Ақпаратты басқару ақпарат менеджменті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Таңсықбай Ә. Қ.

МҚТӘ-21

1. Ақпаратты басқару/ақпарат менеджменті

Ақпаратты басқару дегеніміз - бізге қажетті ақпаратты табу, белгілеу, жазып алу және оларды қайта іздеп табатындай қылып ыңғайлы сақтау. Ақпараттық технологиялар дамыған заманда ақпаратты басқару заманауи құрылғылар, бағдарламалар арқылы жүзеге асады.

Э. Фассбендер және Дж. Мамтора «A workflow for managing information for research using the iPad, Sente and Dragon Dictate: a collaboration between an academic and a research librarian» [1] атты мақаласында iPad, Sente және Dragon Dictate қосындысының ақпаратты басқарудағы артықшылығы жайлы айтады. Бұнда академиялық басылымдарды іздеу, алу, сақтау, оқу және жазудың дәстүрлі зерттеу процесінде туындайтын бірнеше мәселелер қарастырылған. Баспа мақалаларын және кейбір анықтамалық бағдарламаларды пайдалану кезінде пайда болатын дәстүрлі жұмыс процесінің бірқатар мәселелері анықталды. Бірінші мәселе - баспа мақалалары физикалық сақтауды қажет етеді, оларды тауып алу, өзімен бірге алып кету қиындық туғызуы мүмкін. Осыған байланысты Sente артықшылығы көрсетіледі. Электрондық анықтамалық-библиографиялық мәліметтер базасы кілт сөздер арқылы бірнеше секунд ішінде тиісті мақалаларды іздеуді жеңілдетеді, нәтижені жылдам береді. Мақалада қарастырылған тағы бір мәселе - денсаулық. Компьютерде адам көп отырса, денсаулыққа зиян тиеді. Сонымен қатар компьютер мен ғылыми еңбекке кезек-кезек назар аударғанда, ой бөлінеді. Мақала авторлары ноутбук, планшет, микрофон және осыған байланысты Sente (Айпад пен Макбукта қолданылады) және Dragon Dictate (дауысты танығыш) бағдарламаларды қолдану ғылыми жұмысты жеңілдетеді деп тұжырымдайды. Планшеттік құрылғыны қолдануға негізделген жұмыс процесі осы мәселелерді шешеді. Планшеттер көбінесе оқуға арналған деп айтылады. Сондай-ақ олардың портативтілігінің тиімділігі жайлы сөз болады. Дауысты тану бағдарламасының зерттеушілерге мақалада не оқығандары туралы ойлануға, сөйлемге я абзацқа саусақты қойып, түйіндемені табиғи дауыспен тұжырымдауға, содан кейін қайтып оралуға мүмкіндік беруі - өте ыңғайлы. Бұл стандартты компьютерде бағдарламалар арасында бірнеше рет ауысудан әлдеқайда тиімді. Осы артықшылықтарға сүйене отырып, авторлар келесідей тұжырымдайды: Sente - ең тиімді библиографиялық бағдарламалық пакет, өйткені ол Apple Mac және iPad-та қатар қолданылады (осылайша планшетті оқу құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді) . Ал Dragon Dictate белгілі бір еңбекті оқу процесін үзбей, түйіндемеңізді дауыспен жазуға мүмкіндік береді. Алайда мақала авторлары бұның бәрін тек бір жағдайда ғана жүзеге асыруға болатыны жайлы ескертеді: PDF файлдары оларды өзгертуге мүмкіндік беретін нұсқада болуы қажет.

Д. Николас, Ш. Букасем-Зегмури, Б. Родригес-Браво т. б. «Where and how early career researchers find scholarly information» [2] атты зерттеулерінде ғылыми ақпараттың қолжетімділігі жайлы сөз болады. Зерттеу нәтижелері жас ғалымдардың арасында ғылыми еңбектерді іздеуде Google/Google Scholar-дің жалпы танымалдылығын растайды. Олар үшін әлеуметтік медиа ғылыми ақпарат көзі ретінде кеңінен қолданылады. Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Франция, Малайзия, Польша және Испанияда ResearchGate танымал. Смартфондар ғылыми ақпаратты тез табу үшін үнемі қолданылатын платформаға айналды, бірақ толық мәтінді оқу үшін аз қолданылады. Кітапхана платормалары әдетте толық мәтіндерді іздеп табу үшін қолданылады, алайда зерттелген елдерде олар дереккөзі ретінде аса танымал емес. Әр елдің жас ғалымдары арасында ғылыми материал іздеу ерекшеліктері бар. Мысалы, қытайлық зерттеушілер біріншіден мемлекет тарапынан қаржыландырылатын, материалдарға бай кітапхана плафтормаларына жүгінеді, содан кейін Google Scholar-ға көшеді. Бұнда ақпарат қолжетімділігі мемлекет саясатына байланысты. Испандық жас ғалымдар жаңа мәліметтер туралы хабардар болу үшін электрондық поштаның ескертулеріне көп арқа сүйейді.

2. Ақпаратты басқарудың онлайн құралдары: Delicious, Dropbox, EndNote, RefWorks, Google - Google Drive.

А. В. Шевчуктың «Программные средства работы с научными источниками: поиск, систематизация, цитирование» еңбегінде ақпаратты басқаруға арналған бағдарламалар:

  • Іздеу үшін - арнайы іздеу жүйелері (Google Scholar, Microsoft Academic Search, Scirus) және ғылыми дәйкесөз деректері қоры (Web of Knowledge және Scopus)
  • Сақтау үшін - бұлтты сервистер (Dropbox)
  • Жүйелеу үшін - библиографиялық менеджерлердегі коллекциялар мен тэгтер
  • Цитата жасау үшін - библиографиялық менеджерлердегі автоматизация.

Reference management software - бұл дереккөздердің библиографиялық сипаттамаларын сақтауға және жүйелеуге, оларға файлдар мен жазбаларды қоса беруге, сонымен қатар дәйексөз процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарлама. Еңбектің авторы Zotero бағдарламасын қолдануға кеңес береді. Себебі:

  • Тегін
  • Кросплатформалық (Mac, Windows, Linux)
  • Firefox браузеріне орнатылған + бөлек бағдарлама
  • Интуитивті интерфейс
  • Интернет іздеуді оңтайландыру
  • Деректер мен файлдарды «бұлтты» сақтау (синхрондау)
  • Форумдар арқылы қауымдастықты қолдау т. б. [3] .

Библиографиялық менеджерлер - зерттеушілердің библиографиялық сілтемелермен жұмыстарын автоматтандыру, алғашқы дереккөздер арқылы өздерінің ғылыми әдебиеттерін жүктеу, кітапханаға жеке (ұжымдық) сілтеме құруға және қолдауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Бағдарлама атаулары әртүрлі болуы мүмкін: библиографиялық менеджерлер, білімді менеджерлер, ақпараттық дербес менеджерлер, ғылыми жұмыстар органайзерлері және т. б.

Ғалымдар үшін библиографияны және әлеуметтік желілерді басқару құралдары:

EndNote- библиографиялық менеджер, Web of Science платформасында орнатылған.

Mendeley Elsevier - библиографиялық жұмысты қамтитын сервистер.

Zotero- тегін жеке қосымша, Firefox немесе Chrome плагин түрінде жасалған.

ResearchGate- барлық ғылыми пәндер ғалымдарының тегін әлеуметтік желісі мен серіктестік құралы [4] .

К. Асылбекова «Обзор инструментов управления библиографией» атты мақаласында цитаталарды жасау, сақтау және библиографияны сақтау, ғылыми мақалада әдебиеттер тізімін автоматты түзу т. б. қызметтерді атқаратын заманауи құрылғыларды сипаттайды. Тегін сервистердің ішінде Zotero, Mendeley танымал, ал ақылы құрылғылардың ішінен ReWorks пен EndNote дегендерді атауға болады. Мақала авторы Kern & Hensley (2011) және Gilmour & Cobus-Kuo (2011) зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, аталған құрылғылардың ұтымды-ұтымсыз жақтарын көрсетеді [5] .

Мүмкіндіктер
Bibus
EndNote
Zotero
Mendeley
Мүмкіндіктер: Файлды сақтау
Bibus: -
EndNote: -
Zotero: +
Mendeley: -
Мүмкіндіктер: Деректер базасында сілтемелерді экспорттау
Bibus: +
EndNote: +
Zotero: +
Mendeley: +
Мүмкіндіктер: Фильтр импорты
Bibus: +
EndNote: +
Zotero: +
Mendeley: +
Мүмкіндіктер: Браузерге байлануы
Bibus: -
EndNote: -
Zotero: +
Mendeley: -
Мүмкіндіктер: Орнатылу
Bibus: -
EndNote: -
Zotero: +
Mendeley: -
Мүмкіндіктер: Орнатылған коллекциялардың болуы
Bibus: +
EndNote: +
Zotero: +
Mendeley: -
Мүмкіндіктер: Визуалды стиль редакторының болуы
Bibus: +
EndNote: +
Zotero: +
Mendeley: +
Мүмкіндіктер: Мақалаларға сілтемелердің жеке іздеу дерекқорын құру
Bibus: +
EndNote: +
Zotero: +
Mendeley: +

[6]

И. Н. Перепелкин, Р. А. Дунаев, С. Е. Савотченко «Программные средства автоматизации библиографической информации» атты мақалада қарастырылған бағдарламалардың ағылшыннан басқа тілде зерттеу жүргізетін қолданушылар үшін бір кемшілігін атап көрсетті: «К сожалению, для российского пользователя библиографических программ, подбирающего документы на русском языке, неудобство состоит в отсутствии возможности импорта библиографической записи из отечественных библиографических баз данных и каталогов, поскольку они не поддерживают форматов, принятых в библиографических менеджерах, индивидуальных базах знаний (. RIS, . BibTeX, . CSV и др. ) . Записи приходится осуществлять вручную. Специалистами наличие такой проблемы осознано. Например, специалисты Научной электронной библиотеки eLibrary уже приступили ее решению: предполагается, что в скором будущем появится возможность экспорта библиографических записей из eLibrary в популярных библиографических форматах для хранения в EndNote, Mendeley, Zotero и т. д. В настоящее время библиографическую информацию о документах из НЭБ можно загружать в Zotero в формате html6. Видимо, возможность экспорта записей в библиографические менеджеры должна быть предусмотрена и в используемых в России автоматизированных библиотечно-информационных системах» [7] . Бұл, әрине, қазақ тіліне де қатысты.

Delicious - бұл интернеттегі парақшаларға бетбелгілерді (заметки) сақтау және жариялауға арналған ақысыз қызметті ұсынатын веб-сайт. Бастапқыда бұл сайт адресі deli. icio. us болған, кейін delicious. com деп өзгертілді. Бірнеше жыл бұрын бұл онлайн сервистің адресі қайтадан deli. icio. us деп өзгертілді. Қазіргі кезде жұмыс істемейді. Көптеген аналогтары бар: http://pinboard. in/ https://netvouz. com/ http://moemesto. ru/ https://bobrdobr. ru/

EndNote-сілтемелер мен библиографияны басқару үшін қолданылатын библиографиялық ақпаратты басқарудың коммерциялық жүйесі, оларды көптеген сілтеме стандарттарына сәйкес рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама мақалалар туралы ақпаратты онлайн каталогтардан алады, әдетте олар: Library of Congress, LISA, Pubmed және Web of Science. Басқа каталогтарды да қосуға болады. Microsoft Word-пен қатар қолдану ыңғайлы.

Dropbox ақпаратты жүйелеуді, синхрондауды қамтамасыз етеді. Файлдарды бір жерде сақтау оларға компьютерден, телефоннан немесе планшеттен кіруге мүмкіндік береді. Барлық өзгертулер аккаунт арқылы синхрондалады. Жұлдызшамен белгіленген папкалар ең көп қолданылатын папкаларды тез табуға және олармен компьютерден, мобильді құрылғыдан немесе dropbox. com сайты арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Dropbox арқылы ұжымдық жұмыстар жасауға болады.

Гугл Диск - ақпаратты басқаруға арналған танымал бағдарлама. Дискіде іздеу технологиясы қолданылғандықтан, әріптестеріңізбен бірге ең қажетті материалдарды тез табуға болады. Ортақ дискілермен жұмыс істеу кезінде пайдаланушылар қол жетімді файлдарды сақтап, тауып, аша алады. Ортақ дискідегі файлдар жеке пайдаланушыларға емес, олардың топтарына тиесілі, бұл қажетті материалдарға қол жеткізуге кепілдік береді. Офлайн режимінде құжаттар, кестелер және презентациялар файлдарымен жұмыс жасай аласыз. Бұл жағдайда сіз жасаған барлық өзгерістер интернет байланысы орнатылғаннан кейін автоматты түрде синхрондалады. Құжаттар, кестелер, презентациялар және Microsoft Office-тен басқа, Диск 100-ден астам файл форматтарын, соның ішінде PDF, CAD және т. б. аша алады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджменті аудитін анықтау
Сапа менеджменті және үрдістері
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау
Сапа менеджменті жүйесін құжаттау
Сапа менеджментінің принциптері
Сапаны басқару әдістері
Электр энергиясының түрлену және тұтыну процесі
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
ҚР СТ OHSAS 18001:2008 "Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйелері. Талаптар"
Кәсіпорынның ішкі аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz