Сертификаттау негіздері, сертификаттаудағы негізгі түсініктер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Сертификаттау негіздері, сертификаттаудағы негізгі түсініктер.

Қазіргі кезде республикамызда өндірістін және шет елдерден әкелінетін тазық-түлік, шикізат, өнімдері адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз, сондай-ақ сапасы сұраныс деңгейін қамтамасыз ете алу қажет. Өнімнің қай жерде жасалғанына қармастан, оның номативті-техникалық құжаттарға сай жасалғанына кепілдік беретін-сертификаттау.

Сертификаттау дегеніміз - дайындаушы мен тұтынушыға және сатып алушыға тәуелсіз мекеменің өніміне жұмысына, қызмет көрсетудің нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарғңа сәйкес расталуы. Өндірістің өнімінің және көрсететін қызметтің сапасы тұтынушы-сұранысын қанағаттандыруы үшін өндірістің сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттайды. Ол жоғары сапалы өнім шығарушы және олардың ішкі немесе халықаралық бәсекелестік қамтамасыз етуге бағытталған.

Сертификациялауды жүргізу үшін арнайы аттестацияланған сынақ зертханалары, қажет жабдықтар меннормативті анықтаумен құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар сынақ барысында алынған нәтижелер бірдей жағдайда басқа зертханаларда жүргізілген сынақ нәтижесіне сәйкес болуы тиіс. Аталған жұмыстарды жүргізу стандарттау және сертификаттау мамандандырылғанға жүктеледі. Кез-келген процесті, өнімді немесе қызметті сертификаттау 3-жақтың қатысуымен жүргізіледі. Олар:

1. Жеткізуші (өндіруші, дайындаушы) .

2. Тұтынушы немесе сатып алушы.

3. Қарастырылып отырып мәселелерде қатысушы жақтарға.

Тәуелді емес деп танылатын тұлға немесе орган. Айтылғандарды тұжырымдылық, сертификаттау - өнімінің, процесін, қызметтің белгілі талаптарға сәйкес келетін жазбаша кепілдеме беру. Кез-келген өнімді, процесті немесе қызметті сертификаттау сәйкестік жөніндегі декларация мен өтініш негізінде сертификаттау жүйесмен жүзеге асырылады. Сертификаттау жүйесі ҚР-ның мемлекеттік стандарттау органымен бірлесу нәтижесінде құрылады. Құрылу түрі бойынша сертификаттау жүйесі ұлттық, аумақтық және халықаралық болып келеді. ҚР-ның сертификаттау салаларда төмендегідей ұғымдар қолданылады:

1. ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Бұл - өз құдіреті шегінде сертификаттау саладағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының жеке және заңды тұлғалардың ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін ұйым.

2. Тіркеу мемлекеттік органдакрының сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігі ресми тануы.

3. Тіркеу аттестатты белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органдарының немесе сынақ зертхананың нақты жұмыстарды органдарға деген құқығын куәләндыратын мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелерге сәйкес беретін құжат.

4. Өтініш беруші өнімді процесті немесе қызметті сертификаттауға ұсылған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға (дайындаушы, орындаушы, сатушы) .

5. Өнімнің бірдейлілігі. Белгілі бір өнімді өндіру оны пайдаланудағы айырмашылық белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рәсім.

6. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі сәйкестік сертификаттаудан сертификациялау жөніндегі органдар мен-сынақ зертхананы растау тізімі.

7. Сертификаттаудағы сараптаушы. Аудиторларды сертификаттау саласындағы номенклатуралық құжаттарды сараптай отырып тізімге ендіруші тұлға.

8. Аудит. Сертификаттау жөніндегі тіркелген органның сынақ зертхананың орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау. Сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша сертификаттаудан өнімдердің процестерін, қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау.

9. Сәйкестік белгісі. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолдауын осы өнімнің, процестің, жұмысшының, қызмет көрсетушінің нақты стандарттарға немесе басқа да нормативті техникалық құжатқа сәйкес екендігін көрсетуінің белгісі.

10. Сәйкестік туралы декларация жеткізіп берушінің, дайындаушының, сатушының, өнімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәләндыратын мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген құжат.

11. Инспекциялық бақылау. Сертификаттау жөніндегі тіркелген органның тарапынан сертификаттан өнімнің, процестің, қызмет көрсетушінің белгіленген талапқа сәйкестігіне бақылау жасау.

12. Сәйкестік сертификаты. Мемлекеттік тсертификаттау жүйесінің ержелері бойынша берілген өнімнің, жұмыстың, қызметтің, стандартқа немесе өзге де нормативті құжаттар талапқа сәйкестігін көрсететін құжат.

13. Өнімнің шығу тегінің сертификаты. Өнімнің шығарған және куәләндырған құжаты.

14. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат. Сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне және оның нәтижесіне қатысты нопрмативтардв, ережелерді, сипаттамаларды белгіленген стандарттау туралы құжат.

15. Сынақ зертханасы өнімнің құжат талаптарына сәйкестігін анықтау үшін бақылау жүргізетін орталық.

16. Өнімді, процесті, қызмет көрсетуді сертификаттау жөніндегі орган. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіптегі белгілі бір қызмет салаларда сертификаттау жөніндегі жұмыстардцы жүргізуге тіркелген заңды тұлға немесе ұйым.

Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері.

ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мынандай принципте жүргізіледі:

1. Өнім туралы ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ету.

2. Өндірушімен тұтынушының тәуелсіздігі.

3. Өнімдерді сынақ кәсіби түрде өтуі керек.

4. Шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау.

5. Өтініш берушінің сертификаттау органның сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және оған қатынасатын адамдардың жаупкершілігі.

6. Сертификаттау туралы ақпараттық анықтығы немесе сәйкестік сертификаттың уақытының біткендігі, жойылғандығы туралы ақпарат.

7. Сертификаттау объектісі ерекше енскере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі.

8. Сертификаттау жұмыстарында ИСО МЭК сияқты халықаралық ұйымдардың нұсқауларымен ережелерін пайдалану.

9. ҚР-ндағы қатынасатын екі және көп жақты келісімдер бар шет елдердің сертификаттау органдардың аккредитациясын және сәйкестік белгісін ҚР-нда тану.

10. Ақпараттың, коммерциялық құпияны сипаттау.

11. Қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.

ҚР-ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша елімізде өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Бұл үлес бұдан әрі қарай да өсе береді. Сондықтан да сертификаттау жұмысының маңызды өндірістік өнімлер үшін қажетті деп саналады. Сертификаттау негізгі мақсаттары болып төмендегілер табылады:

1. Өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің адам өлімі мен денсаулығына, мүмкіндіктеріне немесе қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2. Өнімдермен қызмет көрсетулердің сапасы бойынша тұтынушылардың мүдделерін қорғау.

3. Саудадағы түрлі кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету.

4. Заңды және жеке тұлғалардың халықаралық, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және саудаға қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеумен басқару.

Сертификаттау саласындағы жұмыстарды басқаруды ҚР-ның Үкіметі белгіленген стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі ҚР-ның сертификаттау туралы заңының нормативтік-құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің құрылымын мыналар құрайды:

1. Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік орган.

2. Өнімді, прпоцесті, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген басқа да органдар.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелерімен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға сынақ зертханаларға және осы жұмыстарды жүргізетін сарапшы аудиторларға қажетті талаптарды белгілейді.

Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері келесілер:

1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру.

2. Сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру оны іске асыруға қатысу және сертификаттаудың дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу.

3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізімін даярлау.

4. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу.

5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау.

6. Сынақ орталықтармен өнімді, процесті, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекетік бақылау ұйымдастыру.

7. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу.

8. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификатымен белгілерін беру және қолданудың тәртібін айқындау.

9. Сынақ орталықтарымен сертификаттау органдарының өнімді, процесті, қызмет көрсетуді тіркеу аттестаттардың күшін тоқтата тұру немесе қабылдау.

10. Құдіретті ұйымдарға сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүргізуге бір-ақ рет рұқсат беру.

11. Егер басқа ұйымдар шығарған сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына қайшы келсе, олардың күшін жою.

12. Сертификаттау ережелерімен талаптарының бұзылуына кінәлі адамдарға заңда белгіленген құқықтық нормалар бойынша шаралар қолдану.

Өнімді өндірушілермен тұтынушыларға тәуелсіз өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген талаптарға жауап беретін сынақ зертханалары сертификаттау жөніндегі орган бола алады. Өнімді, процесті, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдар стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тіркелуден өтеді. Тіркелуден өткен сертификаттау жөніндегі органдардың филиалдары өкілдіктері сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындай алады. Өнімді, процесті, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу кезінде мыналар назарға алынады:

1. Сертификаттаудың объектілерін айқындау.

2. Талаптарға сәйкес сертификаттау жүргізілетін нормативті құжаттардың түрлерін белгілеу.

3. Тіркеу саласында енгізілген объектілерге сертификаттау жүргізудің ережелерін реттеу.

4. Сертификаттау органдарының тіркеу жөніндегі комиссия құрамына тәуелсіз ұйымдардың өкілдерін кіргізу.

Өнімді сертификаттаудағы нормативті құжаттарға негізгі талаптар. Сертификаттау жүйесіндегі сапа.

Сертификаттау жөніндегі нормативті құжаттардың белгілейтін талаптары ғылыми-техникамен технологияның жетістіктеріне негізделуі тиіс. Және халықаралық стандарттардың сертификаттау жөніндегі ережелері мен ұсыныстарын стандарттардың сертификаттау жөніндегі ережелері мен ұсыныстарын нормаларын талаптарына сәйкес келуі керек. Сондай-ақ өнімді, процесті, қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары халықаралық сауда сатықта ешқандй да кедергі келтірмеуі керек. Нормативті құжаттарды регламенттелетін сертификаттау ережелері отандық өнім үшін де шет елдерден әкелетін өнім үшін де шығу тегіне қарамастан бірдей болуы тиіс. Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында (заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттарды қоспағанда) олардың ескертулер және ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның арнаулы басылымдарында жарияланады сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар жобаларына ескертпелермен ұсыныстарды дайындауды және оларды қарау тәртібін, мерзімін стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгілейді.

Сертификаттау жөніндегі нормативті құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттермен стандарттаудың қолданылуы тиіс Олар адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алуы тиіс. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативті құжаттарда сәйкестікті бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы керек. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайын көтерудің ең негізгі факторларының бірі сапа жүйесін сертификаттау. Сапа жүйесін сертификаттау мынандай жағдайда қолданылуы мүмкін:

1. Өнімді сертификаттағанда.

2. Жеткізілетін өнімге келісім шарт жасағанда.

3. Мемлекеттік органның мемлекеттік тапсырыстарын орналастыратын кәсіпорындарды таңдап алуда.

4. Банк ұйымдарның кәсіпорынды несиелеу саясатының қажеттілігін анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджментінің жүйелері
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
Сертификаттау туралы жалпы мағлұмат
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Сапа жүйесін енгізу және сертификаттау
Қызмет етуді сертификаттау
Сапа жүйесін (СЖ) сертификаттаудың негізгі этаптары
Италиядағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz