IT БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
МРНТИ 20.01.42

IT БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ақсейт Еңлік Бақытқызы, Мадьярова Гүлнар Атыханқызы
Әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы,
Қазақстан, madyarova-gulnar@mail.ru eclipse.ena@mail.ru

Аңдатпа
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесі дамуымен тығыз байланысты. Осы мақалада жалпы білім беретін орта және IT бағытындағы мектептерде информатика пәнін оқытудағы бірқатар ерекшеліктер анықталып, талдау жасалған. Мамандандырылған мектептерде информатика пәнін оқытуға бөлінген сағат санының көп болуына байланысты, осы мектеп мұғалімдеріне пәнді оқыту үшін, пәннің мазмұнын құру, сонымен бірге әдістемелік ерекшеліктерді де ескеру қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты IT мектептеріне арналған күнтізбелік тақырыптық жоспар ұсынылып отыр. Бұл күнтізбелік тақырыптық жоспар № 92 Махатма Ганди атында лицейде тәжірибе жасалып, қолданысқа енді. Информатика жас ғылым болғандықтан даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасуда. Сол себепті бұл өзгерістерге біз де өз үлесімізді қосуымыз керек.
Түйін сөздер: Информатика, IT лицей, әдістемелік құралдар, күнтізбелік тақырыптық жоспар, танымдық қызығушылық, жалпы білім беретін орта мектеп.

Кіріспе
Кез келген дамыған мемлекеттердің басты бір ерекшелігі - білім саласына деген ерекше көзқарасы. Яғни, білім саласындағы қарқынды жұмыс пен жеткен жетістіктер - баланың білім алуына жағдай жасауының нәтижесі. Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында айтқандай, білім саласына әлемдік елдердің жетістіктері зерттеліп үнемі жаңартулар енгізіліп келеді. [1;120] XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Жаңа ақпараттық технологияны оқу үдерісінде тиімді қолдану - сапалы білім берудің негізгі факторы болып отыр. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда. [2;14] Информатика пәнін оқып үйренудің негізгі мақсаты:
Оқушының ойлау қабілеттерін дамыту
Оқушылардың ақпараттық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету.
Оқушыны өмір сүруге, еңбекке баулуға және өмір бойы білім алуға даярлау.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру.
Информатиканы оқып-үйренудің негізгі міндеттері:
зат, энергия, ақпарат деген ғылымның негізгі үш ұғымдарының бірі екеніне түсінігін қалыптастыру.
Табиғатта, қоғам өмірінде, кез келген техникада қоршаған болмысты зерттеуге жаңа ақпараттық тәсіл - ақпарат үдерістері саласын қалыптастыру.
Қоғамның дамуына, адам өмірін жеңілдетіп, мазмұнының өзгеруінде ақпараттық технологияның рөлін айқындау.
Оқушының теориялық, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологиялар саласынды білімді, дағдыларды, тәжірибелерді қалыптастыру және дамыту. [3;45]
Бүгінде цифрландыру әлемдік ауқымдағы трендке айналды. Дамыған елдің барлығы цифрлық саясатты қолға алып, даму қарқынын арттыруға күш салып жатыр. Десе де, инновация мен технология тілін түсінетін, оны жүргізетін мамандар тапшы. [4;47] Сол тапшылық IT саласының дамуына кері әсерін тигізіп, цифрлық экономиканы жүргізуге, озық технологияның игілігін көруге кедергі келтіріп келеді.
Қазақстан ішкі қажеттілік пен жаһан талабына байланысты ақпараттық технология мамандарын даярлауды мықтап қолға алды. 2017 жылы қабылданған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты бойынша IT мамандарды даярлау міндеті жүктелді. Осыған орай соңғы жылдарда кадр мәселесін шешу жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. [5;58]
IT лицейлер мен жалпы білім беретін мектептердегі (ЖББМ) информатика пәнінің біршама айырмашылықтары бар. Бұл елімізде IT саласының дамуына едәуір үлес қосуда. Толығырақ төмендегі суретте көрсетілген: Сілтемені автор дайындаған.

- сурет. Жалпы білім беретін мектеп пен IT бағытындағы мектептердің Информатика
мазмұнындағы айырмашылықтар

IT бағытындағы мектептерде информатика сабағы аптасына 2 сағат өтіледі және қосымша сабаққа 2 сағат бөлінген, яғни факультативті пророграммалау пәні. Факультативті сабақтарда программалау тілдері қосымша өтіледі. Мысалы: Python, Php, MacroMediaFlash, CoralDraw т.б. Информатика кабинеті жаңа инновациялық технологиялармен қамтамасыз етілген және робототехника кабинеттері бар. Дарынды балалармен қосымша жобалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл информатика пәнін терең меңгеруге, білім сапасын арттыруға едәуір ықпал етіп отыр. Python тілі қазіргі кезде ең көп таралған бағдарламаллау тілі болып саналады. [6;69]

Әдебиеттерге шолу
Информатика курсын оқытуға арналған оқу - әдістемелік құралдар, оқулықтар тапшы. Информатика жас ғылым болғандықтан даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасуда. Қазақстанда көптеген мектептерде IT сыныптары ашылып, компьютерлік құралдармен, SMART тақталармен толықтырылып жатыр. Сонымен қатар арнайы IT лицейлері де ашылып, информатика пәні негізгі пәндердің қатарына қосылды. [7;123] Осы IT сыныптар мен IT лицейлерде қосымша программалау сабақтары еніп, инфрматика пәніне бөлінген сағат саны да артты. Програмалау сабақтарында оқушылар Python, C++ т.б тілдерді қосымша тереңірек үйренуге мүмкіндік жасалынды. Дегенмен осы прораммалау сабақтарына арналған арнайы есептер жинағы немесе әдістемелік құралдар, кітаптар жеткіліксіз.
Тіпті, Python программалау тілін үйретуге арналған қазақша оқулық жоқ. Дегенмен бұл атқарылып жатқан істер, тек қала мектептерінде. Ал ауылдық, аудандық жерлерде ақсап тұр. Білім саласындағы елеулі өзгерістер - еліміздің білімді де білікті азаматтарын тәрбиелеуде зор үлесін қоспақ. Мектептегі білім сапасын жақсарту мақсатында оқушаларға берілетін білім мазмұны, білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды белгілейтін негізгі нормативтік құжат - пән стандарттары жетілдіруде. [8;14] Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленген. Аталған құжат - Республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол Білім туралы Заңға сәйкес жасалады. Менің ойым, Қазақстанның барлық ауылы болсын, ауданы болсын бірдей стандартқа келсе деймін. Себебі кейбір ауылдық мектептерді қазіргі таңда мүлдем қолданыстан шыққан Pascal программалау тілін әлі күнге дейін үйретіліп келе жатқан мектеп пен колледждерді кезіктіруге болады. [9;56]
Информатика сабағы бойынша жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ол жеке мына міндеттерді атқарады:
информатика сабағын тереңдетіп оқу, қызығушылығын арттырып, дамыту.
жобалық жұмыстармен айналысу арқылы, ғылыми-зерттеу дағдысын қалыптастырады. [14;6]
информатика мен ЭЕМ қолдану саласында, мамандықтарын алуға дайындығын қамтамасыз етеді.
оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастырады.
мектеп оқушыларымен программа бойынша сыныптан тыс жұмыстар, экскурсия, дәстүрлі үйірме т.б., сонымен қатар мұндай жұмыстардың өзіне тән ерекшеліктері бар. [10;89]
Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. 2017 жылдың 12 желтоқсанында Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстанда көптеген IT лицейлер мен IT сыныптар ашылды. Информатика негізгі пәндер қатарына еніп, сағат саны артты [15;5]
Информатика пәнін оқыту үдерісінде оқытушы Қазақстан Республикасы орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын (ГОСО) басшылыққа алуы тиіс. Аталған стандарт Информатика пәні бойынша білім берудің міндетті минимум мазмұнын және оқушының дайындық деңгейіне талаптарды белгілейді. [11;48]
ЖББМ -де информатиканы 8 - сыныптарда оқыту бағдарламасы, информатика, Г.И.Салғараева, А.А. Бекежанова, Ж.Б. Базаева. - Астана: Арман - ПВ баспасы, 2018 оқулығы қолданылады. Ал жаратылыстану - математика бағытында оқитын сыныптарда қос тілді оқулық, Ержан Шаниев, Исмаил Гесен, Нұрбол Айдарбаев, Нұрсұлтан Ахметов, Эльдар Ержанов, Аматы: Астана - кітап, 2017 оқулығы қосымша жүргізіледі. Бұл кітаптар 8 - сынып бойынша аптасы 1 сағат, жылына 34 сағатқа жасалынған.[12;96]
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
2020-2021 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 8-сыныптарында Информатика оқу пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 (12-қосымша), 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 (200-қосымша) бұйрықтарына сәйкес оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Яғни, информатика пәні аптасы 1 сағат, жылына 34 сағатқа жасалынған. IT лицейлерде, IT сыныптарда, мамандандырылған мектеп лицейлерде вариативті пән ретінде информатика пәніне қосымша сағат бөлінген. Мен жұмыс жасайтын мамандандырылған лицейде, информатика аптасына 4 сағат өтіледі, қосымша 2 сағат программалау сабаға енгізілген. Соған байланысты күнтізбелік тақырыптық жоспарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Орта мектепте информатика пәнін оқытудың негіздері
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Пәндер