Әскери соттар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

«Әскери соттар»

Орындаған: _Насырбай Н. Н

Тексерген: Альмухамбетов Ж. Н


Жоспары:

  1. Әскери соттарының құрылу тарихы;
  2. Әскери соттардың құрылымы;
  3. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы гарнизондарының кейбір әскери соттары таратылды;
  4. Сот жүйесінің ардагерлері;
  1. Әскери соттарының құрылу тарихы

Тәуелсіз Қазақстанның Əскери соттарының құрылу тарихы 1992 жылдан басталады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 20 қаңтардағы қаулысына сəйкес Қазақ КСР аумағында орналасқан əскери трибуналдар Қазақстан Республикасының құқықтық билігіне берілді.

Қазақстан Республикасының Әскери соттар жүйесі Қазақстан Республикасының Президентінің 1992 жылғы 11 маусымдағы №802 қаулысымен жəне «Қазақ КСР Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы», «Əскери соттар» атты 4 бөліммен толықтырылған «Қазақ КСР сот құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылы 24 маусымдағы Заңымен құрылған. Əскери соттардың құрылуының бастауы болып табылатын осы заңмен Қазақстан Республикасының аумағындағы əскерлердің Əскери сотының жəне гарнизондардың əскери соттарының міндеттері мен өкілеттілігі, олардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етуі жəне толықтырылуы, бұдан басқа материалдық техникалық қамтамасыз етілуі айқындалған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1992 жылғы 17 сəуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының әскери алқасы құрылып, төрағасы болып С. Д. Тасмағанбетов тағайындалды және Қазақстан Республикасының аумағында әскерилердің Әскери соты (облыстық соттарға теңестірілген), оның басшылығында А. С. Краснопевцев, Қазақстан Республикасының аумағында әскерилердің Әскери сотының төрағасының орынбасары Т. А. Накисбеков тағайындалған. Кейін Қазақстан Республикасының әскерилердің Әскери соты деп атауына өзгеріс енгізілді.

  • 1993 жылдан 1994 жылдары аралығында облыстық орталықтарында, үлкен қалаларда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен гарнизондардағы әскери соттары құрылды.
  • 1994-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының әскерилердің Әскери сотының төрағасы болып А. А. Төлеуханов, 2002-2007 жылдар аралығында әділет генерал-майоры С. Д. Тасмағанбетов тағайындалды.
  • 2007 жылдың наурызынан 2013 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Әскери сотында С. К. Байбатыров төрағалық етті.
  • 2013 жылдың 12 желтоқсанынан 2018 жылдың 26 желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы Әскери сотында С. Абдолла төрағалық етті.
  • 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Әскери сотының төрағасы болып Ж. Мұсабекұлы тағайындалды.

Тәуелсіз Қазақстанның әскерилердің Әскери соттарын құру тұғырында болған, алғашқы судьялар Т. А. Накисбеков, Е. Н. Абдыкадыров, А. А. Курмантаев, Е. Ж. Тасыров, К. Е. Саманбетов, Б. С. Караманов, Б. Т. Ахмедиев, Ж. М. Алмаганбетов болды. Гарнизондардағы жаңа құрылған соттардың алғашқы төрағаларының ішінде Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Р. М. Тойматов.

1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы соттардың жəне судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық Заңының күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сəйкес Қазақстан Республикасы əскерлерінің Əскери сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, төрағасы Ж. М. Қадырханов жəне азаматтық істер жөніндегі сот алқасы, төрағасы Б. С. Қараманов төрағалық ететін сот алқалары құрылды.

Конституциялық Заңның күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 Жарлығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты құрылды. Бекітілген штатқа сәйкес сот құрамы бір төраға және бір судьядан тұрды. Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 926 Жарлығымен сот төрағасы С. С. Сәкенов және 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 Президент Жарлығымен Е. Ұ. Ахметжанов судьясы лауазымына тағайындалып, өзгеде әскери құрылымдармен және әскери құқық қорғау органдарымен Қарулы Күштер алдына қойылған төрелік мақсаттарын шешеді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сот жүйесіне республика бойынша әскери соттарда 39 судья қызмет атқарып өз міндеттерін орындап жатыр. Көптеген судьялар сот жүйесінің еңбек сіңірген қызметкерлері, үкімет наградаларымен марапатталған.

Әскери соттарды қаржылық және материалды-техникалық қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Әскери соттың Әкімшісі» Республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Сонымен қатар, 1998 жылдан бастап әскери соттармен қаралған істер санының көбейгенін атап өту керек. Әскерилер мен азаматтар өз бұзылған құқықтары және мүдделерін қорғау үшін әскери соттарға көбірек жүгінетін болды. Бұл әскери соттар судьяларының заң үстемдігі туралы түсіндіру жұмыстарының, гарнизондарда өткізіліп жатқан ашық есік күндерінің және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының веб-сайтындағы әскери соттардың сот актілерінің қол жетімділігінің нәтижесінде жүзеге асырылып отыр.

Әскери соттардың судьялары өз қызметінде судьялардың кәсіби парызына, судьяның сот әдебі нормаларына, сот отырыстарының тәрбиелік әсеріне, шығарылып жатқан үкімдер мен шешімдердің сапасына аса көңіл бөледі. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген азаматтардың бостандығы мен құқықтарын сотпен қорғауды қамтамасыз етуге, адамдар мен қоғамның шынайы және әділетті сот төрелігіне сенімдерін нығайтуға бағытталған.

Әскери соттардың құрылымы
Соттын аталуы
Мекен-жайы
Байланыс номер
Электронды пошта
№: 1
Соттын аталуы:

Ақмола гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы:

Астана қаласы

Омаров көшесі, 57

Байланыс номер: 8(7172) 71-05-58
Электронды пошта:

020211@sud. kz

№: 2
Соттын аталуы:

Алматы гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы:

Алматы қаласы

Тимирязев көшесі, 48

Байланыс номер:

8(727) 233-14-22

Электронды пошта:

020217@sud. kz

№: 3
Соттын аталуы:

Ақтау гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы:

Ақтау қаласы

24 ш/а, Ақтау қалалық сотының ғимараты

Байланыс номер: 8(7292) 50-18-93
Электронды пошта:

120214@sud. kz

№: 4
Соттын аталуы:

Ақтөбе гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы:

Ақтөбе қаласы

Есет батыр көшесі, 41

Байланыс номер: 8(7132) 53-24-15
Электронды пошта:

040220@sud. kz

№: 5
Соттын аталуы:

Қарағанды гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы Штурманская көшесі ¼
Байланыс номер: 8(7212) 42-21-53
Электронды пошта:

090239@sud. kz

№: 6
Соттын аталуы:

Қостанай гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы:

Қостанай қаласы

Таран көшесі, 72

Байланыс номер: 8(7142) 53-33-77
Электронды пошта: 100227@sud. kz
№: 7
Соттын аталуы:

Талдықорған гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы:

Талдықорған қаласы

9 алаң, 12

Байланыс номер: 8(7282) 26-28-33
Электронды пошта: 050230@sud. kz
№: 8
Соттын аталуы:

Өскемен гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы:

Өскемен қаласы

Буров көшесі, 20

Байланыс номер: 8(7232) 57-78-22
Электронды пошта: 160239@sud. kz
№: 9
Соттын аталуы:

Семей гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы: Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, 38
Байланыс номер: 8(7222) 56-74-26
Электронды пошта: 160240@sud. kz
№: 10
Соттын аталуы:

Шымкент гарнизонының

әскери соты

Мекен-жайы:

Шымкент қаласы

2-ші Зеленая балка көшесі

Байланыс номер: 8(7252) 95-38-67
Электронды пошта: 130226@sud. kz
№: 11
Соттын аталуы: Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты
Мекен-жайы:

Астана қаласы

Омаров көшесі 57

Байланыс номер: 8(717) 271-05-51
Электронды пошта: 020218@sud. kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы гарнизондарының кейбір әскери соттары таратылды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен мыналар таратылды:

  1. Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;
  2. Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты;
  3. Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты;
  4. Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты;
  5. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты;

Жарлық заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, соттылығына қарай:

  • Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты істері Ақтөбе гарнизоны әскери сотына;
  • Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты және Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты істері Ақмола гарнизоны әскери сотына;
  • Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты істері Алматы гарнизоны әскери сотына;
  • Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты істері Семей гарнизоны әскери сотына қарайды.
  1. Сот жүйесінің ардагерлері

Ашитов Зайырқан Омарұлы (1925-2017 ж. )

Ашитов Зайырқан Омарұлы, 1925 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келді.

  • 1942 жылы 28 ақпанда әскери қатарына шақырылып, Алматы қаласы түбіндегі болашақ офицерлер дайындайтын жаяу әскерлер училищесінде оқып жүргенде, оқушылармен бірге соғысқа аттанды. 1942 жылы офицерлік шенді иененіп, жаулармен соғысқанда оқ тиіп жарақаттанды. Соғыс аяқталғаннан кейін Ленинград түбінде зенит-артиллериясы әскери бөлімінде жұмысын жалғастырды.
  • 1947-1952 жылдары Пьярно қаласының заң академиясын үздік бітірді. Қызмет жолын КСРО қарулы күштері әскери трибуналынан бастады. Одан Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің әскери трибуналының мүшесі болып сайланды.
  • 1952-1976 жылдары армия, гарнизон, Түркістан, Забайкалье әскери округтері трибуналдарының мүшесі және Қызыл тулы Орта-Азиялық әскери округінің, Алматы гарнизоны армиясының әскери трибуналының төрағасы лауазымында қызмет істеді.
  • Әділет полковнигі, академик, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-дың еңбегі сіңген заңгері. Сот жүйесінде еңбек жолы 1952 жылдан 1976 жылға дейін жалғасқан. Отан соғысының, Қызыл жұлдыз, Ленинградты қорғағаны үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін ордендер және т. б. 20 медальдың иегері.
  • Қазіргі уақытта да майдангер-ғалым Қайнар университетінде студенттерге дәріс оқып жүр.

Шамшонков Григорий Петрович (1922-2016 ж. )

Шамшонков Григорий Петрович, 1922 жылы 13 қаңтарда Калинин облысы, Молодотудский ауданында, Белогубцево ауылында дүниеге келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі жайлы
Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметі
Сот ұғымына жалпы түсінік
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы ақпарат
Республиканың Жоғарғы сотына
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Қазақ құқығы бойынша сот және сот ісін жүргізу
Сот билігі туралы
Сот жүйесінің даму мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz