Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны
ЖОСПАР
Кіріспе
І. Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны
1.1 Тауар биржасы жайлы түсінік және оның функциялары
1.2 Биржа мүшелері және биржаны басқару
1.3 Тауар биржаларының іс.әрекетін ұйымдастыру және оның құрылымы
ІІ Қазақстандағы тауар биржаларының іс.әрекетін заңдылық тұрғыдан реттеу 13
2.1 Тауар биржалары жайлы жарғының негізгі баптары
2.2 Тауар биржасын құру және оның қызметін тоқтату
2.3 Биржалық сауданы ұйымдастыру
2.4 Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу
ІІІ. Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны
3.1 Қазақстандағы тауар биржаларының қалыптасуы және дамуы
3.2 Ірі тауар биржалары және олардың қызметі
3.3 Қазақстандағы тауар биржаларының проблемалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
Қосымша 4

Кіріспе 2
І. Тауар биржасы және оның нарықтық экономикадағы орны 3
1.1 Тауар биржасы жайлы түсінік және оның функциялары 3
1.2 Биржа мүшелері және биржаны басқару 5
1.3 Тауар биржаларының іс-әрекетін ұйымдастыру және оның құрылымы 7
ІІ Қазақстандағы тауар биржаларының іс-әрекетін заңдылық тұрғыдан реттеу
13
2.1 Тауар биржалары жайлы жарғының негізгі баптары 13
2.2 Тауар биржасын құру және оның қызметін тоқтату 15
2.3 Биржалық сауданы ұйымдастыру 19
2.4 Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу 20
ІІІ. Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны 24
3.1 Қазақстандағы тауар биржаларының қалыптасуы және дамуы 24
3.2 Ірі тауар биржалары және олардың қызметі 27
3.3 Қазақстандағы тауар биржаларының проблемалары 29
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 33
Қосымша 1 34
Қосымша 2 40
Кіріспе
Анықтамасы бойынша тауар биржасы дегеніміз саудалау жолымен тауарларды
нарықта сату-сатып алуға материалды жағдай жасайтын корпорация мүшелерінің
корпоративті, коммерциялық емес ассоциациясы болып табылады. Алайда, бұл
ұғым әлі де болса қарапайым қазақстандықтардың жадында қалыптасып
үлгермеген сияқты. Дегенмен, даму негізін нарықтық экономика құрып отырған
бүгінгі таңдағы барлық өркениетті елдер экономикасында тауар биржасы елеулі
рөл атқарып келеді. 17 миллионға жуық халқы бар, энергетикалық ресурстарға
бай, жоғары квалификациялы еңбек ресурстары бар Қазақстан республикасы
тауар, қызмет көрсету және капитал нарығы бойынша қыруар потенциалы бар
мемлекет. Сондықтан, тауар биржаларының Қазақстан экономикасында жуық арада
өзінің лайықты рөлін алатыны сөзсіз.

Биржа - біріншіден, белгілі бір тауарларды күнделікті саудалау орны,
сатушылар мен сатып алушылар арасындағы шикізат, валюта, бағалы қағаздарга
байланысты келісімдерге ықпал ететін сауда делдалы, екіншіден, осы
саудалауды ұйымдастыратын және осы саудалауды өткізуге байланысты
ережелерді жасайтын жеке және заңды тұлғалардың бірлестігі, және үшіншіден,
мемлекеттің экономикалық инфрақұрылымындағы биржаның орнын анықтайтын,
басты белгісі болатын, ерекше баға белгілейтін механизм. Берілген
анықтамаға байланысты биржаның көп функционалдылығын көреміз. Биржаның
негізгі функциялары төмендегілер болып табылады:
1. Сату-сатып алу процессін, сатушы мен сатып алушының кездесуін
ұйымдастыру және саудалау орнын дайындау. Биржада сатушылар өз тауарын
ұсынады, ал сатып алушылар тауарды бағалап, берілген шарттармен келісіп,
келісімдерге отырады немесе келісімдердің қандай да бір параметрлері
ұнамаса, өзінің тарапынан ұсыныстар жасайды. Егер алғашқы кезде биржа
сатушылар өз тауарларын, өнімдерін әкелетін көтерме сауда орны болса,
қазіргі кезде биржа тікелей тауарларды сату-сатып алу, тауарларды ақшаға
айырбастау орны емес, белгілі бір тауарға байланысты келісімге келу орнына
айналды.
2. Спекуляцияға бақылау жүргізу. Келісімдерді ұйымдастыру барысында,
саудалау ашықтығына байланысты кез келген сатып алушы биржада өзіне керекті
тауарды сатып ала алады, сондықтан, спекуляцияға бақылау жасалынады.
3. Белгілі бір баға корректировкасын білдіретін, жедел құралдар
саудасы арқылы сақтандыру. Осы арқылы екі жақ тарапынан тәуекелді өтеу
қамтамасыз етіледі.
Көрсетілген, биржаны анықтайтын негізгі функциялармен қатар, қосалқы
функцияларын көрсетейік. Олар:
1. Биржалық бағаларды нарықтық ұсыныс пен сұранысқа байланысты
қалыптастыру және реттеу. Белгілі бір деңгейде бағаны тұрақтандыру.
2. Биржалық тауарлардың стандарттарын орнату. Биржаларда тауарлардың
өзін өткізбей, осы тауарларга байланысты келісімдерге қол қойылады.
Сондықтан, салмағы, көлемі, сапасы жағынан стандартталған тауарлады сатып
алу тиімді.
3. Келісімдерді жасауға көмектесетін, биржа мүшелеріне типтік
келісімдерді дайындау.
4. Саудалаудың тиімдірек іс-әрекетіне әкелетін, саудалау ережелерін
дайындау мен саудалау дәстүрін тұрақтандару.
5. Уақытты үнемдеу мен айналым шығындарды төмендететін, биржа
мүшелерімен жеңілдетілген есептеу процедураларын жүргізу. Биржа мүшелері әр
жасалынған келісім үшін қаражаттарын бөлмейді, олар белгілі бір сомма
көлемінде салым жасайды. Кейінірек осы салымды есеп айырысу палатасы
ұтылған және жеңгендердің арасында бөледі.
6. Биржадағы саудалаудың барысын айқындайтын, сатылатын тауарлар мен
басқа материалдардың котировкасы жайында информациялық бюллетендерді
шығару.
7. Клиенттерге әрдайым ұлғайатын қызметтер спектрін ұсыну.
8. Тауарлар мен шикізаттар нарығын арнайы механизм арқылы
қалыптастыру.
Осы функциялардың орындалуы тауардың сату-сатып алу операцияларын
эффективті және рационалды іске асырылуына әкеледі.
Тауарлы биржалар бұл - стандартталған материалды-затты тауарларды
сатуға, сатып алуға байланысты тауарлы операция бойынша келісімдерге
келетін арнайы тәуелсіз мемлекеттік емес ұйымдар. Биржалық саудалаудың
негізгі тауарлары - оңай стандартталатын, былай айтқанда биржалық
тауарларларға жататын, шикізаттың барлық түрлері (мұнай, металлдар, ағаш
және т.б.), ауыл шаруашылық өнімдері, және оңай стандартталатын әрдайым
өнеркэсіптің эртүрлі салаларына аралық шикізат болатын тауарлар (қағаз,
картон, цемент, құрылыс заттары, мұнай өнімдері) жатады.
Биржалық тауарлар бірнеше топқа бөлінеді[1]:
1. Өнеркәсіптік шикізат:
а) Түсті және бағалы металдар.
э) Жанармай тауарлары - мұнай өнімдері, т.б.
2. Ауыл шаруашылық өнімдері және оның өңделген өнімдері:
а) Астық өнімдері.
э) Май дақылдары - мақта, күнбағыс дәндері, соя, т.б.
б) Мал өнімдері мен ет.
в) Текстиль өнімдері - жүн, мақта, жібек.
г) Тағамдар - қант, шай, кофе, картоп, т.б. ғ) Ағаш өнімдері.
д) Каучук.
1.2 Биржа мүшелері және биржаны басқару
Сатып алу, сату мен айырбасты жүзеге асыратын мелекеттік,
кооперативтік, делдалдық (брокерлік) фирмалар, банктер, шетелдік, біріккен
және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар, жергілікті деңгейдегі кез келген
заңды тұлғалар биржа мүшелері бола алады. Биржадағы мүшелік биржа залында
саудалауға құқық береді. Биржа мүшелері комитеттер жұмыстарына қатыса алады
және әртүрлі биржалық сайлаулар мен жиналыстарда дауыстарын бере алады.
Осындай комитеттердің әр алуан түрлері бар. Дайындау мен оқу
комитеттерінен бастап сауданы реттеу мен сауда залының комитеттеріне дейін.
Осыдан басқа биржа мүшелері әрқырлы биржалық ақпарат алып, кітапханалық
және ақпараттық орталықты қолдана алады, оқу және қайта дайындау
программаларын өтеді. Егер, кез келген ұйымға квалификацияланған
қүрылтайшылардын көбісі және биржа мушелігене ие ұйымдар мен
кәсіпорындардың үлкен бөлігі дауыс берсе, онда сол ұйым биржа мүшесі бола
алады. Сайлау биржа мүшелігене ие ұйымның қаражатының жағдайының деңгейіне
байланысты өткізіледі. Биржа мүшелері алғашқы салым өткізуге тиіс, және
егер олар биржа мүшелігінен шығатын болса бұл салым оларға қайтарылады.
Биржа мүшелігіне жаңа мүше қабылдау құрылтайшылар мен биржа мүшелерінің
ортақ жиналысында жүзеге асды. Биржа мүшелері әр жыл сайын мүшелік салым
төлейді, бірақ олар биржалық саудалауға қатысушы ұйымдар мен мекемелер
төлейтін ортақ салымдардан босатылады. Биржа мүшелерінің құқықтары:
1. Уставта белгіленген тәртіпке байланысты, биржа басқаруына қатысу.
2. Саудалудың ұйымдастырылуын жақсарту үшін жаңа ұсыныстарды биржаны
басқаратын мүшелерге ұсыну.
3. Шешуші дауыс құқығын қолданып, ортақ жиналыстарға қатысу.
4. Ақпарат және басқа биржалық қызметтерді қолдану. Биржаның
шаруашылық іс-эрекетіне байланысты, биржа мүшелері өз салымдарының көлеміне
қарай мүліктік жауапкершілікке ие. Биржа мүшелері өз жұмыстарын жеңілдету
үшін жұмсшыларды жалдауға құқықтары бар. Бұл жұмысшыларға клерктер мен
хатшылар түрінде саудаласу залына еркін кіріп, шығуға рұқсат етіледі. Биржа
басқарушылары арнайы органдарды құрады. Олар - белгілі бір биржалық өмірдің
сферасына байланысты құрылатын, басқарушылар кеңесі мен эртүрлі комитеттер.
Биржа бөлімшелеріне төмендегілер кіреді:
• Ревизиялық комиссия - биржаның қаржылық іс-әректінің ревизиясын,
құрылтайшылар мен биржа мүшелерінің ортақ жиналысында айтылатын отчетты
дайындау және ұйымдар мен тұлғаларға консультация беру міндеттерін іске
асырады.
• Арбитраждық комиссия - келісім боынша серіктестер арасындағы
контрактілерді жасау, келісімдердің жасалуының дұрыстығын қадағалау,
келісімдерге отыру және жасау процесінде, биржа мүшелерінің арасында және
киенттердің арасында пайда болатын даулы сұрақтарды тыңдап, тергеу жасап,
шешеді.
• Котировкалық комиссия - басты міндеті биржалық котировкаларды
шығарып дайындау мен бағаның айналымын анализдеуге арналған басты орган.
• Сауда этика комиссиясы - биржада саудалаудың ережелерінің орындалуын
бақылайтын орган.
• Биржа мүшелерін қабылдау комиссиясы – биржаға қабылданатын жаңа
мүшелердің өтініштерін және мүшелікке ие ұйымның қаржылық жағдайын
анализдейді, қарайды.
• Биржалық тауарлар бөлімі - биржадағы тауарлар жайылы консультация
береді.
• Экономикалық анализдеу бөлімі - өнім нарығының конъюнктурасына бақылау
жүргізеді.
• Администрациялық-шаруашылық бөлім – бухгалтерияны жүргізу, кадрларды
дайындау, қоймалық және таралық шаруашылық жайында мәселелерді шешеді.
• Ақпараттық орталық.
• Биржалық саудалауды жақсарту бөлімі.
• Биржалық келісімдерге байланысты есептеулер бөлімі.
• Биржалық мұражай.
• Сауданы ұйымдастыру бөлімі.
1.3 Тауар биржаларының іс-әрекетін ұйымдастыру және оның құрылымы
1. Биржалық зал
Биржалық зал - тауар биржасының жүрегі болып табылады. Осы залда сатып
алушылар мен сатушылар (өздері немесе брокерлер көмегімен) саудалауды
екіжақты аукцион - бағаны сатып алушыларда көтеру және сатушыларда
төмендету принципы бойынша жүзеге асырады. Биржалық саудалау - бір жерде
бірыңғай және бір уақытта өтетін көп аукциондардың жиынтығы.
Биржалық келісімдер арнайы істеліп, бір жерде жасалынады. Сауда
бірнеше тауарларға бірақ жүргізілетіндіктен, әр тауар түріне белгілі бір
жеке бөлме (зал) немесе сол саудаласу залының бір секциясы бөлінеді. Осы
секциялардың едені зал еденінен томен болады, сондықтан, бұл секциялар
үңгір (яма) деп аталады. Әр үңгірде тауардың бір түрімен сауда жүргізеді.
Баға айқай салу жолымен тағайындалады. Егер екі адам бағаны бірдей
айтатын болса, тауарды бағасын даусын қатты көтеріп айтқан сатып алушы
алады. Сақтандыру үшін. айқай тағыда арнайы іс-қимыл жүйесімен
алмастырылады. Іс-қимыл брокер тілі болып келеді. Брокерлер қанша типтік
контрактілерді сату немесе сатып алу керектігін, ақпарат алмасып
саусақтарының іс-қимылымен біледі.
Тауарды сату немесе сатып алу туралы үкім, телефон арқылы саудаласу
залына тікелей биржа мүшелеріне жетеді. Тапсырыс берушілер өз үкімін
инструкция, мысалы минималды немесе максималды баға, белгілі бір көлем
арқылы белгілейді. Тапсырыста келу уақыты белгіленгеннен кейін, брокер-
сатушыға үңгірге жеткізіледі. Үңгірдің өзі, белгілі бір айға байланысты
келісімге қол крйылатын, бірнеше секцияға бөлінген. Келісімге қол
қойылғанда. маклер арнайы бланкіге өз контрагентінің кодын, келісімге қол
қою кезіндегі уақыты, келу айын, тауар бағасын және көлемін белгілеп
жазады. Осы ақпарат эр үңгірдегі брокер-сатушылар мен брокер-сатып
алушыларға және компьютердегі есеп жүйесіне беріледі. Баға туралы ақпарат
биржадағы саудалау залының таблосына және басқа биржалар мен биржалық
ақпарат компанияларына жеткізіледі.
2. Маклериат және биржалық конторалар
Тауар биржаларының қызметіне бйланысты негізгі қызмет етуші тұлғалар
-биржалық маклерлер мен брокерлер аныкталды.
Маклериаттың негізгі міндеті - биржалық залда биржалық сауданы
ұйымдастыру. Маклер - клиенттер тарапынан және тапсырыс бойынша ұсыныс пен
сұранысты анықтап, биржа тарапынан келісім шарттарын келісімдеу, тіркеу
және рәсімдеу жұмыстарын іске асыратын делдал. Маклер брокерлерге сауда
келісімдерін жасауға мүмкіндік береді.
Маклердің функциялары:
• Келісімдерді рәсімдеу, жасау.
• Екі жақ тарапынан келісім міндеттемелерінің орындалуына қадағалау
жасау.
• Шарт алдындағы міндеттемелерді бір жақ орындаудан бас тартқан
жағдайда, сатып алушылар мен сатушылардың талаптарьш міндетті түрде
орындауға бағытталған шараларды іске асыру.
• Биржалық саудалауға түсетін тауар партиясының экспертизасын жасау.
Брокерлер биржада және биржадан тыс, биржа мүшесінің немесе клиентінің
тарапынан және олардың қаражатынан, делдалдық қызметтерді сату-сатып алу
келісімдерін жасағанда іске асырады. Олар нарық конъюнктурасын, өнімді
сатып алу және өткізу мүмкіндіктерін жан-жақты біледі. Олар кішігірім тауар
ассортиментінде маманданған. Брокердің негізгі мақсаты - тауарды ортақ
нарық айналымына енгізуге көмектесу. Сатушы тауар иелері брокерлерге
саудалауға бір күн қалғанга дейін, тауар биржаларында жұмыс істейтін
брокерлерге тауар сатылымы туралы тапсырыстарын береді. Брокерлер биржада
брокерлік орынды брокерлік бөлімшелер арқылы сатып алған тұлғалар.
Саудалаулар секциялар бойынша жүреді. Әр секцияға саудалауды жүргізуші -
маклер тағайындалады. Маклер брокерге олардың қалаулары бойынша,
ұсыныстарын жариялау үшін сөз ұсынады. Келесі үш минут шеңберінде сұранысты
анықтау жүреді, бірақ осы кезде брокер сату шарттарын өзгерте алмайды. Егер
брокер өз ұсынысының алынып тасталуы туралы жарияламаса, онда бұл ұсыныс
іске асады, және сатып алушы биржалық жиналыс бойы ұсынысты көпшілік
өзгерткенге дейін, брокермен келісімге отыруға құқығы бар. Осымен қатар
әрбір қалаушы тұлға, биржада өз атынан және өз қаражатынан өзі немесе
профессионалды делдалдар - биржалық маклерлер мен брокерлік конторалар
арқылы келісімге отыруға құқығы бар. Биржа мүшелері брокерлік бөлімшелерді
(контораларды) ұйымдастыруға байланысты ерекше құқықтарға ие болуы керек.
Жабық тауар биржаларында, биржа қатысушылары мен бір рет қатысатын тұлғалар
атынан, олардың ықыластарын білдіретін биржалық маклерлер мен брокерлер
арасында ғана келісімдер жасалынады. Ашық биржаларда биржа клиеттері өздері
немесе делдалдар арқылы контрактіге қол қоя алады.
Тауар биржаларының жақсы іс-әрекеті брокерлік бөлімшелерге тікелей
тэуелді. Брокерлер негізгі табысты биржа мүшелігінен емес, өзі атқаратын
делдалдық іс-әрекетінен алады. Брокер неғұрлым көп келісімдер жасаса,
соғұрлым ол жоғары мөлшерде комиссия алады.
3. Биржалық котировка
Қазіргі кезде тауар биржаларындағы биржалық баға котировкасы зор
мағынаға ие. Мысалы, Чикагодағы биржада тамақ өнімдеріне бағаны анықтау
үшін брокерлер оқтын-оқтын жиналады. Және осы бағалар бүкіл ел ішінде
қолданылады.
Биржалық котировка - контрактілік бағалардың тұрақтылығын және белгілі
бір уақыт периодында (биржалық күн) биржалық келісімдер бойынша жай
бағаларды енгізуді айтады. Бұл биржадан тыс келісімдерге қол қою кезіндегі
бағдар болып табылады.
Қазіргі күнгі фьючерстік биржаларда бағалар жай бағдарлық шектерден
асады. Әлі шығарылмаған тауар келісімдердің басымдылығы, биржалық жиналыс
болатын күн көрсетілген контрактілерге қол қоюды меңзейді. Және де сол
биржалық жиналыс болатын күннің бағдары сату бағасы болып табылады. Мысалы,
құкаттарда келешек есеп айырысулар Стокгольм биржасында, айдан кейін
қолданылатын котировальді бағамен жүргізілетіні жайла алдын ала
белгіленеді. Бұл уақыт шеңберінде бұл контракт он шақты рет қолдан-қолға
өтіп, спекуляцияға жол беруі мүмкін. Алайда, биржалық котировканың негізгі
ролі - қатысушыларға тауар биржаларындағы бағалық пропорцияларда бағдар
беру көмегі. Сондықтан, баға котировкасы дегеніміз - биржаның кәсіпкерлерге
ұсынатын нарық конъюнктурасы жайлы басты мәліметі.
Саудалаудың нәтижелеріне сәйкес котировальді комиссия типтік бағаны
енгізеді. Бұл типтік баға ең мүмкін баға болып табылады, өйткені оған
кездейсоқ факторлар әсер етпейді. Келісімдер көп болған жағдайда, бұл баға
орташа келісімнің контрактілері жайылы, және олар осы берілген тауарды
сатып немесе сатып алып алғысы келетін бағалар жайылы мәліметтер котировка
үшін бастапқы материал болып табылады. Бұл материалда келісімнің бағасы мен
сатылым көлемі, келісімге келу кезіндегі биржадағы жағдай міндетті түрде
ескеріледі.
4. Биржалық арбитраж
Арбитраждық комиссия - өзіндік сот болып табылатын, бірақ жоғарғы
соттық инстанция болып келмейтін орган. Бұл орган біреуге тәуелді болмау
керек, сондықтан оның мүшелері биржа қатысушылары мен клиенттері болуы
мүмкін емес. Арбитражды комиссия келесімен байланысты даулы сұрақтарды
шешеді:
• Контрактілерді сату.
• Саудалауды ұйымдастыру.
• Заңцар мен ережелердің орындалуы.
• Контрактілердің орындалуы.
Осымен қатар комиссия биржаға қатысушыларға, міндеттемелерін
орындамайтын клиенттер туралы ақпарат береді.
5. Биржалық баспа
Биржалық сауда өз жұмысын сауда ақпаратынсыз жүргізе алмайды. Көптеген
биржалар өзінің ақпараттық басылымын шығарады. Биржалық бюллетендерде
келесі ақпараттар жарияланады:
• Котировкалық кестелер.
• Нарықтық бағалар.
• Сұраныс пен ұсыныс.
Бұл бюллетендер биржалар арасында айналысқа түседі. Сондықтан олар
барлық биржалық жүйелердің арасындағы байланыстырушы жүйе ролін атқарады.
Осындай ақпарат алмасу көмегімен әрбір биржа нарықтың және биржалық
жұмыстардың жағдайын біле алады.
6. Жарнама
Тауар биржасындағы жарнама келесідей міндеттерді атқарады:
• Сұраныс пен ұсынысты зерттейді.
• Биржада нарыққа жаңа енген тауарлар, оларды қандай көлемде сату
болатындығы туралы ақпарат береді.
• Сатып алушыларға өнімдерді, өнімнің тұгынушылық қасиеттерін
таныстырады.
Биржалық жарнама белгілі бір экономикалық функцияларды жүзеге асырып,
биржада ұсынылатын әртүрлі тауарларға сатып алушыларды дайындап,
бейімдейді. Осыған байланысты нарықтық қатынастар жағдайында биржалық
жарнаманың негізгі функциясы - сатылатын немесе айырбасталатын тауар туралы
шынайы, объективті ақпарат беру.
7. Тауар биржасындағы базалық операциялар
Клирингтік операциялар. Биржада келісімдерге қол қою барысында,
саудалауға қатысушылар арасында біріңғай қарыздық міндеттемелер пайда болуы
мүмкін. Бұл қарыздық міндеттемелерді өтеу үшін есеп айырысу палатасы
саудалау соңында келісімдерге анализ жасап, әрбір қатысушыға таза пайда
орнатады. Бұл ыңғайсыз айналым есеп айырысуларын болдырмауға себепші
болады.
Фьючерстік және форвардтық контрактілер. Бұл кез келген тауарды
болашақта сату немесе сатып алу туралы келісім. Форвардтық контракт алдын
ала белгіленген баға бойынша жақтар арасындағы болашақтағы келісім.
Контракт бойынша есеп айырысу оны орындау кезінде жасалынады.
Опциондар. Фьючерстік контрактілерді алып сату кезінде тәуекел
спекулянттардың мүмкіндіктерінен жоғары болуы мүмкін. Опцион осы тәуекелді
төмендетеді. Клиент бұл жағдайда белгілі бір құқыққа ие болады, және өзіне
тиімді болса, фьючерсті сатуға немесе сатып алуға міндеттенбейді. Бас
тартқан жағдайда сатушы сатып алушыдан тәуекел бағасын алады. Тәуекел
бағасы - әртүрлі жағдайлармен алдын-ала келісілген және анықталған сыйақы
мөлшері.
Хеджирование. Фьючерстік нарықтың негізгі қызметтерінің бірі тәуекелді
болдырмауға тырысатын тұлғалардан (хеджерлер), тәуекелді қабылдауға
келіскен (спекулянттар) тұлғаларға аудару. Бұған нарықтық контрактілерің
стандартталғандығы және нарықтың жоғары ликвидтілігі сияқты қасиеттері
ықпалын тигізеді. Барлық контрактілер стандартталған болғандықтан, қарама-
қарсы жақтың сенімділігін, беріктігін тексеру керек емес. Ликвидтілік
болашақта бағаның өзгеруіне тәуелсіз, тауарды тұрақты бағамен сатуға
мүмкіндік береді.
Спекуляция. Егер хеджер нарықтың тұрақты болуына қызығушылығын
білдірсе, спекулянт керсінше тұрақсыздықты жақтайды. Келісімнен түсетін
пайда онша көп болмайтындықтан, спекулянт әртүрлі шараларды жасауға
мүмкіндігі бар. Спекулянт белгілі бір тауарды алуға қызығушылығын
танытпайды. Спекуляциямен жоғары мамандандырылған трейдерлермен қатар,
брокерлерге тапсырыс беретін жеке тұлғалар шұғылдана алады.

Қазақстандағы тауар биржаларының іс-әрекетін реттейтін ең басты
кұжаттық құрал - 1995 жылы сәуірдің жетінші жұлдызында қабылданған
Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар № 2170 Тауар биржалары
жайлы жарлығы болып табылады, және де бұл жарлықтан басқа, 2000 жылы
тамыздың он екінші жұлдызында қабылданған № 1253 Қазақстан
республикасындағы биржалық қызметтің даму шаралары жайлы Қазақстан
Реепубликасының үкіметінің Жарлығы да биржалық іс-әрекетті реттеуге
бағытталған.
I бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 бап. Тауар биржасының ұғымы
1. Биржалық сауданың белгіленген тәртібі бойынша белгілі бір жерде
және белгілі бір уақытта ұдайы көпшілік сауда өткізу арқылы биржалық
тауарлардың көтерме саудасы жөніндегі ұйымдастыру және реттеу қызметін
жүзеге асыратын, кез-келген меншік нысандарына негізделген заңды ұйым тауар
биржасы болып табылады.
2. Биржа - қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығыстарын
өтеуге, биржа мен биржалық инфроқұрылымды ақпараттық-техникалық және
элеуметтік дамытуға пайдаланатын субъект.
2-бап. Тауар биржасының аясы
1. Биржа өзіне берілген биржалық лицензияның негізінде биржалық
тауарлармен көтерме сауда жургізуге тікелей байланысты ұйымдастыру және
реттеу қызметін жүзеге асырады.
2. Биржалардың биржалық саудаға тікелей байланысты емес сауда, сауда-
делдалдық және кез келген басқадай қызметтерді жүзеге асыруға тыйым
салынады.
3-бап. Биржалық тауар
1. биржа белгіленген тртіппен биржалық саудаа жіберген, айналымнан
алынып тасталмаған белгілі бір тектес және сападағы тауар, соның ішінде
аталған тауардың экспортына рұқсаты (квотасы мен лицензиясы), стандартты
контракті мен коносаменті биржалық тауар болып табылады.
2. Биржа көпшілік саудаға шығаратын биржалық таар нормативтік
құжаттама мен крлданылып жүрген стандарттардың талаптарына сай келу тиіс.
3. Ашық тауар биржалары арқылы ғана өткізуге жататын биржалық тауар
тауарлар тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинеті бекітеді.
4-бап. Биржалық мәміле
1. Биржалық тауарға қатысты биржалық саудаға қатысушылар жасасқан
биржалық сауда барысында биржа тіркелген шарт (келісім, контракт) биржалық
мәміле болып табылады. Биржалық мәмілелерді тіркеу және рәсімдеу тәртібін
қолданып жүрген заңдарға сәйкес биржа белгілейді.
2. Белгіленбеген тәртіппен биржада жасалған мәмілелерге биржаның
кепілдігі қолданылмайды.
5-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері
Биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда биржасында:
нақты тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара алысуға;
жеткізу мерзімі кейінге қалдырылған нақты тауарға (форвардты
мәмілелер) қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара алысуға;
биржалық тауарды болашақта жеткізуге (фьючерлік мәмілелер) арналған
стандартты контрактіге қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара алысуға;
биржалық тауарға немесе биржалық тауарды өткізуге арналған контрактіге
(опциондық мәмілеелер) қатысты құқықтар мен міндеттерді болашақта алысу
құқығына арналған құқықтарды беруге;
биржалық сауданың ережелерінде белгіленген биржалық тауарға немесе
контрактіге байланысты мәмілелер жасай алады.
6-бап. Биржалық саудаға қатысушылар
1. Брокерлік ұйымдар, брокерлер, диллерлер және бір жолғы келушілер
биржалық саудаға қатысушылар болып табылады.
2. Биржалық сауда:
клиенттің атынан және оның есебінен, клиенттің атынан және өз есебінен
немесе өз атынан және клиенттің есебінен (брокерлік қызмет) биржалық
мәмілелер жасау;
кейін биржада қайта сату мақсатымен (дилерлік қызмет) өз атынан және
өз есебінен биржалық мәмілее жасау:
бір жолғы келушілермен өз атынан және өз есебінен биржалық мәміле
жасау арқылы жүзеге асырылады.
7-бап. Тауар биржасының филиалдары мен басқа да бөлімшелері
1. Биржаның қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан
Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен басқа да
бөлімшелерін құруға құқығы бар, олардың қызметіне осы Жарлықтың және солар
тұрған елдер заңдарының күші қолданылады.
2. Биржаға меншікті брокерлік ұйымдар құруға тыйым салынады. Биржаның
штаттағы қызметкерлері биржа саудасына қатысушылар бола алмайды.
8-бап. Тауар биржаларының биржалық одақтары, қауымдастықтары және
басқа бірлестіктері
Биржалар өз қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерін қорғау және бірлескен
бағдарламаларды, соның ішінде бірлескен саудалауды ұйымдастыру жөніндегі
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін заңды ұйым құқығы бар биржалық одақтарды,
қауымдастықтар мен басқа да бірлестіктерді ерікті негізде және өз
құрылтайшыларының келісімімен немесе олардың жалпы жиналысының шешімі
бойынша Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құра алады.
9-бап. Заңды тұлғалардың атауларында тауар биржасы деген сөздерді
пайдалануды шектеу
Осы жарлықтың 1-ші және 2-ші баптарында белгіленген талаптарға
қызметтері сай келмейтін заңды түлғалардың биржалық сауданы жүзеге асыруға,
өз атауында тауар биржасы деген сөздерді пайдалануға құқығы жоқ және бұл
сөздер кез келген тіркесте қолданылған атаулармен мемлекеттік тіркеуге
жатпайды.

10-бап. Биржаны құру
Биржалық құрылтайшылық құжаттарды тіркеген күннен бастап құрылған
болып есептеледі және заңды тұлға мәртебесіне ие болады.
11-бап. Тауар биржаларының түрлері
Көпшілік сауда өткізу дәрежесі бойынша биржалар:
биржалық саудаға тек биржаның мүшелері ғана қатысатын жабық;
биржалық саудаға келушілер де жіберілетін ашық болуы мүмкін.
12-бап. Тауар биржасының құрылтайшылары
Биржаны Қазақстан Республикасының аумағында заң бойынша кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруға тыйым салынбаған заңды және жеке тұлғалар құра
алады.
13-бап. Тауар биржасының жарғысы
Биржаның жарғысында:
биржаның атауы, түрі және орналасқан жері;
биржаға мүше қабылдау, мүшелікті кідірте тұру және тоқтату тәртібі;
ұйымдық-құқықтық нысанының белгіленуі;
биржаның негізгі міндеттері;
биржа мүшелерінің және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың
құқықтары мен міндеттері;
биржа мүшелерінің құқықтық жауапкершілігі;
жарғылық капиталының мөлшері;
биржа құрайтын қорлардың тізбесі және қалыптастыру тәртібі;
биржаны басқару құрылымы және оны бақылау органдары, олардың
функциялары мен өкілеттігі, шешімдер қабылдау тәртібі;
биржалық сауда ережелерін қабылдау тәртібі;
биржалық саудаға қатысушылар арасындағы биржалық мәмілелер, биржаның,
оны, филиалдарының және басқа оқшауланған бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру мен реттеу жөніндегі дауларды шешу тәртібі;
биржа қызметін тоқтатудың тәртібі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
14-бап. Биржалық лицензия
1. Биржалық қызмет биржалық лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады.
2. Биржа лицензиясы биржаға Тауар биржалары жөніндегі республикалық
комиссия, егер мынадай шарттар сақталатын болса:
құрылтайшылық құжаттары мен биржалық сауда ережелерінің осы Жарлыққа,
Қазақстан Республиксының басқа заңдарына және өзге де нормативті
құжаттарына сәйкестігі анықталса;
жарғылық қордың төленген бөлігі оның жарияланған сомасының кемінде
жетпіс процентін құрса, өтініш берген күннен бір ай кешіктірмей береді.
3. Биржалық лицензияларды беру, олардың күшін жою және қолданылуын
кідірте түру тәртібі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті бекіткен
Тауар биржаларына лицензия беру туралы ережемен белгіленген.
15-бап. Тауар биржасының мүшелері
1. Биржадағы брокерлік орынды иеленетін заңды және жеке тұлғалар,
соның ішінде шетелдіктер де биржа мүшелері бола алады.
2. Биржаға мүшелікке қабылдау, мүшелікті тоқтата тұру және тоқтату
тәртібі биржа жарғысымен белгіленеді.
Биржаға мүшелікке қабылдау биржа кеңесі беретін тиісті куәлікпен
расталады.
3. Келесі түлғалар биржа мүшесі бола алмайды:
осы немесе қайсыбір басқа тауар биржаларының қызметкерлері;
лауазымда адамдар, соның ішінде филиалдары мен баска да оқшауланған
бөлімшелернің басшылары осы биржаның қызметшілері болып табылатын
ұйымдардың барлық түрлері;
қоғамдық, діни және қайырымдылық бірлестіктері мен қорлары;
қолданылып жүрген заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра
алмайтын жеке тұлғалар.
4. Биржа мүшелері:
биржаның түріне қарамастан көпшілік саудаға қатысуға;
кеңесші дауыс құқығымен биржаны басқару органдарының жұмысына
қатысуға;
өзінің биржалық саудаға қатысу өкілеттілігін атқаруды бір ғана заңды
немесе жеке тұлғаларға тапсыруға құқылы. Кепілдік беру шарты биржада
тіркелуге тиіс. Биржалық саудаға қатысу құқығын өзге түрде қайтара беруге
болмайды.
16-бап. Тауар биржасының органдары
1. Биржаның органдары: биржа құрылтайшыларың жалпы жиналысы, биржа
кеңесі, тексеру комиссиясы болып табылады.
Биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы биржаның жоғарғы органы болып
табылады және биржа мен оның мүшелерінің барлық құқықтары мен міндеттерінің
сақталуын қамтамасыз етеді.
Биржа кеңесі биржаның атқарушы органы болып табылады.
2. Биржа органдарының атқаратын функциялары мен өкілеттіктері, олардың
шешімдер қабылдау тәртібі биржаның құрылтай құжаттарымен белгіленген.
17-бап. Биржалық сауда ережелері
1. Биржалық сауда ережелері;
биржалық негізгі құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын биржалық
саудаға қатысушыларды алдағы болатын жария көпшілік сауда туралы хабардар
ету тәртібін;
биржада осы сауданы өткізу тәртібін;
биржалық мәмілеелер түрлерін;
оларды тіркеу мен есепке алу тәртібін;
биржалық тауарлар бағасын белгілеу тәртібін;
биржалық саудаға қатысушыларды өткен жария көпшілік саудадағы биржалық
мәмілелер туралы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz