Мәтіндік процессор


Мәтіндік процессор - мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу, қағазға басып шығару сияқты қамтамасыз ететін программалық құралдар болып табылады. Мұнда қатені тексеру, синоним сөздерді табу, сөз тіркесін іздеп табу, оны басқаға өзгерту, қиып алу, бірнеше терезедегі мәтіндермен қатар жұмыс істеу сияқты тағы басқа қосымша әрекеттер орындалады.Қазіргі таңда кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі - Microsoft Word болып табылады. Ол құжаттарды дайындауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған ыңғайлы программа. Онда құжаттар мен кестелерді безендіруге, дайын үлгілер мен стильдерді қолдануға, қарапайым суреттер салуға өте қолайлы.
UNIX және WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ТЕГІ Windows және UNIX тегінің операциялық жүйелері және олардың тармақталуы қазіргі уақыттағы ең танымал және белгілі болып табылады. UNIX операциялық жүйелері операциялық жүйелердің ішіндегі ең ескі тармағы болып саналады, UNIX-операциялық жүйелері әлі де кеңінен қолданылады және өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Бір операциялық жүйе туралы емес, UNIX тегінің операциялық жүйелері туралы айтудың басты себебі, UNIX -тегі әртүрлі, көп жағдайда бір-бірімен байланысты емес өнертапқыштар ұжымдарында ұзақ уақыт дамыды.
UNIX ОЖ алғашқы нұсқасы 1969 ж. AT&T фирмасының Bell Labs зертханасының бірнеше бағдарламашылары шығарды және PDP-7 компьютерінде жұмыс жасады. Операциялық жүйе зертхана қызметкерлерінің тәжірибелік тапсырма міндеттерін шешу мақсатында пайдаланылды және де оны кеңінен тарату жоспарда болған жоқ. Біршама уақыт өткеннен кейін операциялық жүйенің көп бөлігі ассемблер тілінен С тіліне қайта жазылды, бұл өз кезегінде операциялық жүйені басқа көптеген платформаларға ауыстыруға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда UNIX көптеген ағымдағы архитектураларға жұмыс жасайды және көбісіне басты ОЖ болып табылады.
AT&T ойлап шығарылған UNIX-жүйелерінің ары қарай дамуы және олардың туындысы System V (бесінші нұсқа) деп аталады, қысқартылуы SysV (кейде АТ&Т-нұсқасы UNIX деген атау қолданылады) .
1970 ж. ортасында UNIX бастапқы код Беркли университетіне тап болды, ол жерде UNIX жаңа нұсқасы пайда болып, BSD UNIX (Berkeley Software Distribution) атау алды. Қазіргі кезде UNIX көптеген нұсқалары System V немесе BSD негізделген. Екі тармағы да әртүрлі стандарттарды әр алуан дәрежеде қанағаттандырады, олардың ішінде POSIX стандарты бар. Соңғы кезде бірдей стандарттар жасалу үстінде. Осы стандарттардың талаптарын әзірлеу Silicon Graphics), Digital OSF/1 (DEC әзірлеуі) және Энди Таненбаум ойлап шығарған MINIX негізделген ескі нұсқа Linux. Одан бөлек, UNIX тобының ОЖ генеалогиялық тармағында отандық талдамасы жатқызуға болады: ЕС ЭВМ арналған операциялық жүйелер МОС ЕС, ЕС ЭВМ және СМ ЭВМ арналған ДЕМОС, СМ ЭВМ арналған ИНМОС [5] .
Windows тобының операциялық жүйелері туралы сөз ететін болсақ мүлдем басқа көрініс орын алады. Бұл операциялық жүйелер 20 жылдан көп уақытта жалғыз бір компания ойлап шығарды және әлі де шығару үстінде.
Windows операциялық жүйелер тарихы өз бастауын 1985 ж. алады, сол кезде Windows 1. 0 ОЖ ойлап табылды. Бұл жүйе толыққанды ОЖ болған жоқ, көп бөлігі MS DOS операциялық жүйесі үшін графикалық қабаты ғана болды. Ол көпмақсатты режимнің шектелген қолдауын ОС MS DOS бағдарламаларына ыңғайлап жүзеге асырды. Дәл осы уақытта Microsoft IBM фирмасымен бірге толыққанды, көпмақсатты, графикалық интерфейсі - OS/2 операциялық жүйені ойлап шығарды. Алғашқыда, дәл осы OS/2 операциялық жүйе ескірген MS DOS алмастыруға бағытталды, бірақ 1990 жылдардың басында Microsoft және IBM жолдары екіге бөлініп, Microsoft жеке өзінің Windows негізіндегі операциялық жүйесін дамытуға бар күш-жігерін салды.
1990 ж. Windows операциялық жүйелер дамуының елеулі қадамы болған Windows 3. 0 ОЖ жарыққа шықты. 1992 ж. Windows 3. x бұтағының айтарлықтай қайта өңделген жаңа нұсқасы шықты - Windows 3. 1. ол нұсқада TrueType әріптерін пайдалану мүмкін болды, WYSIWYG режимінде баспа, жұмыс тұрақтылығы артты, мультимедиялық қасиеті және т. б. қосылды.
Windows операциялық жүйесі тармағының келесі даму деңгейі Windows 9x ұрпағы болып табылады. Бұл топқа операциялық жүйенің үш нұсқасы кіреді: Windows 95, Windows 98 және Windows ME. Бұл операциялық жүйелер жаңартылған пайдаланушылық интерфейсті, файлдардың ұзақ атауын қолдауды, 32-биттік қосымшаларды қолдауды, TCP/IP стек қолдаудан асып түсті. Осы операциялық жүйелер жұмысының тұрақтылығына байланысты айтарлықтай үлкен кейітулер шақырды. Бұл операциялық жүйелердің нақты ядросы бірбірінен процестерді оқшаулауға мүмкіндік беретін ығыстыратын көп мақсаттылықты (свопинг) қолдайды және бір процестің тежелуі әсерінен барлық жүйенің тоқтатылуының алдын алады. Ядро бөлігінің орындалуы ОС Windows 3. x ядросынан ерекшеленбегендіктен, мысалы жүйедегі жалғыз 16-биттік қосымшаның қатып қалуы барлық операциялық жүйенің қатып қалуына әкеліп отырды.
Windows NT (New Technology) тармағы негізінде жүйелер мүлдем басқа қағидамен жасап шығарылды. Осы тармақтың Windows тобының операциялық жүйелерін шығару 1988 ж. басталды. Бұл ұрпағы Windows операциялық жүйелерінің дамуындағы ең сәтті тармақ болды.
Windows NT 3. 1 бірінші нұсқасы 1993 ж. шықты. Содан кейін арасына жыл салып бірінен кейін бірі Windows NT 3. 5, 3. 51, 4. 0 нұсқалары жарыққа шығып отырды. Windows NT 4. 0 нұсқасының интерфейсі Windows 95 стилінде болды, бірақ DirectX - ойын қосымшаларын қолдауға арналған кітапхана қолдануының болмауынан зардап шекті.
2000 ж. Windows NT ядросы негізінде жаңа Windows 2000 операциялық жүйесі шықты. Жүйе жаңа пайдаланушылық интерфейсті қосты, NTFS 3. 0 файлдық жүйесін қолдады, сонымен қатар құрамында айтарлықтай көп өзгерістер болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz