Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1 . Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары

Қазіргі кездегі білім берудегі оң нәтиже берген, кеңінен қолданысқа ие болған бағдарламаның бірі -жаңартылған білім беру жүйесі. Ал, жаңартылған білім жүйесі дегеніміз не? Жаңартылған білім беру жүйесі - білім мен білікті, дағдыны қалыптастырып, дамыту арқылы құзыреттілік пен сапаға бағытталған бағдарлама.

Бастауыш сыныптарда бір мұғалім бірнеше пәнді қатар меңгеріп, бірнеше пәннен білім беретіндіктен, жаңартылған білім беруде пәнаралық байланыстың болуы міндетті деп білемін. Жалпы пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін оқушының тұлға болып қалыптасуына техникалық, әлеуметтік т. б зерделеу әдістерін де басшылыққа алу керек.

Сонымен қатар, пәнаралық байланыста бірізділік, жүйелілік, жоспарлылық, мерзімділік, ортақ бөлімдер мен тақырыптар, пәндік мазмұндардың бір-біріне жақындығы үйлесімділікпен жүзеге асқанда ғана байланыс жүйелі болады деп есептеймін.

Пәнаралық байланыстар барысында орын алатын осындай педагогикалық құбылыстардың негізгі міндеті оқушылардың меңгерген түсінік-ұғымдары жайындағы білімін жүйелеу, жаңғырту немесе алғашқы білім бөлшектерін беру болып табылады. Бастауыш сыныптарда оқытылатын жеке пәндердің бөлім, ортақ тақырыптарға негізделген материалдары арқылы оқушыларға пәнаралық байланыс жүйесімен ғылыми дүниетанымын қалыптастыру құралдары мен педагогикалық үдеріске пайдаланылатын жаңашыл әдіс-тәсілдер олардың жеке тұлғалық бітіміндегі ой мен қиялды және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған мұғалімнің педагогикалық кәсіби іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізудегі белсенді жұмыстарының нәтижесін көрсетеді.

Пәнаралық байланыстардың неғұрлым тоғысатын жері - ол бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы оқу материалдарының «тік» және «көлденеңінен» етіп бөлу және ішкі заңдылықтарын сақтай отырып педагогикалық тәжірибеде ұтымды пайдалану.

Жаңартылған білім мазмұны негізінде бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс арқылы ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мен олардың тұлғалық болмыс-бітімінің дамуына ықпал етуші әдіс-тәсілдерінің мақсат-міндеттері, оқушылардың жеке пән сабақтарында жинаған білімдерін жетілдіру, дамыту, кеңейту және қоршаған орта заттары мен құбылыстарына ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, сонымен қатар оқыту тәрбиелеу үдерісінің өмірмен, еңбекпен, өнермен, өмірлік тәжірибемен байланысын арттыру; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық көңіл-күй сарайының сезімдерін, танымдық күштерін, ой-өрісін, қиялын, оқуға, өмірді танудағы ғылыми білімдерге қызығушылықтарын, жауапкершілік, белсенділік, тапқырлық қабілеттерін дамыту; эстетикалық талғамдары мен қажеттіліктеріне қарай білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу, дамыту іс-әрекетіне машықтандыру; туған елге, табиғаттың сұлулығы мен көркемдігіне, халқы мен тарихы туралы білімдерді пәнаралық байланыс арқылы кеңейтуге көмектесу.

2. Бастауыш сынып пәндерін кіріктіріп оқыту ұстанымдары

Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы - ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми - синтездік білім беру болып табылады.

Кіріктіріп оқыту ұстанымдары кіріктіріп оқытудың басты мақсатына - оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына тікелей бағытталған. Яғни:

1. Білімдердің синтезі. Оқу материалын тұтас, жинақталған, жүйеленген түрде қабылдау оқушының ой-өрісінің кеңдігін қамтиды. Кіріктіру әдістерімен зерделенетін мәселені шешу ойлау қабілетін белсенділігі мен мақсаттылығын дамытады.

2. Оқу материалын тереңдету. Оқу материалын терең ұғыну кең ауқымды ойлауға ықпал етеді.

3. Мәселенің өзектілігі, немесе мәселенің практикалық маңыздылығы. Оқу материалын меңгеру барысында практикалық мәселені шешу оқытудың тәжірибелік бағытын күшейтеді, оқушының сын тұрғысынан ойлауын, теория мен практиканы салыстыра алу қабілетін дамытады.

4. Баламалы шешім. Белгілі жағдайда жаңа тәсілдерді қолдана алу, мәселені ерекше шеше алу, шешу жолдарын таңдай алу, ойлау ерекшелігін дамытуға ықпал етеді. Шешімдерді салыстыру ой ұшқырлығын, сын тұрғысынан ойлауды, ойдың жинақтығын, жүйелілігін дамытады. Оқушылардың дұрыс шешімді, мақсатқа жетудің қысқа жол жолын таңдау барысында ұтымды, тиімді, мақсатты ойлау қабілеттері арта түседі.

5. Шешімнің дәлелдігі. Мәселені дәлелді шешу ойлау қабілетін дамытады [3] . Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі.

Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Кіріктірілу - бұл бір оқу мазмұнының пәндік концепцияларға сай әртүрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Кіріктірілген сабақтардың негізгі құрылымы:

1. Кіріспе бөлім. Бұл бөлімде сабақтың мақсаты, міндеті, негізгі білім анықталады.

2. Негізгі бөлім. Негізгі бөлімінде оқу материалының мазмұны ашылады. Сабақтың бұл бөлігі вариативті, өйткені оқытудың түрлі әдіс-тәсілін, оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру формаларын қолдануды және мұғалім тарапынан педагогикалық шеберлікті талап етеді.

3. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысын бағалау, үй тапсырмасын белгілеу. Мұғалім сабақты жоспарламас бұрын мақсатын анықтап алады, сол мақсатқа қол жеткізу үшін сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп алады.

3. «Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасын талдау

"Сауат ашу" пәні іздену дағдыларына, яғни ойлауға, сөйлеуге, оқуға, талқылауға, жазуға, пікірлесуге, пікір алмастыруға негізделіп жазылған. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған аппақ парақ секілді оқушыға "Сауат ашу" оқулығы ең маңызды, негізгі пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәннің басты ерекшелігі - қазақ тілі мен әдебиеттік оқудың бөлігі болып табылып, төрт дағдыны, яғни жазылым, оқылым, айтылым және тыңдалымның қатар жүруі басқа пәндерді терең меңгеруіне орасан ықпалын тигізуінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Көнерген сөздер мен жаңа сөздер
Пәнаралық байланыс функциялары
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытудың мәселелері
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері
Курс жұмысының зерттеу әдістері
Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері
Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерін қолдану тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz