ХХ ғасыр басындағы мерзімді басылымдардың жарық көруі мен құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

1. 1 ХХ ғасыр басындағы мерзімді басылымдардың жарық көруі мен құрылымы

Осыған дейін түрлі тарихи жағдайларға, әсіресе Сталиндік репрессияға байланысты Қазақстан жүрналистикасының тарихы таяз зерттелген болатын.

Кеңес дәуірі сол уақыттағы ағартушылар мен публицистерінің жұмыс жасауына мүмкіндік бермеді. Ал қазіргі Қазақстанның жаңа заман журналистикасы тамыры тереңге жайылған өз тарихымен сабақтасып, өзіне тән ерекшеліктер мен дәстүрлерін сақтап қалды. КСРО заманындағы журналистиканың бағыты мен түрлерінде де айтарлықтай ерекшеліктер болды. Ол уақытта бұқара халық үшін маңызды, ағартушылық рөл атқарған ақпараттармен бөлісі мұмкін болмады. Сол себепті егемен елдің журналистика тархын зерттеуде оның басты қағидалары сақталып, жұмыс барысындағы объективтілік пен рухани мұрасын кеңінен зерттеу - басты талап болып қалады. 1907 жылы жарық көрген "Қазақ", "Мерке", "Орал" газеттері сол уақыттағы публицисттердің терең білімін көрсетеді. Ресейде 190-1907 жылы болған наразылық акті Ресей елінің орталығында орналасқан аталмыш газеттерде болды. Бұл басылмадардың сол кездегі тақырып аясы - патша үкіметінің көшіру саясатын, қазақ жеріндегі түйіні тарқамаған түйткілді мәселерін, демократияға талпыну арқылы үкіметтке бағынбауға үндеу сынды тақырыптарды қамтыды. Осы орайды, әйгілі жазушы, сол уақыттың елеулі ағартушыларының бірі - М. Дулатовтың әділетсіздікке қарсылық һәм өз құқтары үщін күреске үндейтін, алаш халқына арналған мақаласы зор мәнге ие болды.

Патша билігінен зардап шегіп, оның нағыз отарына айналып отырған елдердің «мұсылман қозғалысы» болып саяси тұрғыда жұдырықтай жұмылып, ұйысуы және азаттық жолында одан әрі мықты болуға шақыру сол уақыт басылымдарының негізгі тақырыбына айналды. Патша билігіне қарсылық танытып, үндеулер жариялауда 1907 жылы Семейде жарық көрген «еңбек өмірі» журналы алға шықты. Ал, осы жылы Петропавлда «Степная газета» атты партия атынан алғаш рет ресми түрде газет шығады. Бұл баслыым В. В. Күйбышевтың басшылығымен оқырманға жол тартады.

Азаттық қозғалысы белең алған уақытта отандық демократиялық басылым, яғни тұңғыш еркін әрі тәуелсіз баспасөз пайда болады. 1911-1913 жылдары басылған "Қазақстан" газеті зиялы қауым мекемесі болды. Газет толықтай тәуелсіздік пен еркіндік құндылықтарын насихаттай және ағартушылық мәнде жұмыс жасады. Басылымда елдің барлық салалары бойынша ауқымы маңызға ие мәселері жарық көріп отырды. Е. Бурин, Г. Карташов, Б. Қаратаев, С. Мендешев еңбектері еркіндікке ұмтылыс бағытына жаңа серпін берді. 1912-1914 жылдары Петербург қаласында жарық көрген «Правда» қоғамдық-саяси газеті елге тарады. Онда да қазақ мүддесі мен оның проблемаларына арналған еңбектер жарық көрді. «Правда» газетінің қазақстандық жергілікті журналисі Ж. Болғанбаев болды. Одан әрі 1911-1915 жылдары ең бірінші рет «Айқап» қоғамдық-саяси журнал дүниеге келіп, көрсетілген мерзім аралығында айтарлықтай тындырымды тірліктер атқарады. Бұл басылымның негзін қалаған әрі бас редакторы - М. Сералин болады. Ал ондағы ұлттық мүдде үшін аянбай еңбек еткен басты идеологтары - С. Көббев, С. Торайғыров, С. Сейфуллин, С, Дөнентаев және басқалар болды. Басылымда қазақ қалаулыларының мұсылман ұйымы жұмысына атсалысудың жалпы тарихы келтіріледі, Мемлекеттік Думаның жұмысы жайлы айтылады. Білім беру бағытында халық санасының, әдебиеті мен басылымдарының ілгерілеуінде «Айқап» зор үлес қосты. А. Байтұрсынов пен М. Дулатов басшылығымен жарық көрген "Қазақ" газеті «Айқаппен» іргелес дамып, полемика жүргізді. Олар елді дамыту мен демократия жолындағы күреске байланысты пікірталастар жүргізіп, өз ойларын белсенді түрде жариялап отырды.

Қазақ журналистикасы тарихындағы мәнді уақыт - халық шебінің алдыңғы қатарында тұрған ағартушылардың саяси тұрғыда ұйысу ортылғы болған 1913-1918 жылдары шыққан "Қазақ" қоғамдық-саяси басылымының жұмыс істеуі. Басылым ел сөзін сөйлей отырып, тілі, көзі һәм құлағы, ашынған даусы мен құқығын қорғаған жақтаушысы болды. 1916 жылғы ұлттық көтеріліс уақытында газет барлық үрдісті нейтралды бағытта мәлімдеп, елді жұдырықтай жұмылуға шақырды. Бұл ілгерілеуді ел ағартушыларының саяси жұмысын қамтамасыз ететін басылым болды, осы арқылы демократия үшін ұмтылыс жоспарын дауындау болды. Басылымның партиялық та ұстанымдары болды. "Алаш-Орда" ұлттық партиясы "Қазақ" газеті үндеуінің әсерінен дүниеге келді. Басылым патшаға бағынатын халықтар діни талаптар мен қатар, саяси талаптарды да алға тартқан Ресей мұсылмандарының съезін ашық түрде жариялады.

Патшалық Бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында отарындағы елдерге деген саяси талаптарын өсірді. Билік тарапынан болған әділетсіздікғ арамдықғ қазақ қоғамын қараңғылау, еркін өмір салтын ұстана алмау, халық санының азаюы, халық экономикасының құлдырауы жұртшылықты тығырыққа тіреді.

Осыған байланысты барлық аудандарда билікке қарсықылық пен бағынбаушылықтар белен алып, ашық нараздық білдіру көрініс тапты. Бұлар Уфа қаласында 1915-1918 жылы жарық көрген «Садақ» қолжазба журналында жарияланды. Бейімбет Майлин және Ж. Төлепбергеновтердің басшылығымен және редакциялығымен жарық көрген. Сондай-ақғ 1917-1918 жылдары «Сарыарқа» газеті, «Бірлік туы» газеті, 1918-1919 жылдары Мұстафа Шоқайдың бастамасымен «Жас Азамат» қазақ жастарының органы, К. Кемеңгенров редакциялаған 1916-1917 жылдары шыққан «Алаш», Тоғысовтар бастаған «Уран» және «Абай» қоғамдық-саяси журналдары Бұл газеттер мне журналдар ұлт-азаттық қозғалыстың шарықтауынан соң жарық көрді. Газет-журналда Қазан төңкерісінің деректері жарияланды. "Алаш Орда"партияларының жұмысы туралы жариялымдар болды. Жарық көрген еңбектер, мақалалар, газет-журналдар отарлыққа қарсы ұстанымда болып, Ұлттық тәуелсіздік туралы үндеді. Ұлттық егемендік пен тәуелсіздігіне барынша ұмтылып, еңбек еткен "Алаш-Орда" партиясының ұстанымдары мен бастамаларын қолдады.

Елді басыну мен құықтарын таптау фактілерінің өсі, биліктің жер саясаты, капиталистік қатынастардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне кірісуі қазақ елінің ұлттық сана-сезімінің көтерілуіне алғышарт болды. Қазақ халқындағы егемендікке күрес бірізді болған жоқ, онда алуан түрлі саяси көзқарастар мен идеялардың бағыттары болды, ал нағыз орталық нүктесі ұлттық зиялы қауым, Петербург, Мәскеу, Қазан, Томск және Орынбор білім ордаларын тәмәмдаған азаматтар болды. Ұлт зиялыларының әртарапты көзқарастарын анық көрсеткен "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті болды.

1911 жылы екі даңқты газет - "Қазақстан" газеті жарық көреді, оны Әзірбайжан мұнай магнаты, миллионер Зейнелгабиден Тагиев қаржылай қолдауының арқасында Шангерей Бөкейұлы (Шахин-Гирей Бөкеев) құрды. Сондай-ақ, кадет корпусының тәмәмдаушы, ақын және ағартушы, "Айқап" журналының артында тұрған, зағ білгірі, қоғам қайраткері Жиханша Сердалин болды. 15-жариялымынан(нөмірінен) соң жұмысы тоқтатылған "Қазақстан" газетіне қарағанда, дала ақсүйектерінің - ру көсемдері мен шыңғысидтер өкілінен тұрақты оқырмандары мен жазылушылары болған, 500 дана тиражбен шыққан "Айқап" журналының ғұмыры ұзағырақ болған.

"Айқап" баслымының барша, атап айтқанда Ресей империясының отарышыл саясаты негізінде құрылған "Түркістан уәлаятының газеті" және "Дала уәлаятының газеті" басылымдарынан өзгешелігі, мұнда ХХ ғасырдың бастапқы кезінде елдің мәдени (әдеби) қозғалысы мен қоғамдық ойының дамуы көрініс тапты. Сорбонна білім ордасы ғалымдарының пайымдауынша, " Айқап "20 беттен құралған, керемет сәнделіп, рәсімделген, сондай-ақ, журналистері: тарих, білім беру, тіл маманддар мен ақындарды болған ғажап ұжымының бірізді еңбегі негізінде таралып, басылып отырды" және "әдебиеттің ілгерілеуіне, қазақ әдеби тілінің жасалуына айтарлықтай еңбек етті; елдің өзіне ғана тән этно мәдениетке көңіл бөліп, ["Айқап"] журналы қазақстанның халық шығармашылығы мен этнографиясына көптеген зерттеулерді арнады".

1911-1915 жылдары шыққан "Айқап" журналы (баспагері және редакторы - Мұхамеджан Сералин (1871-1929 жж. ) Қазақстандағы идеялық - саяси көзқарастардың аграрлық - демократиялық бағытын білдірді. Онда Ж. Сейдалин, Б. Қаратаев, С. Торайғыров, С. Сейфуллин, Б. Майлин және т. б. қызметтес болған журнал беттерінде қазақ ауылындағы аграрлық қатынастар, ағарту және білім, тауар-ақша қатынастарын ілгерулету процесі жарық көріп, биліктің отаршылдық саясаты анық көрсетілді. "Айқап" журналындағы басты тақырып аграрлыққа бағытталды, яғни "Айқап"-та тауар-ақша қатынастарын ілгерілету, мал шаруашылығының өсуі, қазақ шаруашылығының нарықпен етене байланыстарын қалыптастыру, кәсіпкерлік, кооперацияны ұйымдастыру маңызылы және т. б. мәселелерге маңызды орын берілген.

Өлкенің қоғамдық-саяси тіршілігін өсіру бағытынад либералды демократиялық бағыт қоғамның эволюциялық ілгерулеуін сұрады. "Қазақ" газеті большевиктер бір күнде елдің тіршілігін, ата дәстүрі мен дінін, табиғатына серпіліс әкелу мүмкін емес деген тұжырымдамаға қарсылығына жазды. Газет үкімет ықпалын жоюып, өз ойыларын әділетсіз, құйтырлықпен алға дамытуда делінді. Жалпылама қарағанда, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірін алға жылжыту жайына сан алуан ұстанымдарды ескермесек, "Айқап" журналы мен "Қазақ" газеті қазақ халқының еркіндігі мен ұлт болып қалыптасуына байланысты айтарлықтай үлес қосты.

Бұдан соң, билік үкімі бойынша Каспий маңы облысындағы мұсылман комитеттеріне шектеу қойылды. Билікке қарсы баспалардың жұмысы тоқтатылды: "Түркістан курьері", "Түркістан сөзі", "Түркістан хабаршысы" (Ташкент), "Асхабад", "Степная речь" (Петропавл), "Семей күні", "Алтай луч" (Өскемен) газеттері. 1918 жылғы І Торғай облыстық кеңестер съезінің (мартапрель) шешімімен "Қазақ" газетіне тыйым салынды, ол кезінде либералды-демократиялық қазақ зиялыларының бірігуіне бастамашы болды. "Голос Алтая" (Өскемен), "Заря Свободы" (Жетісу), "Известия Семипалатинского Совета работников и солдатских депутатов" сияқты пробольшевистских газеттерді, сондай-ақ қазақ тіліндегі "көмек" (Верный), "Уран" (Орда) газеттерін шығару бастау алды. Үгіт-насихат, және баспасөз мәселелері жөніндегі съездің қаулысында біз Кеңес өкіметі үшін зиянды басылымдар мен ақыл-ойларға қарсы шешілмейтін күрес туралы сөйлесетін боламыз. "Пролетарий" (Орынбор, 1917 ж., қазан), "Заря" (Петропавл, 1917 ж., Қыркүйек) "Крестьянская газета" (Верный, 1917, желтоқсан), "Садак" сатиралық журналы (Верный, 1917) большевиктік басылымдарының жұмысы жолға қойылған.

Журналистика аренасына Қазақстанның алғашқы кеңестік газеттері -Кеңес органдары ұсынылады. "Известия Военно-революционного комитета" (Петропавл, 1917 ж., желтоқсан) . "Известия рабочих и солдатских депутатов" (Семей, 1918 ж., ақпан) . "Торғай облыстық комиссариатының известиясы" (Орынбор, 1918 ж., ақпан) . "Бостандық таңы" (Верный, 1918, Наурыз. "Бірлестік" (Павлодар, 1918 ж., сәуір) . "Алтай дауысы" (Өскемен, 1918, сәуір) . Алғашқы кеңестік газеттердің жиілігі, тиражы. Кеңестер ұлттық баспасөзді құру туралы шешім қабылдайды. Бұл Назир Төреқұлов редакциялаған" Қазақ муны "(Орынбор, 1918 ж., 16 сәуір), " Жаңа Тұрмыс " (Орал, 1917. ) . "Тиршілік" Газеті (Ақмола. 1917-1918 жж., ) Сәкен Сейфуллиннің басшылығымен кеңестік саяси құрылымның жақтасы болды. Кеңестің соңғы жаңалықтары мен заңдары өкімдері басылым беттерінде жарық көрді.

1913-1918 жылдары "Қазақ" газеті жарық көрді. Барлығы 265 нөмір басылды, тиражы шамамен 3 мың болып, арасында 8 мыңғада көтеріліп отырды. Басылымда қазақтардың көшпенділітен отыршылы тұрмысқа өту мәселелері айтылды. Осы орайда егін егудің қыр-сыры кеңінен үгіттелді, сондай-ақ, осыған өмірдің артықщылықтарын қалай сақтап қалу, оны жүзеге асыру, жолдары да айтылып, насихатталды. Оған қоса орта азиядағы мұсылман әйелдерінің құқығын қорғау, оларға тең қоғам құру және конфессиялық қатынастар жайында айтылды.

Саяси маңызы бар екі төңкеріс аралығында Семейде жаңа газет жарық көрді. Ол А. Ермековтың «Жасасын Алаш, жасасын!» Алаш орда автономиясын жариялау туралы шешімді жарыққа шығарған "Сарыарқа" газеті еді. Алаш автономиясын жариялау туралы шешім 1917 жылы 12 желтоқсанда екінші жалпы қазақ съезінде бекітілді. «Сарыарқа» редакторлары Р. Марсеков, Х. Ғаббасов болды.

Дегенмен газеттің бірінші баслымы 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор өлкесінде басылып шықты. Байқағанымыздай газет атына қарамастан, заречная слободдка, омбы не қарақарылыда шықпаған. Газет 1915 жылдан бастап жұмысына екі рет басылатын болған. 1916 жылы болса, газетке деген сұраныс артып, басылым аудиторися оның аптасына кем дегенде 3 рет шығуын қалаған. Қазақстандық газеттің тыныс-тіршілігін оның мерейтойына тұспа тұс Петербургтегі «Мұсылыман әлемі» газетінде жарық көрген мақала дәл жеткізеді.

Қазақ (түп нұсқада «қырғыз») - саны бес миллинанан асып жығылатын өлкені алып жатқан халық, европалық мемлекеттің сұрықсыз нұсқасы болған - Ресей мемлекетіне бағынышты ел. ХХ ғасырға дейін өзіне тән өмір салтын - патриялхалдық мәдениетті ұстанып өмір сүрді. Дегенмен керемет өркендеу ғасырының өзінде өз тілінде басылымдары болмады. Осы орайдай былтыр 2 аұпанда Орынборда «Қазақ» (Қырғыз) газетінің алғашқы тиражы оқырманға жол тартты. Ондағы басты тұлға, өз еліне көп еңбек сіңірген әрі зор беделге ие ағартушылардың бірі, қоғам зиялысы, сондай-ақ, ақын, жазушы Ахмед Байтұрсынұы болды. Осылайша бұл басылым қазақтың қараңғы көгі шін жарық күнге айналды. Енді екінші ақпан қазақтар үшін түбегейлі тарихи күн ретінде есте сқаталады. Газет қоғам өмірінде орасан зор өзгерістер орын алып, халық көкейінде сұрақтар туындаған сәтте жарыққа шығып, бос саңылауды толтырды. Газет ұлан байтақ өлкенің барлық өңіріне тіпті, Қыта й империясының қазақтарына дейін тарап отырды. Ол ел тіршілігіе пайдалы әрі құнды, ғылым-техника, соңғы әлемдік жаңалықтар, жаңашыл процестер, тұрмыс-тіршілікке пайдлы дүниелер жайында сондай-ақ, мәдени, әдеби бағытта мақалалар шығарып отырды. Тұрғындарды медецина, экономика сынды салалардан да хабардар етіп отырғанын айтып өту қажет.

Осылайша қазақ жерінің дамуында журналистиканың қандай маңызды рөл атқарғанын аңғарудамыз. Қандай елде болсын БАҚ-тың рлі орасан зор. Ахмет Байтқрсынов айтқандай газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Олсыз халық керең, әрі соқыр болады. Осы себепті де Петр І газет шығару ісін және оны таратуы жолға қойды. Журналистика ол тарихи маңызды мағлұматтарды сақтап, жеткізуші екенін де ұмытпауымыз қажет. Журналистикасыз ел жадысы да болмас еді. Ал, қазақтағы журналистика - газет шығарудан ХХ ғасырда ғана басталады. Ұлттық мерзімді баспасөздің пайда болуы - Мұхамеджан Сералин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және т. б қайраткерлердің жарғақ құлақтары жастыққа тиемей тынымсыз еңбек ету жемісі.

Енді осы жылы "Қазақ" газетінің бірінші нөмірінің шығуына 108 жыл болды. Алғашқы жылы ол жалпыұлттық басылымға, 1914 жылдан бастап Халықаралық басылымға айналды. 1916 жылғы ұлт азаттық төңкеріс уақытында және 1917 жылғы Ақпандағы жағдайдан соң газет өз қалауынан тыс және жеке-дара ұлттық парламент пен көлеңкелі үкіметтің қызметін атқарды. "Қазақ" газеті1913 жылдың 2 ақпанынан 1918 жылдың наурызына 6 жылға жуық уақыт жарық көрді. 1917 жылы газеттің өз редакциясы болды. Бұл туралы М. Дулатұлы «қазақ баспаханасы» деген еңбегінде жазады. Сондай-ақ, онда жеке редакциямен қатар, баспахана, екі автомобиль, баспа өнімдерін шығару үшін баспахана қаріптер қорығ және басқа да керек- жарақтар болған. Алдағы оқиғалар қазақ жеріндегі басылымдар - соның ішінде газет аса танымал болғанының жарқын дәлелі бола алады. 1917 жылдары «Қазақ» газеті «Азамат» ұйым өкілдері мен тұтынушыларына басылымның жеке баспаханасын алуға жәрдемдесуді сұрады. "Баспана туралы" ("Типография туралы") атты редакциялық жазбасында сол кезде "Азамат" ұйымында жүз алты өкіл болғаны, және қатысушылар тарапынан жарна сомасы 10 600 рубльді құрап, «Қазақ» газетіне берілгені айтылған. Дегенмен ол қаражаттың өзі шығындарды толық жаппады. Себебі осы кезде шығын баспаханалардың өзінің құны 20-30 есеге шарықтады. Ал "Қазақ" редакциясына керекті болған баспаханалар одан да қымбат, құны - 30-40 рубльге жеткен. Осыған дейін қазақ тарасында тараған газет болсын, журнал болсын сапалылығымен, тартымдылығымен ерекшеленетін газетке ешқайсысы тең келе алмайтын. Қазақ алғашында 3000 дана нөмірмен тараса, небері бірнеше жылда оның саны 8000 тиражға жетті. Осы мәліметтерді тереңнен зерттеп, сөзімізге негіз ету үшін «қазақ» газетінің тарихына кішігірім шолу жасағанымыз жөн болар.

1906 жылға дейін елде өз тілінде ешбір газет не журнал болмады, сондай-ақ жеке редакциялары болмаған. "Алаш" қозғалысының жетекшілері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және басқалары 1905-ші және 1906 - шы жылдардың бірінші жартысында ең алғашқы мемлекеттік дума таратылғанға дейін жалпыхалықтық газет шығаруға тырысты. "Алаш" зиялы қауымы алғашында Заречный слободкасында (1917 жылдың көктемінде Алаш шаһарына ауысты, негізінен қазақтар - көпестер, интеллигенция және оқушы жастар тұратын Семей маңындағы Кент) газет басуды көздеген. Осы уақытта Семей, Омбы, Орынбор, Верный шаһарларында және Дала мен Түркістан өңірінің басқа да өлкелерінде, мысалы, Абай Құананбайұлы һәм одан өзге әйгілі ақындардың, күміс көмей, жез таңдай әншілердің өнері паш етілетін ізгілікті іс-шаралар өткізіліп, игілкті бастама болып, жалғасын тапты. Бұлардың қатарында тек Ресей елі емес, оған қоса ұзақ-алыс шет мемелкеттердің білім ордалары мен діни білім беру орталықтарында көкірек көзін ашқан қазақ білім алушыларының керегіне, сонымен қатар рухани мұралардың барлық түрі мен ескерткіштеріне арналды.

"Серке" (Петербург, 1907 ж. ), "Қазақ газеті" (Троицк, 1907 ж. ), "Қазақстан" (Бөкей ордасы, 1911-1913 жж. ) басылымдарының не "Айқап" журналының (Троицк, 1911-1915 жж. ) өзі көзі ашық бақуат қазақтар арасындағы жалғыз немесе бірқатар елжандылардың еңбек жемісі болса, "Қазақ" басылымын қаржыландыру, ұйымдастыру және басқарудың арқасы десе болады.

"Қазақ газеті", " Қазақстан "және" Айқап " басылымдарының жұмысы қаржы мәселесіне байланысыты тоқтады. Ал "Қазақ" газетінің қаржылық тәуелсіздігі айрықша болды. 1913 жылдың ақпанынан 1918 жылдың наурызы аралығында негізін қалаушы әрі редакторы Ахмет Байтұрсынұлы сан рет қаржылай айыппұл немесе қамау түрінде бірқатар айыптаулар тағылып, оны өтеп осының салдарынан қомақты қаржылай кепілмен ғана босатылды. Жалпы алғанда дерек-дәйектер осы соммаларға бір емес, бірнеше газет шығаруға болатынын дәлелдеді.

Ахмет Байтұрсынұлы осыған дейін өзінің қазақ тілі саласында жүргізген зерттеу жұмыстарын Айқап журналында жариялап келген болатын, бірақ журнал қаржылай қиындықтар мен дағдарыс әсерінен жабылып қалады. Сол себепті газет одан әрі жұмысын жалғастыра алмады.

Оған қоса, қазақ даласына жалпы қоғамның мүдделерін беретін және қазақ халқын ағартушылыққа, мәдениетке және бостандыққа жетелейтін мүлде басқа баспасөз қажет болды. Бүкіл алдыңғы шеберлік «Қазақ» баспа шығарылымын шығаруда, сондай-ақ оның редакциясында «Азамат» қайырымдылық, білім беру және мәдени-білім серіктестігінің ашылуында қарастырылған. 1914 жылға қарай «Қазақ»

басылымы халықаралық сипаттағы мемлекеттік кескіндеме болды - оны Қытайдан келген қазақтар, Пішпек аймағындағы қырғыздар, Сырдария облысындағы қарақалпақтар және басқалары салған. Фирма білім мен ағартушылықтың қалыптасуына жеке үлес қосты, қазақ мектептері мен медреселерінде үлкен сұранысқа ие оқулықтар мен әдебиеттерді қазақ тілінде басып шығарды және таратты. Ол сондай-ақ орта және жоғары діни және зайырлы мектептерде оқитын байғұс қазақ жастарын қолдады. «Азамат» фирмасының міндеті - А. Байтұрсынов пен М. Бұл Дулатұлының 1913 жылы желтоқсанда қоғамның ашылуына байланысты үндеуінде байқалды. Бұл көпестер емес, бұл бизнес емес, бұл азаматтық әңгіме ».

Алаш Орда үкіметінің батыс бөлімі басшыларының бірі Халел Досмұхамедұлы газеттің рөлі мен маңызына объективті баға берді. 14 қыркүйектегі ОГПУ-нің тергеу айғақтарында ол: «Газет белгілі бір ұлттық-демократиялық бағдарлама туралы сөз қозғады, оның айналасында Гали мен Хусейн татар медреселерінің оқытушылары мен шәкірттерін көптеп жинай алды. Орынбор мен Уфада »; білімді интеллигенцияның көп бөлігі «қазақтармен» байланысты болды. Орталық бірінші орыс революциясымен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ, шығыс және еуропа әдеби байланыстары
Қазақ баспасөзiнiң дерекнамасы мен тарихнамасы
Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі
Қазақ газеті және Серке - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Қазақстан баспасөзі
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz