Балаларды зерттеуде тәрбиешінің қолданатын педагогикалық зерттеу әдістерін анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
БЕКІТЕМІН КЕЛІСІЛГЕН

Практиканың топ жетекшісі Меңгеруші
___Асанханова.Ж.Ж__________________ _________ ___________________________________ _
МО аты - жөні, қолы МО аты - жөні, қолы

Оқу педагогикалық практикасын өтудің
күнтізбелік жоспары

Абай атындағы ҚАЗҰПУ, педагогика және психология институты
6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы
2 курс __1__ топ студенті
___________________Абдулла Ұлжан___________________________________ ______
студенттің аты - жөні

Практика күні
Тапсырманың мазмұны
Орындалу белгісі
1 - 2 күн
Педагогикалық практика бойынша нұсқау конференцияға қатысу, практиканың мақсаты мен міндеттері туралы әдіскер және практика жетекшілерімен әңгімелесу; Оқу практикасының бағдарламасымен танысу; мектепке дейінгі ұйымға бару, әкімшілікпен, балалармен танысу.
Күнделіктерді толтыру.
+
3 күн

Педагогикалық практиканы өткізудегі жеке күнтізбелік жоспарды құрастыру, оны әдіскер, тәрбиешімен келісіп, топ жетекшісіне бекіткізу. Мектепке дейінгі ұйымның қызметімен танысу: балабақшаның меңгерушісімен, әдіскерімен, психологымен танысу. Мектепке дейінгі ұйымның ерекшеліктерін зерттеу. Құжаттаманы және оның жүргізу тәртібін зерттеу.
+
4 күн

Мектепке дейінгі ұйым әкімшілігі, әдіскер, тәрбиешімен әңгімелесу, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымының әрекеті мен балабақша кабинеттерінің материалдық базасымен танысу. Тәрбиеші еңбегінің ерекшелігін түсіну (мектепке дейінгі мекеме педагогының кәсіби міндеттері); Меңгерушінің, аға тәрбиешінің, тәрбиешінің, музыка жетекшісінің, психологтың, техникалық персоналдың жұмыс мазмұнын, қызметтік міндеттемелерін зерттеу.
+
5 күн

Тәрбиеші еңбегінің ерекшеліктерін үйрену. Тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу қызметінде, серуенде, балалардың өзбетінділік іс-әрекетінде педагогикалық іс-әрекетіне бақылау жүргізу.
Балалалардың жеке істері, топтың іс - қағаздарын жүргізудің - мазмұны мен тәртібімен танысу. Күн тәртібін ұйымдастырумен танысу. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәртібін зерттеу. Әртүрлі жас ерекшелік топтарындағы күн тәртібі. Заттық - дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу. Мектепке дейінгі ұйымның интерьерімен танысу. Оның гигиеналық және эстетикалық талаптарға сәйкестігі.
+
6 күн
Балалалардың тұлғасын зерттеуде тәрбиешінің қолданатын педагогикалық зерттеу әдістерін анықтау. Күн тәртібін ұйымдастырумен танысу. Мектепке дейінгі балалардың ойынын ұйымдастыру.
+
7 күн

Топты жан - жақты қалыптастырудағы тәрбиешінің оқу - тәрбие жұмыстарымен танысу. Мектепке дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру шараларымен танысу. Ата - аналар жиналысына қатысып талдау жасау. Баланың психологиялық қолайлы ортасын құруға ықпал ететін жұмыс формаларын зерттеу (ата-аналар жиналысы, Ашық есік күндері, спорттық мерекелер және т.б.).
+
8 күн

Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынас стилін анықтау, бақылау. Ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыру және өткізу. Серуенді өткізу және оны ұйымдастыру. Ертеңгілік гимнастика өткізу және балалармен өткізілетін дене тәрбиесі шараларымен танысу.
+
9 күн

Тәрбиешінің педагогикалық әрекетінің құрылымын (структураларын) зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған оқу қызметіне, тәрбие жұмыстарына қатысу. Еңбек әрекетін ұйымдастыру. Экологиялық тәрбиемен танысу.
+
10 - күн

Практика нәтижесін талдап,.практика барысында атқарған жұмыстар бойынша қорытынды шығару. Педагогикалық практиканы қорғауға және қорытынды конференцияға қатысу.
+

Практика жетекшісі___Асанханова.Ж.Ж_________ ________________
04. 2021 ж.

2 - тапсырма
Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымының әрекеті, материалдық базасы және топ балаларымен танысу.
Тапсырма мақсаты: Студент - практиканттарды балабақша ұжымының педагогикалық әрекеті мен бөлінген топтағы балалар ұжымымен таныстыру.
Тапсырманы орындау: Берілген тапсырманы орындау барысында келесі сұрақтарға көңіл бөлу керек:
1. Балабақшада қанша тәрбиеші жұмыс істейді? Олардың жастық құрамы, білімі, классификациясы қандай?
2. Балабақша кабинеттерінің материалдық базасының жағдайы қалай бағаланады?
3. Көрнекі құралдың қайсысы типтік, ал қайсыларын тәрбиешінің өзі дайындаған?
4. Топтың құрамы қандай? Онда қанша бала, қанша қыз бар?
5. Балалардың тәрбиелілігінің деңгейі қандай?
3- тапсырма.
Балаларды зерттеуде тәрбиешінің қолданатын педагогикалық
зерттеу әдістерін анықтау.
Педагогикалық ғылымда және оқыту мен тәрбиелеу практикасында, педагогикалық фактілерді және құбылыстарды, топ балаларының тұлғасын зерттеуде зерттеудің әр түрлі әдістерін кең қолданылады.
Педагогикалық зерттеу әдістері - бұл педагогикалық әрекеттің тәжірибесін зерттеу тәсілдері, сонымен қатар педагогикалық фактілер мен құбылыстарды, педагогикалық теорияларды өңдеу мен балабақшадағы практиканы жетілдіру мақсатында олардың арасындағы байланыс пен қатынасты орнату болып табылады.
Балабақша педагогтерінің оқу - тәрбие жұмысының тәжірибесі мен баланың тұлғасын зерттеу үшін келесі әдістер қолданылады: Педагогикалық бақылау, әңгіме, балабақша құжаттары мен балалардың әрекетінің нәтижелерін зерттеу, әлеуметтік әдістер (анкета жүргізу, социометрия ) педагогикалық фактілер мен құбылыстарды теориялық талдау әдісі және т.б.
Балалар ұжымын және жеке баланы зерттеудің барлық әдістерін келесі топтарға біріктіруге болады:
Бірінші топты мінез - құлықтың қажеттіліктері мен мотивтері және балалар әрекетін зерттеуге бағытталған әдістер құрайды. Олар: әңгіме, анкета жүргізу, диагностикалық тестер және т.б.
Екінші топта балалардың әлеуметтік нормалар және мінез - құлық ережелері туралы білімдерінің деңгейін анықтайтын әдістер, әңгімелер, анкета жүргізу, балалардың іс - әркеттерінің нәтижесін талдау және т.б.
Үшінші топты балалардың мінез - құлық және іс - әрекет тәжірибесін зерттейтін әдістер құрайды: бақылау, табиғи эксперимент, таңдау әдістемесі, тәуелсіз мінездеме әдісі, социометрия және т.б.
Төртінші топқа балалардың тәрбиелілігі туралы алынған ақпаратты (информацияны) сандық және сапалық өңдеу әдістері жатады: маттытематикалық- статистикалық әдіс, шкалалау, ранжирлеу және т.б.
Топты және жеке баланы зерттеу нәтижесінде тәрбиеші олардың тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін белгілі бір материалдар жинақтайды.
Алынған диагностикалық информацияларды сақтау және тіркеп отыру үшін нақты құжат құру қарастырылмаған. Тәрбиеші бұл мәселені педагогикалық мақсаттылыққа негіздей отырып өзі шешуі тиіс.
А.С. Макаренко өзінің тәрбиелік іс - әрекетіне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің мінез - құлықтары мен іс - әрекеттеріне, олардың қарым - қатынас сипаттарына, педагогтардың талаптарына, қатынастарына байланысты күнделік жүргізіп, онда фактілерді тіркеп отыруға кеңес берді. Оның ойынша, мұндай материал тек тәрбиелілік деңгейін қана емес, сонымен қатар бала тұлғасының қалыптасуының негізгі тенденцияларын да көрсетуі тиіс. Жақсы тәрбиеші ,- деді А.С. Макаренко, -өзінің жұмысында міндетті түрде күнделік жүргізуі тиіс, онда тәрбиеленушілерді бақылау, олармен жүргізілген әңгіме, баланың әрекеті, балаларда әр жаста болатын кризистік құбылыстарды талдау жазылып отырады.
Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық күнделіктің құрылымы, оның мазмұны мен жүргізу реті толық берілген. Тәрбиешілердің тәрбие жұмыстары практикасында жүргізген күнделіктері балаларға мінездеме жазуда, олардың мінез - құлықтарын талдау үшін диагностикалық материалдарды сақтау және тіркеу ретінде қолданылады.
Күнделік жүргізу сонымен қатар тәрбиешілердің балаларды жан - жақты терең зерттеулеріне және өздерінің педагогикалық жұмыстарын терең зерттеуге мүмкіндік береді.
Дегенмен күнделік балалардың тәрбиесі туралы диагностикалық материалдарды тіркейтін форма ретінде өзінің кемшіліктері бар: күнделікке жинақталған диагностикалық материалдардың анализдері өте көп еңбек етуді талап етеді және сандық өңдеуге келмейді. Мұндай балалардың тәрбиелік диагностикасын арнайы зерттеу протоколдарына тіркеу кезінде көрінеді.
Балаларды зерттеудің нәтижелері олармен оқу - тәрбие жұмысын жүргізіп, болжаудың негізі болады және тәрбиешілерге осы жұмысты мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты: студент - практиканттардың педагогикалық зерттеу әдістері туралы білімдерін кеңейту және бала тұлғасын зерттеу, тәрбиешілердің педагогикалық іс - әрекеттерін бақылай біл қабілеттерін қалыптастыру.
Жұмыстың орындалуы: бұл тапсырманы орындалу үшін тәрбиешілердің оқу - тәрбие іс - әрекеттеріне бақылау жасау және келесі мәселелерді анықтау үшін олармен әңгімелесу керек. ( Қосымша №1 )
1.Тәрбиеші өзінің педагогикалық іс - әрекеттерінде балаларды зерттеуді іске асыра ма?
2. Балаларды зерттеу үшін тәрбиеші педагогикалық зерттеу әдістерінің қайсысын қолданады?
3. Балаларды зерттеу нәтижелерін тәрбиеші қайда және қалай тіркейді?
4. Балаларды зерттеу нәтижелерін тәрбиеші оқу - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуде ескере ме? Нақты мысал келтіру.
Тапсырма орындалғаннан кейін, тәрбиеші балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізе ме және онда қандай педагогикалық зерттеу әдістерін жүргізетіндерін міндетті түрде қорытындылау керек.

4- тапсырма
Балаларды жан - жақты тәрбиелеудегі тәрбиешінің
жұмысын зерттеу.
Педагогикада тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық - тарихи тәжірибені үйрету процесі. Қоғамдық прогрестің дамуы әрбір өмірге аяқ басқан ұрпақтардың қоғамдағы жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне және оны байытып, келесі ұрпаққа беру арқылы мүмкін болды.
Әлеуметтік тәжірибеге енетіндер:
- ғылыми білім жүйесі;
- Іс - әрекет тәсілдері (репродуктивті және продуктивті іс - әрекет тәсілдері).
- Адамның әлеуметтік қатынасы (қоршаған ортаға, қоғамға, басқа адамдарға және өзіне).
Әлеуметтік тәжірибе өсіп келе жатқан адамдарды қоғамдағы өмірге дайындаудың көзі ғана емес, ол оның тұлғасының қалыптасуы және дамуының көзі.
Жан - жақты қалыптасу деп бала тұлғасының әлеуметтік тәжірибені меңгеруде ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық және физикалық сапаларының сандық және сапалық өзгеру процесі.
Тәрбие - бала тұлғасын қалыптастырудағы мақсатқа бағытталған процесс. Сондықтан да балаларды жан - жақты тәрбиелеу туралы айтқанда, олардың ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиелерін айтады.
Тапсырманың мақсаты: тәрбиешінің балаларды жан - жақты қалыптастыру жұмыстары туралы практиканттардың білімдерін кеңейту және тәрбиешінің педагогикалық іс - әрекеттерін талдап, бақылай білуге үйрету.
Тапсырманың орындалуы: әрбір студент - практикант тәрбиешінің әр пән бойынша өткізген ұйымдастырылған оқу қызметіне бірнеше рет қатысып, балалар тұлғасын жан - жақты қалыптастыруға байланысты іс - әрекеттерін бақылайды.
Тапсырмаға есеп беру кезінд келесі сұрақтарға жауап берулері керек:
1. Тәрбиеші балалардың ақыл - ой тәрбиесін және олардың таным процестерін қалыптастыру жұмыстарын іске асырды ма? Нақты мысал келтіру.
2. Тәрбиеші балаларда адамгершілік сапаларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізді ме? Ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларда қандай адамгершілік сапалар қалыптасты?
3. Қандай ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиеші эстетикалық тәрбиені іске асырды? Нақты мысал келтір.
4. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметінде дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізе ме? Нақты мысалдармен көрсету.
Студент - практиканттар тәрбиешінің топ балаларының тұлғасын жан - жақты қалыптастырудағы ұйымдастырылған оқу қызметінен тыс жұмыстарын зерттейді. Ол үшін әрбір практикант жеке дәптерге бекітілген тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарын көшіріп алады, оны зерттейді және талдайды. Онда міндетті түрде келесі мәселелерге көңіл бөлу керек:
- Тәрбие жұмысы жоспарындағы көрсетілген тәрбие міндеттері және олардың бала тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы;
- жоспардың негізгі бөлімдері және балаларды тәрбиелеудегі тәрбиешінің жұмысының бағыты;
- баланың ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесі бойынша тәрбиешінің жоспарлайтын негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Ойын- тәрбие әдісі
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәнерлілігін дамыту ерекшеліктері
Әлеуметтік - педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесі
Музыка мен әдебиеттің байланысы
Пәндер