ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ


ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ
БАЙДУЛЛАЕВА Д. Н.
Б-41 тобының студенті, химия, биология және география кафедрасы
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Бұл мақалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өсіп-жетілуі мен дамуы жөнінде сипатталған. Соның ішінде олардың биологиялық және физиологиялық даму кезеңдеріндегі негізгі ерекшеліктерін қамтиды. Сонымен қатар ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды қолдау барысында ескерілетін жайттар сипатталады.
Кілт сөздер: балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері, инклюзивті білім беру
Keywords: children, special educational needs, inclusive education
Даму-адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нәтижесінен көрінеді. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тән және дене дамуынан көрінеді. Ал әлеуметтік даму адамның психикалық, рухани, зияткерлік кемелденуінен байқалады. Адам тұлға болып туылмайды, ондай қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады.
Егер баланың жасына байланысты көптеген балаларға қарағанда білім алу процесінде ерекшеліктері немесе ағзаның биологиялық дамуында (көру, есту, дәм сезу, сипап сезу, иіс сезу мүшелері және т. б. ) зақымдалуы болса, баланың ерекше білім беру қажеттіліктері бар екендігін айқындай аласыз. Сонымен қатар, ол өз кезегінде баланың физиологиялық дамуына тікелей кері әсерін тигізеді. Оларда оқу, қарым-қатынас немесе мінез-құлық проблемалары болуы мүмкін. Осыған сәйкес, балаларды «ерекше оқыту қажеттілігі» туындайды. [3]
Ерекше оқыту қажеттілігі дегеніміз - білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы психологиялық-педагогикалық және басқа қолдау көрсетудегі баланың қажеттіліктері. [2]
Ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуы барысында, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі аса байқалмауы мүмкін. Мұндай балалардың дамуында өзге балалардан(дені сау) қарағанда айтарлықтай ерекшеліктері болады.
Мәселен,
- дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкеймеуі;
- оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесінің өсіп-жетілмеуі;
- сөздерді анық айта алмаушылығы;
- сөздік қорының аздығы;
- дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігінің төмендігі;
- көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие бола алмауы;
- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістердің (танымдық, сезім, моралдық- жігерлік т. б. ) болмауы және т. б.
Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесінде ерекшеліктерінің бар екендігін сипаттайды. [1]
Өкінішке орай, қазіргі таңда ерекше білімді қажет ететін балалардың саны жыл санап көбеюде. Сол себепті мұндай балаларға қолдау көрсету өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды анықтаудағы қиындықтар белгілі бір бұзылулардың таралуы туралы сенімді мәліметтердің болмауынан көрінеді, бұл өз кезегінде тиімді қолдау саясатын жасауға кедергі келтіреді. Алайда бүгінгі таңда ерекше білімді қажет ететін балаларды анықтаудың мүмкіндіктері өте аз деуге келмейді. Ескеретін жайт, ерекше білімді қажет ететін балалардың тиісті қолдау алуын қамтамасыз ету олардың қажеттіліктерін дұрыс анықтаудан басталады. Зерттеулер дамудың бұзылуын ерте сатысында анықтау үшін тиімді скринингтік және диагностикалық жүйелерді құру қажеттілігін атап көрсетеді. Осылайша дамудың бұзылуын ерте сатысында анықтау қиындықтарды жеңу мүмкіндігін едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар оны анықтап қана қоймай әрі қарай да баланың сапалы білім алуына, әлеуметтенуіне, моральдық және физиологиялық дамуына, ата-ана, мұғалім, мамандар сондай-ақ қоғам болып қолдау көрсетуі қажет.
Қолдау көрсету - оларды аяу, мүсіркеу емес керісінше, жақсы қабілеттерін немесе дарынын шыңдауға нақты іс жүзінде көмек көрсете білу. Ерекше білімді қажет ететін бала мұндай қолдауды сезінгенде өзіне деген құрметі мен сенімділігі артып, өмірге деген құштарлығы оянады.
Қорыта келе, ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуына кері әсерін тигізетін кедергілерді алдын ала байқаған жөн. Себебі ерте жастан емдеу, түзету шараларын қолдану ең алдымен өкелең жеткіншекке, ата-анасына және түрлі маман иелеріне үлкен жеңілдік алып келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. Қ. С. Тебенова; А. Р. Рымханова. Арнайы психология. Оқулық. Алматы 201. 142б.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Өрлеу» Біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы. Жамбыл облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтуты М. Оспанбаева. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі. Оқу құралы. Алматы, 2019 . 226б.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «Әлеуметтік жұмыс тәжірбиесіне кейс-менеджмент стандарттарын еңгізу мәселелері» атты on-line ғылыми-тәжірибелік конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ. 2019 жыл 11 сәуір Нұр-Сұлтан. 57б. https://www. enu. kz/downloads/yanvar-2020/umo-rums-socobespechenie-sbornik. PDF
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz