С. Елубайдың Ақ боз үй, М. Мағауин Тазының өлімі повесінің көркемдік - эстетикалық сипаттарын талдаңыз
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: С. Елубайдың Ақ боз үй, М. Мағауин Тазының өлімі повесінің көркемдік - эстетикалық сипаттарын талдаңыз.
Студент: Далдабай Әйгерім
Курс: 3
Оқытушы: Әбдіқұлова Раушан
2020 -2021 оқу жылдары
Сөз өнерінің қазақтың құндылықтар жүйесінің қалыптасуына тигізген ықпалы зор. Халқымыз сөздің құдыреті мен күшіне сенген, философияның дара далалық заңына сүйенген халық екенің білеміз. Ауыз әдебиеті мұраламыздың 100 томдық болып жиналуы әлемнің ешбір елінде кездеспейтін құнды қазына. Біздің сөздің құдыреті мен күшіне сенгенімізді, оның өз бойына халықтың барлық танымын, тарихын жинағаның дәлелдей алады. Қазақ әдебиетінің тарихы терең де десек, поэзиясының ғана емес прозасының да терең тарихи сабақтастыққа ие екенің айта аламыз. Ол ғасырлар бойы халықтың танымдық, тәрбиелік, унитарлық, эстетикалық сұранысын қанағаттандырып келді. Қазақтың белгілі жазушысы, кинодраматургы Смағұл Елубаев қазақ әдебиет үшін көп еңбек сіңірген қайраткерлердің қатарында. Оның прозалық шығармалары көркемдік-эстетика тұрғысынан қазақтың танымы мен тарихына қатысты үлкен мұра болып қалмақ. Жазушы шығармашылығының негізгі тақырыбы -- қазақ халқы кеңестік дәуірде бастан кешкен қиын кезеңдер. Ел тарихының тағлымды тұстары, туған жерге деген сүйіспеншілік, атақонысқа деген қимастық сезім, оның ертеңіне деген алаң көңіл көріністері Смағұл Елубай шығармаларында мол қамтылған. Ер жігітті ерлікке апарар жолдағы арман-мақсатын ақын ел тілегімен ұштастыра жазады. Ақ боз үй трилогиясы Смағұл Елубаевтің ашаршылық жылдары мен Сталиндіік қуғын-сүргін жылдарын кең көлемде суреттеген туындысы. 2001 жылы шыққан соңғы Жалған дүние атты романын да тоқырау жылдарын жазады. Ақ боз үй трилогиясы өзінің көркем құрылымы, суреттілігімен де ерекшеленеді. Смағұл Елубайдың жазушылық шеберлігі осы шығармасынан айқын көрінеді. Романның жазылуына басты себеп - кеңес кезіндегі ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалы. Асыра сілтеудің ықпалы айбарлы аждаһадай ел ішін біршама күйзелтті. Ел басқарып отырғандардың осындай жұғымсыз қылықтарын, пасықтығын шынайылықпен көрсете келіп, әділеттілікке үндейді. Шығарма астары заманының жақсылары - білімді, парасатты дана адамдар, ел қамын жеген ерлер, береке-бірлікті ұстанған жандар дегенді ұғындырады. Сол кезеңдегі елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарды, жұт болған ауыр жылдар қасіретін жазушы шынайылылықпен суреттеген. Мінекей, осындай ізденістер нәтижесінде Ақ боз үй трилогиясы жазылды. Романға арқау болған негізгі жағдай - 1930 жылдардың апаты, нәубетті заманның шырғалаңы. Қай заманда да әдебиеттің алдына қойылатын негізгі шарт - ол өз заманына лайықты сипатқа ие болуға тиіс. Көркем шығарма оқырманға рухани жағынан әсер етіп, танымын, көркемдік мұратын көрсететін айна сияқты әсер қалдырады. Ең алдымен есте болатын жалпы қағида - өткеннің тәжірибесін білмей, жаңаны жасауға болмайтындығы. Әдебиет тілінің, яғни әдеби тілдің қоры мәңгі бақи бір қалыпта тұра бермейді. Ол да қоғаммен бірге өсіп, жаңа сипаттарға ие болады. Әдеби тілдің баюына қаламгерлердің тигізер пайдасы зор. Мұның растығын дәлелдеген жазушы Смағұл Елубай халықтың әлеуметтік ойын ояту жолында шығармашылығымен келелі еңбек сіңірген. Жазушының дәл осы шығармасы турасында көрнекті әдебиеттанушы, сыншы Рымғали Нұрғалидің ойы да осы аяға сияды: Қазақ прозасында ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғы, 30-жылдардың бас кезіндегі халық басынан кешкен ауыр ахуал, жаппай аштыққа ұшыраған кезең біршама қамтылды. С.Елубаевтың бұл романының желісіне арқау болған осы тарихи кезеңнің шындығы. Шындығында роман ауқымы кең. Ең алдымен үлкен жаңалық екенін анықтап айтқымыз келеді. Ал, авторын жаңа қалам, жаңаша қаламның иесі дер едік. Бұрын не жазғанын білмейміз, ал осы роман даусыз жаңа бастау. Сөз төркініне қаныға бастаған сайын, жаңа, жақсы нышан екен деп, іштей жадырадық. Мұндай сәтімен біткен дүниеге неге "бәрекелді" демеске. Романның соңғы бетін жапқанда: баяғы ақ боз үйі көзіне елестеп сағым қуған Пахраддин мен оның бәйбішесі Сырғаны көреміз. Аштықтан, ұзақ жолдан титықтап, сүлде бітіп, "құм басында қалған екеу осылай өтті дүниеден". Шығарманың шүу басында қаракерін сылаңдатып, ауыл айналып жүрген жас Хансұлудың әкесі мен анасы еді бұлар. Бір кездегі "ауыл ортасында айдыны шығып тұрған үлкен ақ боз үй Хансұлудың үйі, сыртта қазықта қаңтарулы Қаракер құнан Хансұлудың құнаны" еді, енді міне ақ боз үй адамдарының тағдыры бұлай шешілген. Хансұлу кешкен өмір, оның төңірегі, үлкенді-кішілі әрқилы жандар, олардың ісі, әрекеті туынды шертетін шежіренің мазмұны. Шығарма қай тақырыпты, қайсыбір мәселені қозғаса да, әңгіме оның көркем жазылып нанымды шығуында ғой. Көркемдіктің ар жағында оқырманды иландырарлықтай пәрменді ой, мақсат, дәрменді сөз жатуы керек-ақ. Онсыз шығарма көркем туынды бола алмас. Сол қатарда алсақ, біз атап отырған роман - жаңа нышан. Әңгіме не жайында, кім жайында? Біріншіден, бұрын болмаған, айтылмаған, көрінбеген кейіпкерлерге жолықтық, екіншіден, бұрын мүлде атаусыз келген қараспан заман, қатал кезең - 20-30 жылдар трагедиясын көрдік. "Кәмпескелеу", колхозға ұйымдастыру, қанадан тыс алым-салық, асыра сілтеу, белсенділік, ақырында халық басында келген нәубат - ашаршылық. Малды, ауқатты Пахраддиндердің көргені жоғарыдағыдай болса, басқалардың күні не болмақ? 30-жылдардың басындағы ұйқы-тұйқы, қуғын-сүргін хал романда шынайы суретін тапқан. Әлеуметтік жағдайы жағынан да, мінез-құлқы, ой-өрісі жағынан да кең талдауын тауып, үлкен-кіші, әйел-ер деген сияқты ұйытқыдай ұйып, тіршілік етіп отырған бір тайпа елдің тағдыры әр қырынан, әр сырынан баян етіледі. Екі теңіз аралығы. Үстірт елінің өмірі. Мұның өзі батыс болсын, шығыс болсын бар қазақ жеріне тән тағдыр болғаны әбден айқын. Жазда қыр асып, қыста ық жағалай көшумен, қоныс аударумен, мал бағып күн көріп отырған жұрттың ескі қазақ ауылына тән жай-күйі аса бір құнтпен зерттеліп, зерделі қаламмен жазылған. Түйелі, малды сол өңір елінің өмір-тұрмысы, салт-санасы, мінез, сөз, сөйлеу мәнері әдемі таңбаланған. Кейіпкерлер түрі, сыпайы, ішкі-сыртқы пішіні жазушы ден қойған, дәл тапқан бейнелер. "Малдың шуы мен кісі айқайлары ию-қиюы араласып жатқан" ауылдарда, "кедей-кембағал, жарлы-жалқыбай, жетім-жесірге теңдік әперем деп, қалың бұқара халыққа дем берген жаңа өкіметтің саясатын" жұрт түсіне бастаған. Ауылдың кеңес бастығы болып сайланған етікші Шәріп те істің "таптық астарына ой жүгіртіп, бір тұтам сақалын саумалап" мән-жайды аңғарған кезі. "Кәмпеске" басталған соң ел іші әбден бүлінді, алауыздық та, алакөздік те етек алды; оның үстіне: "елдің қолында тышқақ лақ қалдырмайды екен, инежіп, қазан-табақ бәрі кәмпеске болып орталыққа түседі екен, бір көрпенің астында жатып, бүкіл халық бір қазаннан тамақ ішеді екен, тіпті қатын да ортақ меншікке айналып, "маятыбая, тыбая - мая" болады екен деген қауесет қаптап", қараңғы халықты есінен тандырды. Шығармада әрі қарай енді орнай бастаған жаңа әлеуметтік тұрмыстың дұрысы мен бұрысы аралас жайы, жалпы қауымның құлағы үйренбеген тосын бұйрық-жарлықтар, жақсы-жаман адамдардың іс-қылығы, әсіресе, асыра сілтеу, белсенділік, шаш ал десе, бас алатын топастық, мылқаулық, онан барып үдере көшу, босу, мал азайып, адамның да, жердің де тозуы жанға батып, жүректі ауыртар хикаяға айналады. Ауыл жастары Хансұлу, Шеге, Ждақай, Қозбағар, Бұқарбай, Сұр Жекей, бұлардан ересек Бұлыш, Балқия; Мажан балалары Мотан, Шотан, Қапан - бұлардың қасында Әзберген (Пахраддиннің баукеспе болып кеткен інісі); Шәріп, Қауқаш; Мажан бай мен Пахраддин бай (бұл орташа болып есептеледі); Асан, Апанас, (Афанасий Васильевич), Калашников - большевиктер, партия қызметкерлері; ескілікті көп білетін, көпті көрген Дәу-апа (Бұлыштың шешесі), ауыл-үй арасының сөзшең кемпірі Торқа (Қозбағардың шешесі) - бәрі де бүгін мен келер күнді бірге атқарысып жатқан, бірақ ойы да, ісі де әрқилы, қарама-қарсы мінез-пиғылдың адамдары. Осы кейіпкерлер шыққан тегіне, өскен ортасына қарамай, өмірді түсінуі, ұғуы жағынан ойда жоқта топтасып, жұптасып, ойда жоқ тұстан дара кетіп, адасқанның алды жөн, арты соқпақ жайларды бастарынан кешіреді. Автордың бізге әкелген олжасы - осы аласапыран жайларды аса бір жан тебірентер хикаялық тілмен жеткізіп отыруы. Бір-біріне ұқсас кештер, қалаға азық-түлік қамымен кеткен кірекештер, ошарыла көшкен ауыл, босқан ел, аштық, жоқтық қысқан жандардың үрей жайы әрдайым өзіне лайық суретпен, өзіне тін сезім, әсермен баяндалады да, жалпы мал баққан қазақ ауылының адам айтқысыз мүшкіл халін көз алдыңа әкеледі. Сол жылдар трагедиясын бұлай жалаңаштап көрсету бұрын болмаған. Романда әр топ, әртүрлі әлеуметтік, не тұрмыстық жағдайдағы жандардың бір-бірден антиподы, қарама-қарсы жағы бар. Қазақша сөйлейтін, ел, ауыл жағдайын жақсы білетін партия қызметкері Апанас бір бөлек те, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Калашников бір бөлек. Мұны әлгіде айттық. Өзберген мен Бұлыш жайы да солай. Ал Пахраддин ше? Ол да Мажан бай емес, басқаша. Мажан қожайын болуды, мансапты жақсы көретін, ит басына іркіт төгілсе де, жібімейтін, біреуге қол ұшын бермейтін кәдуілгі танымал бай. Оның балалары да шетінен бөрі. Жалшылары Рысбек, оның ата-анасы "Мажан үйінің басыбайлы құлындай малмен бірге жатып, малмен бірге өсіп жүретін". Ал, Пахраддин болса - жөн-жосығы бөлек адам, ағымды да, саясатты да, адам жайын да ұға алатын, сабырдың, ақылдың адамы. Расында да бай біткеннің бәрі қатгез, сараң бола бермеген ғой. Әсіресе надан болмаған. Ал шынайы махаббат жайын әңгіме етсек, ол - Бұлыш пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz