ХХ ғ. басындағы аграрлық қоныс аудару саясаты. Отарлау саясатының күшеюі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы.

  1. ХХ ғ. басындағы аграрлық қоныс аудару саясаты. Отарлау саясатының күшеюі.

1886 жылы Қазақ даласы 2 ген. -губ. тұратын:Дала ж/е Түркістан. 1886 жылы Түркістан өлкесін басқарудағы Уақытша ереже қабылданды. XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік бұл реформалар б/ша қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Осыдан бастап қазақ жеріне орыс шаруалары, яғни кулактарды қоныс аударуы басталды. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарға бөлінді:торғай-орал, семей, сырдария, жетісу. Патша өкіметі «қоныс аудару қорына» қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді қосты.

1893-1905жж 4млн десятина

1906-1912жж 17млн десятина

1917ж 45млн десятинаға жетті.
Семей, Ақмола, Орал, Торғайдан 40, 5млн десятина, Жетісудан 4млн десятина, Сырдариядан 500мың десятина ең құнарлы жерлер алынды.

  1. ХХ - ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-тарихи ахуалы. Столыпиннің аграрлық реформасы. Столыпиннің аграрлық реформасы - патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П. А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 - 15 жылдары аралығында Қазақстанда қоныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті. ХХ ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір казак отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Аграном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет етеді. «Қоныс аудару қорына»қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. ХХ ғасырдың басына қарай қазақтардың саны 1 миллион 11мың адамға жетті және олар 15, 6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті. Ресейде аграрлық саладағы өзгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906жылы Ресейдің прьемер министрі болып тағайындалған П. Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазиян, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейде аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға өзіне тиесіліжер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдік беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтарың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3, 7%-дан 7, 9%-дейін өсті. ЖАТАҚ-қазақ қоғамындағы көшіп-қонатын күш көлігі болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген кедейлердің ерекше әлеуметтік тобы. ҚОҢСЫ-бай, ауқатты адамдармен жанаса отырып, солардың қызметін істеп күн көретін күнкөрісі нашарлау, ішіп-жемі жеткіліксіз, әл-ауқаты аз адамдар
  2. XX- ғасыр басындағы қазақ зиялылары мен Қарқаралы петициясы. Қарқаралы петициясының негізгі талаптары. Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, орысшаға аударған-Т. Нүрекенов, т. б. белсене ат салысты. Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғарбилік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналусышылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоққой!» Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығымен абыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қайтару сияқты талаптар да қойылды. Мемлекеттік шенеуніктер жоғарғы билік органдарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушылардыбарынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторының Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Қырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды». Қарқаралы петициясының мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшінолардың редакцияларына да жіберілді. 1905жылы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғали Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жібереді. Ол 47 тармақтан тұратын. Оған 14500 адам қол қойған.
  3. 1905-1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері.

1905-1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

  1. І-Мемлекеттік Думаға қазақ даласынан сайланған өкілдер және олардың Мұсылмандық фракциядағы қызметі. 1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан - Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан - Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан - Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 72-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді, ж/е со лжайлы бастамалар көтерді.
  2. ІІ-Мемлекеттік Думаға Далалық өлкеден сайланған өкілдер және олардың Мұсылмандық фракциядағы қызметі. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан - Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан - Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді. II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады.
  3. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақ ауылының жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Оған 38 мемлекет тартылды.

Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия) .

Антанта (Англия, Франция, Россия) .

Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

Соғыстың себептері:

Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Ресейдің соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді. Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. . Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

Көтерілістің негізгі себептері:

1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты) ;

2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;

3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;

4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;

5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;

6. Орыстандыру саясаты.

Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.

Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

  1. «Айқап» журналының қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріндегі орны.

"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.

1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М. Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә . Ғалимов, С. Торайғыров қатысқан. Журналда А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Б. Майлин, Б. Өтетілеуов, С. Көбеев, Н. Құлжанов, т. б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған.

  1. ХХ ғ. басындағы «Қазақ» газетін қоғамдық-саяси, әдеби, мәдени басылым ретінде ашып көрсетіңіз. Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т. б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
  2. ХХ ғасыр басындағы ұлттық мемлекет құру бастамасы және Ә. Бөкейханов. Алаш қозғалысы - ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. . Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, С. Спандияров, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты.

Әлихан Бөкейханов (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы-- Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Алаш қозғалысын жетекшілерінің бірі. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.

  1. 1916ж. ұлт- азаттық күрестің ақтаңдақтары мен сабақтары. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т. б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
  2. ХХ ғ. басындағы қазақ жастар ұйымдары мен басылымдар мәселесі. Қазақ баспасөзі -ұлтымыздың ұлы тұлғаларының арманы, өзге озған жұрттармен қазақ баласының терезесін теңестіруге ұмтылысы болатын. Алаш ғұламалары халықтың рухани бостандығын, сана сілкінісін баспасөз ғана оятатынына сенді.

Верныйда- “Қара жұмысшылар одағы”

Сергиопольде- “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы”

Петропавлда- “Жас арбакештер одағы”

Әулиеата мен Меркеде - “Қазақ жастарының революцияшыл одағы”

Ақмолада - “Жас қазақ” ұйымы.

Петропавлда- “Талап” ұйымы

Спасск зауытында - “Жас жүрек”ұйымы

Омбыда - “Бірлік” ұйымы

Түркістан федералистер партиясы 1917 жылы қыркүйекте құрылды.

“Шура-ислами”саяси ұйым 1917 жылы 17 наурызда құрылды.

“Иттифок-и-муслимин”партиясы 1917 жылы қыркүйекте құрылды. Мұсылмандар қозғалысы негізінде «Шура-и Ислам» партиясы құрылды және Гурьевте, Семейде, Ақтөбеде, Қазалыда, Павлодарда, Верныйда халық комитеттері пайда.

Айқап журналы -1911-15жж. Ұйымдастырушысы - М. Сералин. Көтерілген мәселесі- жер мәселесі, оқу-ағарту ісі, мәдениет, қазақ қоғамының болашақ даму жолының бағыты т. б.

Қазақ газеті 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. 1915жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін 1916 екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген.

  1. Уақытша үкімет және ұлттық мемлекеттілік мәселесі. Қазақ зиялыларының ұстанған ұстанымы. Уақытша үкімет - Ақпан революциясының нәтижесінде Ресейде құрылған билік органы. Уақытша үкімет Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы шақырылып, мемлекеттік басқару пішімі шешімін тапқанға дейін билік жүргізуі тиіс болды. Уақытша үкімет Ресей азаматтарының құқығында діни-нанымына, ұлтына қарай ешқандай шектеушілік болмайтынын жария етті. 1917 жылы 20 наурызда Ә. Бөкейханов Уақытша үкіметтің ұйғарымымен Торғай облысының комиссары болып тағайындалды. Оның ұсынысымен Қостанай уезінің комиссары болып А. Бірімжанов, Торғай уезінің комиссары болып О. Алмасов, Ырғыз уезінің комиссары болып Ғ. Теміров бекітілді. Қазақтың ұлт зиялылары 1917 жылы 25 қазанда Уақытша үкімет Қазан төңкерісі нәтижесінде құлады. Билікке В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы келді де көп ұзамай елде Азамат соғысы басталды.
  2. Ел тәуелсіздігі жолында күрескен қазақ азаматтары - Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұханбетов, М. Тынышбаев және т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің ұлттық аймақтарындағы қоғамдық саяси жағдай және жер мәселесі. (Қазақстан мысалында)
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы
Ресейдің шаруаларын қоныс аудару және Қазақстанды аграрлық отарлау
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі
Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы
Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы және отарлау саясатына қарсы күресі
ХIX ғ. аяғы –XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-эканомикалық жағдай
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар
Патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz