Тоғызқұмалақ спорт түрінің ми жұмысының белсенділігіне әсері


Н. С. Байгельдинова
Е. К. Уанбаев
Тоғызқұмалақ спорт түрінің ми жұмысының белсенділігіне әсері
Ата-бабамыздың ұлттық құндылығы, ақыл-ой жүйріктігін жетілдіру құралын тиімді пайдаланып, спортшыларды даярлауда жетілдіру үрдісін зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселе. Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет ұсыныс бойынша 2016 жылы «Қазақ күресі» және «Саятшылық» ұлттық спорт түрлері еңген болса, спортшылардың ұтқырлық пен тапқырлық қасиетін ұштайтын, әрі математикалық ойлау мен төзімділікке баулитын ұлттық интеллектуалдық спорт түрі тоғызқұмалақ ойыны 2020 жылы ЮНЕСКО сессиясында мемлекеттік емес мәдени мұраны қорғау репрезентативтік тізіміндегі адамзаттың мәдени мұрасы санатындағы қазақстандық негізінде еңгізілуі үлкен жетістік болды. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі концепциясының орындалуы туралы тұжырымдамада басты назар ұлттық спорт түрлеріне аударылады.
Бұл ойынның әдепкі мазмұны, түрік халқының экономикалық-шаруашылық кәсібі және салт-дәстүрлерімен байланысты. Тоғызқұмалақ спорт түрі бойынша спортшыларды дайындаудау үрдісінің алғышарттары спортшының психофизиологиялық қабілетіне, танымдық процесстер даму деңгейіне назар аударған жөн. Себебі, тоғызқұмалақ ойыны спортшыдан тез шешім қабылдау (рапид ойынында), есте сақтау қабілетінің жоғары болуын (ойынды жазып ойнау кезенінде), кеңістікте ойлау қабілетінің мықты болуын (математикалық есептеу, бір уақыт мезетіндегі бірнеше тақтадағы ойын сеансы), жоғарғы жүйке жүйесінің анализ және синтезді жасай алуын (ойынның тактикалық жоспар құруда) қажет етеді. Ал бұл өз кезегінде спортшының ми бөліктерінің белсенділігінің нәтижесінде ғана туындайды.
Тоғызқұмалақ ойынының адамзат баласына оң әсерлі деп есептеймін. Ақыл ой қызметімен айналысқан атақты ғұламалар ұзақ жасағаны осыған байланысты ма деймін. Тоғызқұмалақ ойынының маңызы жасөспірімдердің ойлау жүйесін арттырып, есепке бейімділігін дамытады. Осындай маңызды қасиеттері көп болғандықтан бұл ойынды даланың ойшыл ұлдары көп ойнаған. Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған. Ал Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Қалыбек Қуанышбаев секілді тұлғалар бұл ойынның майталмандары.
Белсенді жұмыс жасайтын ми адамға ұзақ өмір сүру мүмкіндігін береді. Ұзақ өмір сүрген атақты адамдардың биографиясы бұған дәлел. Ми жұмысының белсенділігі бұл адамдарға егде, қартайған шақтарында да жақсы денсаулық ақыл-ойларының жүйріктігі мен есте сақтау қабілеттерінің сақталуына негіз болды. Ежелгі Греция, Үндістан, Жапония және Конфуция заманынан бері дене шынықтыру жаттығуларының ой қызметіне оң әсерін білген. Платон аралас жекпе-жек түрлерінен екі дүркін Олимпиада чемпионы, Пифагор жұдырық ұрыстарының чемпионы болып, керемет интеллектуал болғаны тарих беттерінде бар.
Мысалы, И. П. Павлов 86 жасжыл, Л. Н. Толстой, Гете, Эдисон - 82 жас, Кант пен Платон - 81 жас, Ньютон - 84 жас, Пифагор - 76 жас, Галилей - 79 жас өмір сүрді. Тоғызқұмалақ ойынын ерекше жақсы ойнаған Абай Құнанбайұлы - 59 жас, Мұхтар Әуезов - 64 жас, Шәкәрім Құдайбердіұлы - 73 жас жасаған. Айта кететін жайт бұл заман кезеңінде орташа өмір сүру жасы 30 жас болатын. Автобиографиялық деректерге сүйенсек, көптеген ұзақ өмір сүрген адамның бала кезіндегі денсаулығы және физикалық мүмкіндіктері әлсіз болатын. Бұл адамдардың өмірі мен денсаулығы өзгеріс үнемі ми жұмысының белсенділігі арқасында жүзеге асты.
Физиологиялық тұрғыдан ақыл-ой жұмысы үлкен ми кернеуі белгілі бір объектілергі зейіннің шоғырлануы жоғарғы жүйке жүйесінің үлкен қоздырғышымен сипатталып, жылдам шаршауға әкеледі. Яғни ақыл ой жұмысына жоғарғы жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің кернеулігі тән. Бес сезім мүшесінің бірі сипап сезу арқылы бала сыртқы қоршаған ортадан ақпарат қабылдайды. Қол саусақтарының жаттықтыру ми қыртыс қабатының мықты әсер етуші фактор болып табылады. Оған дәлел қозғалыс құрылымының психофизиологиясының күрделі сипаты.
Педагог В. А. Сухомлинский: «Чем больше мастерства в детской руке, тем умнее ребенок» деп жазады.
Н. А. Бернштейн «саусақтардың нәзік қозғалыстарын координациялық қозғалысы қозғалатын дененің артық еркіндігін жеңу ретінде, басқаша айтқанда, оны басқарылатын жүйеге айналдырады» немесе «координациялық қозғалыс-қозғалыс аппаратының бақылауын ұйымдастыру болып табылады» деп анықтады [1] .
И. М. Сеченов, И. П. Павлов еңбектері және жоғарғы жүйке жүйесінің заманауи зерттеулері қимыл қозғалыс әрекеттерінің қалыптасу заңдалықтарына терең үңілуге мүмкіндік береді, соның ішінде шартты рефлекстердің, уақытша пайда болатын байланыстардың және динамикалық стереотип туралы білімге негізделіп ұсақ қол моторикасына үлкен мән береді. Дене тәрбиесі процесінде адамның барлық іс-әрекеті жоғары жүйке қызметіне байланысты және орталық жүйке субстраттарының анатомиялық жетілуімен, сондай-ақ координациялық деңгейлердің функционалды қызмет етуінің және жұмысын үйлестірумен анықталады.
М. М. Кольцовтың айтуы бойынша, саусақтардың жүйелі жаттығулары ми қыртысының тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. М. Кольцов «саусақтардың қозғалысы тарихи тұрғыдан, адам әлеуетін дамыту барысында сөйлеу функциясымен тығыз байланысты болды» дейді.
И. М. Сеченов өзінің еңбектерінде «қол саусақтарының қозғалысы бойынша жоспарлы жұмысы ми қыртысы қызметінің ойлау, сөйлеу, есте сақтау аймақтарының тиімділігін ынталандырушы күшті әдісі болып табылады». Сондай-ақ, адамның қолының қозғалысы генетикалық тұрғыдан алдын-ала анықталмаған, өйткені қоршаған ортаның әсерімен белсенді өзара әрекеттесу процесінде визуалды сезімдер, тактильді және бұлшықет арасындағы ассоциативті байланыстардың қалыптасуы нәтижесінде білім беру және оқыту процесі барысында қалыптасады [2] .
Адам ағзасының гормоналді жүйесі құрылысы жағынан морфиндерге ұқсас эндогенді опиоидтар деп аталатын химиялық заттардан құралады. Бұл гормондардың рецепторлары адамның эмоциялары, ауыру синдромдарының, іс-әрекетіне жауап беретін ми бөліктер аймағында табылғандықтан ерекше қызығушылықты танытады. Физикалық жүктеме кезінде осындай эндогенді опиоидтардың бірі гипофизде бета-эндорфиндердің синтезі жоғарлайды, және қандағы концертация мөлшері жоғарлайды. Сондай-ақ мида бета-эндорфиндердің деңгейі өсіп, адам жайлы күйге түседі.
Физикалық жаттығулар кезінде гипофиз бета-эндорфиндердің синтезін күшейіп, оның қандағы деңгейі көтеріледі. Физикалық белсендiлiк нейротрансмит аталатын мидың ерекше химиялық заттарының iс-әрекетiн белсендіруге мүмкіндік береді. Моториканың жоғары деңгейіне ие болған баланың логикалық ойлауға қабілетті, есте сақтау қабілеті, зейіні, сөйлеуі, есту және көру қабілеті дамығандығын білдіреді.
Л. В. Фомина «Егер саусақ қимылдарының дамуы жасқа сәйкес келсе, онда сөйлеумен ойлаудың дамуы нормалар шегінде болады, Егер саусақ қимылдарының дамуы артта қалса, онда сөйлеу мен ойлаудың дамуы да кешіктіріледі, дегенмен жалпы моторика қалыпты және тіпті нормадан жоғары болуы мүмкін» деп есептейді [3] .
Өз зерттеулерінде Э. Н. Соколов «мектеп жасына дейінгі балаларға бас бармақ пен сұқ саусақты бүгу және кеңейту оңайырақ, бірақ бұл саусақтардың айналмалы қозғалыстарын орындау қиын. Саусақтардың айналмалы қозғалысы көп жағдайда ерін мен тілдің қозғалыстарымен бірге жүреді. Бұл факт кортикальды реттеудің жоғары деңгейіндегі қозғалыстың ұйымдастырылуы әлі де жеткілікті түрде ажыратылмағанын көрсетеді: саусақтардың қозғалтқыш жүйесі және мидың сөйлеу және ойлау орталықтарымен тығыз байланысты»[4] .
Су-Джок терапиясы бойынша бас бармақта бас миының (сурет 1) жұмысын арттыратын биологиялық белсенді нүктесі орналасқан. Тоғызқұмалақ ойынының барысында бас бармақ үнемі құмалақтарды тарату қызметін атқарады. Ең бір маңыздысы тоғызқұмалақ нағыз спорт, ұлттық спорт, жасөспірімдер мен балалардың салауатты өмір салтының негізі болатындай, ұсақ қол моторикасының сонау заманда қолданылған биологиялық материал болып табылатын құмалақ адам ағзасының қолымыздағы проекциясына массаж, биологиялық белсенді нүктелеріне де әсер етеді.
Психолог А. Бинэ мен П. Рудик еңбектерінде ми жасушасы нейронға импульс қабылдаушы дендирттер саны тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы интеллектуалдық ойындармен айналысушы спортшыларда артып, интеллектуалды спорт түрлерінің спортшыларында механикалық есте сақтау емес, логикалық және аналитикалық ойлау басым дамитындығы дәлелденген.
Сонымен қатар адам алақанында бірқатар сызықтар кездеседі (сурет 2) .
Ортасындағы ұзық сызық бас миы мен ақыл сызығы деп аталады. Барша адамзаттың алақанында осындай сыры бізге беймәлім сызықшалар бар. Мәселен, сол қолыңыздағы мына сызық /\I- араб әрпімен 81 болып оқылса, ал оң қолыңыздағы сызық І /\- 18 болып оқылады. Осы екі цифрдің да тоғызға байланысы бар. Тоғыз жерде тоғыз 81 болса, екі жерде тоғыз ол 18. Егер жоғарыдағы айтылған сандарды 81+18 бір-біріне қоссақ 99 саны (яғни Жаратушының 99 көркем есімінің саны шығады) . Адам алақанындағы сызықшалар 81 саннан 18 санын алсақ - 63 Мұхамед пайғамбарымыздың жасы шығады екен. 6+3 тең болады тағы тоғыз. Осылайша, тоғыз санының сыр қасиеті мол екендігін түсінуге болады. Аспандағы күнді айналып тоғыз планета жүр. 18 мың ғалам. Ол да екі тоғыз санынан тұрады. Ал 9 отаудан 2 қазан санын алып тастасақ немесе 63 санын 9-ға бөлсек, ғылым дүниенің жалғасушысы киелі өлшемдердің қасиетті 7 саны екендігін білеміз (7 қазына, 7 түрлі түс, 7 нота белгілері және т. б. ) . Енді 18 санының екі немесе үш дәрежесін алып көрсек, келесі туынды шығады: (18² =1458), (18³=5832) ; ал енді шыққан нәтижелерін бір-біріне жеке қосатын болсақ (1+4+5+8=18), (5+8+3+2=18), қайта 18 саны шығады [2] .
Сонымен қатар тоғыз санын қай санға көбейтсек де, нәтижесінде санның қосындысы - тоғыз. Мысалы,
9х1=9 (9), 6х9=54(5+4=9),
2х9=18(1+8=9), 7х9=63(6+3=9),
3х9=27(2+7=9), 8х9=72 (7+2=9),
4х9=36(3+6=9), 9х9=81(8+1=9),
5х9=45(4+5=9), 9х10=90 (9+0=9) .
Тоғызқұмалақ ойының барысында жеңіл математикалық есептеулер көптеп жүргізіледі, бүкіл ойын барысында тез есептеу қолданылады, яғни ми жұмысы үнемі тонуста сақталынады. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ ойыны ми бөліктерінің жұмысын белсенді ететін ұсақ қол моторикасының нағыз құралы, себебі ең көп дегенде 18 ұсақ құмалақтарды алып, таратып отыру ми жаттығуының бір негізі. Тоғызқұмалақ ойынының барысында, отаудағы құмалақтарды тарату барысында соңғы құмалақ қай отауға барып түсетінін есептеу үшін, жүріс санау үшін қарапайым математикалық амалдар көп орындалады. Тоғызқұмалақ спортшыларының ақыл ой деңгейін анықтау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары зерттеу жұмысының экспериментальды тобы тоғызқұмалақ бөлімінің бастапқы дайындық 1 жыл, бастапқы дайындық 2 жыл, оқу-жаттықтыру тобы 1 жыл жаттықтырушы Оразаманов Бакыт Ильянбаевич топтары алынды, 8-14 жастағы барлығы 52 және бақылау тобы ретінде Алматы зияткерлік мектебінің оқушылары мен Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Өскемен қаласының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ Рамазанов Асқар Ашимжановичтің бастапқы даярлық 1 жыл, оқу-жаттықтыру 3 жыл оқу топтарынан 1 минут уақыт ішінде оңай дұрыс орындалған математикалық амалдарды орындау бойынша сынама қабылданды.
Бұл диаграммадан бақылау тобының спортшыларының көрсеткіштері біршама артып, көш ілгері тұрғандығын көреміз. Айта кетсек, бақылау тобының спортшыларын дайындау үрдісіне еңгізілген нұсқаулар мен әдістемелер берілгендіктен, олар жақсы нәтиже көрсеткен. Бақылау сынақтарынан алынған нәтижелер бойынша үш топ арасында салыстырмалы талдау жасалынды. Тоғызқұмалақ ойынына қызығатындар терең ақыл, жүйрік қиял, тапқырлыққа бейім, есепке жылдам жастар. Ойынды жақсы меңгеру мақсатында, ойын ережелерін қабылдай алатын қабілетті жетілдіру керек. Алғашқы сатыны меңгеріп, шебер ойыншы болу үшін ерекше таным мен логика қажет. Яғни, тоғызқұмалақшыға есепке бейімділік, парасаттылық қасиеттері мен сана-сезімі жоғары болуы керек. Балалар - жасөспірімдер спорт мектептерінде тоғызқұмалақ спортшыларын дайындаудың ой ұшқырлығын жетілдіру, дамыту және жаттықтыру мақсатында арнайы дене жаттығуларын ұсынамыз. Олар: саусақ ойындары, зейінді, есте сақтау ойындары, шульте кестесі, жылдамдыққа есеп шығару, арнайы есептер мен этюдтер шешу т. б. Себебі басқа спорт түрлерінде арнайы дене жаттығулар кешені толық зерттелген болса, тоғызқұмалақ спорт түрінде аз қамтылған. Дене бұлшықеті сияқты ми да жаттықтыруды талап етеді.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде тоғызқұмалақ спортшыларын дайындаудың жылдық оқу жоспарында оқу топтарына байланысты жалпы дене дайындығы 160-260 сағат, арнайы дене дайындығына 97-276 сағат аралығында жылдық оқу көлемі көрсетілген. Алайда бұл оқу жүктемесі қандай сипатта болуы қажет, мазмұны жоқ. Басқа спорт түрлерінде жаттығудың бірінші бөлігі бой сергіту, қыздырыну жаттығулары болса, тоғызқұмалақ спорт түрінде алдын ала даярлық жұмыстары, арнайы жаттығулар жүргізілуі қажет деп есептейміз.
Себебі кез-келген физикалық, психологиялық жүктеме спортшылардың физиологиясына, жас ерекшелігіне негізделген болуы шарт. Жаттығудың бұл бөлігін оқытушы-жаттықтырушылар елеусіз қалдырады. Ми жұмысының белсенді, нәтижелі жұмыс атқаруы үшін үнемі жеңіл математикалық жүктеме қажет.
Мұндай оптималды жағдайда спортшыны даярлау негізіне ми жұмысына оң әсер етуші факторларды анықтау және оларды дамыту қажет. Интеллектуалды спорт түрлерінің спортшылары мидың оң және сол жақ жарты шарларын бердей қолданылады. Сондықтан мидың екі жақ жарты шарын бірдей дамыту қажет. Интеллект тесттері зерде, ақыл-ойдың даму деңгейін Дж. Равеннің «Прогресситвті матрица» әдістемесімен арнықталды.
Тестпен жұмыс істеу кезінде мынадай психикалық процестер іске асырылады:
1. poromost-назар, зейінділік (назар тәрбиелеу мен ойлаудан бөлінеді) ;
2. percepcia-қабылдау, қабылдау;
3. myslenie-ойлау, түсіну
Бұл әдістемеде 8 жастан 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді тексеруге арналған қара-ақ нұсқа қарастырылған.
Тестік жинақ 5 серияға бөлінген 60 тапсырманы қамтиды (А, В, С, Д, Е)
әрқайсысы 12 тапсырмадан. Ол құрамында тікбұрышты матрицалардан, әр түрлі фигуралар мен фигуралар жиынтығы, олар логикалық тұтас жасайды, олардың элементтері белгілі бір заңдылыққа және белгілі бір ережелерге сәйкес орналастырылады. Атап айтқанда, сурет сызбалары беріледі, онда біреуі жоқ осы жетіспейтін бөлікті сыналушы матрицаның астында берілген және 1-ден 6-ға дейінгі немесе 1-ден 1-ге дейінгі нөмірлермен белгіленген суреттердің бірінің көмегімен толықтыруға тиіс 8-ші, сондықтан суреттердің бірімен толықтырылған матрица семантикалық бейнелі логикалық тұрғыдан дұрыс бүтін болады. Сонымен қатар, 6 немесе 8 суреттің тек біреуі-бүтіннің шынайы бөлігі. Әр серия жеңілірек басталады-
және ең қиын аяқталады; сондай-ақ сериялар біртіндеп А-дан Е-ге дейін күрделене түседі. Шикі бағаларды IQ зияткерлік көрсеткішіне ауыстыру кестесі бойынша бағаланды.
Алынған процентильдерге сәйкес нәтижелерді бағалау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz