Бастауыш сынып оқушыларын дамыта отырып оқыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып оқушыларын дамыта отырып оқыту

Баланың дамуы тек өмір тәжірибесімен, бағдарламалық білім көлемін меңгерумен есептелмей, оның оқу әрекеттерінің қалыптасуымен, білімге құштарлығының дамуымен, өзін-өзі тәрбиелеуге дайындығымен, білім алуға өзіндік талпынысымен, сана-сезімі және эрудициясымен айқындалады. Жалпы алғанда әр түрлі пәндер бойынша алған білім көлеміне қарап, баланы дамыған деп айту қиын. Осы кезге дейін бастауыш сыныпта оқытып, білім берудің жетекші мақсаты оқу, жазу, есеп шығару, қоршаған дүниеден білім беру, осының негізінде оларды орта мектепте оқуға дайындаумен шектелді.
Қазіргі таңда оқушыларды дамыту мәселесі бағдарлама мазмұнында арнайы қаралып, айқын көрсетіліп отыр. Шын мәнінде білім беруді оқулықтармен, оны оқытуды жұзеге асыратын әдістемелік құралдармен және қосымша материалдармен қамтамасыз етіліп, сонымен қоса оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушыларды дамыту мақсатына бағытталса ғана, бағдарлама талабы шешімін таппақ. Бастауыш буынды бітірген оқушынының даму деңгейін бірнеше жағдайдан байқауға болады:
- бастауыш мектеп оқушысының өздігінен білім алу, өзгергіш ортада кездескен жағдаяттарға сәйкес әрекет етіп, дұрыс шешім қабылдау мәдениеті мен эрудициясына қарап;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу, білім алу, даму талаптарына сәикес іскерлігі, өздігінен жұмыс істей білуі, өзін-өзі басқаруы, белсенділігі, жауапкершілігі, білімін жалғастыруға дайындығы сияқты негізгі оқу әрекеттеріне қарап.
Оқу мен дамудың арасындағы сәикестік реттелгенде ғана оқушыны дамыған деп айтуға болады. Дамыған оқушы өз құрбы-құрдастарынан біраз айырма жасайды. Ол айырмашылық оқушының жекебастық ерекшелігі- қызығушылығы, қабілеттілігі, бейімділігі, ықыластылығымен айқындалады. Мұндай оқушының жекебастық дамуының көзін ашу жиі айтылғанмен оны толық жүзеге асыру әлі өз шешімін таппай келеді. Сондықтан да, жекебастық қасиетті дамыту жайында әр түрлі деңгейде, әр түрлі мәселе көтерілумен қатар білім мазмұны да, оны оқытудың әдіс тәсілдері де, тек "орташа" оқушыға бағытталып, білім беру мен дамыту арасында қайшылық туып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларын өз ісіне жауапсыз немқұрайлы қарайды деп айтуға болмайды. Олардың өз іс-әрекетіне баға беруге, берілген білімнің маңызын түсінуге, жеңіл болжамдар жасауға, оны шешудің жолын іздестіруге, жеткен жетістіктеріне қуанып, сәтсіздіктерінің себебін анықтауга қабілеті жетеді. Бірақ, мұндай жағдай тек оқу әрекеті қалыптасқан, өздігінен оқуға, талпынатын, өз ісін бағалауға мүмкіндігі бар оқушыларда ғана болады.
Оқушыларды мұндай деңгейге көтеру үшін ХХІ ғасырдың бастауыш мектебі бірнеше өзекті мәселелерді шешуге жұмылуы керек:
Біріншіден,ең алдымен, бастауышта білім берудің жетекші (приоритеттік) мақсатын айқындау; екіншіден, кіші жастағы оқушыларды дамытудың жолдары мен әдістерін жете түсініп, оны жаңаша қолдану; үшіншіден, болашақ бастауыш буынға берілетін білім жүйесін қайта қарап, мазмұнын айқындау міндеттері туындайды.
Кіші жастағы оқушыларға білім берудің жетекші (приоритеттік) мақсаты қандай болмақ?
1.Әрбір оқушының ерекшелігі мен мүмкіндігіне қарай, оның қабілеті мен эрудициясын қалыптастырып, олардың өздігінен білім алуға, алған білімдерін салыстыруға, қортындылауға, және меңгерген ұғымын түрлі іс-әрекет барысында тиісті жерде орынды қолдануға дайындығын дамыту.
2.Оқушының оқу мақсатын түсінуі, түрлі тапсырманы орындау жоларын анықтауы, білуі, өзін-өзі бақылау, бағалау т.б. оқу әрекеттерінің негізгі компоненттерін меңгеру мәдениетін көтеру.
3. Оқушының жекебастық сапасы: білімділігі, адамгершілік, маңайымен қарым -қатынас мәдениеті, өзін-өзі ұстау және басқару мүмкіндігін қалыптастыру.
4.Оқушының рухани байлығын қалыптастырыу, бұл-эстетикалық, экологиялық тәрбие негізінде өрбитін мәселе. Оқу үрдісінің осы мақсаттарға бағытталуы- оқушылардың рухани, психологиялық тұрғыдан сапалы дамуын қамтамасыз етеді.
Осы тұрғыдан алғанда болашақтағы онекі жылдық білім беру бағдарламасының жобасында оқушыларды дамыту мәселесіне баса көңіл бөлініп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, білім мен тәрбие барысында ең алдымен оқушыларды дамыту мәселесі бірінші орынға қойылады. Қазіргі кездегі педагогикалық тұжырым анықтамалары бойынша дамыту мына тұрғыдан қаралмық:
Даму- оқушының өз білімін кез келген қалыптан тыс жағдаяттарда қолдана білу білігінің қалыптасуы. Сонымен қатар, оқу әрекеттерін таңдап, қолдануда дербестік пен ынталылық көрсетуі.
Даму-оқушының білім алу жолында мақсат қойып, оны өздігінен шешуге талпынысы, әр істі дәлелдеудегі белсенділігі, кез келген мәселені шешуді шығармашылықпен орындауға тырысуы.
Даму-өзінің білмейтінін мойындау, жіберген кемшіліктері мен қателерінің себебін табу, өз әрекетінің, ісінің нәтижесін өте жоғары нәтижелермен салыстыру, осы мәселелерді шешудегі оқушының дербестігі.
Әрине, егер бастауыш сынып оқушыларының (жас ерекшелігін ескерсек, бұл психологиялық үрдінің ең жоғары деңгейі. Бұл жетістіктерге жету үшін оқу әдістерінің тиімділігін арттырумен қатар, білім берудің басты принциптерін жүзеге асыруды үнемі ойда ұстап, оған баса көңіл бөлінуге тиіс. Оқушының дамуына негіз салатын оқытудың белсенді әдістерімен қатар оқулықтар және оқу құралдары.
Сондықтан да қай пән болмасын оның бастауыш сыныпқа арналған мазмұнына мына талаптар қойлады:
Түсініктілік, оқушының жас ерекшелігіне сәйкестік.
Онекі жылдық мектепте білім берудің алты жастан басталуына байланысты білім мазмұны тиянақты іріктеліп, оқушылардың ұғымына қиын соғатын теориялық материалдардан арылту арқылы олардың талабы мен талпынысын, қызығушылығын дамытуға лайықты мағлұматтардың енуі.
Алты жастық оқуға көшу қазіргі таңдағы оқушылардың психофизиологиялық, интелектуалдық дамуын, олардың күнделікті ақпараттардан алатын мәліметтерін ескереу көзделеді.
Алты жасар бала мектепке ана тілінің дыбыстық ерекшеліктерін ажырата алатындай, сөз қоры біраз дамыған, соның нәтижесінде сөйлем құруға, әңгімелесуге, оқу барысында өз ойын айтуға дайындығы болып келуге тиіс. Бірақ, олардың дене бітімінің әлде де болса, физиологиялық тұрғыдан толық жетіліп болмағандығын, еркінің, ықыласының тұрақсыздығын естен шығармауға тиіспіз. Сондықтан, оларға берілетін білім көлемі, оның нақтылығы және жас ерекшелігіне сәйкестігі ескерілумен бірге, оқыту мен тәрбие барысында ойын әдістерін қолдану басым орын алуы өте орынды мәселелердің бірі.
Кіріктіру және білімді кіріктіре отырып беру бастауыш буында оқытудың негізгі принципіне айналып отыр. Бірақ, әр пән өз дербестігін жоймауға тиіс. Мұндай жағдайда білім аймақтарының мазмұны жағынан жалпы кіріктіру қаралады. Кіріктіре отырып білім беру арқылы оқушылардың жүктемесін жеңілдетуге жағдай жасалады.
Кіріктіру арқылы дүниенің біртұтастығын, оның бүкіл нысандары мен құбылыстарының байланыстылығы туралы түсініктері қалыптасады. Кіріктіру арқылы бірнеше білім аймағы: қоғам, жаратылыстану, тарих, география ұғымдары байланыста меңгертіледі. Әсіресе, "Дүниетану" ("Қоршаған дүние") пәні арқылы оқушыларда қоршаған дүниенің бір-бірімен тығыз байланыстылығы туралы білімнің қалыптасуына жағдай туады. Кіріктіру негізінде оқушыларда барлық пәндерге ортақ шешуші оқу әрекеті қалыптасады. Кіріктіру арқылы оқушылардың пәндер бойынша алған білімі мен сарамандық жұмыстарының арасындағы нақты байланыстарды сезінуіне мүмкіндік туады.
Саралап оқыту-оқушының жеке бастық ерекшелігін дамыту.
Жекебас ерекшелігін байқап, оны әрі қарай дамыту үшін, мұғалім әр оқушының мүмкіндігін жете зерттеуге тиіс. Сонда ғана саралап оқыту өз мақсатына жетеді. Саралап оқыту барысында мұғалім оқушымен бірігіп талдау, ақылдасу, ойлану, іздену, осы арқылы нәтижеге жету жағына баса көңіл бөледі. Мұндай қарым - қатыс оқушыны шығармашылыққа, ізденуге, ойлануға жетелейді. Бұл әдіс білімді жүйелеу, бақылау, өзін-өзі тексеру, бағалау, өзін-өзі бағалау кездерінде де, яғный, білім беру үрдісінің өнебойында қолданады. Сонда ғана, оқушының білімге деген қызығушылығы артып, жекебас ерекшелігі ашылып, оқу әрекеттері қалыптасады.
Осы түста бастауыш буын оқушыларының қабылдауы мен есте сақтауын дамытуға да баса көңіл бөлінуі керек.
Бұл өмір бойы дамып, жетіліп отыратын үрдіс болғанмен, оның негізі мектепке дейінгі кезде басталып, бастауыш сыныпта жалғасын табады. Мұғалім оқушыға дайын мәліметті қабарлаудан гөрі олардың өз ісін тексеруіне, жетістіктері мен кемшіліктерін табуына, сол арқылы өз әрекеттеріне баға беруіне жағдай жасайды. Сол арқылы оқушылардың ізденушілігі артып,қиялы дамып, шығармашылығы қалыптасады.
Саралап оқыту барысында түрлі жаттығулар мен тапсырмалар көлемі жағынан да, қиындығы жағынан да, әр түрлі деңгейде беріліп, оқушының дамуының "жақын аймағына" жетуіне көмектеседі. Бұл әр оқушының өз мүмкіндігіне қарай қиындықты жеңуіне мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны білім беруге байланысты мына мақсаттарды шешуді көздеп отыр:
оқытуды кіші мектеп оқушыларының қабілетіне, жекебастық, психологиялық ерекшелігіне және мүмкіндігіне негіздеу;
әрбір пәнді оқытуды оқушының жалпы дамуына, оқу әрекетінің қалыптасуына бағыттап, олардың рухани және эмоциялық мәдениетін көтеруді қамтамасыз ету;
оқушылардың жекебастық ерекшелігін ескеріп, саралап, даралап оқыту арқылы кездескен қиындықтарды жеңе отырып, әр оқушының өз мүмкіндігіне қарай дамуына жағдай жасау.
оқушының жекебастық сапаларын: физиологиялық: көру, есту, сезіну, байқау; интелектуалдық: ойлау, қортындылау, салыстыру, пікірінің қисындылығы мен жүйелілігі; эмоциялық: көңіл күйдің көтеріңкілігі, қиялдау, пәнге шығармашылықпен қарау; жекебастық: адамгершілік: мейрімділік, қайырымдылық, ынталылық, топпен бірігіп жұмыс істеу, жолдастарымен қарым-қатыс жасай білу.
Бұл сапалар келешекте оқушылардың үйлесімді дамуының бастамасы ретінде жалғаса бермек.
Бастауын сынып жүйесіне еніп отырған бұл жаңа бағыт келешекте маман болатын жастарды, яғни студенттерді дайындау мәселесіне де жаңа тұрғыдан қарауды керек етіп отыр.
Оқушының жекебастық сапасы- білімділік, адамгершілік, маңайымен
қарым-қатнас мәдениеті, өзін-өзі басқару.
Даму- оқушының өз білімін кез келген қалыптан тыс жағдаяттарда
қолдана білу білігі.
Кіріктіру- арқылы бірнеше білім аймағы: қоғам, жаратылыстану, тарих,
география ұғымдары байланыстыра меңгеріледі.
Жекебастың физиологиялық сапасы-көру, есіту, сезіну, байқау.
Жекебастың интелектуалдық сапасы- ойлау, ой қорыту, қортындылау,
пікірінің қисындылығы мен жүйелілігі.
Жекебастың эмоциялық сапасы-көңіл-күй, қиялдау, пәнге шығармашылықпен қарау.
Оқыту үрдісі- білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқыту- мақсатты үрдіс.
Оқытудың міндеті-оқушыны қоршаған ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.
Оқытудың алдына қоятын ортақ мақсаты-білімдендіру,білім қорын молайту, тәрбиелеу, дамыту.
Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі білім саласына өзгеріс ендірмей қоймайды. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени қарымы білім саласының жай-жапсарына және оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты - екендігі орта білімнің мемлекеттік стандартында айқын көрсетіліп отыр.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында адам шығармашылық пен мәдениет үлгілерін тарататын субъект ретінде көрінуімен құнды екені атап айтылған. Шығармашылық әрекет адам баласында бірден пайда болатын дағды емес. Ол оқудың, білім алудың, алған білімін іс жүзінде қолданудың нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын біліктік дағды.
Қазіргі таңда пән бағдарламалары ғылымилық мазмұнды қамтамасыз етумен қатар білімді ізгілендіру жағына да үлкен мән береді. Бастауыш білім жалпы білім беру жүйесінің алғашқы, әрі маңызды сатысы, білім беру жүиесінің ірге тасы. Олай болса, оқу үрдісіне қойылатын талаптардың жүзеге асуы осы сатыдан басталады.
Білім беру - қоғамдық процесс. Сондықтан қоғам алдында болашақ жастарды өмірге дайындауда туған талап-тілектер оқу бағдарламасының мақсатына енеді. Осы негізгі мақсаттан оқушыларға бағдарлама мазмұнына сәйкес білім берілуі керектігі туындайды.
Әр уақытта да адам бойындағы білім оқу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатыны белгілі. Оқу, білім алу - дамудың негізі. Оқу арқылы алған білім біртіндеп басқа іс-әрекеттердің де дамуына жол салады. Даму - психологиялық процесс. Дамудың психологиялық заңдылықтары бұрыннан да зерттеліп келді, қазіргі кезде де зерттеліп отыр. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, Давыдов, П.Гольперин, Т.Тәжібаев,
Қ.Жарықбаевтар даму мәселесін жан-жақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектептің дамыта оқытудың таным өрісі
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдері
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Дамыта окыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму динамикасы
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың дидактикалық шарттары
Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Пәндер