Батыс Қазақстан облысының орталығы - Жайық өзені бойында орналасқан Орал қаласы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы қазіргі таңда туристік сала бойынша бәсекеге қабілетті елдердің алғашқы орындарына ілігіп тұр. Бұл тәуелсіз мемлекет статусында ширек ғасыр уақыт өмір сүріп келе жатқан ел үшін үлкен жетістік деп ойлаймын.

Қазіргі таңда қалыптасып үлгерген белгілі бір жүйенің негізі Қазақстанның географиялық аймақтарын ескере отырып жасалғаны белгілі. Осы жүйе шеңберінде қалыптасқан туристік бағыттардың бірі - Батыс Қазақстан аймағы.

Батыс Қазақстан облысының орталығы - Жайық өзені бойында орналасқан Орал қаласы. Бұл аймақ шексіз ормандар мен су басқан шабындықтары мол құнарлы жер. Сарқылмайтын табиғи ресурстарға бай, тиімді әрі ыңғайлы географиялық орналасуы көптеген ресейлік қалалармен экономикалық қатынастарды дамытты, бұл сыртқы экономикалық қызметтің табысты дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.

2002 жыла Оралдың сол жақ жағалау территориясында тарих ғылымдарының докторы М. Н. Сыдықов және тарих ғылымдарының кандидаты А. А. Бисембаевтың жетекшілігімен жүрген Батыс Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының қызметкерлерінің және Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінің тарих факультетінің студенттері мен оқытушыларының белсенді қатысуымен далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Экспедицияның негізгі зерттеу нысаны Қырық-Оба ІІ және Лебедевка ІІ қорымдарындағы обалар болды.

Қырық-Оба ІІ қорғаны Орал-Ақсай трассасының сол жағында, Орал қаласынан шығысқа қарай 80 шақырым және Қырық-Оба «патшалық» қорымынан солтүстікке 5 шақырым жерде орналасқан.

Батыстан шығысқа қарай 5км созылған Қырық-Оба ІІ тобында барлығы 26 қорған саналады. Бірақ Кеңес үкіметі кезінде шаруашылық жұмыстар жүргізілген уақытта қорғандардың жартысы бұзылған. Кейбіреулері егін астында жатыр.

2001 жылы Ж. Құрманқұлов басқарған отряд 3 қорғанды зерттесе, ал 2002ж. - тағы да 3 қорған қазылды(№16, 18, 19) .

Зерттелген нысандардың диаметрі 30-40 м арасы, биіктігі 1, 2-2 м болды. Үйінділердің бәрі С-0 білік бойынша ені 1 метрлі 5-7 жиек қалдырылып, бульдозермен түйілді. Зерттеулер саз балшық пен ағаш пайдаланып салынған күрделі жерлеу құрылыстарының бар екенін көрсетті. Мұнда бұрынғы қалпына келтірілген архитектуралық құрылыстар шаршы немесе тік бұрышты пішінді бейіттерден тұрды.

№16 қорған диаметрі 29 м, биіктігі 1, 2 м. Өңірі құлаған үйіндінің ортаңғы бөлігінде диаметрі 10 м, тереңдігі 0, 5 қазан шұңқыр болды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде күрделі архитектуралық құрылыс байқалды. Оның периметрі бойынша көмілген топырақ үстінен диаметрі 38 м, ені 4 м, биіктігі 0, 5 м саз балшықты айналма дуал үйілген. Оның оңтүстік жағы, құрылыстың ортасында қазылған мола шұңқырына дромос арқылы рәсімдік іс-әрекеттер жүргізу үшін ажыратылған. Оның пішіні, бұрыштары дөңгеленген тікбұрыш, көлемі едәуір үлкен ені 5, 3 м, ұзындығы 7, 4 м. Моланың ұзын қабырғалары солтүстіктен оңтүстікке бағытталған. Моланың есігі қорғанның оңтүстік етегінен басталады, оның ұзындығы 14 м, ені 1 м, тереңдігі 1, 5-1, 8 м.

Моланың үстінде шаршы пішінді са балшықты бейіт көтерілген, оның көлемі 11х11 м, қабырғалары 4 кірпіштен салынған. Бейіт қабырғасының қазіргі қираулары 0, 9 м биіктікке дейін байқалады, қабырғаларының ені 1 м. Көне заманда болған күшті өрт кесірінен бейіт қатты бұзылған. Оттың әсерімен сазбалшықты жарлардың түсі өзгеріп, кірпішті-қызыл түсті болған, сонымен қатар, олар беріктігін жоғалтқан. Соның нәтижесінде, сағананың көп бөлігі моланың ішіне құлаған. Кірпіш қалаудың жартысы күйіп үлгермей, шеткі жаққа, қорғанның шалғайына қарай сазбалшықты дуалға құлаған. Бейіт ішіндегі кеңдік, құрақпен жабылған. Жерлеу орнының қабырғасынан дуалға қарай моланың айналасында орнатылған бағаналарға радиалды тіренген ағаш сырғауылдар мен бұтақшалар тарамдалып жатқызылған. Ағаш құрылыстың шетінде бөренелер мен бұтақтар дуалдың периметрі бойынша орналасқан. Сонымен, бұл шатыр тәрізді құрылыс болған. Сырғауылдар мен бұтақтар оттың ішінде болғандықтан, жартысы көмірленіп, жартысы күлге айналған.

Моланың есігінің қасында бағанаға мінетін ат байланған, соңынан ол өлтірілген сияқты. Жылқының аяқтары бүгіліп, тұмсығы солтүстікке қаратылған. Оның сүйектері өрт кезінде қатты күйіп, жартысы дромосқа түскен.

Жерлеу сағанасының батыс қабырғасында ат жүгені ілінген секілді, оның кейбір металл заттары сақталған: құлақты жылқы ретінде жасалған қола псалий; бағана, шошақ және құстың тұмсығы тәрізді үш қайыс таратып тұратын қола өткіш және темір ауыздықтың фрагменті табылды. Бұның бәрі құрылыстың батыс қабырғасы астында ежелгі жер беті қабатында жатты.

Жерлеу және еске алу рәсімдерін өткізу барысында көшпелілер ас берген. Қорған етегінде көмілген топырақ деңгейінде жылқы мен қойлардың көптеген сүйектері табылған.

Бұл моланың көне заманда тоналғаны байқалады, оның түбінде(моланың тереңдігі көмілген топырақ деңгейінен 2, 6 м) қаңқа сүйектерінің дара-дара фрагменттері мен аздаған инвентарь кездеседі:темір пышақ, қолдан жабыстырып жасалған ыдыс, алтын және күміспен құрсауланған рәсімдік ағаш ыдыс қалдықтары, рәсімдік жұмыртас және қола өткіш.

№ 18 қорған диаметрі 40 м, биіктігі 1, 6 м. Жалпы профилі етегі құлаған трапеция тәрізді. Қорған астында ерртеректе күрделі мола құрылысы тұрғызылған. Орталық бөлікте 7х11 метрлік көлемде сазды шикі кірпіштен жасалған жерлеу орны орналасқан. Оның ені 1, 0 м шамасында. Сағана шатырында адамды құрбаншылыққа шалуы мүмкін. Өйткені, жерден 0, 5 м, тереңдікте төрт адамның бас сүйектері мен бөлек-бөлек орналасқан сүйектері - қол-аяқ сүйектері, қабырға, омыртқа, жауырын сүйектері рет-ретімен қойылған. Бас сүйектің маңында бірнеше заттар жатты - тас қақпақшалар, темір пышақ пен қызыл сазды ыдыстың сынықтары, құрбаншылыққа арналған аяқты тас фрагменттері жатыр. Сағананы диаметрі 21-23 м дейін, ені 2 м және биіктігі 0, 3 м дейін дөңгелек жер үйіндісімен қоршалған. Дуалдың оңтүстік батыс бөлігінде саңылау жол бар. Дуалдан жерлеу алаңы ортасына қарай 30-45° бұрышта радиалды ағаш тақтайлары орналасқан. Тақтайшалар өз алдына 1см-дей қалыңдық құрайтын бұтақтармен, қамыспен, жаңқамен көмкерілген. Мұның өзі «шатыр типтес» құрылыс болуы мүмкін. Сағанада барлық жерлеу дістүрлерін өткізген соң, бұл жерде өте қатты өрт тұтатқан. Өйткені қорғанның орталық бөлігінде күйген топырақ қабаты көрінеді, ал жанында өртелген болса, жартысы күлге айналған. Күйген топырақ қалыңдығы кей жерлерде 1, 0м дейін жетеді. Бірақ бұл қорғанда табылған барлық адам және жануарлардың сүйектері өртелмеген. Бұл бақылау өз түсініктемесін талап етеді.

Жерлеу аймағының сыртқы бетінде қайтқан адамға арналған садақалық ас беру орындары кездеседі. Олардан көптеген ас беру қалдықтары- жылқы сүйектері, әсіресе жауырын және жамбас сүйектері, қой сүйектері мен саз ыдыстардың сынықтары қалған. Оңтүстік бетіндегі қорғанның орында рәсімдік іс-әрекеттер орны бар. Орда, ішінде жүздеген қара малта тастар бар, қолдан иленген құмыра табылған. Ыдыстың беті жылқының үлкен жілік сүйегімен жабылған, ал оның жанында бірнеше сиыр сүйектері мен жылқының жауырын сүйегі мен бас сүйектері жатыр.

Сағананың оңтүстік қабырғасында тағы бір рәсімдік іс-әрекеттер орны бар. Оның диаметрі 1 шаршы метр, тереңдегі 30 см аспан тәріздес құрылған: ішінен 3 ат жүгені; 6 қола псалий; артқы жағында ілгіштері бар 8 дөңгелек қаптырмалар; дөңгеленіп оранған, қасқыр тұмсығына ұқсас бейнеленген, жыртқыш мысық тәрізді ірі қаптырма; қасқырмен жыртқыш құстың синкретикалық бейнесі келтірілген 6 қаптырма- сағылдырық табылды.

Сонымен қатар қорғанның астынан төрт мәйіт табылды. Негізгі №1 жерленім сағана ішінде орналасқан. Көмілген бұрынғы жер үстінде бор селеніп, құрақ және ағаш қабығы төселген жерде 5 мүрде сүйектерінің қалдықтары сақталған. Моланы тонаушылардың қолына тап болғаны белгілі. Өйткені адам сүйектері орталық алаңда шашылулы. Біреуінің аяқ сүйектері бұзылмай сақталған. Соған қарағанда мүрде басы оңтүстікке бағытталған. Осындай көп сүйектердің арасында жебенің қола ұштары, қызылсазды ыдыс сынықтары, құрбандық аяқты тастың сынықтары, темір қанжар, темір қылыш қалдықтары, саз балшықты құмыраның фрагменті, ат-әбзелдерінің қалдықтары да табылды. Моланы тонаушылардың қолдары жетпеген бір ғана мүрде бар. Оның өзі шамамен алғанда өзгелерге қарағанда әлеуметтік тұлғасының төмен болуынан тиіспеген болу керек. Өйткені бұл мүрденің орналасуы да өзгелерге қарағанда ерекше, ағаш шатырдың оңтүстік шығысында орналасқан, оның маңында ешқандай зат, қалдықтар жоқ. Қорғанның астында тағы да үш мәйіт бар, оның біреуі - құрбандық, қалғандары күзетшілер моласы болса керек.

№2 жерленім құрбандық болу мүмкін, өйткені жерленген сәби болатын. Жерлеу алаңының шығыс бөлігінде орналасқан қабір шұңқырының тайыз, көлемі 09х1, 4 м тік бұрышты қалыпты мола. Баланың қаңқасы бойынша басы оңтүстікке қаратылған. Алайда сүйектердің нашар сақталуына байланысты баланың орналасқан күйін анықтау қиын. Аяқ жағында шамот қосылған саз балшықтан иленген құмыра ғана жатыр.

№3 мола-жерленім қорғанның оңтүстік-батысында 1, 25х2, 2 м өлшемді тік бұрышты кең қабір шұңқырда орналасқан. Қабірдің үстінде, бұрышында орналасқан тіреулерге ұзына бойы қойылған кеспелтекке көлденең бекітілген сырғауылдан тұратын ағаш жабын құрылысы салынған. Қабірдің 1, 3м тереңдігінде қамыс төсемшенің үстіне басы оңтүстік-шығысқа қаратылған, егде адам жатыр. Қолдары денесіне созылған, саусақтары жамбас сүйектерінің маңында. Аяқтары да тік, түзу жатыр. Денесі аяғына қарағанда бұрыш түзей орналасса, бас сүйегі оң жаққа бұрылған. Осыдан шығатын қорытынды, бұл мүрде жартылай отырған күйінде орналасқан. Солтүстік-шығыс қабырғаны жағалай құрбандық ас қалдықтары сақталған.

Қабірде басқа да заттардан темір оқшантай ілгегі, қорамсақтағы қола оқтар, темір қанжар және темір пышақта бар.

№4 мола-жерленім. Ол жерлеу аумағының қарама-қарсы солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Тік бұрышты формалы, көлемі 1, 2х2 м аумақты қабірде басы солтүстік-батыс - оңтүстік-шығысқа бағытталған егде кісінің қаңқасы жатыр. Қабір үстінде жаңқамен көмкерілген ұзын бойлы сырғауылдар мен көлденең бұтақшалар жатқызылып ағаш жабынды құрылысы салынған. Оңтүстік батыс қабырғада тереңдігі 20-25 см, биіктігі 60см лахат қазылған. Қабірдің 1, 3 м тереңдігінде лахаттың солтүстік-шығыс қабырғасында қамыс төсемшеде 30-40 жас шамасындағы ер адам қаңқасы жатыр. Басы оңтүстік-шығысқа қаратылған. Аяқтары бүгілген күйде орналасқандықтан «аттылы адам» түрінде жерленген. Қол сүйектері созылулы күйде.

№19 қорған. Қорғанның диаметрі 36м, биіктігі 2м. Жартылай сфералық формадағы доғал үйінді, тереңдігі 0, 3м және ені 3 метрлік ормен қоршалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайық өзенінің орналасуы
Жайық өзені табиғатты-халқы-шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы жайлы
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы
Батыс Қазақстан облысының минералды-шикізат қоры және оларды шаруашылықта игеру
Судың ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызы
Орал қаласы – Азиядан Еуропаға, Еуропадан Азияға өтетін сауда жолы
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына кешенді географиялық сипаттама
Жайық өзені алабындағы өзендер
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz