Мұхтар Шаханов жайлы пікірлер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мұхтар Шаханов жайлы пікірлер алғаш рет республикалық газет-журналдарда жарық көрді. ″Жұлдыз″журналының 1974 жылғы №9 санында Д.Стамбековтың ″Жыр иірімі″ атты мақаласы шықты. Сыншы ақынның лирика жанрындағы жетістіктерімен бірге алғашқы өлеңдерінде кездескен кейбір кемшіліктеріне тоқталған. Мысалы: ″Жанды мұнға жібітіп″ ,″Вокзал мен вокзал арасында жүріп, алыстан адам күтуі″ және т.б. сөз тіркестері.
Е.Шаймерденов 1978 жылғы ″Ленин туы″ газетіндегі ″Адамгершілік тақырыбындағы өлендер″мақаласында М.Шахановтың осы мазмұндас өлеңдеріне шолу жасады. Ақынның тақырып таңдау қасиеті баса көрсетілді. 1983 жылы ″Қазақ әдебиеті газетінде К.Ахметованың мезгіл қоңыраулары″атты ауқымды мақаласы жарық көрді. Ақын Мұхтарға жасанды қысым мен шарттылықтан, ерекшеліктен, жайдақтықтан, ауызекі әңгімеге лайық қара байырлықтан сақтану керектігін ескертеді.
Енді көлемді зерттеулерге тоқталайық. 1984 жылы жалын баспасынан ″Сөзстанның″ бесінші кітабы оқырман қауымның қолына тиді. Жинаққа Ә.Нұршайықовтың ″Жол іздеймін әлі ешкім бастамаған″...деген мақаласы енген. Автор М.Шаханов жайлы білгісі келетін көп оқырманның бірі - Айгүлге жауап ретінде оқушыларды ақынның өмірбаяны және творчестволық өсу жолымен таныстырады. Мақалада қызғылықты жазылған өмірбаяндық деректермен қоса, кей өлеңдерінің шығу тарихы да баяндалған.
С. Сейітовтың "Өлең өлкесінде" деген кітабында да Мұхтар өлеңдеріне аз да болса мәнді шолулар жасалған. Сыншы-ғылым "осындай алуан-алуан жақсы ақындар көбейсін" деп ой қорытады.
"Жалын" баспасынан 1984 жылы жарық көрген ғалым-сыншы Б.Кәрібаеваның "Талап деңгейі" атты әдеби сын мақалалар жинағында М.Шахановтың лирикалық өлендеріне бірқыдыру талдау жасалып, ақын шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселелері сөз болды.
Лирика жанрын өркендетуде М.Шаханов тыңғылықты еңбек сіңіріп жүр. Халық өмірінің терең шындығын айқын да әдемі бейнелеген талай-талай туындылары қалың жұртшылықтың рухани серігі болуымен қатар, ұлттық әдебиетіміздің алтын қорын үздіксіз молайтып отырады.
Лирика жанрын өркендетуде М.Шаханов тыңғылықты еңбек сіңіріп жүр. Халық өмірінің терең шындығын айқын да әдемі бейнелеген талай-талай туындылары қалың жұртшылықтың рухани серігі болуымен қатар, ұлттық әдебиетіміздің атын қорын үздіксіз молайтып отырады.
М.Шаханов лирика жанрының барлық түріне қалам тартып жүрген ақын. Гетенің: "Өзіне дейінгі айтылғанды айтылмағандай етіп қайталау" дегені сияқты, Мұхтардың да таңдағаны бұрыннан мәлім - махаббат, табиғат, адамгершілік, азаматтық мораль тақырыптары бола тұра, ақын аталған тақырыптарға жаңа мазмұн, тың өрнек енгізген.
Ақын өлеңдерін оқып отырғанда ол көптеген тақырыпты аттап өтіп, өмірдің бүгінгі күнін келесі күнмен жалғау мүмкін еместей көрінеді. Сөз барысында сыншы С.Әшімбаевтың: "М.Шаханов поэзиясында адамгершілік, мораль мәселесі орынды қойылып жүр" - деген пікірін айта кеткен жөн болар. Осы тақырыптағы "Шапағат", "Тоқшылық" атты туындылары совет адамына лайықты адамгершілікті меңзейді. Махаббат лирикалары абстракт ұғымнан емес, оқиғадан өрбиді. "Ғашықтық ғаламаты" өлеңі осы пікірдің дәлелі.
Ақын өлеңдерінің бір қасиеті - көңіл күй, табиғат деп аталатын лирика түрлерінің жанды образбен жымдасып кетуі.
М.Шаханов лирикасындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесі
Халық поэзиясының дәстүрі - өміршең құбылыс. Халықтың ғасырлар бойы жасап, сақтап келген ақындық дәстүрлері жаңа заманда бірден жоғалып, не өзгеріп кетпек емес. Өйткені поэзия, оның қалыптасқан дәстүрі - сол халықтың қаны мен тәні тәрізді. Әрбір халықтың поэзиясы мен поэзиялық дәстүрі арқылы оның қандай халық екенін тануға, білуге болады. Ендеше поэзия өзінің алдындағы дәстүрден қол үзбеуі қажет. Жаңашылдықтың өзі содан басталады. Горькийдің Халық ауыз әдебиетінен үйрену керек - деген пікірі осыған орай айтылған. Олай болса, бүгінгі поэзия кешегінің жалғасы Халық ауыз әдебиетінің жетілген, шыңдалған, әлі шыңдала беретін түрі. Шынында да, XV - XVIII ғасырларда ғұмыр кешкен Бұқар, Шал ақындардың қазақ өлеңіне салып кеткен кестелері Абай тұсында жаңа сапа береді емес пе. Одан берідегі қазақ поэзиясы Абай өлеңдеріндегі дәстүрді шолумен тынбай, оны искусство дәрежесіне көтеретін жағдайға жетсе, С.Сейфуллиннен О.Сүлейменовке дейінгі күллі қазақ поэзиясы Совет дәуіріндегі поэзиялық жаңа өмір, жаңа тұрмыс заңдарымен өзгеріп, жаңаланғанын дәлелдеді.
Бүгінде ақындарымыз қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдыққа өз үндерін қосып, қазіргі өмірдің әдеби бейнесін тұтас көрсетуге талап жасап отыр.
Бүгінгі ақындар арасынан тақырыбымызға арқау болып отырған Мұхтар Шаханов өлеңдері көпшілікке ойлылығымен, оқырман ойымен тоғысуының сәттілігімен көзге түсіп жүр. Ақын өлең жазу кезінде доктор Ә.Тәжібаевтың: "Біздің өмірді өзіміз танығанымыз аз, оны өзгеге танытуымыз керек. Ол үшін өмірдің негізгі тенденциясын ақын тілімен қанатты жырға айналдыруымыз керек" - деген пікірін еске алып отыратындай әсер қалдырады. Себебі М.Шахановтың қай өлеңін алсақ та "Ғашықтық ғаламаты", "Сенім патшалығы", "Ай туып келеді" тәрбиелік мәні зор. Оқушы ақын өлеңдерін тек қызықтап оқып шықпайды, одан өмірдің қыры мен сырын түйсінеді, өлеңдегі кей кейіпкердің қылығына қызығып ұқсағысы келсе, кейбіреуінен жиіркенеді.
"Перзент жыры" өлеңінде туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік көзқарасында перзент атынан ой тастайды. Туған жердің кімге болса да ыстық екені белгілі. Алайда, ол, кімді, нені болса да жатырқамайды өзіндегі бар болмысын сенің өмір сүруіңе жағдай жасаған. Осынысымен де ол ыстық, осынысымен де ол түсінген, түйсінген адамның шабытын қайрап жатады. Ол ұшы-қиырсыз кең де, қатал талап қоятыны, ағат кетсең аямай жазалайтыны да бар. Ол ұлы ма, кіші ме, кәрі ме, жас па - оған бәрі бір, жікке бөлмейді, алаламайды. Сол үшін де ол ыстық, содай әділдігі үшін де қалтқысыз ынтығасың, саясында болғың келеді.
"Самолеттағы ой" атты өлеңі де сәтті жазылған туынды. Ақын туған жерге әрі биіктен, әрі қашықтан қарай отырып, туған жердегі болып жататын заттар мен құбылыстардың елеусіз байқалмай, танылмай қалыс қалатын ерекшеліктерін жеңіл, ұтымды түрде жеткізген.
Алыстан бір қарағанда көзің тоятын, жақын келіп сөйлесе қалсаң, пікір алалығы көрініп тұратын кейбір арамыздағы азаматтарды тану үшін жазылған өлең екені белгілі.
"Бір тегіс боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар.
Байқалмайды әжім-әжім қыраттар,
Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар"
Осы шумақтағы жыланы бар ұра да, әжімді қыраттар да, мөлдіреп жатқан бұлақтар да өз орнында қолданылып тұрған сияқты болып көрінгенімен, ақынның меңзеп отырғаны адамдар арасындағы көрініс екені даусыз. Жалпы ақынның ақындық қуатын танытуы оның ақын екенін айтып кеуде қағуынан емес, жазған өлеңінің тілге жеңілділігі, ойын дөп жеткізуі, философиялық қорытуы, тіліңнің ұшында тұрғанды әрі қарай жалғастыруы жүзеге асқанда ғана оның ақындығын еріксіз мойындайсың, оны құрмет тұтасың. Мұхтар өлеңінде осындай ерекшеліктер көптеп табылады. Көркем мәнді, құнды сөз құнарлы ойдан ғана туады. Сол себепті ақынның тіл ерекшелігіне, өлең құрылысына, шеберлігіне көбірек тоқталайық. Ақын ойын жеткізуде алуан түрлі амал-тәсілдерді қолданады. Қараспан қыпшақтары туындысында мынадай жолдар бар:
Жер астынан көз жіберіп сонау алыс күндерге,
Менің ата-бабаларым ұйықтап жатыр бұл жерде,
немесе,
Ал, Арыстың ойлы өзені ойға шомып не түрлі,
Сол жылдарға қарғыс айтып күрсінетін секілді
тағы бір жерінде,
Ата-бабаң құм астынан құлақ етіп қияқты,
Сенің әрбір қимылыңды тыңдап жатқан сияқты,-
Деп ата-бабаң Жер астынан көз жіберуі, Ойлы өзеннің ойға шомуы, Жылдарға қарғыс айтып күрсінуі, Құм астынан құлақ еткен ата-баба бейнесі көз алдымызға жанды сурет әкеледі. Ақынның қиял көзі, фантазия күші, суреткерлік қабілеті ашып тұр.
Сөз өнерінің басы- халық творчествосы, фольклор болса, Мұхтар да ұлттық сөз өнеріне көп үңілгендігін байқатады. Ақын халықтың ауыз екі сөйлеу тілінде қолданылатын тұрақты бейнелі сөз тіркестерін сәтімен пайдаланып отырады. Мысалы:
Көңілінің күні жоқтардан,
Табанының бүрі жоқтардан,
Жұрт онсыз да зардап шегіп жатқанда,
Шалалықтан ел несібі шашылар - деген тәрізді жаңа тың тіркестен туған мақал сөздер де ұшырасып қалады.
Адамды арман өсіреді
Адамды арман асырайды
Өсе берді төске шауып, төрге өрлей,
Ерте, ерте, ертеде,
Отырарда
Сен ер жеткен өлкеде - деген тіркестер кез-келген ертегінің басында айтыла беретін халықтық үлгінің көрінісі екені аян.
Кейде Мұхтар өлеңдері фольклорлық сарынымен қанатты ойларға ұласып жатады.
Адамдар аласарады,
Намысы кірлегенде...
немесе
Енжарлық жетіп келеді,
Ерлігің қалғығанда...
...Таяз су да ерке өзенмен жарысқан
Тым жарқырап көрінеді алыстан
Сөз зергерінің кейде шығыстың поэзиясына еліктейтін сәттері де баршылық.
Аңызға құрылса да, шындыққа тұтастай жақын Арман атты балладасында сонау ықылым заманда өмір сүрген шығыстық ғұлама Әл-Фараби мен саудагер Дойылдың екі түрлі көзқарасын суреттеуде шынайы шығыстық өмірдің келбетін көз алдымызға әкеледі.
Мысалы, Медресе үйі, басына сәлде ораған ақ сақалды дана қария, ит өлген жердегі мекен Мысыр, Бағдат елдерінің екі шәкіртке көз тігуі т.б. жәйттерді суреттеуімен ақынның шығыстық өмірдің ерекшелігін жақсы білетіндігін байқауға болады. Алайда, Шаханов негізінен жаңашыл ақын. Оның бұл қасиетін, жаңашылдығын поэтикалық тілінен аңғарамыз.
Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білген де жөн. М.Шахановтың сөздің әсерлілігін күшейту үшін жиі қолданғаны - қайталау. Оның жай қайталау, есеп қайталау сияқты түрлері автор туындыларында молынан кездеседі.
Мысалы жай қайталау:
Ұйықтап жатыр. Тіпті көзің сенбес еді қарасаң,
Ұйықтап жатыр қолтығына найза қысқан қара шал.
немесе:
Кеудесіне кең дала сыйған еді,
Кең даланың мәрттігін жиған еді.
Есеп қайталау:
-Егер олай етпесе,
Естай, Естай бола ма!
Естай, Естай бола ма!
немесе:
Бағаласаң махаббатты бағала,
Бағаласаң махаббатты бағала!
Ақынның шағын өлеңдерінен бастап көсілмелі дастандарына дейін айрықша байқалатын ерекшелік - өлеңге тән еркін көсілу мен халық өлеңдеріне тән шешендіктің қазіргі өмір өресіне сай пікір түйіндеу, астарлы ойларға меңзеу ыңғайындағы поэзия үлгілерімен шебер ұласуы.
Ақынның Әйелдер атты өлеңінен де жаңалық серпінін байқауға болады. Сөзіміз жалаң болмас үшін өлеңнің екі шумағын мысалға келтірейік:
Не толқытса соның мұңын тартарсың...
Аурухана ауласында сытырлатып картасын
Жанарында әзіл ойнап жарасты,
Маған бір қыз бал ашты:
Науқастан ба ерініңіз кезерген
Жазыласыз,
Налымаңыз бекер сіз.
Әйтсе де әйел қауымына ежелден
Немқұрайды қарамайды екенсіз.
Бәрекелде,
Өркен жайсын талабың.
Сәуегейі сен боп жүрме қаланың
Бұл бетіңмен сығандарды жұмыссыз
Қалдырарсың, қарағым, - деген өлеңнің ұйқас ерекшелігі мойын бұрғызбай қалдырмайды. Алғашқы сөйлемді оқығанда басқа жолдарын оқымай-ақ толық түсінесің және мәселенің қуанышты жағдай емес екенін де сезінесің. Өлеңді екі шумақ деп айтуға сыйғыза алмаймыз, өйткені бірінші төрт жолдан кейін ой аяқталмай қалады да, жалғасын күтесің. Осы екі шумақтағы ұйқас та, буын саны да бірдей емес, айнымалы, бірақ мағынасын кетіріп, үркіп тұрмай біте қайнасып тұр.

Ақын өлеңдерінің мазмұны мен пішіні жайлы ойлар
Ақынның Мұхтар поэзиясын түсініп қолдап, соншама, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын Мұхтар Шаханов
Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Мұхтар Шаханов поэзиясы
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар
Колбиннің құйтырқы саясаты
Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
Пәндер