Бәсекенің мәні, оның экономикадағы ролі


Бәсекенің мәні, оның экономикадағы ролі. Жетілген және жетілмеген бәсекенің теориясы.
Бәсеке латын тілінен аударғанда жүгіру, сәйкес келу тең болу деген мағынаны білдіреді.
Бәсеке дегеніміз не?- деген сұрақа жауап беретін болсақ, бәсекені екі жақтан қарастыруымызға болады, яғни іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары депте түсіндірсек болады.
Бәсекелестік - жарыс процесі. Бұл түсінікті анықтауда әртүрлі көзқарастар бар. Нобель лауреаты Массачусет технологиялық институтының профессоры Поль Самуэльсон бәсекелестік туралы мұқият жасалған нарық пен бағалар жүйесі арқылы нақты іске асырылған реттеудің күрделі механизмі деп айтқан. В. Ойкеннің ойынша бәсекелестік жеке қызметке ынталадырудың техникалық прогрестің, экономикалық өсуінің ең жақсы механизмі бола алады деп айтқан. Ал менің ойымша бәсекелестік даму кезеңінде өзін-өзі жойды, себебі бәсекелестік күрес бәсекелестерді жоюға алып келіп, монополиялық дамуына негіз жасайды.
Экономикадa олaр экономикaлық субъектілердің іскери бәсекелестігі турaлы aйтaды, олaрдың әрқaйсысы өзінің іс-әрекетімен бәсекелестің нaрықта тaуар aйналымының жaғдайына бiр жaқты әсер етy мүмкіндігін шектейдi, яғни нaрықтық жaғдайлардың мiнез-құлыққa тәуелділік дәрежесi нaрықтың жекелеген қатысушылaрының, Ресей Федерaциясының 2006 жылғы 26 шілдедегі «Бәсекелестікті қорғaу турaлы» Зaңына сәйкес, бәсекелестік дегеніміз - экономикaлық субъектілердің бәсекелестігі, олaрдың әрқaйсысының дербес әрекеттері әрқaйсысының мүмкіндігін жоққa шығарaды немесе шектейді. олaрдың тиісті тaуар нaрығында тaуар aйналысының жaлпы шaрттарына біржaқты ықпaл етуi.
Экономикaлық тұрғыдaн қарағанда бәсекелестiк негiзгі 4 aспект бойыншa қaрастырылады:
Жалпы бәсеке деген не екенін түсініп алдық, бәсекенің де түрлері бар, айта кететін болсақ жетілген бәсеке мен жетілмеген бәсеке .
Жетілмегенген бәсекеге келетін болсaқ - жекелеген өндірушілер өздері шығаратын өнімнің бағасын бақылау мүмкіндігіне ие болатын ортадағы бәсеке. Нарықта әрқашан мінсіз бәсекелестік мүмкін емес. Себебі жетілмеген бәсекелестік мінсіз бәсекелестіктің шарттарының кем дегенде біреуі орындалмаған кездегі нарықтық жағдай. Енді жетілмеген бәсекенің формаларына келетін болсақ:монополиялық бәсеке, олигополия, монополия, олигопсония және монопсония жатады. Монополия жағдайында монополист басқа фирмаларды нарықтан ығыстырып шығаруы мүмкін.
Жетілмеген бәсекенің белгілері:қатысушылар мен тауарларға тең емес жағдайлар жасау, нарыққа кіру кедергілерін құруқұпия ғылыми, техникалық, өндірістік және сауда ақпараттарын пайдалану, жариялау жарнамада жалған ақпаратты тарату, тауардың жасалу тәсілі мен орнына немесе санына қатысты басқа ақпарат, тұтынушы үшін маңызды ақпараттың жолын кесу үкіметтің араласуы немесе әкімшілік ресурстарды пайдалану
Жетілмеген бәсекелестіктен шығындар:бағаның негізсіз өсуі, тарату шығындарының өсуі, ғылыми-техникалық прогрестің баяулауы, әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуі, экономикалық тиімділіктің төмендеуі, барлық жағымсыз факторлармен бірге сыбайлас жемқорлық.
Жетілген бәсекеЕркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс - бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
- жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
- сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
- сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
- өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары
- қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
- тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
- тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
- өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері
- ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
... жалғасықоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz