Тарихи үрдіс теориясы - тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тарихи үрдіс теориясы- тарихи фактілерді түсіндіруші логикалық жүйе. Факт-

«шындықтың үзігі» ретінде өздігінен ештеңе де білдіре алмайды, тек тарихшы

ғана оны өзінің идеялық- теориялық көзқарасына орай, сөйлете алады. Тарихи

үрдіс теориясының бірі екіншісінен зерттеу пәні мен тарихи үрдіске

көзқарастар жүйесі арқылы ерекшеленеді. Әрбір схема - теория қаншама

фактінің ішінен өзінің логиксына сай фактіні таңдап алады. Тарихи зерттеу

пәні арқылы әрбір теория өзінің кезеңдестіруін, ұғымдық аппаратын

анықтап, өз тарихнамасын құрады. Тек тарихи фактілер ғана ақиқат, ал оларды

ұғыну қашан да субъективті болады.

Тарихи таным теориясы- тарих ғылымы пәнінің негізгі ұғымдары мен тарихи

үрдістің категорияларын танудың негізгі принциптері мен зерттеу әдіс-

тәсілдерін анықтайтын ғылыми методология.

Тарихи факт- өткеннің нақты оқиғасы. Адамзаттың бүкіл өткені тарихи

фактілерден өрілген, олар өте көп. Нақты-тарихи фактіні біз тарихи

деректерден аламыз. Тарих ғылымында жай және күрделі фактілер

бар. Алғашқылары оқиғаларды бідлірсе, соңғылары өзіне түсіндіру, ұғыну сәтін

де қамтиды. күрделі фактілерге тарихи үрдістер мен құрылымдарды түсіндіру

жатады.

Тарихи дерек- адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін және оны ғылыми тануға

негіз болатын айғақ. Т. деректердің түрлері:жазба, заттық, этнографиялық,

фольклорлық, тілдік, кинофотодерекер.

Тарихи қозғалыс - өзара байланысты тарихи уақыт және тарихи кеңістік

категорияларынан тұрады.

Тарихи уақыт үнемі алға жылжып отырады. Тарихи уақыттағы қозғалыстың әрбір

үзігі мыңдаған материалдық және рухани байланыстардан тұрады. Әрі ерекше

және қайталанбайды. Т. У. ұғымы бірнеше рет өзгерді, ол тарихи үрдісті

кезеңдестіруден көрінеді. ХVIII ғ аяғына дейін тарихшылар тарихи кезеңдерді

билеушілердің атына қарай бөлді. ХVIII ғ. француз тарихшылары жабайылқ,

варварлық және өркениеттік кезеңдерді ұсынды. Х1Хғ. соңында материалист-

тарихшылар қоғам тарихын формацияларға (алғашқы-

қауымдық. құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) бөліп қарай

бастады. ХХ1 ғ. басындағы тарихи- либералдық кезеңдестіру, қоғам

тарихын:дәстүрлі, индустриялық және ақпараттық (постиндустриялық) кезеңдерге

бөледі.

Тарихи кеңістік- белгілі бір территорияда өтіп жататын табиғи-географиялық,

экономикалық, саяси, қоғамдық-мәдени үрдістердің жиынтығы.

Тарих философиясы-жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Бұл терминді

Ф. М. Вольтер, 1765ж. өзінің «Тарих философиясы» атты еңбегінде

енгізді. Алайда, философиялық-тарихи идеялар көне заманда туындай

бастады. Тарих фил-ң бірнеше типтері бар. 1) Онтологиялық немесе

субстанционалды Т. Ф. Орыс дәстүріңде оны историософия деп атайды. 2)

Сыни, рефлективтік немесе аналитикалық т. ф.

Тарихилық принципі-құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы. олардың

нақты жағдайлармен байланысында қарау. Бұл принцип тарихи құблстардың пайда

болу себептерін, түрлі этаптардағы сапалық өзгерістерін анықтап,

диалектикалық даму барысында бұл құбылыс неге айналғанын түсінуге мүмкіндік

береді.

«Анналдар мектебі» («жаңа тарих ғылымы») - Францияда, Марк Блок пен Люсьен

Февр негізін қалаған «Анналы»(1929-1939), «Анналы социальной и

экономической истории» (1939-1941) журналының төңірегінде пайда болған

ғылыми бағыт. Тарих ғылымында революциялық өзгерістер енгізді. Оның мәні:

тарихи баяндаудың орнына тархи мәселелілікті, яғни қоғамның барлық жақтарын

суреттеуді кіргізді. Пәнаралылыққа үлкен мән берілді.

Детерминизм және индетерминизм- себептіліктің орны мен ролі туралы

мәселенің қарама-қайшы философиялық концепциялары. Дет. барлық құбылыстардың

жалпыға ортақ, заңдылық байланысын мен себептілік шарттылығы туралы

ілім. Индет. себептіліктің жалпылық сипатын жоққа шығарады.

Каузалдық- себептілік. Құбылыстардың бір бірімен шарттылығының қажетті

генетикалық байланысын анықтайтын философиялық категория.

Марксизм- К. Маркс пен Ф. Энгельс жасаған философиялық. экономикалық және

әлеуметтік-саяси көзқарастардың жиытығы. Оған: философиялық материализм мен

диалектика, қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы, қосымша құн

теориясы, тап және таптар күресі теориясы т. б. жатады.

Менталитет-(лат. -ақыл, ойлау, ойлау бейнесі) үлкен әлеуметтік топтың (халық,

ұлт, тап, сословие) дүние түйсігін анықтап, мәдени дәстүр бірлігін бекітетін

әлеуметтік-психологилық күйі.

Парадигма- мәселенің немесе зерттеу міндетінің қойылуы мен шешімінің үлгісі

және де белгілі бір ғылыми қоғамда белгілі бір тарихи кезеңнің барысында

үстем жағдайда болатын зерттеу әдістерінің жиынтығы.

Пассионарлық теория- Л. Н. Гумилев тарихи үрдісті этностар өмірінің

динамикасы мен өзараәрекеті деп қарастырды. Пассионарлық - бұл жекелеген

тұлғалардың өз алдына қойған нақты және қияли мақсаттарына қол жеткізу

жолында өз өмірін құрбан ете отырып, басқаларды өз соңынан ерте білетін

жоғары мақсатшлдығы.

Позитивизм- гуманитарлық ойдың, барлық ақиқат білім жеке ғылымдардың

қызметі нәтижесінде ғана алынатындығын мойындау принципіне негізделген

бағыты. Оның негізін қалаушы француз ойшылы О. Конт. Поз-к парадигманың

шеңберінде тарихи методология эмпирикалық мәліметтерді анықтап, суреттеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Балалар психологиясы ғылымының теориялық негіздемесі
Жоғары психикалық функциялар
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖАЗУШЫ ӨМІРБАЯНЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Жаратылыстанудағы ғылыми эволюция
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz