Шағын кәсіпорындағы қаржылық жағдайына талдау жасау


2. 2 Шағын кәсіпорындағы қаржылық жағдайына талдау жасау
Қазіргі бухгалтерлік есеп кәсіпорындар өзімен қаржылық есептілікті дайындайтын ақпараттық базаны көрсетеді. Бухгалтерлік есепте құрылатын ақпараттар салықтық, статистикалық, басқарушылық есептілікті құру үшін қолданады. Бухгалтерлік есеп жүйесі бұл бір-бірімен байланыста болатын анықталған толық және көп элементтер есебі болып табылады. Мұндай жүйе мемлекеттің, кәсіпорындардың экономикалық қызығушылығын қамтамасыз ету мақсатында қызметтердің соңғы нәтижесін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпараттар жинақталатын логикалық кешенді өзіне қосады.
Барлық қаржылық есептіліктің ақпараттарын пайдаланушылардың мақсаты анықталған мөлшерде экономикалық пайда табу және шаруашылықты тиімді басқару. Кәсіпорындармен құрылатын немесе дайындалатын немесе пайдаланатын тұлғалар үшін кәсіпорындармен құрылатын немесе дайындалатын қаржылық есептілік толық және сенімді болу үшін анықталған маңызды немесе басты қағидаларға және бухгалтерлік есептің концепцияларына негізделуі қажет. Қағидалар халықаралық стандарттарда маңыздылығымен заңдарда және есеп стандарттарда кем дегенде бес қағида көрсетілуі мүмкін:
- есептеу қағидасы;
- қызметтің үздіксіздік қағидасы;
- орындылық қағидасы;
- дәйектілік қағидасы;
- үлгіден мазмұнының бастылығы.
Кез-келген мемлекетте нақтылы тәжірибе бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңды жүзеге асыратын аталған қағидалардан тұрады.
Нақтылы жағдайларда қолданылатын аталған қағидалар стандарттар негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта экономикада өзімен бірге көрсетілетін халықаралық талаптарға сәйкес өңделген жоғары дамыған ақпараттар жүйесі, оның әртүрлі аспектілерін қосатын бірыңғай есеп жүйесі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бекітілген тапсырмаларға сәйкес жинақтау, жүйелеу үшін мәліметтер көзі ретінде есеп жүйесінің негізділігін және тұтастығын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады.
Экономикадағы қаржылық есептіліктің ақпараттық қызметі кең ортаны қамтамасыз ететін кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижесінен туындайды. Шағын кәсіпорындардың жоғары салалық есептілігі нарықта капиталды дамыту және шектелген ресурстарды бөлу туралы шешімді қабылдау үшін, сонымен қатар экономиканың дамуын болжау, анықтау үшін қажет болады. Тұжырымдаманың мақсаты мен тапсырмасы бухгалтерлік есептің, қаржылық есептің және аудиттің ары қарайғы дамуын жүзеге асыру [63] .
Ел басымыз «Қазақстан өзінің дамуындағы жаңа ілгерілеу болжамасында әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы» атты өзінің жолдауында атап көрсеткендей қазіргі бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика бұл қоғамның динамикалық даму және өсу негізділігі. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылудың ең бастапқысы әлемдік экономикаға кіруі. Осыған байланысты мемлекеттің даму процесінде өзекті мәселесі қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру маңызды мәнге ие. ҚР экономикасында бухгалтерлік есептің қызметі қызығушлық танытқан ақпаратты пайдаланушыларға тиімді шешім қабылдау және тиімді басқару үшін қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп салаларын дамытуда тұжырымданың тапсырмасы қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есеп жүйесінің тиімді орындалуын, олардың ҚР экономикасындағы қызметін дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар ҚР Шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. ҚР Шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті халықаралық талаптарға және ХҚЕС сәйкес ұйымдастыру бұл Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады және шетелдік инвестиция ағымын көбейтіп, халықаралық экономикаға енуге мүмкіндік береді [64] .
Бұл жұмыста Шағын кәсіпорындары мысалы ретінде «АБК- ЕрНур» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі мен «Несібе - Өнім» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бухгалтерлік қызметтері, іс-әрекеттері қарастырылған. Осы кәсіпорындардың қаржылық жағдайы мен тұрақтылығын талдайтын болсақ. Біріншіден серіктестік «АБК-ЕрНур» ЖШС-гі мен «Несібе - Өнім» ЖШС-гі Астана қаласында орналасқан. Серіктестіктердің қызметтерінің мақсаты табыс табу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін «АБК- ЕрНур» ЖШС-гі келесі қызметтермен айналысады:
- Ішкі және сыртқы сантехникалық жұмыстары;
- Электро-монтажды жұмыстары;
- Тұрғын үйлердің инженерлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
- Тұрғындар мен заңды тұлғаларға шарт негізінде қызмет көрсету;
- Автономды жылыту құралдарының жылу энергиясын шығаруы және ғимараттар мен үй жайларды жылу жабдықтарымен қамтамасыз ету;
- Лифт шаруашылығын монтаждау, пайдалану және жөндеу;
- Телекомумникация жүйелеріне қызмет көрсету;
- Құрылыс, жөндеу, монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындау;
- Құрылыс материалдарын сату;
- Сауда-саттық, коммерциялық, делдалдық қызмет.
Ал «Несібе - Өнім» ЖШС-гі мынандай қызметтермен айналысады:
- Сауда-саттық қызметтері;
- Делдалдық қызметтері;
- Құрылыс, құрылыс жөндеу, құрылыс- монтаждық жұмыстары;
- Құрылыс материалдарды өндіру, сатып алу және сату;
- Электро-монтаждық жұмыстары;
- Құрылыс материалдар және азық-түлікэкспорты және импорты;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтер;
- Ғылыми-зерттеу қызметі;
- Қонақ үй және қонақ үй шаруашылығын қалыптастыру;
- Сауда үйлерді және коммерциялық сауда жайларын ашу, комиссиондық сауданы қалыптастыру;
- Халыққа медициналық қызмет көрсету және ақылы медициналық мекемелер, аптекалар қалыптастыру;
- Жылжымайтын мүлік опреациялары;
- Консалтинг, маркетинг, «ноу-хау»;
- Дилерлік және дистребютерлік қызмет;
- Заңдармен тыйым салынбаған басқа да қызметтер.
Осыған байланысты «АБК- ЕрНур» ЖШС-гінің балансында берілгендері бойынша активтердің құрылымы мен орналасуын талдау үшін келесідей аналитикалық кесте қарастырайық.
Кесте - 7 - «АБК- ЕрНур» ЖШС-гінің балансында берілгендері бойынша активтердің құрылымы мен орналасуын талдау
Кестедегі берілгендер бойынша активтердің нақты құнын көрсететін баланс сомасы 177 мың теңгеге немесе 40, 62 пайызға өсті. Бұл кәсіпорынның жұмысын оң сипаттайды және оның ары қарай дамуын көрсетеді.
Талданып отырған «АБК-ЕрНур» ЖШС-гінің өндірістік потенциалдық құны 2019 жылы 308, 6 мың теңгені құрса, 2020 жылы 367, 6 мың теңгені құрып отыр. Бұл 59 мың теңгеге немесе 19, 1 %-ға өскенін көрсетіп отыр. Баланс активтерінің жалпы құнында өндірістік потенциалдың бөлігі 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 10, 83 %-ға төмендеп 59 %-ды құрса да, өндірістік белгіленген мүлігінің коэффициенті оптималды мәніне сәйкес келеді (≥ 0, 5 немесе 50 %) .
k ө =Қ өп /Қ аб (2)
k ө - өндірістік белгіленген мүлігінің коэффициенті;
Қ өп - кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны, мың теңге;
Қ аб - барлық активтердің құны, мың теңге.
2020 жылы k ө = 0, 59
2019 жылы k ө = 0, 71.
Серіктестіктердің қаржылық жағдайын талдауын баланс активтерінің құрылымының динамикасын талдаудан бастайық. Бұл талдау кәсіпорынның барлық мүлігінің және оның кейбір түрлерінің абсолюттік және салыстырмалы өсімінің немесе азаюының көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есептіліктің негізгі элеметі болып келетін активтерді талдаған кезде олардың қолда бар мөлшері, құрылымы, ондағы болып жатқан өзерістері зерттеледі. Активтерді толығымен және оның бөлек топтамаларының құрылымының талдауы олардың тиімді орналасуы туралы айтуға болады.
Активтердің өсуі кәсіпорынның жұмысының оң сипаттайды, себебі оның ары қарай дамуын айтады. Бірақ кәсіпорынның мүлігінің құнының өсу себептерін талдаған кезде инфляцияның әсерін ескеру қажет.
«АБК-ЕрНур» ЖШС-гінің балансындағы мәліметтерді талдағанымыздай «Несібе - Өнім» ЖШС-гінің берілгендері бойынша активтердің құрылымы мен орналасуын талдау үшін келесідей аналитикалық кестені қарастырайық.
Кесте 8 - «Несібе - Өнім» ЖШС-гінің берілгендері бойынша активтердің құрылымы мен орналасуын талдау
Кестедегі берілгендер бойынша активтердің нақты құнын көрсететін баланс сомасы 5576, 5 мың теңгеге немесе 46, 3 пайызға өсті. Бұл кәсіпорынның жұмысын оң сипаттайды және оның ары қарай дамуын көрсетеді.
Талданып отырған «Несібе - Өнім» ЖШС-гінің өндірістік потенциалдық құны 2019 жылы 11845, 9 мың теңгені құрса, 202 жылы 15852, 8 мың теңгені құрып отыр. Бұл 4006, 9 мың теңгеге немесе 33, 8 %-ға өскенін көрсетіп отыр. Баланс активтерінің жалпы құнында өндірістік потенциалдың бөлігі 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 8, 4 %-ға төмендеп 90 %-ды құрса да, өндірістік белгіленген мүлігінің коэффициенті оптималды мәніне сәйкес келеді (≥ 0, 5 немесе 50 %) .
k ө =Қ өп /Қ аб (3)
k ө - өндірістік белгіленген мүлігінің коэффициенті;
Қ өп - кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны, мың теңге;
Қ аб - барлық активтердің құны, мың теңге.
2020 жылы k ө = 0, 90
2019 жылы k ө = 0, 98.
«АБК-ЕрНур» ЖШС-гінің балансындағы кестеде келтірілгендей, ұзақмерзімді және қысқамерзімді активтердің арасындағы қаражаттардың бөлінісі екі жылда да қысқамерзімді активтерде көп. 2019 жылы қысқамерзімді активтердің бөлігі 90, 96 %-ды құрса, ал 2020 жылы 90, 37 %-ды құрды. Екі жылда да қысқамерзімді активтердің бөлігі ұзақмерзімді активтердің бөлігіне қарағанда 10 есе көп болып отыр.
Бұл жерде кәсіпорынның активтерінің мобильділігі коэффициентін айта кету қажет.
k м =Қ аа /Қ аб (4)
k ө - өндірістік белгіленген мүлігінің коэффициенті;
Қ аа - кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құны, мың теңге;
Қ аб - барлық активтердің құны, мың теңге.
Бұл коэффициент ағымдағы активтердің құнының кәсіпорынның барлық мүлігінің құнына қатынасы арқылы анықталады. Ол қарыздарды өтеу үшін қаражаттардың бөлігін сипаттайды. Бұл коэффициенттің мәні не ғұрлым жоғары болса, сол ғұрлым кәсіпорында үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету, қарыз берушілермен есеп айырысу мүмкіншіліктері жоғары.
Талданып отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің мәні:
2020жылыk м = 0, 91;
2019 жылы k м = 0, 9.
Екі жылда да бұл коэффициенттің мәні жоғары.
«Несібе - Өнім» ЖШС-гінің балансындағы кестеде келтірілгендей, ұзақмерзімді және қысқамерзімді активтердің арасындағы қаражаттардың бөлінісі 2019 жылы қысқамерзімді активтерде көп, ал 2020 жылы- төмен. 2019 жылы қысқамерзімді активтердің бөлігі 46, 2 %-ды құрса, ал 2020 жылы70, 2 %-ды құрды. 2019 жылы қысқамерзімді активтердің бөлігі ұзақмерзімді активтер дің бөлігіне қарағанда 3, 8 %-ға төмен болып отыр. Ал 2020 жылы қысқа мерзімді активтердің бөлігі ұзақмерзімді активтердің бөлігіне қарағанда 20, 2 %-ға жоғары болып отыр.
Бұл жерде кәсіпорынның активтерінің мобильділігі коэффициентін айта кету қажет.
k м =Қ аа /Қ аб (5)
k ө - өндірістік белгіленген мүлігінің коэффициенті;
Қ аа - кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құны, мың теңге;
Қ аб - барлық активтердің құны, мың теңге.
Бұл коэффициент ағымдағы активтердің құнының кәсіпорынның барлық мүлігінің құнына қатынасы арқылы анықталады. Ол қарыздарды өтеу үшін қаражаттардың бөлігін сипаттайды. Бұл коэффициенттің мәні не ғұрлым жоғары болса, сол ғұрлым кәсіпорында үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету, қарыз берушілермен есеп айырысу мүмкіншіліктері жоғары. k м мәні 0, 5-тен төмен болмауы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің мәні:
2020 жылыk м = 0, 7;
2019 жылы k м = 046, .
2019 жылы бұл коэффициенттің мәні нормасынан төмен, ал 2012жылы жоғары.
«АБК-ЕрНур» ЖШС-гінің балансындағы келесі маңызды коэффициенттердің бірі мобильдік және иммобильдік қаражаттардың қатынас коэффициенті болып келеді. Бұл коэффициент ағымдағы активтердің құны мен ұзақмерзімді активтердің құнының арасындағы қатынасты көрсетеді. Бұл коэффициенттің деңгейі 0, 5-тен төмен болмауы тиіс.
k ми =Қ аа /Қ ұа (6)
k ми - мобильдік және иммобильдік қаражаттардың қатынас коэффициенті;
Қ аа - кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құны, мың теңге;
Қ ұа - ұзақмерзімді активтердің құны, мың теңге.
Талданып отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің мәні:
2020 жылыk ми = 10, 05;
2019 жылы k ми = 9, 38.
Екі жылда да бұл коэффициенттің мәні жоғары.
Ал «Несібе - Өнім» ЖШС-гінің балансындағы маңызды коэффициенттердің мобильдік және иммобильдік қаражаттардың қатынас коэффициенті келесідей болып келеді.
Талданып отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің мәні:
2019 жылы k ми =5557, 6/6480, 2=0, 86;
2020 жылы k ми =12367, 8/5246, 5=2, 4.
Екі жылда да бұл коэффициенттің мәні жоғары.
«АБК-ЕрНур» ЖШС-гі және «Несібе - Өнім» ЖШС-гінің мәліметтерін талдауды жалғастыра отырып, серіктестіктердің мүліктік жағдайында қандай сапалы өзгерістер болғанын зерттеуіміз қажет. Бұл үшін серіктестіктердің өндірістік потенциалының негізгі элементі болып келетін негізгі қорларды зерттеуіміз қажет. «АБК-ЕрНур» ЖШС-гі мүлігінің жалпы құнында негізгі қорлардың нақты құнының үлес салмағы баланс активінің жалпы сомасының 50 %-дан кем болмауы тиіс. Талданып отырған кәсіпорында 2020 жылы8, 93 %-ды құрды, ал 2019 жылы 9, 55 %-ды құрды. Екі жылда да бұл көрсеткіш мәніне сәйкес келмейді.
Келесі қадамда ағымдағы активтерді талдауға тоқталайық.
Кесте 9 - «АБК-ЕрНур» ЖШС-гі ағымдағы активтерді талдау
Ең мобильді активтер - ақша қаражаттары 0, 3 мың теңгеге азайған.
Ал «Несібе - Өнім» ЖШС-гі мүлігінің жалпы құнында негізгі қорлардың нақты құнының үлес салмағы баланс активінің жалпы сомасының 50 %-дан кем болмауы тиіс. Талданып отырған кәсіпорында 2020 жылы 29, 1 %-ды құрды, ал 2019 жылы 52, 6 %-ды құрды. 2019 жылы бұл көрсеткіш мәніне сәйкес келді, ал 2020 жылы - төмен болды. Келесі қадамда ағымдағы активтерді талдауға тоқталайық.
Кесте 10 - «Несібе- Өнім» ЖШС-гі ағымдағы активтерді талдау
Ең мобильді активтер - ақша қаражаттары 1609, 9 мың теңгеге немесе 3187, 9 %-ға ұлғайған.
Қорлардың көлемі 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 5218, 3 теңгеге жоғарылап 94, 7 %-ға ұлғайған.
Мұнда серіктестіктердің айналым қаражаттарының мобильдік коэффициен тін зерттеу қажет. Бұл коэффициент ақша қаражаттарының және ағымдағы активтерінің жалпы құндарының қатынасы арқылы анықтауға болады. Бұл коэффициент ағымдағы борыштарды өтеуге бағытталған қаражаттардың жалпы сомасында қаражаттардың төлемге абсолютті дайын мөлшерін көрсетеді.
k ақ =Қ ақ /Қ аа (7)
k ми - ақша қаражаттардың мобильдік коэффициенті;
Қ ақ - ақша қаражаттардың құны, мың теңге.
Қ аа - кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құны, мың теңге.
Талданып отырылған «АБК-ЕрНур» ЖШС-гінде бұл коэффициенттің мәні:
2020 жылыk ми =0, 36;
2019 жылы k ми = 0, 58.
Екі жылда да бұл көрсеткіштер деңгейі өте төмен. 2020 жылы бұл көрсеткіш -0, 22 - төмендеді.
Ал талданып отырған «Несібе - Өнім» ЖШС-гінде бұл коэффициенттің мәні:
2020 жылыk ми =1660, 4/12367, 8=0, 13;
2019 жылы k ми = 50, 5/5557, 6=0, 009.
Екі жылда да бұл көрсеткіштер деңгейі өте төмен. 2020 жылы бұл көрсеткіш 0, 121-ге өсті. Бұл серіктестіктердің төлем қабілеттілігін төмен деңгейдегі екенін көрсетеді.
Серіктестіктердің дебиторлық берешектерін қарастыратын болсақ олар келесідей болып келеді:
«АБК-ЕрНур» ЖШС-гінде дебиторлық борыштың үлес салмағы өте жоғары. Егер 2019 жылы оның мөлшері 124, 3 мың теңгені болып үлес салмағы 31, 37 %-ды құрса, 2021 жылы236, 9 мың теңгеге дейін өсіп 42, 8 %-ды құрды. Бұл көрсеткіш 112, 6 мың теңгеге ұлғайып, 90, 6 %-ға өсті.
«Несібе - Өнім» ЖШС-гінде бұл дебиторлық борыштың үлес салмағы өте төмен. Егер 2011 жылы оның мөлшері (-0, 5) мың теңгені болса, 2012жылы(-20, 5) мың теңгеге дейін төмендеп (-0, 2) %-ды құрды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz