Қазақстанның батыс өңіріндегі киелі нысандарға жалпы шолу және Орал қаласындағы тарихи орындар


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Жаратылыстану және География институты
Қазақстанның батыс өңіріндегі киелі нысандарға жалпы шолу және Орал қаласындағы тарихи орындар
Орындаған: Сайлаубекқызы А. ГЕОГ. 116
Алматы, 2021 жыл
Қазақстанның батыс өңіріндегі киелі нысандарға жалпы шолу және Орал қаласындағы тарихи орындар
«Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл - рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі»
Елбасы Н. Ә. Назарбаев
Рухани жаңғыру - халықтың сана-сезімінің жаңғырып, тарихтан сабақ алып, келешекке нық қадам басуы. Сананың жаңғыруы мәдени жадқа, еліміздің тарихи тұлғаларының қалдырған өнегелерін ескеріп, киелі заттар мен жерлерін білуге негізделген.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Біртұтас ел болу үшін қоғамдық сананы жаңартып, ұлттық кодымызды насихаттау керектігін баса назарға салған еді. Бұл үшін халық санасына жалпыұлттық құндылықтарды тереңдету қажеттігін көрсеткен болатын. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жоба құрылып, еліміздің түрлі өңіріндегі киелі жерлердің сан түрлілігі мен тарихи орындардың көптүрлілігі жайында құнды мәліметтер берді.
Қазақстанның киелі жерлері - тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып, адам мен оның өміріне бағытталған қасиетті өлкелері. Кейбір тұлғаларды мәңгі еске сақтап, халықтың ұлттық мәдени сауатын арттыру мақсатында киелі жерлерді анықтап, халық арасында оның тарихи орын екендігі жайында құнды мәліметтер беріп, келешек ұрпақтың ата-баба ерліктерін ұмытпауға шақыру еліміздің болашақтағы ұлттық құндылығы мен мәдениетінің ғасырлар бойы жалғасуына үлкен септігін тигізері анық. Осындай орындарды білуіміз көптеген нәрсені үйреніп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты өңірдің Киелі мекендерін жүйелеу мен жіктеу арқылы, адамның рухани баю мәселесін алға тартып қана қоймай, сонымен бірге мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетуімізге жол ашады.
Қазақстанның батыс өңірінен киелі жерлер қатарына кіретін орындар өте көп. Қазіргі таңда бұл өңірдің тарихи оқиғалары өткен, шежіреге толы жерлерін Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындар тізіміне қосты.
Батыс Қазақстан облысындағы жалпыұлттық киелі орындарға: Ортағасырлық «Жайық» қалашығы, «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені, Тақсай қорған кешені, Жұмағазы хазірет, Ғұмар Қараш зираты, Жымпиты - Күнбатыс Алашорда астанасы сияқты қасиетті жерлер жатады.
Батыс Қазақстандағы үлкен тарихи мәнге ие орындардың бірі - Ортағасырлық «Жайық» қалашығы. Ел арасында Ысқырық тау аталып кеткен аймақта киелі орын «Жайық» қалашығы орналасқан. Қазіргі Орал қаласының іргесінен орын алған қалашықтан сонау XIII-XV ғасырларға тән нысандар табылған. Бұл нысандардың табылғанына қарамастан киелі орын туралы деректер бұл ғасырдан ертеректе араб жазбаларында кездеседі.
Батыс Қазақстандағы тарихи орындар осы мекендерде болған тарихи кезеңдермен сәйкес келеді. Соның ішінде «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені. Бұл кешен Орда ауылындағы Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Бұл XIX ғасырда Ішкі қазақ немесе Бөкей Ордасының негізін қалаған Бөкей, Жәңгір хандардың тарихи мекені. Тарихи-музей кешенінің аумағында бүгінгі күнге дейін сақталған және мемлекеттік қорғауға алынған тарих және сәулет ескерткіштері болып табылатын тарихи ғимараттар біріктірілген. Аталмыш кешен Халықаралық Музейлер кеңесінің мүшесі болып қабылданып, Париж қаласында тіркелген. Тарихи орында орналасқан ғимараттардың барлығы Бөкей Ордасындағы құнды нысандар мен тарихи жәдігерлер жайында сыр шертеді.
Теректі ауданында сарматтар дәуірінен қалған киелі орын - Тақсай қорған кешені бар. Тарихи жерді шартты түрде 5 түрлі обаға бөліп қарастырады. Әрбір обадан біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырларға тән жәдігерлер табылды. Археологтар бұл жерден алтын әшекейлермен жерленген әйел мүсінін тапқан болатын. «Тақсай ханшайымы» аталып кеткен бұл ескерткіш қазірде Ұлттық музейде сақталып тұр.
Орал қаласынан Жымпиты ауылына қарай аз шақырым жерде Жұмағазы хазірет Тәңкеұлы қорымы бар. Ол XIX ғасырда өмір сүрген дін ғұламасы. Халық арасында «Дәдем ата» аталып кеткен. Аңыздарға сүйенсек, ғұлама Оңтүстіктегі Түркістан қаласында білімін жетілдіріп, Қожа Ахмет Йассауидің қол астында имамдық қызметін атқарған. Уақыт өте келе, Батыс өлкесіне қайта келіп, жергілікті халықтың имани сауатын арттыру мақсатында рухани тәлім-тәрбие берген.
Ішкі Бөкейде дүниеге келген Ғұмар Қараш - өз заманының ойы озық тұлғаларының бірі болған. Ғұмар Қараштың Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында еңселі кесенесі орнатылған. Халқын берекелі ел болуға үндеген қайраткердің кесенесіне жергілікті тұрғындар қазірде киелі орынға мінәжат етуге келеді. Кесене 2017 жылы Қазақстанның Жалпыұлттық қасиетті нысандарының тізіміне енді.
Батыс Алашорданың астанасы - Жымпиты Батыс Қазақстан облысының киелі жерлерінің бірі. Жаһанша Досмұхамедов жетекшілік жасаған Батыс Алашорданың астанасы қазірде ерекше қорғауда тұр. Киелі орында XX ғасырға тиесілі көптеген құнды мәліметтер сақталған.
Жымпиты ауылында Алаш аллеясы, Алашорда музейі әлі күнге дейін жұмыс жасайды.
Батыс өңірі мен Орал қаласында орналасқан әрбір киелі орынның жергілікті халық пен жалпы халық үшін маңызы орасан зор.
Біз үшін Отанымыздың әрбір сүйкем жері қасиетті болып саналады. Алайда Жалпыұлттық маңызға ие қасиетті орындар ұғымын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын ұмытпаған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz