Ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдерді пайдалану: теориялық және педагогикалық-психологиялық негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
  1. Ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолданудың теориялық

негіздері

  1. Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамытуда ағылшын мақал-мәтелдерін пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері

Халық даналығы мен рухы оның мақал-мәтелдерінде көрініс табады, ал белгілі бір халықтың мақал-мәтелдерін білу тілді жақсы білуге ғана емес, сонымен бірге халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы мен ақыл-өнегесін жақсы түсінуге ықпал ететіні бұрыннан белгілі.

Ағылшын тілі әдебиетте, газеттерде, фильмдерде, радио мен теледидарда, сондай-ақ ағылшындардың күнделікті қарым-қатынасында қолданылатын идиомалық сөздер мен мақал-мәтелдерге өте бай. Ағылшын идиомалары мен мақал-мәтелдері алуан түрлілігінен ағылшын тілін үйренушілер үшін өте күрделі. Ғылымға белгілі тілдердің ішінде мақал-мәтелдер бойынша ағылшын тілі бірінші орын алады. Мақал-мәтелдер фольклордың ажырамас атрибуты және өз кезегінде халық мәдениетінің атрибуты бола отырып, өздеріне тиесілі ұлттың өмірін бейнелейді. Мақал-мәтелдерде халықтың бай тарихи тәжірибесі, адамдардың еңбегі, өмірі және мәдениетімен байланысты идеялар бейнеленген. Шынында да, біз қай уақытта өмір сүрсек те, олар әрқашан өзекті болып қала береді. Мақал-мәтелдерді дұрыс және орынды пайдалану сөйлеудің өзіндік ерекшелігі мен ерекше экспрессивтілігін береді.

Мақал-мәтелдер - халық шығармашылығының ежелгі жанры, олар ежелгі уақытта пайда болды және ғасырлар бойы халықпен өмір сүріп тамырын тереңдетіп жайып келеді. Олардың көпшілігі жазу пайда болғанға дейін пайда болды.

Мақал-мәтелдер ежелгі заманнан бері адамдармен бірге өмір сүріп келеді. Нақты рифма, қарапайым форма сияқты экспрессивті құралдар мақал-мәтелдерді тұрақты, есте қаларлық және сөйлеуде қажет етті.

А. Н. Афанасьев былай деп жазды: «Мақал-мәтелдердің өздерінің формалары бойынша бұрмаланбайды, сондықтан олар ежелден қалыптасқан көзқарастардың ескерткіші болып табылады. Мақал-мәтелдер ата-бабалардың даналығының негізгі көзі, есте сақтау және адамзат тәжірибесін тарату құралы болып табылады».

Бұл бірліктердің ауызша айтылып, ел есінде ауызша сақталатыны мақалдың фольклор саласына жататындығын көрсетеді. В. И. Даль мақал-мәтелдерді қарым-қатынас ортасының өнімі ретінде қарастырады: "«Мақал - халық сөзімен айтқанда - дән, ал мәтел - гүл», - дейді. Осы пікірді дамыта келіп М. А. Рыбникова: «Мәтел - бұл, сөз оралымы қалыптаспаған сөйлем, пікірдің элементі. Мақал - аяқталған пікір, біткен ой», - деп түйеді.

Мақал-мәтелдер халықтық тәжірибелі даналықтың жиынтығын қамтитынын ескере отырып, ғылым үшін бұл материалдарды талдаудың мағынасы бар. Ондағы ақпарат тұрғысынан немесе, кем дегенде, оның негізгі компоненттерін анықтап, онда көрсетілген негізгі ұғымдарды қарастыру керек.

Мақал - мәтелдер әр түрлі дәуірдегі нақты өмір шындығына, халықтың ежелгі кездегі ұғымына, ой-санасына сай келіп, олардың әлеуметтік, философиялық, діни, адамгершілік, этикалық, эстетикалық көзқарастарын білдіреді. Мақал - мәтелдердің негізгі мақсаты-шындықтың объективті құбылыстарына халықтық баға беру, осылайша дүниетанымдарын білдіру.

Мақалды мәтелден ажырата білу керек. Мақалдың басты ерекшелігі-ойдың толықтығы мен дидактикалық мазмұнында, ал мәтел ишара түрінде, ой толымсыз түрінде жазылады.

B. JI. Архангельск жұмысында мақал-мәтелдер фразеологиялық бірліктер шеңберіне енетін екінші тілдік белгілердің ерекше түрі ретінде қарастырылады.

Мақал-мәтел ұғымдарының дифференциациясы бойынша ең көрнекті теориялық жұмыстардың бірі - Г. А. Пермяковтың типологиялық жіктелуі. Онда «мақал - жалпы мағынадағы бейнелі мотивациясы бар, яғни кеңейтілген түсіндіруді қажет ететін грамматикалық тұрғыдан аяқталған (сөйлем түрі бар) сөз» деп көрсетілген. «Мәтел - жалпы мағынадағы бейнелі мотивациясы бар грамматикалық аяқталмаған (сөйлемді құрмайтын) сөз" деп өз еңбектерінде жазып өткен.

Ұқсас анықтамаларды түсіндірме сөздіктерде, сондай-ақ көптеген арнайы мақалалар мен зерттеулерде табуға болады.

С. И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде келесі анықтама берілген: «Мақал - тәрбиелеуші мазмұны бар халықтық афоризм».

М. А. Мещерякова мақалды «жалпылама сипаттағы қысқаша, толық, бейнелі сөз; әртүрлі жағдайларда қолданылатын тәрбиелеуші мазмұны бар өмірлік бақылау; фольклордың кіші жанрлық формасы» деп түсіндіреді. Мәтелді «жалпылама мағынаны қамтымайтын, негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, қорытындысы тұспалды нақыл сөз» деп өз еңбектерінде қарастырып өткен.

Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте мақал «тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем» деп анықталған.

Longman Contemporary English Dictionary мақалды былай анықтайды: «proverb - a short well-known statement that contains advice about life in general» - мақал - өмір туралы кеңестерді қамтитын белгілі қысқа тұжырым.

Сонымен, біз мақал-мәтелдердің әртүрлі анықтамаларын қарастырып, олардың қасиеттерін анықтадық. Біздің зерттеуімізде біз мақал-мәтелдердің келесі түсіндірмелеріне сүйенеміз, өйткені олар осы терминдер туралы нақты түсінік береді:

«Мақал-бұл қысқа, жиі ырғақты сөз, ол толық сөйлем болып табылады және белгілі бір тұжырымды білдіреді».

Мақал-мәтелдер халық мәдениетінің бір бөлігі бола отырып, әрқашан өзекті бола отырып, зерттеу объектісі болып қала береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді қолданудың әдістемесі мен маңызы
Ағылшын тілі сабағында диалогтық сөйлеуге үйретудің теориялық және әдістемелік негіздері
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару: құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен аударма әдістері
Ағылшыннан қазақ тіліне мақал-мәтелдерді аудару ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағында АКТ қолданудың теориялық-әдістемелік негіздері мен өзін-өзі бақылау әдістері
Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдерді оқытудың тәрбиелік мәні және әдістемелік негіздері
Қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдерінің салыстырмалы талдауы және ағылшын тілі сабақтарында қолдану әдістемесі
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту: теориялық-әдістемелік негіздері мен заманауи технологиялар
Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдерді оқытудың тәрбиелік мәні және әдістемесі
Бастауыш мектепте ана тілі сабағында қазақ ұлттық ойындарын қолданудың педагогикалық-психологиялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz