Дебиторлық борыштар есебінің аудиті


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
I. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІ
- Дебиторлық борыш түсінігі, маңызы . . . 4
- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі . . . 5
- Күмәнді дебиторлық борыш есебі . . . 7
- Еншілес (тәуелді) серіктестердің дебиторлық борыш есебі . . . 9
- Басқадай дебиторлық борыш есебі . . . 12
II. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
2. 1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті . . . 15
2. 2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті . . . 17
2. 3. Күмәнді борыштар резервтерінің аудиті . . . 19
2. 4. Еншілес (тәуелді) серіктестердің дебиторлық борышының есебінің аудиті . . . 21
2. 5. Басқадай дебиторлық борыштар мен берілген авнс бойынша есеп айырысудың аудиті . . . 23
III. «ХАЛЛИБУРИТОН ИНТЕРНЭШНЛ ИНК» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШ АУДИТІ
3. 1. Дебиторлық борыштың функционалдық аудиттің бағдарламасы . . . 29
3. 2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк» компаниясының жалпы сипаттамасы . . . 31
- Кәсіпорынның дебиторлық борышының жағдайын талдау . . . 32
3. 4. «Халлибуртон Интернэшнл Инк» компаниясының дебиторлық борышына жүргізілген аудиті бойынша аудиторлық қорытынды . . . 35
Қорытынды . . . 36
Қолданылған әдебиеттер . . . 38
Кіріспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Дебиторлық борыштар есебінің аудиті» болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста дебиторлық борыштар есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігі анықталады.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші бөлімінде «Дебиторлық борыш түсінігі, маңызы», «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі», «Күмәнді дебиторлық борыш есебі», «Еншілес (тәуелді) серіктестердің дебиторлық борыш есебі» және «Басқадай дебиторлық борыш есебі» мәселелері қарастырылған. Дебиторлық борыштар аудитін жүргізу алдында оның есебін түбегейлі ұғынудың маңызы зор.
Екінші бөлімінде осылардың әрқайсысының аудит есебі қарастырылған, яғни «Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті», «Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті», «Күдікті борыштар резервтерінің аудиті», «Еншілес (тәуелді) серіктестердің дебиторлық борыштарының есебінің аудиті» және «Басқадай дебиторлық борыштар мен берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебінің аудиті». Дебиторлық борыштар есебінің аудитінің негізгі мақсаты - олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады.
Үшінші бөлімінде дебиторлық борыштар аудитінің бағдарламасы, дебиторлық борыштар аудиторлық бағдарламасын қамтитын басты мәселелеріне тоқтала кеттім. Сонымен қатар «Халлибуртон Интернэшнл Инк. » компаниясы тәжірибелік мысалда қарастырылды. Талдау объектісі ретінде «Халлибуртон Интернэшнл Инк. » компаниясы алынды. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал-жабдықтарды жасау және жабдықтаумен айналысу болып табылады.
Дебиторлық борыштар қорытындыларының аудиті толығымен зерттеліп қарастырылды.
Бұл тақырыптың негізгі масаты болып жоғарыда айтылған мәселеледі жан-жақты, мән мағынасын ашып көрсету табылады. Кейін аудиторлық қорытынды жасалып, ұсыныстар айтылады.
I. ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІ
1. 1. Дебиторлық борыштар түсінігі, маңызы
Дебиторлық берешек - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы емес болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек - негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек - іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мысалы қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен пайыздар және т. б) пайда болады.
Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу - ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген 4010 «Банк несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 «Басқа да несиелер» сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары - 1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп танылады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- Ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
- Басқадай дебиторлық борыштар.
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы»
1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы»
1230 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық борышы»
1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық борышы»
1250 «Қызметкерлердің дебиторлық борышы»
1260 «Жалдау бойынша дебиторлық борыш»
1270 «Алуға арналған сыйақылар»
1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер»
1280 «Басқадай дебиторлық борыштар»
1620 «Алдағы кезең шығындары»
1630 «Берілген аванстар»
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.
1. 2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
1210 «Алынуға тиісті шоттар»
1210«Алынған вексельдер»
1210«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары»
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебетінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілер дебеттеліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, 6010, 6280 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде 1000 «Ақшалар» бөлімінің тиісті шоттары дебеттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы» деп аталатын шот дебеттеліп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына 6030 «Сату шегерімі» немесе 6030 «Баға шегерімі» шоттардың тиістілері дебеттелініп, 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210«Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебетіне, 3130 «Қосылған құн салығы» шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталынады) .
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар - шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатлыған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-ордер қолданылады.
Тауралрды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып көрсетілуі мүмкін.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоты
Кт: 1210 «Алынуға тиісті борыштар» шоты
Ал вексель бойынша сатып алушылардың борыштарының жабылуына, яғни ақша келіп түскен мерзімінде (пайызсыз) :
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
Кт: 1210 «Алынған вексельдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
1. 3. Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қанщалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетліге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұймдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздрға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі - тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарда үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі - резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.
Тікелей еспетен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетліген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.
Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе) :
Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айыпма қалдығының соамсы ғана көрсетіледі.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе. Дегенмен де қаржылық есеп беру кезінде жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын сомаларды анықтау қажет. Бұл уақыттағы бағалудың салдарынан елеулі айырмащшылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:
- Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызмет ітуралы беруде) ;
- Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста)
Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзідік құнын дұрыс есептеу болып табылады . Көпетеген кәсіпоырндар мен ұйымдар да бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.
Күмәнді қарыздарда бағалу үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
- Негізгі дебиторлық борышқа жасалынған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
- Алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме;
1. 4. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
Аудитор дебиторлық борыштардың есебін тексеруді, еншілес (тәуелді) серіктестердің дебиторлық борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарында операциялардың дұрыс көрсетілгендігін және олардың есеп регистрларындағы мәліметтерінің Бас кітапқа және балансқа дұрыс жазылғандығын тексерумен ұштастырып, жалғастырады.
Еншілес (тәуелді) серіктестерімен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық борыштарының түрлері бойынша ақпараттарын жинақтау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының кестесінде 1220 және 2120 «Еншілес (тәуелді) серіктестердің борыштары» синтетикалық шоттары қаралған.
Бақылау жүйесінің тетігін қолына ұстап, көп салалы өндірісті дамытумен, қызмет көрсету түрлерін кеңейтумен айналысатын негізгі (бас) субъектіге, капиталды өте тиімді пайдалануға, шаруашылық есеп жүргізу бастамаларын күшейтуге, еңбектің өнімділігін арттыруға, басқаруды тиімді ұйымдастыруға, өз мұқтаждықтарын жартылай фабрикаттармен, басқа да бұйымдармен қамтамасыз етуге, шаруашылық ұжымдарын ауыл шаруашылық және тағы басқа да өндіріс салаларының өнімдерімен жабдықтауға мүмкіндік береді.
Бас шаруашылық еншілес (тәуелді) серіктестерге толық басшылық жасап ықпал етумен қатар, олардың заңды дербестігін сақтауға тиісті. Егер еншілес (тәуелді) серіктестер күйреуге ұшырағанда, олардың шеккен зияны үшін Бас шаруашылық жауап бермейтіндігі секілді бас шаруашылық зиян шегіп күйреуге ұшыраған жағдайда олар да ол үшін жауап бермейді. Бас шаруашылық еншілес (тәуелді) серіктестердің табысының өзара бөліске салынуын бақылауға алады.
Аудитор еншілес (тәуелді) серіктестердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының аналитикалық есебінің тізімдемеде немесе машинажазбаларда жазу операциялары көп, ірі субъектілерде №280 үлгідегі дебетіндегі мәліметтердің негізінде дебиторлармен және несие берушілермен есеп айырысу карточкаларында жүргізілгендігіне көз жеткізіп, анықтауға тиісті.
Еншілес (тәуелді) серіктестердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарымен қатар, несиелік борыштарының бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарының 64 «Еншілес (тәуелді) серіктестердің несие бойынша қарыздар» бөлімшесінің шоттарында (641-643) есеп айырысу жүргізетінін ескеру керек. Еншілес (тәуелді) серіктестерден алынған шикізат, дайын өнім, басқа да материалдық құндылықтардың құны оларға осындай және басқадай түрде берілген тауарлы материалдықтардың құндылықтардың құнына өзара жатқызу туралы екі жақты келісімді растайтын хаттамамен танысып, бухгалтерлік есепте айырбастау операциялары сияқты көрсетілгендігін анықтау қажет.
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса,
- Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының пайда болуына:
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 6010 «Негізгі қызметтен алынатын кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 1220, 1230 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоты» шоты;
Кт: 3130 « Қосылған құн салығы шоты» түріндегі корреспонденция жазылса.
- Шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімді бағамдық айырмашылыққа;
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларлың борышы» шоты;
Кт: 6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты түрінде корреспонденция жазылуы тиіс.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» немесе 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»» шоттарының тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардың есебінен жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоттарының тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz