АТА-АНА МЕН БАЛА ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСЫНДА ТРАНЗАКТТІК АНАЛИЗДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

АТА-АНА МЕН БАЛА ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСЫНДА ТРАНЗАКТТІК АНАЛИЗДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Кіріспе.

1. Теориялық зерттеулер. Ғылыми-психологиялық зерттеулер.

1. 1 . Тұлғаның дамуы. Транзакттік анализ дегеніміз не?

1. 2. Транзакттік анализ шеңберінде транзакциялық қарым-қатынасты зерттеу.

1. 3. Қазіргі заманғы транзакциялық талдау және оның жаңалығы.

2. Қазақ отбасындағы қарым-қатынаста транзакттік анализдің көрінісі.

2. 1. Қазақстанда кімдер зерттеген?

2. 2. Қазақ отбасындағы бала бойында тұлға қалыптастыру ерекшеліктері.

2. 3. Транзактті анализді зерттеудің бала тәрбиесіндегі заманауи міндеттері.

2. Қазақ отбасындағы қарым-қатынаста транзактті анализдің көрінісі.

3. Тәжірибелік зерттеу бөлімі.

3. 1. Тәжірибелік зерттеудің мақсаты. Ұйымдастырылуы, қатысушылар кімдер, жасы, әдістемесі, сауалнама жүргізу.

3. 2. Зерттеу жүргізу барысы.

3. 3. Қорытынды. Тәжірибенің нәтижесі.

4. Қолданылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Ата-ана мен бала қарым-қатынасы - баланың тұлға ретінде қалыптасуының маңызды бөлігі болып табылады. Өйткені, жаңа туған бала үшін отбасы - өсіп-өнетін, дамитын және маңызды әлеуметтік тәжірибе жинақтайтын бүкіл әлем секілді. Ата-ана мен бала қарым-қатынасын зерттеу - баланың тұлға боп қалыптасуындағы негізгі факторларды анықтауда, сондай-ақ педагогика-психологиялық тәжірибе жасау ұйымына да маңызды мәселе.

Отбасындағы ата-ана мен бала қарым-қатынасы мәселелерін талқылау бірқатар ғылымдағы сұрақтардың шешімін табуға көмектеседі: педагогика, психология, экономика, демография және әлеуметтану. Көптеген отандық және шетелдік отбасындағы қарым-қатынасты зерттеушілер әртүрлі психологиялық әдістерді пайдалана отырып, клиенттің өмірдегі қиындықтарының түпкі негізі балалық шақта, балалық тәжірибеде жатқандығын анықтады. Ол әдістердің ішінде адамдармен сұхбаттасудың барлық саласында - психотерапияда, психологиялық кеңес беруде, кәсіптік кеңес беруде, білім беруде қолданатын транзактті анализ де бар.

Авторы Эрик Берн болып табылатын транзактті анализ әрбір адам айналасындағы жақын жандардың - бірінші кезекте, ата-ананың балаға берген тәрбиесі, көрсеткен тәжірибесімен өмір сүреді деген негізде құрылған. Балалық шақта аса маңызды болса да, есейгенде пайдасыз стереотиптер, «өмірлік сценарийлер» мен мінез-құлық ережелерін бала ата-анасынан тікелей қабылдайды. Бала кезде «өмір сүру үшін құрылған жоспар» негізінде қалыптасқан тұлға бойындағы «өмірлік сценарий» - транзакцияның басты іргетасы болып табылады.

Берннің концепциясына сәйкес, тұлға мінез-құлық стереотиптерін анықтайтын бірнеше эго-күймен сипатталады. Екі адамның вербалды немесе тактилді қарым-қатынасы нәтижесінде туындаған ситуацияға сай - Ата-ана, Бала және Ересек күйлері анықталады.

Адам өмірінің әр кезеңінде әртүрлі эго-күйлерде болады. Өмірдің түрлі сынақтары мен ситуацияларды бастан кешіп, бір позициядан екінші позицияға ауысып отырады. Дегенмен, үш позицияның біреуі - бала өмірінің алғашқы жылдарында қоршаған ортаның әсерімен қалыптасқан позиция доминантты болып келеді.

Бала бойындағы өмірлік позициялардың қалыптасуында отбасы үлкен тәрбиелеуші рөл атқарады. Бұл позициялар ерте жастан бойға сіңіп, өмір бойы сақталып қалады. Баланың тұлғалық дамуында ерте жастағы эмоционалдық тәжірибе сау психиканың қалыптасуының негізгі мәні болып табылады. Бала кішкентайынан махаббат мен қауіпсіздікті сезініп өссе, есейген шағында сол сезімдер мінез-құлық пен дамудың тірегі қызметін атқарады. Әдетте, ересектердің бала тәрбиелеуде баланың индивидуалды ерекшеліктерін ескермей, қоғамдық нормаларға сай болуын талап етуі, қоғамның оң пікірін алу үшін баланың мінез-құлқын өзгертуге бар күшін салуы - бала бойында негативті эмоциялар қалыптастырады.

Отбасындағы ата-ана мен бала қарым-қатынасын реттеуде транзакттік анализды қолданудың психологиялық шарттарын зерттеуде ғалымдардың түрлі пікірлері мен жауаптарын кездестіреміз. Бірі бұл сұрақтың астарынан қарым-қатынас жасау стилі мен ата-ананың типтері, олардың ұстанымдары, отбасылық құндылықтар мен үміттің ақталмауын қарастырады. Ал бұл зерттеу жұмысында Ресейлік педагог Е. О. Смирнованың «ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас - бұл ата-ананың балаға, сондай-ақ баланың ата-анасына деген сезімдер жүйесінен құрылған мінез-құлық ерекшеліктері, бір-бірін қабылдау мен түсінісу бағамы» деген анықтамасына сүйеніп, транзакттік анализ шеңберінде қарастырамыз[15] .

Отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіру үшін транзакттік анализдің психотерапиялық әсерін қолдану тиімді. Ол адамның өмірлік позициясын сараптау барысында бұрыс шешім мен әрекетке апаратын нәтижесіз стереотиптерді анықтап түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ адам бойында құндылықтар мен мінез-құлықтың жаңа жүйесін қалыптастырады.

Болжам: отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруда транзактті анализ концепцияларын пайдалану жаңа отбасылық құндылықтар мен тәрбие беру жүйесін қалыптастырады, яғни ата-ана мен бала қарым-қатынасының ерекшеліктері тұлғаның ОК өмірлік позициясын қалыптастыруына әсер етеді.

1. Теориялық зерттеулер.

Ғылыми-психологиялық зерттеулер.

Қазіргі уақытта отандық және шетелдік ғылымда отбасын зерттеу объектісі болып табылатын көптеген зерттеулер бар. Маргарет Маллер, Джон Боулби, А. Я. Варга, А. И. Захаров, А. И. Кабанова, А. Г. Лидерс, Т. В. Якимова, Е. О. Смирнова, А. С. Спиваковская Б. Г. Ананьев, В. Н. Мясищев сияқты атақты педагог-психолог ғалымдарының еңбектерінде ата-ана мен бала қарым-қатынасының әртүрлі бағыттары: баланың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері; ата-ана мен бала қатынасының дамуы; баланың жеке басының қалыптасуы; отбасыдағы қарым-қатынастың сипаты және соған байланысты баланың жеке басының ерекшеліктеріне әсері қарастырылады.

А. Р. Лурия, Д. Б. Эльконин өз еңбектерінде баланың психикалық дамуы ата-анасына деген эмоционалды байланыспен және олармен ынтымақтастықтың ерекшеліктерімен анықталатынын көрсетті. С. Л. Рубинштейн, И. Божович, В. Н. Мясищев сияқты совет заманындағы ғалымдар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты отбасының әлеуметтік-психологиялық жағдайын көрсететін көрсеткіш ретінде таниды. Л. И. Маленкова, В. Н. Ярош, Е. П. Арнаутова сияқты бірқатар психолог, педагогтардың жұмыстары отбасы тәрбиесінің тиімділігіне әсер ететін себептерді зерттеуге арналған. В. И. Гарбузова, А. И. Захарова философ, ғалымдардың зерттеулерінде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың үйлесімсіздігі баланың психикасының бұзылуын анықтайтын негізгі фактор екенін атап өтті.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде “отбасының әлеуметтік-психологиялық жағдайының өзгеруі, күнделікті қарым-қатынас практикасындағы өзгерістердің нәтижесінде отбасылық құндылықтарының біршама жоғалу нәтижесінде және уақыттың аздығы атап өтіледі. Себебі жеке және қоғамдық өмірдің шекаралары жойылуы; отбасылық дәстүрлердің жоғалуы; ата-аналардың өз балаларының болашағына деген үрей-наразылығы және т. б., осының барлығы балалардың жеке дамуына, олардың психологиялық саулығына және олардың ата-аналарға және жалпы отбасына қарым қатынасы тікелей көрініс табады” [6]

Ата-ана мен бала қарым-қатынасы - ата-ана мен баланың бір-біріне әртүрлі деңгейде әсер ететін, бір-біріне қарама-қайшы келетін спецификалық, қоғамдық-психологиялық байланысынан тұратын, эмоционалдық маңызы өте мықты күрделі құрылым.

Ата-ана мен бала қарым-қатынасы мәселелерін американдық психоаналитик, даму психологиясын зерттеуші психолог Э. Эриксон қарастырды. Ол аталмыш қарым-қатынасты тұлға дамуындағы ең маңызды бағыт деп көрсетті. Баланың даму кезеңінде ересектер тарапынан продуктивті, генеративті түрде көрсетілген көмек есейгенде бір қазықта қадалып, тұлғалық деградацияға ұшырауына қарсы тұрады. Осылайша, қартайған шақта ұрпағының, немерелерінің, шәкірттерінің жетістігін көру - адамға кемелдік (самореализация) сезімін сыйлайды[17] .

Ғалым баланың дамуы мен тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін де зерттеді. Әкелік махаббат пен ана махаббатының ерекшеліктерін жекелей талдап, ата-ана мен бала қарым-қатынасын "екеуара интенция" ретінде атап көрсетті. Оның ішінде ата-ананың балаға қамқорлығымен қатар, толықтай сенім артуы қажеттігін, сондай-ақ, бала ата-анасының бұйрығын жеке инициативасына сәйкес орындайтынын қамтыған[19] .

Ата-ана мен бала қарым-қатынасын зерттеуші отандық педагогтар мен психологтардың еңбектерінде есею кезеңіндегі жасөспірім мен ата-ана арасындағы конфликт, бала ата-ананы эмоциялық жағдайларына сәйкес талғайтыны, қарым-қатынастағы жас ерекшелігі жайлы, ата-ананың махаббаты мен ата-ананың бала өміріндегі жекелей рөлі жайлы жазылған. Сондай-ақ, әке мен шешенің баламен қатынас орнатуындағы нақты ерекшеліктерін бөліп көрсеткен.

Фин педагогы Ю. Хямяляйнен өз еңбектерінде отбасында қарым-қатынас орнатудың төрт типі бар деп көрсетеді:олар тәрбие беру мақсатына және міндеттеріне байланысты жіктеледі. Ата-ана мен бала қарым-қатынасы бала тәрбиесінде рұқсат етілген және тыйым салынған нәрселерді ескеру нәтижесінде қалыптасқан әдістерді қолдануға бағытталады. Отбасында ата-ана мен бала қарым-қатынасы диктаторлық, асыраушы, «ештеңеге араласпайтын» және серіктестік формалары бойынша қалыптасады. Әр форма өзіндік өмір сүру стилін қалыптастырып, ерте жастан тұлғаның іргетасын қалайды[19] .

Баланың бойында әлеуметтік қызығушылықтың ауқымды дамуы - отбасы мүшелерінің бір-біріне құрметпен қарауы, отбасылық құндылықтар мен ережелер негізінде пайда болады. Адам психикасы айналадағы адамдармен байланыстың, рухани байлықтың қажеттігін сезінеді. Мұндай қажеттілік «стимулды аштық» нәтижесінде туындайды. «Стимулды аштықтың» ең алғашқы белгілері ерте жастан көрініс табады, ол физикалық жақындықты талап етеді. Жақындық болмаған жағдайда баланың дамуында кедергілер пайда болып, ауруға, тіпті өлімге апарып соғуы мүмкін. Ең алғаш «госпитализм» жағдайы туралы Рене Шпиц ашық түрде айтты. Ол балалар үйіндегі тактилді жақындасудан (қолға алу, көтеру) айырылған нәрестелердің бойында уақыт өте келе назар аудару жетіспеушілігінен «өзін мойындау» мен «сөзбен қолдауға» мұқтаждық туындайтынын байқады[13] .

  1. . Тұлғаның дамуы.

Транзакттік анализ дегеніміз не?

Транзакттік анализ - негізін Эрик Берн салған психотерапия жүйесі және тұлғаның әлеуметтік қарым-қатынас теориясы. Қазіргі кезде транзакттік анализ өз бойына тұлға теориясын, коммуникация құруды, баланың дамуын, күрделі ұйымдар мен жүйелерді талдауды жинай отырып, тұлға мен әлеуметтік топтарды жекелей және толықтай қайта тәрбиелеу жүйесінің көрсеткіші болып табылады. Бұл модельдің құрылымы философия, теория және адамға өзін танып, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауындағы ерекшеліктерді түсіндіретін әдістерден тұрады[5] .

Бұл әдістің принциптері жұмыста, үйде, мектепте, көршілермен қарым-қатынаста - жалпы адамдармен қарым-қатынастың барлық көрінісінде пайдаланылады.

Транзакттік анализ - әрбір индивид өзі шешім қабылдай алатын, өзге адамдармен қарым-қатынастың кез келген жағдайында өз сезімдерін ашық айта алатын рационалды мінез- құлық тәсілі. Бұл анықтаманы «транзакттік анализ» тоериясының негізін салушы Эрик Берн өзінің әріптестері Клод Стайнер, Джэк Дюсей, Стивен Карпман және Франклин Эрнсттің зерттеулерін назарға ала отырып берген болатын. Ол транзакцияның ерекшеліктерін зерттеудегі идеяларын ХХ ғасырдың 60 жылдарында жариялады[3] .

Эрик Леннард Бернштейн (1910-1970 жж) -американдық психотерапевт, психолог, ол кейбір психоаналитикалық идеяларды дамыту негізінде «транзакттік анализді» ойлап тапқан. Психоанализ, жүйке және психикалық ауруларды емдеудің жалпы теориясы мен әдісі идеяларын жетілдіре отырып, Берн өз зейінін тұлғааралық қатынастардың негізін құрайтын «транзакцияларға» жұмылдырды. Оның транзакттік талдау туралы көріністері алғаш 1957 ж. Американдық топтық психотерапевтік қауымдастықтың батыс бөлімшесінің жиналысындағы үндеуінде халыққа жария болды.

Транзакттік анализ немесе трансакциялық талдау (бұдан әрі - ТТ) (латын тілінен transatio -мәміле, және грек т. аnalysis-ыдырау, бөліну) - бұл тұлғаның теориясы және тұлғаны дамытуға және өзгертуге бағытталған жүйелі психотерапия[5] . Бірақ іс жүзінде ТТ көп артықшылықтары бар, бұл әдіс теория бойынша тереңірек және қолдану диапазоны бойынша кеңірек, сондай-ақ бұл келісім-шарттық әдісті қолданатын психотерапиядағы жалғыз бағыт. Яғни, ТТ адамдардың психологиялық тұрғыдан қалай "құрылғанын" анық және қарапайым түрде көрсетеді. Ол үшін эго-күй моделі қолданылады. Э го-күй моделі - ТТ негізі болып табылады. Эго-күй-бұл біздің осы сәтте жеке тұлға ретінде көріну тәсілі ретінде бір-бірімен байланысты мінез-құлықтың, ой мен сезімдердің жиынтығы.

Модель үш түрлі эго-күйді сипаттайды (Сурет-1) :

C:\Users\админ\Desktop\Магистратура\диссертация\1.png

А - Ата-ана,

Б - Бала,

Е - Ересек.

Сурет -1. Эго-күйді суреттейтін схема

Эго-күй - бұл адам орындайтын рөл емес, ол өзекті жағдайлар тудыратын қандай да бір феноменологиялық шындық, мінез-құлық стереотиптері. Ол адамдардың мінез-құлқында өз даралығын қалай білдіретінін түсінуге көмектеседі[4] .

Егер мен өзімді "осы жерде және қазір" принципі бойынша ұстап, ойланып, сезінсем, және менің айналамдағы болып жатқан жайттарға ересек адамның барлық әлеуетін пайдалана отырып әрекет етсем, онда мен Ересек адамның эго-күйіндемін. Кейде мен өзімді ата-анамның бірін немесе ата-ана ретінде қабылдаған басқа адамдарды көшіре отырып ұстауым, ойлануым, сезінуім мүмкін. Бұл жағдайда мен Ата-ананың эго-күйіндемін. Кейде мен балалық шақтағы мінез-құлыққа, ойлауға және сезімге ораламын. Бұл жағдайда мен Баланың эго- күйіндемін. Басты әріптерге назар аударыңыз. Олар Ата-ананың, Ересектердің немесе Баланың эго-күйін белгілеу үшін қолданылады. Сондықтан эго-күй моделі жиі АЕБ моделі деп аталады. Сөздің басында кішкентай әріп болса, ол нақты ата-ана, ересек немесе бала туралы айтып тұрғанымызды білдіреді.

Транзактті анализ концепциясында тұлға құрылымы авторы Берн болып табылатынүш түрлі «Мен» эго-күйімен сипатталады: Ата-ана, Бала және Ересек. «Мен - күйі» термині - ақыл жағдайының көрінісі, және сол жағдайға лайықты табиғатта орын алатын мінез-құлық стереотиптері[2] . Қарама-қайшы стереотиптер жиынтығынан тұратын индивидтің мінез-құлқы үш түрлі «Мен - күйімен» сипатталады.

Эго-күй - бұл адамның қоғамда ойнайтын рөлі емес, өмірде болып жатқан актуалды жағдайға байланысты туындаған мінез-құлық стереотиптері (нерв жүйесінің шартты рефлекстеріне байланысты) . Ата-ана Эго-күйі - бұл бала кезде ата-ана немесе ерекше орны бар ересектер тарапынан санамызға сіңген логикалық нормативтер, талаптар мен тыйымдар; сондай-ақ әртүрлі кеңестер, тыйымдар, санкция мен қамқорлық түрінде берілген қоғамдық нормалар. Адамдарды бірер уақыт зерттеп қарайтын болсақ, олардың бір мезгілде бет әлпеті, сөздік қоры, қимылдары мен өзін ұстау қалпы өзгергенін байқауға болады. Адамдар үш Эго-күйге байланысты кезекті және нақты айрықшаланатын үш түрлі мінез-құлық жиынтығын көрсететіні шартты түрде бекітілген.

Эго-күйлерді бөлу үш аксиоматикалық ережелерге негізделген:

- әрбір ересек адам бір кездері бала болған. Әрбір адамдағы бұл бала Бала эго-күйімен ұсынылған;

- қалыпты дамыған миы бар әрбір адам шындықты барабар бағалауға қабілетті. Сырттан келетін ақпаратты жүйелеу және ақылға қонымды шешімдер қабылдау қабілеті Ересек эго-күйіне жатады;

- әр адамның ата-анасы немесе оларды алмастырушы адамдары бар немесе болған. Ата-ана бастамасы әрбір тұлғаға енгізілген және Ата-ана эго-күйінің түрін қабылдайды [5] .

Біз жеке тұлғаның түрлі аспектілерін түсіну үшін эго-күй моделін қолданғанда, құрылымдық талдауды қолданамыз.

Тұлғаның құрылымдық анализін тереңірек қарастырайық.

Берннің айтуы бойынша, әр Эго-күй - бұл орын алған оқиғаны сараламай, салдарын ескермей, қалыптасқан стереотиптік реакциясы бойынша үйреншікті мінез-құлық алгоритмін қайталап, жылдам әрі оңай, уақыт пен энергиялық ресурс жұмсамай әрекет етуге мүмкіндік беретін жаттанды мінез-құлық ережесі.

Тұлғалық реакцияның барлығы Эго-күйлерге негізделген. Инфантилизм - Бала күйінің көрсеткіші, Рационалдылық - Ересек күйінің көрсеткіші. Ата-анамыздың проекциясы - әрбір тұлғаның бойынан табылатын Ата-ана Эго-күйімен сипатталады. Барлық Эго-күйлер өмір бойы адамның бойында болады және өмірдегі ситуацияларға сәйкес көрініс табады.

Тұлға құрылымы Э. Берн ұсынған транзактті анализге сәйкес келесі Эго-күйлермен сипатталады:

Ересек - ақпаратты объективті бағамдай білу арқылы көрінеді. Болып жатқан ситуацияда кісі өткен өміріндегі тәжірибесі мен біліміне сәйкес өзі үшін ең тиімді шешім қабылдайды. Бұл шешімі кісінің «өмір картинасына» сай келмеуі мүмкін, өзге ситуациялармен салыстырғанда объективтілік болады. Мұндай концепция шешім шығаруда ақыл мен пікірді ең басына қояды. Ситуацияны саралай отырып, Ересек дәл қазір қандай әрекет тиімді екенін өзі шешеді (Бала мінез- құлқы немесе Ата-ана мінез-құлқы) . Сондай-ақ, алға қойылған сұрақты дұрыс шешуде осы Эго-күйлердің қандай аспектілерін пайдалану тиімдірек өзі анықтайды.

Ересек Эго-күйі өмір бойы үздіксіз дамып отырады, тұлғаны өмірдің әр сәтіне объективті баға беруге, тәуелсіз шешім шығаруға, болып жатқан оқиғаға адекватты раекция көрсетуге, тез бейімделіп, рационалды мінез-құлық қалыптастыруына әсер етеді. Егер бұл Эго-күй бұғатталып қалса, адам өмір кеңістігінің өзгергенін саналы түрде сезіне алмай қалады да, мінез құлқы Ата-ана - Бала Эго-күйлері арасында маятник секілді тербеліп тұрады.

Берннің концепциясына сүйенсек, Ересек күйі - ақпарат ағымын саралай алатын, ситуацияға сәйкес әрекет ететін, керек стереотиптерді қосып, керек емесін өшіріп отыратын «Ата-ана мен Бала» арасындағы дәнекер деуге болады.

Бала - тұлғаның эмоционалдық бастауы болып табылатын Эго-күйі. Бұл Эго-күйге аңғалдық, шығармашылық, шынайылық, нәзіктік сияқты мінездер тән.

Бала Эго-күйі индивидтің бойында екі түрлі көрініс табады (сурет-2) :

C:\Users\админ\Desktop\Магистратура\диссертация\8.png

ТБ - табиғи бала

ЫБ - ыңғайлы бала

Сурет-2. Ішкі бала эго күй түрлері

Табиғи балада сенім арту, шынайылық, беріктік, шығармашылық, абиғи еркелік пен ренжу, жеңіл ойлау, қырсықтық пен агрессия басым болса, Ыңғайлы балада өзіне сенімсіздік, ата-ананың шексіз үмітіне сай келуге тырысу көрінеді.

Ыңғайлы бала - бұл ата-ана тарапынан қабылдануға мұқтаж, олардың талабынан тыс әрекет етпейтін тұлға бөлшегі. Ыңғайлы баланың мінез құлқының бір көрінісі - адамдармен қарым-қатынас құруда өзіне сенімсіз болуы. Ыңғайлы баланың екінші бір көрінісі - қырсық бала. Оның барлық әрекеттері мен мінез-құлқы ата-ана және соцуим тарапынан қалыптасқан ережелер мен талаптарды бұзуға бағытталады.

Ата-ана - атадан балаға берілетін, ережелер мен мінез-құлық жиынтығынан тұратын Эго-күй моделі. Бұл ережелер мен мінез-құлық нормаларының ішінде пайдалы заңдылықтармен қатар, иррационалды (тиімсіз) қарым-қатынас штампы мен болжамдар болуы мүмкін.

Бұл модель екі түрге бөлінеді (сурет-3) :

C:\Users\админ\Desktop\Магистратура\диссертация\2.png

БА - Бақылаушы Ата-ана -

бұл жерде тыйымдар бірінші орынға шығатын модель .

ҚА - Қамқор Ата-ана - басты рөлді қолдау мен кеңестер атқаратын психологиялық модель.

Сурет-3. Ішкі ата-ана эго күй түрлері.

Тұлғаның Эго-күйлерін талдағанда назарымыз еріксіз «вербалды» және «вербалды емес» мінез-құлыққа түседі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моральдық зиян келтірудің туындайтын міндеттемелер түсінігі мен маңызы
Мәдениет және қоғам көзқарасы тұрғысынан жарнамалық іс-әрекеттің психологиялық проблемалары
Балалардың адамгершілік санасының ерекшеліктері
«Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттер»
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер
«Жанұяны фаминистік бағыт бойынша зерттеу»
Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер
Балалардың көру қабілетінің бұзылуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz