Қашықтықтан оқыту жағдайында ата - аналардың рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сәлеметсіздер ме, құрметті, ата-аналар! «Қашықтықтан оқыту жағдайында ата-аналардың рөлі» тақырыбындағы баяндаманы назарларыңызға ұсынамын. «28» тамыз 2020 жыл.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және бейне кеңеске қатысып отырған қонақтар! Мен сіздерді аудан ата-аналар қауымы атынан жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуымен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Жаңа оқу жылы қашықтықтан оқыту форматында басталады. Қашықтықтан оқыту жүйесін іске асыруда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктелетіні белгілі.

Өткен оқу жылының IV-тоқсанында ауданымыздың ұстаздар қаумы оқушылардың оқу бағдарламасын толық игеріп, сапалы білім алуына бар күш жігерін салып, білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып жұмыс атқарды. Сол үшін мен аудан ата-аналары атынан ұстаздарға алғысымды білдіремін.

Қашықтықтан оқытуды нәтижелі ұйымдастыруда ата-ананың көмегі ауадай қажет. Алғашқыда еліміздегі әрбір ата-ананы мектептердің қашықтықтан оқыту форматына көшу мәселесі толғандырғаны анық. Алайда, кейін індеттің алдын алуда бұл ең оңтайлы шешім екеніне көз жеткіздік.

Мектеп басшылары ата-аналар комитеті мүшелерімен бірлесе қашықтықтан ата-аналар жиналысы өткізіліп, қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы толық мәлімет беріліп, карантин кезіндегі ата-аналардың міндеттері мен жауапкершіліктері туралы айтылды.

Балаларымыз үйде сыныпта отырғандай сезініп, пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болып, үй тапсырмаларында уақытылы орындауға дағдыланды. Олардың қашықтықтан оқыту жүйесіне тез бейімделіп кетуі, әрине, ата-анасы, пән мұғалімі, сынып жетекшісі мен оқушы арасындағы байланыстың арқасында деп есептеймін.

Білім бөлімі басшысы: Менің ойымша, атқарылған жұмыстар нәтижелі болып, оқушыларымыз өткен оқу жылын ойдағыдай аяқтады. Дегенмен, кейбір ата-аналар балаларына компьютер немесе ноутбук сатып алып бере алмады. Нәтижесінде оқушыларымыз пән мұғалімдерімен байланыса алмай, телеарналар арқылы беріліп жатқан бейне сабақтарды тыңдаумен шектелді.

«Еларна», «Балапан» секілді телеарналарда беріліп жатқан Республикамыздың тәжірибелі ұстаздардың бейне сабақтары оқушылардың білімін толықтырды. «Үйренгені бардың, үйретері бар» дегендей бұл бейне сабақтар жас ұстаздар үшінде өте пайдалы. Сабақ перудің әдіс-тәсілдерін үйреніп, біліктілігін арттырады. Сондықтан, құрметті ұстаздар, телеарналарда берілетін бейне сабақтарды үзбей көріп, оқушыларды көруіне бақылау жасауды сұранамын.

Жаңа оқу жылы басталғалы отыр. Қашықтықтан оқыту қашан аяқталатыны белгісіз. Жаңа оқу жылы қарсы алдында қашықтықтан өткізілген ата-аналар жиналысында біраз ата-аналар балаларын қашықтықтан оқыту үшін компьютер немесе ноутбук сатып алып беруге жағдайы келмейтінін айтып, демеушілер және жергілікті бюджет есебінен компьютер немесе ноутбук сатып алып, аз қамтамасыз етілген, мұқтаж отбасы балаларына уақытша пайдалану үшін беруді, ал мектептердегі жұмыс істеуге жарамды компьютерлерді орта буын және жоғарғы сынып оқушыларына уақытша пайдалану үшін таратып беру қажеттілігі жайлы пікір білдірді. Ата-аналар қашықтықтан оқыту бастауыш сынып оқушылары үшін тиімсіз деген ойын айтып, мектептерде санитарлық нормаларды сақтай отырып, кезекші сыныптарды ашуды сұранды.

«Білім негізі бастауышта»- деп бекер айтылмаған. Бастауыш сыныпта нашар оқыған оқушы орта буын және жоғарғы сыныптада нашар оқитыны бәрімізге белгілі. Білім министрлігі мектептерде бастауыш сыныптар үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып кезекші сыныптарды ашуды, ал шалғай ауылдардағы оқушы саны аз мектептер мен шағын жинақты мектептерде оқытуды ұйымдастыруды ұсынған. Бұл ұсынысты барлық ата-аналар қауымы қолдап отыр.

Аудан ата-аналарының пікіріне негізделе отырып, оқушыларды қашықтықтан оқытуды нәтижелі ұйымдастыру мақсатында, балаларымыздың мүддесіне орай ата-аналар қауымы атынан төмендегілерді сұранып ұсынамын:

  1. Барлық бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптарды ашуды;
  2. Оқушы саны аз ауылдық және шағын жинақы мектептерде жалғастыруды;
  3. Әрбір үйде компьютер немесе ноутбук болуын қамтамасыз етуді.

Еліміздің болашағы - жас ұрпақтың қолында болғандықтан, білімді, білікті, дарынды ұрпақ тәрбиелеу - баршамыздың басты міндетіміз.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Назарларыңызға рахмет.

Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы: Миразизов Мирсали Фузаилович

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту жағдайында Балапан телеарнасының қызметі
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Қашықтық оқыту технологиялары
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
КОРОНАВИРУСТЫҚ ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ АСПЕКТІСІ
Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу
Е- learning электронды оқу жүйесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қазіргі заманғы қоғамның қарым-қатынасын өзгертуді іске асыру арқылы балалардың оқу процесінде өз қабілеттері мен жетістіктеріне жетуі
Пандемияның бастауыш мектеп жасындағы балаларға әсерін теориялық зерттеу
Интернет арқылы оқу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz