Авторлық құқық туралы мағлұматтар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Авторлық құқық

Авторлық құқық - программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы.

Авторлық құқық - ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.

Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару, орындау және т. б. ) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.

Авторлық шарт, Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т. б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы азаматтық заңнамалармен айқындалады.

Авторлық құқық түсінігінде авторға тиесілі шығармашылық еңбек нәтижесінде пайда болған ғылыми, мәдени жэне әдеби өнертабыстар, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар жатады.

Авторлық құқық және авторлық құқык объектілері бірнеше категорияларға бөлінеді:

Мүліктік және мүліктік емес авторлық құқықтар. Айрықша және айрықша емес авторлық құқықтар. Өнер туындыға айрықша құқығы бар адамдар оны жеке-дара қолдануға құқылы және басқа адамдардың өнертабысты қолдануына тиым сала алады. Өнертабыстың авторы, өз құқығын үшінші тұлғаға бермесе (айрықша қүқыктарын беру туралы авторлық келісім-шарт жасамаса), айрықша құқыққа ие болады.

Өнертуындыға айрықша емес құқығы бар тұлғаға және осындай әдіспен аталған өнертуындыны қолдану үшін рұқсат алған басқа да тұлғаларға, өнертуындыға айрықша құқығы бар түлғамен бірдей қолдануына қүқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, авторлық келісім-шартпен берілген құқықтар айрықша емес деп саналады.

Мүліктік емес авторлық құқық ол жеке құқық болғандықтан, онымен мүліктік құқық сияқты: сатуға, сатып-алуға, сыйлауға, мұралық етуге жасауға болмайды.

Авторлық құқық зияткерлік меншікті қорғайтын нысанның бірі, ғылым, мәдениет және өнер туындыларын жасаудағы жэне қолданудағы қүықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Авторлық құқық автордың бүкіл ғүмырында және автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл көлемінде сақталады. Авторлық құқығы, атына құқығы, автордың атағын қорғау құқығы мерзімсіз сақталады.

Қазақстан азаматтарымен жасалған өнер туындыларының авторлық құқығы, олардың қайда тіркелгендігі немесе тіпті тіркелмегендінен тәуілсіз, мәдени және әдеби өнер туындыларын қорғауға байланысты Берн конвенциясының қатысушылары болатын барлық елде қорғалады.

Авторлық құқық объектілері бағытының қадіріне және бейнелеу нысанынан тәуелсіз ғылым, әдебиет және мәдениет туындылары болып есептеледі.

Сонымен қатар, авторлық құқық объектілерін нақты белгілері болатынын атап кеткен жөн.

Авторлық құқық объектісінің бірінші белгісі - бұл оның жасалуының шығармашылық мінезі, және екінші белгісі-бұл ойын білдірудің объективті нысаны. Бұл дегеніміз, авторлық құқық объектісі автордың шығармашылық еңбегінің нәтижесі болу тиіс, және материалдық жеткізушіде тіркелуі керек (жазбаша нысанда, бейнелеу нысанында, дыбыс немесе бейне жазбаларда, көлемді-кеңістік нысанында), сондай-ақ авторлық құқық көпшілік алдында орындалған ауызша формада болуы мүмкін.

Авторлық құқықты қорғау белгісі, латынның С әріпінің («copyright» сөзінің алғашқы әріпі) шеңбердің ортасына орналасқанын береді. (Сонымен қатар С әріпін жақшаның - «(с) » ішінде де қолдануға болады.

Авторлық құқықты қорғау белгісінің болмауы, авторлық құқықтың қорғалмайтынын білдірмейді, себебі, авторлық кұқық туындының пайда болған кезінен басталып және авторлық құқықты қорғау үшін туындының тіркелгендігі немесе басқада бір формалдықты қажет жоқтығын білдіреді.

Авторлық құқықтың қорғау белгілері бар немесе жоқтығы туындыны лицензиялауға әсер етпейді.

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

Авторлық құқықтың екі түрі бар: мүліктік және мүліктік емес.

Мүліктік құқық туынды авторына өзге біреулер қолданған кезде қаржылық табыс алуға мүмкіндік береді.

Мүліктік емес құқық деп туындыға автор болуға және сол туындыға автордың беделіне нұқсан келтіретін өзгерістерді енгізуге қарсы тұруға мүмкіндік беретін құқықты атайды. Авторлық құқық туралы заңдардың көпшілігінде: автор не авторлық құқықты иеленуші туындыға өзгеріс енгізуге рұқсат етуге немесе керісінше рұқсат етпеуге құқылы деп көрсетіледі.

Туынды авторы рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы:

туындыны әртүрлі формада қолдануға (баспа түрінде немесе дыбыстық жазба түрінде) ;

туындыны көпшілік алдында орындауға (пьеса түрінде немесе музыкалық туынды ретінде) ;

туындыны жазуға (“фиксация”) (компакт-дискке немесе сандық бейнедискке) ;

туындыны эфир, радио, кабель немесе спутник арқылы таратуға;

туындыны өзге тілдерге аударуға;

туындыны өңдеуге (романды фильм сценарийі етіп өзгерту) .

Туындыны тіркеген соң:

• Тіркеудің өзі куәлікте көрсетілген нысанның әдебиет және өнер туындысы екенін растайды, авторлық құқық нысаны ретінде қорғалады;

• Туынды авторының жеке мәліметі көрсетіледі және сол автор сот басқаша шешім шығарғанға дейін автор болып саналады;

• Шығарманың шыққан күні бекітіледі, ал туындының уәкілетті органға түскен күні ең болмағанда сол уақытта туындының бар болғанын растайды;

• Аталған туындының мүліктік құқығы кімге берілгені көрсетіледі. Егер сол құқық авторға тиесілі болмаса көрсетіледі;

• Авторлық куәлікті мемлекеттік орган береді және ресми мөрмен бекітіледі, сот оны растау және авторлық құқық тиесілі екенін дәлелдейтін құжат ретінде қабылдайды;

•Тіркеу туралы куәлік болса, авторлық құқықтың бар екенін және иеленетінін растайтын келісімшарт көрсетудің қажеті жоқ, себебі бұл мәліметтің барлығы куәлікте жазылған;

• Тендерлерге қатысқан кезде авторлық құқықты куәлікпен растау талап етіледі;

• Авторлық құқықтың бар болуы құнын білу үшін авторлық құқық бағалаушыларына жүгінгенде қажет;

• Туындының өзі уәкілетті органда сақталады, дау кезінде сот шығарманы авторлық құқықты тіркеу туралы өтінішпен бірге берілген нұсқамен салыстыра алады.

Авторлық құқық объектiлерi болмайды:

1) ресми құжаттар және олардың ресми аудармалары;

2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер) ;

3) халық шығармалары;

4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.

Қандай жағдайда адам туындының авторы болып саналады?

Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы рәсiмдеу немесе қандай да болсын шартты сақтау талап етiлмейдi.

Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор немесе құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы. Белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай 2 элементтен тұрады:

1) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы) ;

2) туындының алғаш жарияланған жылы.

Өзге де дәлелдеме болмаған кезде туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы авторлықтың презумпциясы деп есептеледі. Авторлықтың презумпциясы тек автордың өзіне қатысты ғана қолданылады.

Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде ол автордың өкiлi саналады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi.

Қазақстан авторлары қоғамы

Елімізде “Қазақстан авторлары қоғамы” республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Бірлестік авторлардың мүліктік құқығын басқару, яғни авторлардың атынан олардың туындыларын пайдалануға рұқсат берумен, авторлық сыйақыларын жинаумен, жиналған сыйақыны бөлу және төлеумен айналысады. Сонымен қатар “ҚазАҚ” авторлардың шағымымен немесе өз бастамасымен де авторлардың бұзылған құқығы үшін сотқа жүгініп, өтемақы талап етеді.

Қоғамдық бірлестіктің 700-ге жуық мүшесі бар. Авторлардың мұрагерлері де қоғам мүшесі болып саналады. Мүшелікке келісімшарт негізінде қабылданады. Авторлық шарт - автор немесе оның мұрагері мен баспа, театр, киностудия және басқалар арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт азаматтық заңнамамен айқындалады.

Авторлар қоғамына мүше болған автор қайтыс болғаннан кейін де оның құқығы 70 жыл бойы сақталады. Туындысынан түскен қаржы оның балаларына, туыстарына беріледі.

Халықаралық және Қазақстан заңнамасының нормаларына сәйкес ғылыми еңбек, әдебиет, және өнер туындыларына берілетін авторлық құқық үшін туындыны тіркеу, туындыны рәсімдеу немесе басқа да бір қағаз жүзінде көрсету талап етілмейді. Бұл ереже туынды авторының кім екеніне қатысты ешқандай дау орын алмаған жағдайда ыңғайлы.

Авторлықты растау үшін кейде автордың өзіне қатысты ашылмаған жайтты, туындының көшірмесін немесе түпнұсқасын, автор туралы мәлімет пен туынды шығарылған күнді көрсету жеткілікті. Алайда көп жағдайда автор сотқа немесе мемлекеттік органдарға өзінің авторлық құқығын қорғауға жүгінгенде мұндай растау жеткіліксіз, авторға қойылатын сұрақты бірі - авторлық құқығын тіркегенін растайтын құжат бар ма? Мұндай жағдайда автор алдын ала ойластырып, өзіне қажетті құжаттарды реттеуі керек.

Туындыға авторлық құқық иелене отырып, өзінің туындысын үшінші бір тұлғалардың пайдалануына рұқсат бере алады, сондай-ақ тыйым да салады. Туындының тіркелгені туралы куәлікті ала отырып оны салық, кеден, құқық қорғау органдары мен сотқа көрсете алады. Авторлық құқықты ресми тіркеу туындыны ақшалай бағалауда да қажет. Студенттер мен ғылыми қызметкерлер үшін туындыны шығарғанына авторлықты ресми растау басылымға жариялау ретінде көрсетіледі, диплом немесе ғылыми атақ алу кезінде маңызды. Кей авторлар үшін бұл жаңа өнім тудыруға, кей жағдайда өзінің шығармашылық қабілетін қанағаттандыруға ынталандыру болып саналады. Авторлық құқықтың тіркелу саны университет үшін рейтинг көтеруге көмектеседі және ғылыми жұмыстар үшін грант алуға сеп болады.

Туындыны тіркеудің артықшылығы ретінде материалдық емес актив түрінде баланста тұрған туындының құны мемлекеттік тіркеу кезінде артады, ал лайықты қорғалса, жыл өткен сайын өзінің материалдық нысан ретіндегі бағасын арттырады.

Туындыны тіркеу бірнеше себепке байланысты орынды:

• тіркеудің өзі куәлікте көрсетілген нысан әдебиет және өнер туындысы болып саналатынын растайды, авторлық құқық нысаны ретінде қорғалады;

• туынды авторының жеке бас мәліметі көрсетіледі және сол автор (авторлар) сот басқаша шешім шығарғанға дейін автор болып саналады;

• Шығарманың туындаған күні бекітіледі, ал туындының уәкілетті органға түскен күні ең болмағанда сол уақытта туындының бар болғанын растайды;

• Аталған туындының мүліктік құқығы кімге берілгені көрсетіледі. Егер сол құқық авторға тиесілі болмаса көрсетіледі;

• Авторлық куәлікті мемлекеттік орган береді және ресми мөрмен бекітіледі, сот оны растау және авторлық құқық тиесілі екенін дәлелдеу ретінде қабылдайды;

•Тіркеу туралы куәлік болғанда авторлық құқық бар және иеленетінін растайтын келісімшарт (еңбек, құқық беру және т. б. туралы) көрсетудің қажеті жоқ, себебі бұл мәліметтің барлығы куәлікте жазылған;

• Тендерлерге қатысқан кезде авторлық құқықты куәлікпен растау талап етіледі;

• Авторлық құқықтың бар болуы құнын білу үшін авторлық құқық бағалаушыларына жүгінгенде қажет;

• Туындының өзі уәкілетті органда сақталады, дау кезінде, мысалы сот «даулы» шығарманы авторлық құқықты тіркеу туралы өтінішпен бірге берілген нұсқамен салыстыра алады.

Сонымен қатар автор мен өтініш берушінің өтініші негізінде берілгені көрсетілетін куәлік, ақпарат авторлық құқық берілгенін растайды, Қазақстанда ғана емес, шет елде де баспа, мемлекеттік және жеке меншік мекемелер мойындайтыны сөзсіз.

Қазақстанда ҚР Әділет министрлігі тіркеуші орган ретінде саналады. АҚШ-та Конгресс Кітапханасы жанындағы Авторлық құқық бойынша Бюро орындайды, Ресейде - Ресей авторлық қоғамдастығы атқарады, басқа елдерде де осыған ұқсас мекемелер тіркейді. Барлық жағдайда тіркелетін құқық нысанына сараптама жасалмайды, бұл тіркеу емес, депозитке сақтау болып саналады, құқықтың мұндай жүйесі өте пайдалы.

Авторлық құқық - цивилистік категориялардың бірі бола отырып, ғылым, əдебиет жəне өнер салаларындағы тұлғаның шығармашылық қызметінің нəтижесі болып табылатын туындыларды пайдалануды реттеуге жəне қорғауға бағытталған нормалар жиынтығы болып табылады. Əртүрлі құқық жүйелеріндегі оның түсінігі, ұғымдары түрлі өзіндік ерекшеліктерге ие жəне де оның мазмұны авторлық құқық («copyright») жəне автор құқықтары («droit d'ayter») терминдерімен сипатталады.

Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея көптеген зерттеушілердің (отандық та, шетелдік те) айтуынша кітап басу ісімен жəне техниканың пайда болуымен тікелей байланысты XVI ғасырда пайда болды. Бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Кейіннен, XVI ғасырда Иоганн Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Шығармашылық еңбек саудаға айналды. Бұл авторлардың осындай туындыларды еркін пайдалануына тежеу бола тұрса да, осы туындыларды пайдалануды реттеуге байланысты сауалдар авторлардың құқықтарын қорғау негізінде емес, кəсіпкерлердің - баспашылар мен кітап сатушылардың мүдделерінің қозғалуымен пайда бола бастады. Яғни, жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бəсекелестік алғашқы «əдебиет қарақшыларын» тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси жəне əлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иегерлері XV ғасырдың аяқ шенінде ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп реттеп, басқарып отырды, яғни Англия мен Францияда корольдермен, германдық князьдықтарда - князьдармен, т. б. берілетін құзіреттер жүйесі орнықтырылды.

Англо-американдық құқық жүйесі елдерінде авторлық қарым-қатынастарды реттеуде сот прецедентімен қатар маңызды рольге заңнама ие болады. Тарихқа үңілетін болсақ, Еуропадағы осы аядағы алғашқы Заң XVII ғасырда дүниеге келді. Ағылшын баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сəйкес əзірленген заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сəуірінде «Королева Аннаның Статуты» деген атпен күшіне енді. Бұл заң, басында тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғап, кейіннен басқа буржуазиялық мемлекеттермен қабылданып, туындыға айрықша құқықтарды қорғаудың фундаменталды қағидаларын бекітті. Қазіргі кезде Англияда 1956 жылғы заңның орнына келген 1988 жылғы Авторлық құқық туралы заң жүзеге асуда жəне бұл заңның күші алғашқысы сияқты бүкіл Ұлыбритания территориясында таралады. Ал суретшілердің авторлық құқығы туралы заң Англияда 1735 жылдың өзінде қабылданған еді.

Əдеби меншік туралы ұғым Францияда бұрыннан пайда болғанымен, ол 1977 жылы XVI Людовиктің күш салуымен бір жүйеге келтіріліп, автордың өз шығармасын басып шығаруын жəне сатуына деген құқығы заңдастырылды. Ал 1791 жəне 1793 жылғы декреттерде автор өз шығармасын қалай пайдаланып, қанша рет басып шығарамын десе де еркі бары айрықша айтылған.

Германияның əртүрлі аймақтарында автордың құқығын мойындайтын құжаттар 1686 жылдан бастап қабылданғанымен, Бүкілгерманиялық алғашқы Заң 1837 жылы жарық көрді.

Ал Дания мен Норвегияда 1741 жылы қабылданып, 1814 жылға дейін күшін сақтаған декретте автор мен оның мұрагерінің құқығы өмір бойы сақталды. 1762 жылы Үшінші Карлдың патшалығы кезінде Испанияда қабылданған Заң кітап шығаруға тек автордың айрықша құқы барын бекітті.

Санаткерлік меншікті қорғауда өз жүйесін қалыптастырған Америкада авторлық құқық туралы заң тұңғыш рет 1790 жылы қабылданған болатын. Авторлық құқықты қорғаудың американдық жүйесі қазір əлемнің қай еліне болса да өз ықпалын тигізіп отырғаны ақиқат. Өйткені жыл сайын мемлекет бюджетіне 350 миллиард доллар пайда келтіретін санаткерлік меншікке иелік жасап, азаматтарының шығармашылық қызметінің табыстарын қорғау арқылы ел байлығын еселей түсуге болатындығы əркімге ақиқат. Сондықтан бұл елдің осы аяны дамытуға күш-жігерді де, қаражатты да аямайтындығы сөзсіз.

Ресейге келетін болсақ, əдеби туындыларды қайта шығару жəне таратумен байланысты қарым- қатынастарды реттеу баспашылар мен кітап сатушылар құқықтарын да, авторлар құқықтарын да қорғау үшін пайда болған жоқ. Ресей авторлық құқығының негізгі ерекшелігі оның цензуралық заңнамамен байланысы болып табылады. 1771 жылға дейін кітап шығарушылық қызмет Ресейде мемлекеттік монополиялар қатарына жатқызылып келді. 1771 жылы Петербургте шет тілдерінде кітап басып шығаруға байланысты құзіреттер енгізіліп, сол кезде шетел əдебиеттеріне цензура енгізілген еді. Орыс тіліндегі кітаптарды басуға мүмкіншілігі бар жеке типографияларға келетін болсақ, оларды құруға рұқсат тек 1783 жылғы 15 қаңтардағы жарлықпен ғана беріліп, ол 13 жылдан кейін өте либералды нормативтік акт ретінде күшін жойған еді. Мемлекеттің кітап шығару аясындағы үстем ролі Ресейде XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ең бірінші авторлардың өз əдеби туындыларына құқықтарын бекітетін заң тек 1828 жылы Цензуралық жарғының арнайы бір тарауы ретінде пайда болды жəне оның бастау көзінде орыстың ұлы драматургтері А. Н. Островский, А. К. Толстой, И. С. Тургенев, Н. С. Лесков сияқты алыптар тұрды. 1875 жылы оған Н. А. Римский-Корсаков бастаған композиторлар келіп қосылды.

Қазіргі кезде Францияда жүзеге асып отырған авторлық құқық туралы негізгі заң 1957 жылы 11 наурызда қабылданған Əдебиет жəне көркемөнер меншігі туралы заң (соңғы өзгерістер 1985 жылы жасалған), ал ГФР-дегі авторлық құқық туралы негізгі заң болып 1965 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Авторлық жəне сабақтас құқықтар туралы заң (соңғы басты өзгерістер 1972-1974 жылдары енгізілген) жəне осы заңмен қатар қабылданған Авторлық құқықтарға билік ету туралы (авторлық қоғамдар туралы) заң танылады.

Авторлық келісім шарттар германдық Азаматтық Ережелерде көрініс тапқан келісім-шарттық құқық нормаларымен, 1922 жылы 7 желтоқсанда қабылданған швейцарлық Əдебиет жəне көркемөнер туындыларына авторлық құқық туралы федералдық заңымен (соңғы өзгерістер 1955 жылы енгізілген) реттеледі. АҚШ-та 1976 жылы Авторлық құқық туралы жаңа заң қабылданып (титул 17 «Авторлық құқық» Құрама Штаттардың заңдар Бостандығы), ол 1978 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. 1988 жылы АҚШ-тың Берн конвенциясына қосылуымен байланысты оған өзгерістер енгізілген еді. Авторлық қарым-қатынастар АҚШ конституциясына сəйкес жекелеген штаттардың заңнамаларымен емес, федералдық заңнамамен реттеледі, сол себепті, 1976 жылғы заң да, оған дейінгі заңдар сияқты федералдық болып табылады.

Сонымен, Еуропа елдерінде де, Ресейде де авторлық құқық алғашында əдеби туындыларды пайдалану құқығы ретінде көрініс тапқан еді. Кейіннен, авторлық құқықпен қорғалатын объектілер шеңбері кеңіп, өз қатарына музыкалық, көркем сурет жəне басқа да туындылар түрлерін қоса түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке мүліктік емес игіліктер
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Азаматтардың мүліктік емес құқықтары оны қорғау тәсілдері
Мүліктік емес құқықтар ұғымын ашу, оның қалыптасу негіздерін анықтау, азаматтық құқықтағы қалыптасқан нормаларын талдау
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
Азаматтық құқықтың обьектілері
Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары
Бизнес жоспарды орындаудағы негізгі міндеттемелер
Мүліктік құқықтар
Азаматтық құқық қатынастары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz