Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні



Жоспар
Кіріспе

1. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.

2. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері, принциптері.

3. Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.

2. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері, принциптері.

3. Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Басқару есебі – экономикалық субъектілерді жоспарлау, бақылау және
басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару.
Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек
ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Басқару есебі негізінен үлкен екі топқа бөлінеді: өндірістік
ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге
болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклы процессіндегі объектілердің
жиынтығы жатады. Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызмет
барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестігін қамтамасыз ету. Олар
мыналарды біріктіреді:
1) Негізгі құралдар – еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар,
өндірістік ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы мен пайдалану.
2) Материалдық емес активтер – мерзімінен бұрын қаржы бөлінген
объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар,
тауарлық белгілер және т.б.)
3) Материалдық ресурстар – еңбек құралдарының көмегімен өндіріс
процесінде өңдеуге арналған еңбек керекжарақтары.
4) Еңбек ресурстар – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін
көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек
ресурстарын пацдалану.
Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда,
кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды.
Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
- Қамтамасыз ету – дайындау;
- Өндірістік;
- Қаржылық - өткізушілік;
- Ұйымдастырушылық;

1. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.

Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі аталып
көрсетіледі:
1) Шығын орталығы;
2) Кіріс орталығы;
3) Пайда орталығы;
4) Инвестиция орталығы;
Шығын орталығы – өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау,
басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу,
жоспарлау және өндіріс шығындары есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның
құрылымдық бөлімі.
Шығын орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
- Берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
- Берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең шамаға жеткізу;
Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мүнда менеджер кірістерді алу
үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін жауап бермейді, оның басшыларының іс-
әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады.
Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір
уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап
береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде
шешім қабылдайды.
Инвестиция орталығы – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджері өз
бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қан қоймайды, басқа орталық
басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да
қадағалайды.

2. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері, принциптері.

Басқару есебінің өбъектілері ұйым мен оынң бөлімшелерінің шаруашылық
қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі
есеп беру болып табылады.
Құнды қағаздар мен қаржылық операциялар, мүлікті сату және сатып алу,
жол және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар
және т.с.с. басқару есебінің шеңберінен шығады.
Ұйымның басқарушылық бақылау мен сегменттік жоспарлау, есеп пен есеп
берушілік өзара байланысы :

Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау –
құрылымдық бөлімшелер ұшін смета (бюджеттердің) әзірлеу қалыптасу негізі
болып қызмет етеді.
Ақпараттық қамтамасыз ету – жүйелі, уақытылы, сыйымды, нысаны мен
қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын
жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық
емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
Басқару есебенің тәсілдер – кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі
басқарц есебінің объектілері көрсетілетін әр түрлі әдістер мен амалдар
жиынтығы.
Оның негізгі элементтері:
Құжаттама – кәсіпорынның қызметін жеткілікті дәрежеде толық көрсететін
алғашқы құжаттар мен ақпараттық машиналық атқарушылары.
Түгендеу – объектінің іс жүзіндегі жағдайын, сондай-ақ есептік
мәліметтерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару шешімдерін қабылдау және басқару есебі
Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік
Бухгалтерлік басқару есебі
Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
Бухгалтерлі басқару есебінің заңнамалық негіздері
Басқарушы есептің ролі
Басқарушы есептін негізгі элементтері
Салық есебінің мәні
Еңбеккерлердің құрамының есебі
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Пәндер