Қазақ тіл біліміндегі термин мәселесінің зерттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тіл біліміндегі термин мәселесінің зерттелуін 1920-30 жылдардан бастап қарастырамыз. ХХ ғасырдың басы қазақ мәдениеті мен білімі үшін елеулі кезеңдердің бірі болып саналады. Дәл осы кезеңде қазақ даласында Ш. Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Н.Төреқұлов, М.Әуезов, Ж.Күдерин, Е.Омарұлы, С.Қожанұлы, Ғ.Қараш, Т.Шонанов сынды қазақ зиялылары өмір сүркен. Олардың қоғам өміріне белсене араласуы қазақ халқының ой-пікіріне, сана-сезімінің өсуіне әсер етті. Қазақ зиялылары халықты оқу-білімге тартты. Қазақ жастарына арнап оқу құралдарын жаза бастады. Міне, тура осы кезеңнен бастап термин мәселесі арнайы сөз бола бастаған. Бұл туралы белгілі терминолог, профессор Ш.Құрманбайұлы сол кезеңде алғашқы оқулықтар мен ғылыми еңбектерді жазған автордың қай-қайсысы да терминжасам ісіне өз үлестерін қосты дегеніміз жөн, оған алғаш қолданған терминдер дәлел бола алады деп жазады. Сол кезеңдегі жарық көрген газет-журналдарды қазақ зиялыларының терминге байланысты мақалалары, ой пікірлері жарияланып тұрды. Оған дәлел ретінде Ғ.Қараш Ойға келген пікірлерім (Орынбор,1910), М.Әуезов Ғылым тілі (Абай,1918 No7), Ақаңның 50 жылдық тойы (Ақ жол,1923, 4 ақпан, No270), Н.Төреқұлұлы Жай сөздер туралы (Мәскеу,1927), С.Сейфуллин О терминах и терминологии (Советская степь, 1928,28 ақпан)сияқты еңбектерін атауға болады. Бұдан басқа қазақ ғалымдары түрлі ғылым саласы бойынша оқулықтар жазып, онда терминдерді алғаш рет қолданысқа енгізген. Мысалы, Х.Досмұхамедұлы - психология, физиология, медицина, анатомия ғылымдарын жетік меңгерген, осынау ғылым салалары үшін терминдік атаулардың маңызын жақсы түсінген, шамасы келгенше оның біразын жасаған ғалым. Ғалымның терминжасам шығармашылығынан жаңа атауларды көптеп кездестіреміз. Мысалы: жүйке жүйесі (нервная система), жүйке түйіні (нервный узел), жүйке тұтқасы (нервный центр), қозғалғыш жүйке (двигательный нерв), қозу (возвуждение), сезім жүйке (чувствительный нерв) т.б.
Х.Досмұхамедұлының термин шығармашылығы туралы 2000 жылы К.Қабатаева кандидаттық диссертация қорғаған. Зерттеуде Халел Досмұхамедұлының еңбектерінде кездесетін қоғамдық-саяси, мәдени- әлеуметтік терминдерге талдау жасалынады, ғалымның термин жасау әдістері мен тәсілдері анықталады.
Ж.Аймауытұлы психологиялық атауларын және өсімдіктану атауларын Е.Омарұлы пішіндеме (геометрия) атауларын, С.Қожанұлы есептану терминдерін, А.Қонқашпайұлы география атауларын, М.Жұмабаев педагогика саласының терминдерін жасаған. Соңғы жылдары қазақ зиялыларының еңбектері, олардың термин жасау тәжірибесі зерттеушілер тарапынан назарға іліге бастауы қуанарлық жайт.
Қазақ тілінің әлеуметтік өмірдегі қолданыс аясы кеңею нәтижесі терминологиялық лексиканы саралап, бір ізге түсіру қажеттілігін тудырды. Осыған байланысты қазақ тіл білімінде терминологиялық зерттеулер басталды. Қазақ терминологиясы мәселесі алғаш 1924 жылы Орынбор республикалық 1 сьезінде кеңінен сөз болды. Осы мәселе Баку қаласындағы тюркологтардың Бүкілодақтық 1 сьезінде де сөз болды. Бұндағы қарастырылған мәселелер термин жасаудағы принциптерді бір жүйеге келтіру болды. 1930 жылы Мәскеуде термин жасаудың алғашқы принциптері қарастырылып, оның нәтижесінде 1931 жылы Атаулар сөздігі жарыққа шықты. 1933 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Тіл білімінде метафораның зерттелуі жайлы еңбектердің хронологиясы
ЗАТ ЕСІМДІ СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ
Одағай сөздер жайлы
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Аффикстердің түрлері, жүйесі
Пәндер