Қазақ тілі мен оның терминологиялық қорын дамытудағы білімпаздар съезінің алатын орны

Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі - қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терминологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды. ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы мен Алаш зиялыларының ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы рөлі туралы сөзді Ахмет Байтұрсынұлынан бастайтындығымыздың себептерін нақты тілдік-тарихи деректерге негіздей отырып айта алсақ қана біз ғалым мұрасының қадіріне жетіп, оның озық ойлары мен терминжасам тәжірибесін қажетімізге жарата аламыз. Ол бастаған жолды жалғастырып, ғылым тілін дамытудағы ол қалыптастырған лингвистикалық дәстүрді сабақтастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Сол себептен де Ахаң мұрасына аса мұқият қарап, оған әр қырынан үңіліп, жан-жақты зерделеу - қазақ тіл білімінің кешегі тарихы үшін ғана емес, оның алдағы уақыттағы дамуы үшін де қажет іс. Біз ғалымның қазақтың ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыруда ұстанған бағыты, қалыптастырған қағидаттары, айтқан ойлары мен терминжасам тәжірибесі төңірегінде ой өрбітпекшіміз. Қазақ тілінің терминологиялық қорының қалыптасуына негіз болған басты көз ұлт тілінің өз байлығы екендігі сөзсіз. Оның бастауларын әріден, түркі тілдерінен, төл тіліміздің тармақталып дербес даму тарихымен байланыста қараған жөн. Бұл терминология тарихын диахронды зерттеу барысында зерделенетін мәселелер. Ал бүгінгі қолданыстағы арнаулы лексикамызды құрайтын жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезеңде басылып тұрған Дала уәлаяты, Түркістан уәлаяты газеттерінің беттерінен кездестіруге болады. Ал нақты ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен, олардың өзге тілдерден аударылуымен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі аяқталған ғасырдың бірінші онжылдығынан басталады. Яғни бұл дегеніміз, қазіргі қазақтың ғылыми терминологиясының тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастауы да дәл осы кезеңмен байланысты деген сөз. Бұл істің басында кімдер тұрды дегенге келер болсақ, сол кезеңде қазақ тілінде алғашқы оқулықтар, оқу құралдары мен түрлі деңгейдегі ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектер жазған А.Байтұрсынұлы, Е.Омарұлы, X.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, Ж.Күдерин, С.Қожанұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Н.Төреқұлұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ғ.Қараш, К.Жәленов, Т.Шонанұлы сияқты қазақ зиялыларының есімдері аталуға тиіс. Осы аталған авторлардың әрқайсысының қазақтың ғылым тілінің, салалық терминологияның қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқандығы дау тудырмайды. Оған аттары аталған зиялылардың қазақ тілінде жазған еңбектерінде кездесетін ғылыми атаулар куә бола алады. Соған қарамастан, олардың арасынан А.Байтұрсынұлының есімін ерекше атаған орынды. Кезінде М.Әуезов, Е.Омарұлы, С.Сәдуақасұлы, М.Дулатұлы, С.Сейфуллин, Т.Шонанұлы сияқты қазақ зиялылары негізін қалаған ахметтану ілімі араға алпыс жылдан астам уақыт салып барып жалғасын тауып отыр. А.Байтұрсынұлы ақталғаннан бергі он бес-жиырма жыл уақыт ішінде ұлы тұлғаның соңына қалдырған еңбектері әртүрлі қырынан зерттеле бастады. Бұл істен тілші ғалымдар да шет қалмай, өз үлестерін қосып келеді. Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ө.Айтбаев, М.Жүсіпов, т.б. ғалымдардың жариялаған еңбектері соның дәлелі бола алады. А.Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастыруға қосқан үлесін ғалымның жекелеген немесе бір топ терминдердің ғана авторы емес, бірнеше ғылым саласының терминдер жүйесінің негізін қалағанын аңғаруға болады. Ең алдымен, А.Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған. Ғылыми ұғымдарға ат қою оп-оңай жұмыс емес. Ол үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үдеріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бірмағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай талаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы терминдерді ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға (яғни жасауға емес қабылдауға) мәжбүр ететін себептердің бірі. Бұл тұрғыдан келгенде, ғалым қазақ тілін термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткен. А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген Оқу құралының (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған Тіл құрал оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі. Бұл терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті. Мұнда ең басты атап айтатын нәрсе - А.Байтұрсынұлы бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ұғымдардың атаулар жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған. Ғылымның дамуына орай ұғымдар жүйесінің ұлғайып отыруы табиғи құбылыс. Ахаң қалыптастырған терминдер жүйесі де қазақ тіл білімі дамыған сайын жаңа элементтермен толыға түсуде. Ғалымның осындай тұтас терминдер жүйесін қалыптастыруы оның қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы екендігінің дәлелі бола алады. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Р.Нұрғалиев өзінің Алашординцы атты кітабында Книга А.Байтурсынова Тіл құрал (Пособия по языку) содержит множество разделов, посвященных фонетике, морфологии, синтаксису и орфографии, заметим, каждый из этих терминов дан на казахском языке, автор, кроме того, воссоздал несуществовавщие до него понятия - такие, как гласный звук, согласный, подлежащие, сказуемое и др. Ученый снабжает термины четкими, емкими и образными определениями, и в то же время, определения эти имеют строго научный характер (С.19) деп жазады. Әрине, гласный звук, согласный, подлежащие, сказуемое сынды ұғымдар лингвистикада Ахаңа дейін де белгілі болған, алайда қазақ тіліндегі осы дыбыстар мен сөйлем құрылысының табиғатын анықтап, олардың қазақша баламалары мен анықтамаларын дәл де айқын бергенін академик ғалым өте орынды атап көрсетіп отыр. А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің ғана емес, әдебиеттану ғылымының да негізін қалаушы ғұламалардың бірі. 1923 жылы ғалымның мерейтойына арналған мақаласында М.Әуезов Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды (Әуезов М.О. Ақаңның 50 жылдық тойы Ақ жол газеті. 1923, 4-ақпан) деген болса, әдебиетші ғалым Р.Нұрғалиев оның Әдебиет танытқышы туралы айта келіп: ...қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған (Нұрғалиев Р.Алып бәйтерекА.Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы, 1991. - 12-13 бб.) деп әділ көрсетеді. Сонымен, екіншіден, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған. Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән дефинициясын да (ғылыми анықтамасын) берген. Ол дегеніміз - ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы, Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз - өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады (Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш А.Байтұрсынов шығармалары. - Алматы, 1989. - 192-б.) Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын (түр-тұрпатын - А. Б.) анықтаған, екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни әрбір ұғымның мазмұны мен көлемін анықтаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылыми ұғымдардың арасындағы жүйелілік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтың - шумақтан, шумақтың - тармақтан, тармақтың - бунақтан, ал бунақтың - буыннан құралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымның микрожүйесінің өзіндік табиғатын танытқан. Бұдан ғалымның өзі зерттеп отырған ғылым саласындағы ұғымдар жүйесінің ішкі байланысы мен ерекшелігін терең білумен бірге, оларды таңбалауда тілді өте шебер пайдалана алғандығы анық көрініп тұр. Әдебиет танытқыштан мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіре беруге болады. Жеке ғылымдардың өзара байланысынан барып ұғымдар жүйесі құралатыны сияқты соларға сәйкес келетін жекелеген термин сөздердің жиынтығы терминдер жүйесін, яғни салалық терминологияны құрайды. Әдебиет танытқыштағы ғалым қаламынан туындаған біртұтас жүйе құрайтын терминдер оның әдебиеттану ғылымының ғылыми терминологиясын қалыптастырғанын көрсетеді. А.Байтұрсынұлы тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының ғылыми терминологиясын жасаумен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесінің де негізін қалаушы ретінде бұл салаға қатысты көптеген терминдерді жасаған. Олардың қатарына әдіс, әдісқой, сауаттау әдісі, жалқылау әдісі, жалпылау әдіс, жалқылау-жалпылау әдіс сияқты терминдерді жатқызуға болады. Бұлармен қоса Мұхтар Әуезов 1923 жылы ғалымның Мәдениет тарихы атты кітап жазып бітіргенін айтқан болатын. Ғылым, білім саласында қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне мақсатты түрде үлкен мән берген және термин шығармашылығында ұлт тілінің өз мүмкіндігін шебер қолдана білген ғалымның әлі баспа бетін көрмеген немесе кезінде жарияланып, қазір қолға түспей жүрген ондай еңбектері табылып жатса, олардың ішінде де көптеген терминдер мен жаңа қолданыстардың болатындығына еш күмәндануға болмайды. Сонымен, үшіншіден, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаумен бірге әдістеме, тарих және этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты көптегсн терминдер жасаған ғалым. Ғалымның термин шығармашылығындағы қызметінің бір ғана ғылым саласымен шектелмейтіндігі оның жалпы қазақ терминологиясын қалыптастырудағы орнының айрықша екендігін көрсетеді. Алайда А.Байтұрсынұлының қазақ терминологиясының қалыптасуына қосқан үлесі бұлармен ғана бітпейді. Оның Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі ғана емес, солардың ішіндегі аса ірісі, бірегейі екендігін дәлелдейтін деректер ғалым мұрасына тереңірек үңілген сайын табыла береді. Ендігі бір айрықша атап айтуды қажет ететін мәселе - ғалымның терминжасамның тәсілдері мен жолдарын анықтап бергендігі. Яғни төртіншіден, А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтап, оларды өзінің терминжасам тәжірибесінде кеңінен пайдаланған ғалым. Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуын қазақ тілі грамматикасының (сарфы) жазылуымен тікелей байланыста қарастырған жөн. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz