Диалогтық оқыту түрлерін сабақта қолдану жолдары (орта буын оқушыларына)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
5B011700 - Қазақ тілі мен әдебиетіҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: Диалогтық оқыту түрлерін сабақта қолдану жолдары (орта буын оқушыларына) .
Орындаған : Әлдемхан Аружан
Мәдібек Нұрайым
Колхоз Назерке
Алматы, 2021ж
Қазақстандағы білім беру жүйесі жаңару үстінде. Осы тұста оқушылардың оқу үдерісін тиімді игеруі үшін диалогтық оқыту тәсілін енгізудің маңыздылығы өте жоғары. Диалог-ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әртүрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, бағыттардың өзара байланысты жолдарымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог олардың қызығушылығын, танымын арттырады. Қазақ тілі пәнінен сабақ беру барысында диалогық оқыту оқушылардың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлуіне және оқушының сыни тұрғыдан білім алуына тиімді тәсілдің бірі деп ойлаймыз.
Ғылыми жобаның мақсаты: Мектепте қазақ тілі сабағында диалогтік оқытуды қолдана отырып, оның қажеттілігі мен маңыздылығына көз жеткізу, оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігі мен қатысымдық құзыреттіліктерін дамыту. Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Ғылыми жобаның міндеті: Қазақ тілі сабағында диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқушыларға сөйлеу әрекетінің түрлерін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыру арқылы бір - бірімен диалогтік байланыс арқылы меңгерту.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Қазіргі заман талабына сай мұғалім білім бұлағы емес, білім бұлағына жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Жаңа технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажеттісін қолдана алу бейімділігін талап етеді. Күрделі технологияларға қарағанда қарапайым әрі түсінікті болатын диалогтік оқыту тәсілі қазіргі таңда нәтижелі білімнің, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсе алудың кепілі.
Аннотация.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында диалогтік оқыту оқушылардың жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, күрделі сұрақтарды қарапайым етіп қою, өткен материалдарға оралу, ойға салып дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу үшін қажет. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында диалогтік оқытуда идеялар екі жақты жүреді, соның негізінде білім алу үдерісі алға жылжиды. Диалогтік оқытуда оқушылар мен мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш-жігерін тең жұмсайды, ойларын тең жеткізеді, пікір алмаса талқылайды, бірге ойлайды, кері байланыс орнатып, өздерін әділ бағалайды.
Кіріспе
Философ М. М. Бахтин «Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс. Өмір сүру дегеніміз-диалогке қатысу: сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу және т. с. с. » деген.
Диалог -сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің бірі-диалогтік оқыту. Диалогтік оқыту дегеніміз-оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы сұрақ-жауап, сұхбат, пікірталас, әңгіме, топтық талқылаулар. Диалогтік оқытудың мақсат-міндеттерін орындау үшін, сабақты психологиялық ахуал туғызудан бастаған дұрыс. Онда «Комплименттер бұрқасыны», «Тілек шеңбері», «Ақ тілек» сияқты әдістерді қолдануға болады. Осының нәтижесінде оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, лебіздерін білдіреді, диалогтік қарым-қатынас пайда болады. Сөйтіп сабақты жақсы көңіл-күймен бастап, араларында жылы қарым-қатынас орнайды. Диалогтық оқытуды жүзеге асырудың жолдары өте көп. Мысалы «Ойын-оқыту әдісі» тақырыбында, қызығушылықты ояту мақсатында «Ойын деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Ойынға қандай анықтама беруге болады? Қандай ойын түрлерін білесіңдер? Ойынды орысша-ағылшынша не дейміз?» деген сұрақтар қойылып, оқушылар жұппен жұмыс жасап, өз ойларын білдіре алады. Ойлаудың алғашқы баспалдағы-сұрақ қоя білу. Ал енді сұрақ қоюдың маңызына келетін болсақ, сұрақ қою арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артып, сын тұрғысынан ойлануларына ықпал жасалады. Егер сұрақ дұрыс, нақты қойылса, сабақ берудің тиімді құралы болып, оқушылардың білім алуына ықпал етеді.
Әдіс-тәсілдердің көмегімен түрлі тапсырмаларды сабақ жоспарына кіріктіру арқылы оқушылардың сөйлесу, ой алмасу, сөздік қорының көбеюі мен кез келген тақырып аясында ойларын ашық жеткізуге төселеді.
Тіл үйретуде ең басты міндет - оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме - мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің бір түрі деп көрсеткен. Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог түрінде оқыту Бахтин, Мерсер, Велс және Вуд жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.
Негізгі бөлім
Диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсақ, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери, әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірлеген. Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге бағыттамай, негізінен оқушыларға бағыттады. Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық оқыту бағыты пайдаланылады. Осы жерде сөйлеу мәдениеті туралы айта кетсек . . .
Диалогтың ары қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында «егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін» деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты. Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі толық ынтымақтастықта дамиды.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтік оқытудың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Арнайы зерттеушілер диалог сабақта оқушылар-дың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде ересектермен қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың нәтижесі балалардың оқуына және коллективті дамуына әсер ететінін көрсетеді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Түрткі болу дегеніміз сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Білім беруді тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
- Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
- Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
- Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
- Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына көмектеседі;
- Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
- Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
- Білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды;
Мысалы 6 сынып оқушыларының топтық, жеке, жұптық жұмыстарды атқару барысында ашық, жабық сұрақтарға жауап беру нәтижесінде диалогтік әрекет сабақтың үстінде бірнеше рет іске асырылып отырады. Диалогтық оқыту әрбір мұғалімнің барлық сабағында жүзеге асырылып жатады. Яғни, мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіндік берсе, диалогтық оқыту осы жерде көрініс табады. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазады. Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелер жүргізіледі. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды шығарып қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасайды.
Мерсердің зерттеулеріне сәйкес әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар:
- Әңгіме- дебат
- Топтық әңгіме
- Зерттеушілік әңгіме
Әңгіме - дебат -ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалатын әңгіме түрі.
Топтық әңгіме- айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беретін; білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайтын; идея қайталанатын, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейтін әңгіме түрі.
Зерттеушілік әңгіме- әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынатын; әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізілетін; қатысушылар сұрақ қойып және айтқандарын дәлелдейтін; топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысатын әңгіме түрі.
Сабақты ұйымдастыруда мынадай кілттік идеяларды ұстануға болады:
- əңгіме негізгі құрал болып саналады, оның көмегімен оқытушы оқушылардың оқу үрдісін қолдап жəне дамытып отырады;
- оқытушы диалогты қолдану көмегімен оқушылардың білім сапасына тиімді əсер ете алады
- диалогтық оқыту идеясына сəйкес, анкета жəне топтық жұмыстар оқушылардың білімдерін жетілдіре алады.
Сабақтың тақырыбы:
Көшпелілердің жазуы
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
7. 0. 2 ; Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
7. ӘТН3; Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшіліктерін түсініп қолдану
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. .
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады :
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды. Сабақ барысында тыңдаушы назарын өзіне аудара алады.
Басталуы
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. Орхон - Енисей өзендерінің бойынан табылғандықтан бұл ескерткіштер Орхон ескерткіштері деп аталады. Соның ішінде ең үлкені - «Күлтегін ескерткіші». Онда «Үлкен жазу» және «Кіші жазу» деген бар. Сондықтан бүгінгі сабақта оқушылар «Күлтегін», «Үлкен жазу», Кіші жазу» деп топтарға бөлеміз
1-топ:
«Күлтегін»
2-топ:
«Үлкен жазу»
3-топ: «Кіші жазу»
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
Ой түрткі
1. Суретте қандай ескерткіш бейнеленген?
2. Көшпелілерде жазу юолған ба?
3. Көне түркі жазба ескерткіштері қай ғасырларды қамтиды?
4. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы нені біле аламыз?
Тыңдалым
Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қосымша ақпараттардан ажырат.
Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Солардың ішіндегі ең көлемдісі - Орхон ескерткіші.
Тас моншақтағы жазу - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Бөріжар өзені аңғарынан табылған моншақтағы таңба. 1968 жылы Бөріжардағы зиратқа зерттеу жүргізген кезде біртізбек моншақ табылған. Тізбеде 32 моншақ бар: 7-і кішірек қара моншақ, 7-і ірілеу ақшыл моншақ, 17-сі қызыл күрең, сарғыш моншақ, біреуі төртбұрышты, аспан түсті көк моншақ. Басқа моншақтардан ірілеу, дөңгелек моншақтың бір шеті тегістеліп, көне түркі әліпбиі үлгісімен «ес сек үс» деген үш сөз жазылған. Жазу ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы түркі халықтарының тілінен дерек береді. Жазудың қазақша мәні: ес, сек, үс - «дос секір үз» деген мағына береді. Бұл түркі халықтарының ежелгі дәстүрінде, жігіт үйленерде қалаған қыздың есімін жазу, құлағын тістеу немесе мойнындағы моншағын үзу дәстүріне байланысты болса керек.
Оқулық. Кеспе мәтіндер.
Оқулық,
қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.
Ортасы
10 минут
Қолдану
Берілген мәтіндерді балалар тыңдап, дәптерлеріне жазып алады.
Ортақ тапсырма: «Пікірлер» парағы әдісі
- 1-сұрақ. Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарды атаңыз.
2-сұрақ . Тас моншақтағы жазу туралы мәлімет
3-сұрақ. Көне түркі жазуы қандай жазу?
1-топ: «Күлтегін»
Жауабын жазады.
2-топ: «Үлкен жазу»
Тексеріп, қосымша мәліметтер қосады.
3-топ: «Кіші жазу»
Ұсыныс жазады.
Талдау
«Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
- Тас моншақтағы жазу туралы сыныптасымен ой бөліскенде сан есімдер мен сын есімдерді қателеспей айтса сол жеңеді.
- Жазу туралы қосымша ақпараттарды пайдаланып, адамзат мәдениетіне байланыстырады.
«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар,
қалам.
Оқулықтағы мәтінді оқып алады.
Сергіту сәті
2 минут
Кішірек қара моншақ пен ірілеу ақшыл моншақтардың саны қанша?
Осы тас моншақтағы төртбұрышты моншақтың түсі қандай?
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
Жазылым «Сөйлем құрайық» әдісі
Фразеологизмдерді қатыстырып сөйлемдер құра.
Көзді ашып жұмғанша. Көздің жауын алады. Тайға таңба басқандай. Үріп ауызға салғандай.
Осы тұрақты тіркестерді бүгінгі өтілген мәтін мазмұнымен байланыстырып, сөйлемдер жазу.
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Рефлексия парағы
Бағалау парақшасы
Қағаз қиындылары.
Бірлескен əңгіме тиімді нəтиже береді, яғни:
- əңгіме-тақырыпты кім қалай түсінгендігін анықтауға мүмкіндік береді;
- түрлі оқушыларға түрлі ойлар болатындығын анықтауға мүмкіндік береді;
- идеялар мен ойлар дəлелдемелеріне аргументтер табуға көмектеседі;
- əрбір оқушының қабілетін анықтауға көмектеседі.
Жалпы, диалогтық оқыту барысында оқушылар сын тұрғысынан ойлауды үйренеді, мəн-жайды жəне қажетті ақпаратты талдау негізінде күрделі мəселелерді шешуге, балама пікірлерді таразылауға, ақылға салынған шешімдерді қабылдауға, пікірталастарға қатысуға, басқа адамдармен қарым- қатынас жасай білуді үйренеді. Ол үшін сабақта топтық жұмыстар ұйымдастырылады, рөлдік ойындар ойнатылады, шығармашылық жұмыстар да қолданылады. Оқушы оқу үрдісінің толық мүшесі болады, мұнда оқытушы дайын білімді бермейді, оқушылардың өз беттерінше ізденулеріне түрткі болады жəне оқушылар жұмысында көмекші қызметін атқарады.
Диалогтық оқытудың мынадай стратегиялары мен əдістерін қолдануға болады, атап айтқанда:
- «Доп беру» стратегиясы. Топта белгілі бір тақырыпта допты бір-біріне кезектесіп бере отырып, берілген тақырып көлемінде əңгіме құрады. Бір оқушы бір сөйлем құрастырып айтады, одан соң допты екінші оқушыға береді. Нəтижесінде топта аяқталған əңгіме құрылады. Оны бір оқушы қағазға түсіріп жазып отырады да, топтан ортақ бір ой шығады.
- «Оки токи» стратегиясы. Стикерге əрбір оқушы берілген тақырып көлемінде ойларын жазады. Топ арасында əркім өз ойын айтады. Содан кейін екі адамнан əңгімелесіп стикерлерінде жазған ойларымен бөліседі.
- «Тоса тұр» стратегиясы. Стратегия шарты бойынша əрбір топ мүшелері өз ойларын осы тақырып аясында пікір бөлісіп, стикерге əркім өз ойларын жазып шығады да, ойларын ортаға салып əңгіме құрып бір-бірін тыңдайды. Əрбір оқушы өз ойын 1 мин ішінде айтады, шатасып кетпеуі, пікірлер қайталанбауы тиіс, егер бір оқушы сəл кідіріп қалса, онда сөз кезегі келесі топ мүшесіне беріледі. Тапсырма мазмұны толығымен ашылған соң ортақ тұжырым шығарылады.
Орта сынып оқушыларына сабақ беру кезінде диалогтік оқыту түрлерін жеке-жеке қолданып сабақ мақсатына нәтижелі түрде жеткенін көрдік. Топтық жұмыс оқушылардың өздерін сенімділікке тәрбиелейді, өзін-өзі ортада ұстай білуге, сөйлеу қабілеті дағдыларын қалыптастырады. Бірін-бірі тыңдауға, сыни ойлауға, өзінің пікірін айтуға құқығының бар екендігін сезінеді, пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінуге үйренеді. Өздерінің идеяларымен шағын топтарда өзінің құрдастарымен бөлісе алады.
Оқушылар көбірек білетін адамдармен, сыныптастарымен, мұғалімдермен диалог жүргізген жағдайда білім алуы табыстырақ болады. Диалогтық оқытуда сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz