Мәдени мұраның қоғам өміріндегі рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Набиева Назира Ержанқызы
Эссе

Мәдени мұраның қоғам өміріндегі рөлін анықтаңыз және баға беріңіз

Өркeниеттің, тaрихтың, бір халықтың, жалпы алғанда адамзаттың дамуында мәдениeттің аса мaңызды үлесі бар, яғни aталғандардың қалыптасуында және бүгінгі күнге дейін жетіп, мәдени мұра болуындағы өзіндік орны ерекше деп ойлaймын. Ойлaп қарасақ, сол мұраның сaқталып, ұрпақтан-ұрпаққа таралуында да бір айқын және терең шежіре жатыр емес пе? Себебі, мәдени мұpa - ол ең алдымен тарих, және оған деген қастерлі көзқарас. Кез келген халықтың өз ата-баба өміріне, тарихи бастауына деген махаббат алдымен рухани мәдениeткe деген құрмет сезімнен басталып, өзгелерге сіңгеннен соң ғана, қоғам керегіне айналады ғой. Өткен өмірге қадірмен қарап, әрбір рухани азықтың құнын білу - қандай танымдық үрдіс десеңізші...
Мысалы, мен үшін қазағымның мәдени мұрасы - біздің тарих беттерінде алтынмен жазылған мақтаныш оқиғаларымыз; ата-бабамыздың соғыстағы жауынгерлік рухы; аналарымыздың өмір сүру стилі және қолданған бұйымдары; рухани тәлім-тәрбиесі; ертегі-жырлары, айта берсең, таусылмас. Бірақ, өкініштісі, біз үшін тарих көп нәрсені сақтай алмады. Жылдар тозаңы көптеген қалаларды, мәдениет ошақтарын, бұйымдарды басып тастады. Дегенмен де археологтардың мен тарихшылардың ұқыпты қолдары мен шеберлігі біз үшін ежелгі мәдениеттің сирек табылатын артефактілерін тауып, қалпына келтіру арқылы мәдениет жемісіне жаңа өмір сыйлады. Мәселен, осы орайда біз үшін мәдени мұра болып саналатын Ұлы Жібек жолының бойындағы мәдени артефактыларға мәдениеттанушының көзімен шолу жасап көргім келеді.
Сыр шертетін деректерге көз салсақ, Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени ескерткіштердің теңіз толқынының көбігінен де көп екенін айтуға болады. Көп болғанымен қатар, әрқайсысы сол заманның болмысын көрсететін ерекше артефактілер, яғни мәдени феномендердің бірі әрі бірегейлері болып келеді. Асқар да әзиз жолдың өткен жерінен әртүрлі ежелгі қала қоныстары, қазбалар, мұнаралар, керуен сарайлар табылса; күнделікті тұрмысқа қажетті артефактілерден ыдыс-аяқтардың, әшекейлердің, маталардың, теңгелердің ортаға шыққаны белгілі. Себебі бұл мәліметтердің растығын археологиялық қазба жұмыстары да дәлелдейді.
Ең көп дерегі сақталған артефакт деп мұнараларды келтірсем болады, себебі олар Ұлы Жібек жолының әйгілі болған заманында өте көп салынған. Мұнаралар керуен жолдарын жіті қадағалауға, сақтауға арналған құрылыс еді, және олар өз қызметтерін орындарына келтірді деп ойлаймын. Дәл сол секілді керуен сарайлары да маңызды-ақ. Ал енді, керуен-сарайлар мен өзге мәдени артефактіні салыстырсақ, бір-біріне сабақтаса байланысқан бір жүйені тағы табамыз. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері
Әлеуметтік процесс туралы ақпарат
Мәдениеттің нормативтілігі мен адамға беретін бостандық арасындағы қайшылықта
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялар
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы
Еркекті адам ететін әйел
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
Ауыз әдебиеті - халық педагогикасының тұнық мұхиты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz