Огюст Конттың позитивизмі


7. Огюст Конттың позитивизмі
Огюст Конт өзінің көзқарастарын «Позитивтi философия курстары» (1830-1842) деген еңбегiнде баяндады. Оның өмір сүрген кезеңі түбегейлі өзгерістер кезеңі болды. Əлеуметтік-экономикалық дағдарыстар мен төңкерістер жаңа топтар мен таптардың пайда болуына, осылайша қалыптасқан құндылықтардың ауысуына алып келді. Өтпелі кезеңде қоғам дамуының заңдылықтарына талдау жасау ғылыми ерлік пен көрегендікті талап еткені сөзсіз. О. Конт ақыл-парасаттың жасампаздығына кəміл сенді жəне ғылымды қоғам дамуының сан саласын құрайтын саясат пен діннің, əлеуметтік өмірдің т. т. көш басына қойды. Огюст Конт философияны заттардың мəні туралы мəселелермен яғни «ғылыми емес, шешімі табылмайтын мəселелермен» айналысқаны үшін айыптады. «Ғылым құбылыстар арасындағы байланыстарды түсіндіретін тұрақты, қайталанып отыратын заңдарды ашумен айналысуы керек. Ғылымдарды жүйелеумен айналысатын яғни ғылымдардың ғылымилығын айқындайтын позитивті философия ғана өмір сүруге құқылы», - деп есептеді. Позитивті философия ғылымдардың пəнін, əдістерін, заңдарын, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін талдайтын жалпыға ортақ жүйе болып табылады. Конт ұсынған аса маңызды ойдың бірі осы еді. Ғылымдар жүйесі иерархия болып табылады, себебі ол дамудың тарихи процесін қарапайымнан күрделіге, жалпыдан жекеге өтетін логикалық түрде көрсетеді. Білімнің дамуындағы келесі саты - жоғарғы деңгей, ал алдыңғы саты осы деңгейге негіз болады. Негізгі абстрактілі ғылымдардың иерархиясы мынадай: «математикаастрономия-физика-химия-биология-социология». Бұл схемадан социологияның биология заңдарына негізделетінін көруге болады, бірақ əлеуметтану индивидтердің өзара қарым-қатынастарының ерекшелігіне байланысты жоғары тұрады.
8. О. Конттың іліміндегі «дамудың үш саты» заңы.
Огюст Конт іліміндегі тағы бір үлкен жаңалық - тарихи дамудың «Үш кезең заңы». Əлеуметтік динамика туралы пікірін дамыта отырып ұсынылған бұл заңда «кезең деп адам ақыл-ойының даму кезеңдері мен əлеуметтік ұйымның тарихи дамуы» да айтылып отыр. Бірінші кезеңде адам да, қоғам да теологиялық (діни) сатыда тұрады. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл кезеңге рулық қоғамның авторитарлы жүйесі сəйкес келеді. Бұл саты «католиктік жəне феодалдық тəртіппен» аяқталады.
Екінші - метафизикалық кезең шындық ретінде қабылданатын абстракциялардың жəне мəнділіктердің үстем болатын сатысы. Тарихи тұрғыда бұл кезең 1300-1800 жылдарды қамтыды жəне көне көзқарастардың тарих сахнасынан түсіп қалатын өтпелі дəуірі болып табылады. Бұл кезеңнің аса маңызды оқиғалары - реформация, ағарту философиясы, француз революциясы.
Үшінші - позитивті саты ғылымдардың таралуы, олардың қоғамдық маңызының артуы жəне позитивизм ілімінің жасалуынан басталады. Позитивті дəуірді Огюст Конт 1800 жылдан бастайды. Осы кезеңнен бастап адамзат абстракциялардан гөрі ғылыми тұжырымдарға көбірек көңіл бөле бастады. Қоғам дамуының шынайы заңдылықтарын ақыл-парасат таразысына салып, бақылау арқылы зерттеуге тырысу, қоғамдық құбылыстардың ішкі себептерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қоғам əлеуметтік тұрғыдан «эгоизмді Альтруизм жеңген», əлеуметтік сезімдер ұлғая түскен, əлеуметтік тəртіп пен бейбітшілік күшейген, əскери қоғам өнеркəсібі дамыған қоғамға айналған жүйе бола бастайды.
Осы тарихи кезеңдердің алмасуы - Конттың іліміне қоғамдық прогресс идеясын қосты. Позитивті саты - ең жоғары дамыған кезең. Бұл ілімді Конт «əлеуметтік динамика» деп атады. «Əлеуметтік статикамен» бірге ол социологияны құрайды.
9. Г. Спенсер әлеуметтанудағы органикалық мектептің негізін қалаушысы.
Герберт Спенсер ілімінің негізгі тетіктері механикаға тән. Мысалы, «зат», «қозғалыс», «күш» деген ұғымдар. Кез-келген объектінің дамуы байланыссыздықтан (даралықтан) байланыстылыққа, біртектіліктен әртектілікке, белгісіздіктен айқындылыққа !тумен суреттеледі. Өз ілімін Герберт Спенсер заттың сіңісуімен, яғни қозғалыстың таралуы, жан-жағын қамтуы нәтижесінде белгісіз жеке даралықтан белгілі әртүрлілік жағдайына өтуімен түсіндіре отырып, заттың қозғалыстың да өзгеретінін атап көрсетеді. Ал эволюция бϭза алмайтын шекара - жүйенің теңдігі. Жүйе теңдігі бұзылған жағдайда құлдырау басталады, әрбір құлдырау жаңа процеске бастама болады. Г. Спенсер осы процестердің үш түрін көрсетеді: органикалық емес, органикалық және органикалыққа қондырма.
Қоғамдық дамудың жоғары және төменгі сатылары деп бөле отырып, Г. Спенсер « дамудың ортақ заңдылықтары бар », дейді . Оның пікірінше, органикалық емес және органикалық сатыға тән ерекшеліктер органикалыққа қондырма сатысында кездеспейді . Қондырма « қоғамдық келісім » арқылы қолдан жасалмайды . Осы жерде Г. Спенсердің ойлары ағылшын ойшылы Т. Гоббс пен француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо көзқарастарымен де үндесіп жатыр . Адамның « әлеуметтік мақүлыққа » айналуы - өте үзақ процесс . Ол алғашқы қауымдық құрылыстың органикалық қондырмасы әлеуметтік жүйеге айналуының жемісі. Атақты Мальтус әлеуметтік қоғамның пайда болуын популяциямен ( яғни, биологиялық түрдің таралуымен байланыстырғанын білеміз . Г. Спенсер Мальтус сияқты әлеуметтік сезімдердің, интеллектінің, еңбек дағдыларының дамуын әлеуметтік ұйымның өзін - өзі сақтау, өмір сүру үшін күрес нәтижесі деп білді . Сонда адамның әлеуметтенуі табиғи эволюцияның мәні мен мағынасы екенін түсіну болып табылатыныны көріп отырмыз.
Әлеуметтанудың міндеті - бұқаралық типтік құбылыстарды, жеке адамдардың ерекше қасиеттері мен субъективті құлшыныстарына, мақсаттарына тәуелсіз процестердің эволюциялық жалпы заңдылықтарын ашып көрсететін әлеуметтік фактілерді зерттеу.
Әлеуметтік институт, Спенсердің пікірінше, адам популяциясына байланысты, яғни әлеуметтік институт саны көбейе бастаған адамдар қүрылымының өзгеруіне және қызметтердің саналуандығына алып келеді . Осылайша, институттар өзара үйымдасу мен басқару органдарының, яғни әлеуметтік ұйымдардың пайда болуына да жағдай туғызады . Енді осы бөліктердің өзара үндесе әрекет етуін зерттейтін ғылым керек . Спенсерше, ол - әлеуметтану .
Салттық ( рәсімдік ) институттарға Спенсер күнделікті тіршілікте адамдар ғадетін реттейтін салт - дәстүрлерді рәсімдерді жатқызды Рәсім институттары, әсіресе Милитаристік немесе әскери қоғамда дамиды.
Әлеуметтік институттардың тағы бір түрі - саяси институттар. Бұл институттардың пайда болуын Г. Спенсер топтың ішкі қайшылықтарының топаралық қайшылықтарға ұласуынан деп түсіндіреді . Топтардың пайда болуын, Герберт Спенсер қоғамның ішкі ұйымының әскерн немесе соғыс міндеттеріне тәуелді болуымен байланыстырады . Соғыс алғашқы қауымдық топтарды таптарға яғни көсемдерге және олардың еркін мүлтіксіз орындайтындарға, әскерилер мен шаруаларға бөлді . Осының салдарынан мүлтіксіз теңсіздік пайда болды да саяси институттардың құрылуы тиіс болды, сонымен соғыс пен еңбек- мемлекеттің пайда болуы процесін жеделдетті. Әсіресе, мемлекеттің пайда болуының бастапқы кезеңінде соғыс пен күш көрсетудің рөлі басым болды, себебі қорғану мен жаңа жерлерді басып алу мақсаты тәртіпке бағынуға мәжбүр етті . Даму барысында қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген қоғамдық өндіріс әлеуметтік институттарға біріктірді .
Әлеуметтік институттардың бірі - тіркеу институтының пайда болуын Герберт Спенсер соғыспен байланыстырады. Қоғамдық даму тарихы көрсетіп отырғандай, дін өкілдерінің қызметі бақсы - балгерлерден бастау алып, абыздарға жалғасады. Кейін абыздар ұйымға бірігіп, қоғамда дәстүрлерді, салтты, сенімді сақтау үшін бақылау жүргізетін күшке айналады. Осыны негізге ала отырып Г. Спенсер діннің әлеуметтік институт ретіндегі орнын бағамдайды. Спенсер іліміндегі соңғы институт - Косіби өнеркәсіптік институттар еңбек бөлінісі нәтижесінде пайда болды. Бүл институттардың рөлі қоғамдық даму сатысының әскери қоғамнан өнеркәсіптік қоғамға өтуі кезеңінде арта түседі. Өнеркәсіптік институттар еңбек қатынастарын реттеп, қоғамдық қызметтердің едәуір бөлігін өз мойнына ала бастайды.
Герберт Спенсер дамудың бiртiзбекті қарапайым үлгісін сынады, бірақ басқа эволюцияшыл ойшылдар сияқты, қоғамның кезеңдерін зерттеуді ұсынды . Ол эволюциялық процестерді топтап, олардың типтерін анықтады . Негізгі типтерге қарама - қарсы екі түрді ұсынады . Сонымен қатар Г. Спенсер екі түрлі әлеуметтік жүйені: әскери және өнеркәсіптікті саралады. Әскери қоғам ішкі үйымды тіршілік үшін күреске жұмылдырады. Әскери институттар қоғам өмірінің барлық салаларына ықпал етеді, отансүйгіштікке, бейтараптыққа, көнбістікке, құрбандыққа тәрбиені қолдайды. Әлеуметтану тарихында Г. Спенсердің іліміндегі «әскери қоғамның» «өнеркәсіптік қоғамғ » қарай дамуын эволюциялық заңдылық деп түсінуі кейінгі қоғам туралы ойлардың генезисіне позитивті ықпал етті деп бағаланады. Г. Спенсер ілімі қоғамдық құбылыстардың тарихи- эволюциялық және құрылымдық-функциялық талдау жасауға талпыныстарының бірі болды . Спенсер мұрасын зерттеушілер, оның ілімі бір сызықты дамуды жақтаған ілімдерден айырмашылығы болды деген пікірде, себебі Г. Спенсер «қоғамдық даму алдын ала айқындалған жолмен ғана жүреді деу - жаңсақ пікір, қоғам әлеуметтік және табиғи ортаға жауап ретінде дамиды » деген еді. Әлеуметтік прогресс бір сызықты емес, ол әртүрлі мәнге ие болуы мүмкін және оған тоқырау мен регресс те тән. Осылайша, Герберт Спенсер әлеуметтанулық көзқарасы әлеуметтанудағы мықты бағыттардың бірі органикалық мектептің дамуына ықпал етті.
10. Әлеуметтанудағы эволюциялық ілімдер
Əлеуметтанудағы эволюциялық ілімдерді натурализм ағымымен байланыстырады. Натурализм деп əлеуметтік ғылымда жаратылыс танымдық ғылымдардың əдістері мен тəсілдерін пайдалануды айтады. XIX ғасырдың екінші жартысында натурализмнің дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі əсер етті. Жаратылыстанудың ықпалымен əлеуметтануда екі ағым пайда болды: бірі- əлеуметтік механицизм, екіншісі - əлеуметтік биологизм. Уақыт өте келе екінші ағым үстем бола бастады. Əлеуметтік механицизм позитивизмнің көрінісі ретінде, соның ішінде аса əсіре түрі ретінде орын алды. Оның радикалдығы қоғамдық заңдарды механика мен физика заңдарының түрі деп қабылдауы еді. Əлеуметтік механицизм бағытын жақтағандардың арасынан А. Кетле мен В. Паретоны айтуға тиіспіз. Бағыттың екі тармағы бар. Олар : əлеуметтік органицизм жəне əлеуметтік дарвинизм. Əлеуметтік дарвинизм қоғамдық өмірдің айқындаушы факторлары ретінде табиғи сұрыптау принциптері мен биологиялық эволюцияны негізге ала отырып, əлеуметтік сұрыптау мен əлеуметтік эволюция принциптерін орнықтыруды жақтайды. Барлық əлеуметтанулық тұжырымдар табиғи құндылықтарға бағынуы тиіс, ал қоғамдық құрылымдардың негізі - адамдардың табиғи ерекшеліктеріне байланысты деген тұжырымды негіздейді. . Енді аталмыш бағытты дамытқан социологтарды атап өтсек, олар: поляк-австриялық ғалым Л. Гумплович, австриялық Г. Ратценхофер, америкалықтар А. Смолл мен У. Самнер.
Əлеуметтік дарвинизм бағытының өкілі, XIX ғасырдағы Еуропаға белгілі социологтардың бірі - Людвиг Гумплович (1838-1909) . Ғалымның қомақты еңбектері бар жəне олардың біршамасы көзі тірі кезінде орыс тілінде жарық көрді. Л. Гумплович əлеуметтануды əлеуметтік топтар мен олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты зерттейтін ғылым деп қарастырды. Басқаша болуы мүмкін емес, себебі əлеуметтік əлем бастапқыдан-ақ топпен бірге жылжып отырды, ол топ болып күресті, топ болып алға қадам басты. Л. Гумплович əлеуметтік топтарды күрделі жəне қарапайым деп бөлді. Қарапайым топтарға айқын антропологиялық немесе ұлттық белгілері бар топтарды жатқызды. Мысалы, тайпалар мен рулар. Ал күрделі топтарға құрылымдық сипаттамасы көпшамалы, қосалқы топтар жатқызылды. Мысалы, сословиелер, мемлекеттер мен таптар. Ғалым үш ірі қоғамдық тап бар деп түсінді. Олар: экономикалық жағдайына байланысты ерекшеленетін дворяндар табы, саудагерлер мен қолөнершілердің орта сословиесі жəне шаруа сословиесі.
«Қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізгі реттегіш күші - индивидтің экономикалық жағдайы» дей отырып, Л. Гумплович экономикалық жағдайдың адамды белгілі бір өмір сүру тəсіліне мəжбүрлейтінін жəне сонымен байланысты идеялар мен көзқарастарды тудыратынын алға тартады. Байқағанымыздай, Л. Гумпловичтің көзқарастарында шиеленістер ілімі ерекше орын алады. Л. Гумпловичтің ізбасары - Густав Ратценхофер ұстазы сияқты əлеуметтік топты зерттеді. Густав Ратценхофердің ғылыми ізденістері Л. Гумпловичтегі іс əрекетке түрткі болатын əлеуметтік мүдде төңірегінде болды. Ол мүдделерді бес типке топтастыруды ұсынды: ұрпақты жалғастыру мүддесі, физиологиялы мүдде, өзін-өзі таныту бағытындағы жеке мүдде, туысанды жəне топты байланыстарды жалғастыруға итермелейтін əлеуметтік мүдде; дінмен байланысты жəне оған атынасын көрсететін трансцендентті мүдделер.
Г. Ратценхофердің ықпалында болған америкалық ғалым А. Смолл (1854-1926) «келіспеушілік», «мүдде», «ниет» категорияларын дамытып, биологиялық əлемге тəн белгілерді əлеуметтік өмірден іздеді. Оның негізгі жұмысы 1905 жылы жарық көрді. Осы жұмыстағы «қанағаттандырылмаған қабілет» ұғымы - табиғаттағы алтын іспетті, бөлінбейтін, негізгі бөлшек дегенге саяды. А. Смолл мүдделерді алты топқа бөлді: денсаулық сақтау, өмір сүрудің қолайлы жағдайы, өзара қарым қатынас, таным, əдемілік, əділдік салаларына байланысты. Біріншісі - тамақ жəне сексуалдық қанағаттанушылыққа байланысты; екіншісі - байлық жəне заттарды иемдену; үшіншісі - адамдар арасындағы байланыстар; төртіншісі - білім мен ғылым; бесіншісі -эстетикалық рахат; алтыншысы - құқықтық. Осы мүдделер тобы арасында үстемдік үшін үнемі келіспеушілік болады жəне келіспеушілікті адамдардың іс- əрекетінен көре аламыз. Нақтырақ айтсақ, шиеленіс мүдделерден гөрі адамдар арасындағы байланыстарда байқалады, себебі, адамдар өз қажеттіліктерін басқаның есебінен шешпекші болады. Ғалым адам өмірі бейімделу процесі мен мүдделерді қанағаттандырудан тұрады деген тұжырым жасайды. А. Смолл əлеуметтік байланыстар, қарым-қатынастар, процестер, конфликтілерді тұлғаның психологиялық қасиеттерімен ұштастырады. Оның «психикалық емес бірде-бір əлеуметтілік болуы мүмкін емес» деген əйгілі тұжырымы психологиялық бағытты ұстануына себеп болды. Əлеуметтік дарвинизмді жақтаушының бірі - Уильям Самнер (1840-1910) . Оның «Халықтық əдет - ғұрыптар» деген еңбегі 1906 жылы жарық көрген. Уильям Самнер əлеуметтану «қоғам-əлеуметтік топ-индивид» схемасын қабылдауы тиіс дейді. Ол əлеуметтік топты бірлік деп түсінді. Самнер топтарды «біз-топ», «олар-топ» деп бөлді. Осы əдіс кейін психологияда жиі қолдана бастады. Бірінші типте қарым-қатынас тығыз жəне ынтымақтастық сипат басым, ал екінші топта кикілжің, келіспеушілік, тіпті дұшпандық пиғыл басым деуге болады. Уильям Самнер бірінші топтағы жағдай адам үшін, оның барлық мүдделері мен əрекеттерінің орталығы іcпетті көрінеді, яғни бұл этноцентристік принцип. Бұл түсінікті алғаш рет Людвиг Гумплович енгізген, кейін оны Уильям Самнер пайдаланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz