Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс туралы


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тақырыбы: «Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс» тақырыбына
ғылыми мақала.Орындаған: Амангелді Т. Ә. (ӘЖ. І топ, ІІІ курс)
Қабылдаған: Омарова А. Т
Алматы 2021ж
Т. Ә. Амангелді - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс студенті
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Аңдатпа
Мақалада қазіргі таңдағы актуалды әлеуметтік проблемалардың бірі болып саналатын
мүгедектердің әлеуметтік шаралары туралы баяндалады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты қазіргі кезде экономикалық қиын жағдайларға байланысы халықтың аз бөлігінің ғана қызығушылықтарын қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік қорғауды теңдестірудің қажеті жоқ. Әлеуметтік қорғауды қазіргі кезде халықтың көптеген бөлігі қажет етеді және де ол халықтың көп бөлігіне қатысты нақты жүзеге асады немесе әлеуметтік қорғау қоғамның аз қорғалған «әлсіз» бөліктеріне ұсынылады.
Кілт сөздер : әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік көмек, әйелдер, тұрмыстық зорлық-зомбылық.
Кіріспе
Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселенің бірі - мүгедектік әлеуметтік проблема, бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуда, ол тек қана бір ғана адамнын проблемасы емес, барша халықтың, қоғамдық алаңдататын ісі болуда. ВОЗ анықтамасы бойынша халықтын он пайызы жас мүгедек балалар мен орта буындағы мүгедектер екені айқын. Сонымен қатар мүгедектерге мынадай анықтамалар беруге болады. Мүгедек - тіршілік тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардын салдарынан, кемістіктерден организм функциялары турақты бузылып денсаулығы бузылған он сегіз жасқа толмаған немесе он сегіз жастан асқан адамдар.
Еліміздегі мүгедектердің санының өсуі халқымыздың өсу пайызынан да асып кетеді. Жыл сайын 20-30 мыңнан астам адамдар мүгедек болса, олардың еңбекке қабілетті жастағыпар 30-40 мыңнан асады. Еліміздегі мүгедектердің жақсару процессі байқалуда 2006 жылды 2007 жылға салыстырғанда 25-35 жасқа дейінгі жүмысқа жаратымды жас мүгедектердің саны 2-3 пайызға өскен. Мүгедектер және жас мүгедектер бұрын халықтың әлеуметтік жағынан қаралмаған. Олардың табыстары орташа есеппен әлде қайда төменде, медициналық және әлеуметтік қызметке деген қажеттіліктерді әлде қайда жоғары бағалау қажет.
Әдіснама
Теориялық шолу барысында тақырып аясында интернет платформалары арқылы онлайн
сауалнама, басқа авторлардың еңбектерімен салыстыру, анализ жасау сияқты әдістер қолданылды.
Мүгедек адамдардың түсінігі және түрлеріӨмір сүру шектеулігі - бұл адамның өзінеөзі қызмет көрсету, өзіндік қозғалу, бағдарлау, басқалармен қатынасу, өз әрекетін бақылау, білім алу және еңбек қызметімен айналысу қабілеттілігімен мүмкіндігін жартылай неме- се толық жоғалтуы. Соқыр, саңырау, мылқау, қозғалу координациясы бұзылған, жартылай немесе толық сал болған адамдар адамның қалыпты физикалық жағдайынан күшті ауытқуымен айқындау нәтижесінде мүгедек болып танылады. Сонымен қатар мүгедек болып кәдімгі адамнан сыртқы келбетімен айырма- сы жоқ, бірақ сау адам істейтін әртүрлі салада еңбек етуге мүмкіндік бермейтін сырқаты бар адамдар да танылады. Мысалы, жүрек ауруымен ауыратын адам ауыр физикалық жұмысты орындай алмайды, бірақ ми қызметі жақсы жұмыс істейді. Өркениетті қоғамның қалыптасуы жолында мүгедектік ұғымы айрықша өзгереді: экономикалық дамуы және тарихи - ұлттық дәстүрлеріне байланысты әрбір мемлекеттің заңдылықтары мен ұғымдарында әртүрлі болуы жалғасып келеді. Мүгедек - қосымша әлеуметтік назарды қажет ететін азамат. Егер мүгедекті барлық көзқарастан қарастырсақ, онда оның басым жағы - «мүгедектігі» бар адамға әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі. Мүгедектер және мүгедектік мәселесінің практикалық жағын қарастыру негізінде, берілген анықтама азаматтық-құқықтық қатынастарда қабылданған түсінік болып табылатынын еске алу қажет. «Мүгедек» термині заңдылықты актілерде бекітілген оның заңдық анықтамасы берілген және оның басқамен ауыстыру құқықтық көзқарасынан алғанда сыпайылыққа жатпайды.
Барлық мүгедектер әртүрлі негіздер бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Жасы бойынша - мүгедек бала, ересек мүгедектер. Мүгедектіктің пайда болуы бойынша: - бала кезінен мүгедек, соғыс мүгедегі, еңбек мүгедегі, жалпы сырқаттар мүгедегі. Еңбекке қабілеттілігі деңгейі бойынша - еңбекке жарамды және жарамды емес мүгедектер, i топ мүгедектері (еңбекке жарамсыз),
ii топ мүгедектері (уақытша еңбекке жарамсыз немесе шектелген сфераларда еңбекке жарамды), iii топ мүгедектері (сақтандырылған еңбек жағдайларында еңбекке жарамсыз) . Сырқат сипаты бойынша - қозғала алатын, аз қозғалатын және қозғала алмайтын топтағы мүгедектер.
Қазақстан Республикасында мүгедектікті өмір сүру шектеулігіне сәйкес үш топқа бөледі:
- топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүру шектеулігінің ең жоғарғы дәрежесі анықталған тұлғаларға беріледі.
- топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүру шектеулігінің орташа дәрежесі анықталғанда беріледі.
- топ мүгедектігі жеңіл шектеулер анықталғанда беріледі
Мүгедектердің қазіргі жағдайы
Мүмкіншілігі шектеулі адамдармен әлеуметтік жұмыс, оларды қайта қалпына келтірудегі мемлекеттің рөлі өз мақсатында физикалық және ең бастысы, әлеуметтік және психологиялық игіліктерді қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер микроәлеуметтік ортамен (отбасы, еңбек тобы, тұрғын үйі, жұмыс орны және т. б. ) және макроәлеуметтік ортамен (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т. б. ) байланысты сұрақтарды қамтиды. Мүгедек адам бар отбасымен жұмысты ұйымдастыру кезінде мемлекеттің әлеуметтік бөлімдері берілген отбасының әлеуметтік тобын анықтауы керек, оның құрылымын белгілеуі қажет (толық, толық емес) . Көрсетілген факторлар мағынасы белгілі, олармен отбасымен жұмыстың әдістемесі байланысты, олардан отбасы қажеттіліктерінің әртүрлі сипаты көрінеді.
Қазақстан Республикасының 200 зерттелген отбасыдан 45, 5% - толық, 28, 5% - толық емес, 26% - жалғызбастылар, оның ішінде әйел адамдар ғана (84, 6 %) болды. Сонымен, осындай отбасылары үшін мемлекеттің ұйымдастырушы, орындаушы ретінде рөлі өте маңызды, мысалы, рухани-психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік-тұрмыстық қызметін көрсету. Мүгедек адам бар отбасыларында келіспеушілік жағдайларды қысқартылуы және қолдауды қажет етеді. (35% )
Медициналық қызмет көрсету ұйымын қажет ету талдауы кезінде 71% мүгедектер кезекші дәрігердің бақылауын 49, 5% мүгедектер мамандардың кеңес беруін, 17, 5% диспансерлік бақылауды қажет етеді. Мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қажеттілігі келесідей көрініс тапты. Зерттелген мүгедектердің көп бөлігі кір жууға (88, 5%), химиялық тазалауға (82, 5%), аяқ киім жөндеуге (64, 6 %) қажеттілік танытты. Сонымен қатар пәтер тазалау (27%), тұрғын үйді жөндеу (24, 5%), тең деңгейде (20, 5% ) - азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізуге қажеттілік танытты.
Мүгедектерді медико-әлеуметтік зерттеудің негізгі бағыттары
Мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының 16 маусым 1997 жылғы «Мүгедектік, асыраушысынан айрылу, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» және 5 сәуір 1999 жылғы «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы Заңдарымен жүзеге асырылады. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жүзеге асыру үшін мүгедектіктің пайда бо- луы (ол өтініш бергенге дейін жұмыстың бітуіне немесе жалғасуына тәуелсіз), сонымен қатар мүгедектіктің туындау уақыты (жұмыс уақытында, жұмыстың басталуына дейін немесе аяқталған соң) құқықтық негіз болып табылады. Мүгедектік бойынша тағайындалатын жәрдемақылар мөлшері мүгедектік тобы- на және мүгедек категориясына байланысты және республикалық бюджеті туралы Заңда жыл сайын белгіленіп отыратын айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде беріледі.
Мүгедектік бойынша айлық жәрдемақылар келесі көлемдерде тағайындалады:
- топ мүгедектеріне - 6 айлық есептік көрсеткіш;
- топ мүгедектігіне - 4 айлық есептік көрсеткіш;
- топ мүгедектеріне және мүгедек балаларға 3 айлық есептік көрсеткіш.
Алматы қаласы бойынша 115, 8 мың мүгедектер арнайы қалалық 0, 5 айлық көрсеткіш мөлшерінде (460 теңге) жәрдемақы алады. Алты ай бойына жәрдемақы төлемі 318, 1 млн теңге саласында өндірілді.
Халықтың әлеуметтік қорғалушы бөлігіне жататындар:
- Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері;
- i және ii топ мүгедектері (өз қылмыстары нәтижесінде мүгедек болғандардан басқа) ;
- мүгедек бала тәрбиелейтін отбасылар;
- кейбір заңдылықпен белгіленген қайталанба аурудың ауыр түрімен ауыратын тұлғалар;
- көпбалалы отбасылары;
- толық емес отбасылары.
... жалғасыМүгедектермен жұмыс үлкен күш салу мен ерекше назарды қажет етеді. Осындай азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін Қалалық және Әуезов аумақтық орталықтары және үйде әлеуметтік көмек беру бөлімдері бар, қазір оларда 3900 адам қызмет қабылдайды.
Олардың ішінде 1087-сі мүгедектер. Қазақстанның мүгедек азаматтарына тұрмыстыкоммуналдық шығындарын төлеуге тұрғындық көмек көрсетілді. Осы мақсатпен жергілікті бюджеттерден жыл сайын мәнді мөлшерде қаржылай көмектер бөлінді. Алматы қаласы бойынша, 2005 жылдың 1 наурызында тұрғын үй жәрдемақысы 50, 5 млн теңге көлемінде орташа 3498 мүгедекке төленді. Төленген жәрдемақының орташа мөлшері 2405 теңгені құрайды.
Қорытынды
Мүгедек адамның кәсіби өзін-өзі анықтауындағы қиындықтар өз күшіне сенімсіздік және жасқаншақтықпен шақырылса, олардың кәсіби мағыналылығы тұрғысынан өз ерекшеліктерін дұрыс бағалау мен саналауға көмек көрсету ерекше мағына алады. Дұрыс нәтиже болып мүгедек адамда өзінің жеке кәсіби жолын сапалы және өз бетімен жоспарлау қабілетін, сонымен қатар оның жүзеге асу жолдарын анықтау қабілетін қалыптастыру саналады. Әлеуметтік жұмысшы әртүрлі рөлдерде шыға отырып (яғни кеңесші, қызығушылықтарды қорғаушы, көмекші және т. б. ) туындаған мәселелерді шешуге, қабілетсіз туысқанына дұрыс қарымқатынасты қалыптастыру және толығымен, отбасының ішкі қарым-қытнасын бір қалыпқа келтіруге көмек бере алады. Отбасымен жеке жұмыс жүргізумен қатар, топтық жиналыстар өткізе отырып, көмек бере алады.
Мүгедектер мен зейнеткерлер халықтың аз ынталанған тобына жатады және қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл, ең алдымен, мүгедектікке әкелген, аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалағандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты. Психологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақтауы кезінде пайда болады. Мүгедектер әлемі өз алдына бейнелі. Бұл жердің өз белгілері, өз бағалауы, өз заңдары бар. Мүгедекке көмектесу - бұл ең алдымен оның әлемін, назар аудару және жүрек қарым-қатынастарын қажет ететін адам әлемін түсіну және қабылдау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz