Тойбастар - өңдеген А. Сагатов


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ
Аспаптық Орындау Факультеті
«Жалпы фортепиано» кафедрасы
ЭССЕ
Тақырыбы: «Тойбастар - өңдеген А. Сагатов»
Орындаған: Саматова Айымгул
ІІ курс
Домбыра
Басшы :А. И. Мұстафаева Профессор
2021 ж
Пьеса туралы жазып бастамас бұрын, алдымен «Тойбастар» тақырыбына тоқталып, түсінік беріп өтейін.
Тойбастар - қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Тойбастар - қыз ұзату, үйлену тағы да басқа тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып . қоштасу кешін өткізген. Тойбастардың негізгі мазмұны - тойдың салтын дәріптеу, той иесі - қызды мақтау, той жақсы тілеуіне үн қосу. Сонымен бірге кіндік кескен жерін, туған жерін тастау қыз баласына қалай қиын соқса, оны аялап өсірген ата-анасына өз баласын басқа жерге жіберу, көзі үйреніп қалған ағайын-туыс бауырларына да оңай еместігін көрсету.
Айтушының қабілетіне байланысты жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді.
Тойбастар жырының көбі бата берумен, жақсы тілекпен аяқталады. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш - қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойлардың аятқалғанын, бірақ қуаныштардың алдыңғы уақыттада жалғасынын табатынын білдіреді.
Ендігі кезекте пьесаға өңдеу жасаған А. Сағатов туралы жазып өтейін. Айдос Мансұрұлы Сағатов - 1970 жылы 25 қарашада Алматы қаласында композитор, халық әртісі Мансұр Сағатовтың отбасында дүниеге келген. Қазақстандық әнші, композитор, продюсер, педагог, әндердің авторы. «Үркер»поп-группасының негізін қалаушы.
1988 жылы арнайы К. Байсейітова атындағы мамандандырылған музыка мектебін «фортепиано» сыныбы бойынша аяқтаған.
1993 жылы Құрманғазы атындағы ҚҰК-ны бітірді, "композитор, теориялық пәндер оқытушысы" біліктілігі бойынша, композитор, КСРО Халық әртісі профессор Ғ. Жұбанованың сыныбы, сондай-ақ профессор Н. Т. Измайловтың сыныбында "концерттеуші пианист" мамандығы бойынша білім алды.
1995 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының аспирантурасын "композитор, оқытушы" біліктілігі бойынша, Қазақ КСР Халық әртісі, профессор А. В. Бычковтың класс композиторы мамандығы бойынша бітірген. АГК-да аспирантурадасында оқып жүрген кезінде оған екі рет мәдениет және өнер саласындағы президенттік стипендия, сондай-ақ Қазақстанның музыкалық өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін мәдениет арқылы бейбітшілік қорының сыйлығы берілді.
1994-1996 жылдары-Жүсіпбек Елібеков атындағы республикалық эстрада цирк колледжінің оқытушысы болды . 1996 жылдан 2018 жылға дейін-Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының "Аспаптық орындаушылық" факультеті "жалпы фортепиано" кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етті.
А. Сағатовтан - Асылбек Енсепов, Медеу Арынбаев, Дильшат Ахмадиев секілді өнер майталмандары білім алған.
1997 жылдан бастап Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.
1994 жылы консерваторияның 2 курсын оқып жүріп әйгілі «URKER» тобын құрды.
Айдос Сағатовтың фортепианоға арналған бірнеше өңдеулері бар. Соның бірнешеуі «Сборник современных фортепианных пьес, обработок и переложений для 4-х рук и 2-х роялей» атты жинақта жарияланған. Атап айтатын болсақ олар: «Тойбастар», «Талшын», «Prelude», «Elegie», «Көзімнің қарасы» атты пьесалар.
Бұл фортепианолық пьесадан біз қазақ халық әні «Тойбастар» әнінің өңделген нұсқасын көріп отырмыз. Пьеса бас регистрдегі шақырту октаваларымен басталады . Сол қолдағы шақырту октаваларымен және оң қолдағы кварталық қозғалыстармен басталатын алғашқы төрт такт пьесаның кіріспе бөлімі болып табылады. Оң қол партиясында көңілді және қуанышты сипатқа ие тақырып естіледі. Орындаушыға ыңғайлы болу үшін квартаның төменгі дыбыстарын сол қолмен ойнауға болады. Бұл нотада көрсетілген. Forte мен espressivo-да «Тойбастар» мерекесінің басталуына шақырып тұрғандай естіледі.
Ең алдымен оң қолдағы қосарланған ноталардың қолдану фактісі назар аудартады бұл пьесаны орындау кезінде белгілі бір қиындықтарды туғызады оған қоса дыбысты саралау қажеттілігіменде күрделене түседі. Бірқалыпты темп және бейнелі - мәнерлі ойдың дамуы, maestoso және forte арқылы пьесаның характері және пьесаның салтанаттылығын көрсетеді.
Сол қолдың партиясы үзілмейтін аттаулар арқылы сегіздік ноталармен sempro stokkato -штрихымен жазылып өзіндік сипат береді. Бұл пьесаға жеңілдік пен үзілмейтін қозғалыс береді.
Артикуляциялық штрихтар әртүрлі - бұл сонымен қатар екі партияның да орындалу кезінде тәуелсіздік пен дербестікті талап етеді. Оң қолдың партиясындағы ойын көңілді естіледі.
Пьесаның орта бөлігінде жаңа эпизод espressivo, аккордтармен және төмен түскен октавалармен басталады. Екі мәрте орта espressivo эпизодының дыбысталуы пьесаның қорытынды бөлігіне әкеледі. Сол қолдағы шақырту октавалары және оң қолдағы параллель кварталардың дыбысталуы 1 - 4 такттың қайталануы болып табылады. Осылайша, пьесаның кіріспе бөлімі мен қорытынды бөлімі өзіндік жақтауымен толықтығын көрсетеді.
Пьеса жарқын леппен акцент жасалған октавалық он алтылық ноталармен қосарланған subito forte -ге және sforcando-ға, салтанатты дыбыспен бітеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz