысындағы салалар олардың құрылымдық өзара байланысын, географиялық құрамдас бөліктерінің өзара әсерін зерттейтін ілімді ландшафт геоэкологиясы деп атайды.
Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шектеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа түрлердің болуы. Сонымен бірге кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:
а) адамның табиғатты тиімді пайдалану жолдарын және орта жағдайларына антропогендік факторлардың әсер етуін алдын ала болжауға байланысты зерттеулер жүргізу;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ландшафт экологиясының өзгеру, даму жолын білудің табиғаттанумен бірге территориялық табиғат кешендерін оптималдандыру үшін де пайдасы орасан зор. Экологиялық жағдайы қолайлы болатын жерлерде территориялық табиғат кешендерінің құрамдық және құрылымдық бөліктері бірімен-бірі үйлесім тауып дамиды.
Ландшафт экологиясын жақсартып, территориялық табиғат кешендерін, олардың түзіліс жолдары мен даму бағыттарын танып білу арқылы байлықтарын тиімді пайдалуныды, қажетіне қарай қорғауды, еселеп өсіруді, жаңа сапа туындатуды тиімді өту деп атайды.
І. Геоэкологияға жалпы сипаттама
Геоэкология геологиялық ортаның экологиясы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда геоэкология геологиялық орта мен табиғаттың басқа құрамдас бөліктерімен - атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы заңды байланыстарын (тура және кері) зерттейді, адамның шарушылық әрекеттерінің ықпалын геология, геохимия, биология және экология тұрғысында қарастырады.
Геоэкология географиялық, биологиялық (экологиялық) және әлеуметтік-өндірістік жүйелердің байланыстарын зерттейтін ғылым ретінде түсіндіріледі. Бұл жағдайда геоэкология табиғатты пайдаланудың экологиялық аспектілерін, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселелерін зерттейді, эволюциялық тұрғыда қарастырады және жүйелік және синергетикалық парадигмаларды қолданады. Мұнда геоэкология география мен экологияны байланыстырып зерттейтін ғылым ретінде түсіндіріледі.
Осы мәселеге байланысты көптеген пікірлер де бар. Әр автор бұл терминді өзінше түсіндіруге тырысады. Мысалы, геоэкологияны экологияландырылған география ретінде қарастыратындар бар. Басқалары, биотикалық және абиотикалық компоненттердің байланысы нәтижесін оқытатын экологияның бөлігі ретінде қарайды.
Зерттеу облысы:
1. Тіршілікті қамтамасыз ететін глобалды геосфералық циклдер - Жер шарының геосфералық қабықшаларының көміртегі, су, азотты тасымалдау циклында алатын орнын анықтау.
2. Глобалды геодинамика және оның биосфера құрамына, қалпына және эволюциясына әсері. Жер тарихындағы экологиялық кризистер. Қазіргі кездегі табиғат пен климаттың өзгерістерін болжау.
3. Геосфералық қабаттардың климат өзгерістері мен экологиялық жағдайына, газсыздандыру, Жердегі геоактивті зоналарға ықпалын зерттеу.
4. Глобалды және регионалды экологиялық кризистер.
5. Табиғи орта және оның шаруашылық пен урбанизация әсерінен өзгеруі (тау-кен өндірісі, адам әрекеті: топырақтың, жыныстардың, жер үсті және жер асты суларының химиялық және радиоактивті ластануы, технотабиғи процестердің қалыптасу қаупі, жер асты суларының азаюы және т. б. )
6. Қазіргі ландшафттың сипаты, жағдайын бағалау және басқару, ауа, су, жер, рекреациялық және минералдық, энергетикалық ресурстарды дұрыс пайдалану және қорғау.
7. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз еті және мониторинг және т. б.
ІІ. Геоэкология және ландшафттық экология
Геоэкология геологиялық ортаның экологиясы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда геоэкология геологиялық орта мен табиғаттың басқа құрамдас бөліктерімен - атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы заңды байланыстарын (тура және кері) зерттейді, адамның шарушылық әрекеттерінің ықпалын геология, геохимия, биология және экология тұрғысында қарастырады.
Ландшафт экологиясы ұдайы өзгеріп тұрады. Бұл өзгеріс табиғи жолмен де, адам әрекеті нәтижесінде де орын алады. Жалпы территориялық табиғат кешендеріне әсер ететін құбылыс пен процесті экологиялық фактор дейді. Ол табиғи ерекшелігі мен әрекетіне қарай үш топқа: геогендік, биогендік және антропогендік факторларға жіктеледі.
Г е о г е н д і к ф а к т о р ғ а территориялық табиғат кешендерінің литогендік негізін (жер қыртысын түзетін минералды заттар мен тау жыныстары) жер бедері пішінінің түзілуі жағдайын, ауа, су температурасын, қысымын, жел күші мен бағытын, грунттың, топырақтың, өзен, көл суының тұздығын, т. б. жағдайларын, территориялық табиғат салаларының ауа, су, топырақ, өсімдік т. б. құрамдық бөліктерінің нитраттық, нитриттік, пестицидтік көрсеткіштерін, радиоактивтілік фондарын жатқызады.
Б и о г е н д і к ф а к т о р ғ а микроорганизмдердің, өсімдіктер мен жануралардың басқа жақтан келуіне, немесе ауып кетуіне байланысты дамитын әрекеттер жатады.
А н т р о п о г е н д і к ф а к т о р ғ а адамның аң аулауы, мал өсіруі, егін салуы, кен өндіруі, өнеркәсіп пен жол қатынасын дамытуы, ауылдық, қалалық, демалыс саяжайы, мекен жайлар тұрғызуы сияқты әрекеттері арқылы территориялық табиғат салаларының құрамдық, құрылымдық бөліктерінің өзгеруі жатады. Геогендік және биогендік факторларға қарағанда антрогендік фактордың әрекеті күн сайын дамуда. Олардың қарқынынының артуына ғылыми-техникалық революция үлкен әсер етіп отыр.
Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекет әр уақытта да күрделі бір ғылыми проблема болып қала бермек. Адам іс-әрекеті техникалық прогрестің артуына байланысты соңғы кезде ландшафтының әсер етуші күшті факторлардың қатарына қосылуда. Антропогендік процестердің қарқыны да, аумағы да күн сайын артып келеді. Қазір жер бетінде адам әрекетінің тікелей және жанама әсерлері тимеген бірде-бір ландшафт жоқ. Көптеген ландшафт адам әрекетінің нәтижесінде табиғи қалпын өзгертіп, антропогенді ландшафтының тобын құрастыруда.
Территориялық табиғат салаларының түзіліс жолының тарихына, жергілікті жер жағдайына, құрылымдық, эндемиялық, реликттік ерекшелігіне байланысты болатын экологиялық жағдайдың өзгеруі баяу сипатта болып эволюциялық жолмен дамиды, негізінен ол табиғи құбылыстар мен процестердің нәтижесі болады. Жалпы алғанда, ландшафт экологиясының табиғи даму барысында территориялық табиғат салаларының өзін-өзі тазалап, өздігінен даму қабілеті артады. Мұндай экологиялық жағдай атмосфералық жауын-шашын көп түсетін, шіру процесі тез жүретін, химиялық элементтердің орын ауысуы мен биологиялық зат айналымы қарқынды түрде дамитын аймақта, атап айтқанда, тауда жиі кездеседі.
Ландшафт экологиясының өзгеру, даму жолын білудің табиғаттанумен бірге территориялық табиғат кешендерін оптималдандыру үшін де пайдасы орасан зор. Экологиялық жағдайы қолайлы болатын жерлерде территориялық табиғат кешендерінің құрамдық және құрылымдық бөліктері бірімен-бірі үйлесім тауып дамиды.
Антропогендік фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафттың құрамдас бөліктерінің түрақтануы ортаның экологиялық жағдайымен үйлесім тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдасбөліктер тізбегінен орын алуы тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен даму ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Антропогенді фактордың тікелей әрекеті көбіне ландшафтының морфологиялық қүрылымдық бөліктерінің өзгерісінде тез байқалады. Ондай құбылыстар мен процестерге жер бетінің жыралануын, топырақ жамылғысының шайылуын, қүм шағылдардың көшпелі құм жондарына айналуын, тағы басқаларды жатқызуға болады.
Жанама әсер ететін адам әрекеті негізінен ландшафттың құрамдас бөліктерінің өзара байланыстарын бұзады. Олар алғашқыда көзге көрінбейтін табиғат құбылыстарын қоздырады да, ұзақ уақыттардан кейін ғана нәтиже береді. Көпшілік жағдайда ландшафтының қалпына келмейтін өзгерісін тудырады. Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Месопотамияда, Грецияда, Кіші Азияда және басқа жерлерде, егістік жер таппақ болған адамдар орман ағаштарын түп-тамырымен қопара қазғанда, осы арқылы өздерінің бүл елдерді ормандарымен бірге ылғалды жиып, сақтайтын орталықтарынан айырғаны, бүл елдердің қазіргі тып-типыл қалыпқа түсуін бастап бергені түстеріне де кірген жоқ», - деп жазған. Кітапта: «Альпілік итальяндар таудың теріскей беткейінде мүқият сақталып күтілетін қылқанды ағаштарды кесіп тастағанда, олар осы арқылы өз аймағында биік тау баурайларындағы мал шаруашылғының тамырына балта шабамыз, деп ойлаған жақ, олардың мүнан да бетер бір болжай алмаған нәрсесі-олар осы арқылы өздерінің таудан шығатын бүлақтарын жыл ішінде көп уақыт бойы сусыз қалдырды», - деп адам әрекеті мен табиғат қүбылыстарының бір-біріне өтулері арқылы әсер ететінін өте нанымды түжырымдады.
Бұрынғы КСРО-ның құрамында Қазақстан қорғасынның, вольфрамның, висмут, ванадий, барийдің қоры жөнінен 1 орында, мыс, фосфорит, молибден, кадмий, асбест, мүнай, табиғи газдың қоры жағынан 2 орында болды. Техногендік ландшафтар полиметалл рудаларын, көмір, құрылыс материалдарын ашық немесе шахталық әдіспен өндіретін өте аумақты территорияларында қалыптасты. Ашық өндіру процесі нәтижесінде (Екібастүз көмір бассейні, Маңғышлақ уран кен орындары) өте үлкен территорияларды алып жатқан жаңа антропогендік рельеф формалары пайда болды. Мұндай жүмыстар ландшафтың барлық компоненттерін түбегейлі өзгертіп, ашық қалған литогендік негіз жыныстары мен әртүрлі микрорельеф формалары, өсімдіктер қауымдастығы, беткі ағыс арасында жаңа қарым-қатынастың пайда болуына негіз болады. Қазба байлықтарды игеру барысында литогендік негіздің заттық, минералдық, гранулометриялық өзгерістері орын алады. Нашар үгілген, биогендік негізі қалыптаса қоймаған жыныстар тереңнен жамылғы қабатқа шығып қалады. Барлық химиялық процестердің бағыты мен шапшаңдығы түбірімен өзгереді. Тереңде жатқан жыныстарға тән химиялық процестер, бүл жыныстар гипергенез зонасына орын ауыстырғанда өзінің сипатын күрт өзгертіп, биота үшін зиянды, улы активті қосылыстардың пайда болуына әкеп соғады. Осындай антропогендік процестер әсерінен биологиялық өнімділік шамасы, тіпті, зат және энергия алмасуы түбірімен өзгеріске түседі.
Қазіргі табиғи комплекстердің дамуына, эволюциялык ерекшелігіне антропогендік факторлардың тигізер әсеріне ерте кезде-ақ назар аударылған. Ал соңғы уақыттағы ғылыми-техникалық революция жетістіктеріне байланысты оның әсері кейде тіпті табиғи үрдістердің әсерінен де артық. Сондықтан олар геожүйелердің табиғи әлеуетін анықтауға негізгі фактор болып есептеледі. Қазіргі геожүйелер шеңберіндегі табиғи үрдістерді жан-жақты білу, картаға түсіру жұмыстарын оларға антропогендік үрдістердің тигізер әсері сияқты мәліметтермен толықтырып, есепке алған дұрыс. Өйткені қазіргі ландшафтардың шығу тегі мен болашақтағы даму бағытын анықтауда тек табиғи факторларды есепке алу жеткіліксіз. Қазіргі кезде, табиғи комплекстердің қуаңшылыкқа ұшырауының әр түрлі деңгейде болу себебі табиғи факторлармен қатар антропогендік факторлардың әсерінен деп түсіну қажет. Табиғи ландшафтар функционалдық ерекшелігі бойынша ауыл шаруашылықтық мақсатта кеңінен қолданылатынықтан техногендік ластанумен қатар геоэкологиялык жағдайының нашарлауына әсер етуші фактор - агроценоздардың салдарынан дефляциялық және эрозиялық үрдістердің үдеуі. Сонымен қатар мал шаруашылығының дамуына қажетті жайылымдардың ауданы жыл өткен сайын кеміп бара жатқаның және олардын биологиялық өнімділігінін нашарлауын да айта кеткен жөн. Халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану нәтижесінде ландшафтаралық және оның жекелеген компененттерінің арасындағы байланыс өзгеріске ұшырайды, нашарлайды. Қазіргі таңда экологиялық ахуалы әр түрлі табиғи комплекстер кездеседі. Табиғи компоненттер байланысы аумактың геологиялық-геоморфологиялық ерекшелігімен тығыз байланысты болғандықтан компонентаралық байланыс нашар, әлсіз. Шөлдену, түздану, т. б. үрдістердің нақты көрсеткіші-ең алдымен, топырақ және өсімдік жамылғыларының азғынуы, егіс өнімділігінің кемуі. Тіпті ну тоғайлардың мүлдем жойылып кету мүмкіншілігінің байқалуы. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған жерлердің көлемі арта түсуде және айналымындағы жерлердің биологиялық өнімділігі төмендеуде. Сондықтан табиғи антропогендік факторларға талдау жасау мен осыған байланысты табиғи комплекстерді жақсарту жолдарын ұсынған дұрыс, әрі қолайлы. Ландшафтар жайылымдылық және шалғынды жерлер ретінде пайдаланылады. Өзен аңғарында дамыған геожүйелердің өнімділігі жоғары-әр гектардан 20 центнерге дейін өнім алынады. Мысалы, Ащысу, Әділсу өзендерінің жайылымдылық террасаларында шалғынды егістер дамыған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz