Жара



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жара - жұмсақ ұлпаның механикалық зақымдалуымен, терінің бүтіндігінің бұзылуымен және тереңде жатқан кілегей қабықтарының өзгерісімен, қан ағуымен және сол аумақтың қызметінің бұзылуымен сипатталады. Кейде қан ағу құбылысы болмауы да мүмкін, мысалы: мүйіздің жарақаттануы кезінде, ауырсыну ұлпаның жүйкеленуі бұзылуы кезінде болмауы мүмкін және анестезия қолданған жағдайда.
Жара процесінің өту фазалары гидратация және дегидратация процесінде жүреді. Жара процесінде қабыну болады.
Оны жара патогенетикасына қарап анықтауымыз керек, бірақ жараның көбісі жай ұзақ уақытта жазылады [4].
Жай жазылатын жарақаттар патогенезі келесі түрде қарастырылады: жергілікті жердің қоректенуінің бұзылуы, жалпы және жергілікті С-авитаминоз, байланыстырушы ұлпаның жергілікті патологиясы.
Қоректенуінің бұзылу рефлекторлық жүйкелік процесске ұшыратады, жарақаттанған жер жайылады сол жердің жүйкесін қоздырып, ол жүйке орталығына барады. Бұл құбылыс трофикалық бұзылуға әкеп соғады, бұны қоздыру теориясы деп атайды.
Байланыстырушы ұлпаның жергілікті патологиясы, микроскопиялық зерттеулер көрсеткіші, ұлпа эволюциясы, әлсіз гранулденген және әлсіз жазылған жара көрінісі қалыпты жағдайдан өзгеше болады. Торша көбеюінің орнында, некроз аймағында дегенерация процесі және қабыну процесі, ұлпаның өзгеруі, фиброзды, склероздық процестер дамиды. Біріншілік склероз дамуында - байланыстырушы ұлпаның қан тамырларында дұрыс емес өзгерістер болады [5].
Жазылудың ең алғашқы процесі байланыстырушы ұлпаға эпителийдің өсуі, осыдан "эпителий - байланыстырушы ұлпа" жүйесі дамиды. Қалыпты жағдайда бұл жараның жабылуына әкелетіндігін дәлелденген.
Егер жара нашар жазылса, эпителий өсуі мен байланыстырушы ұлпаның арасындағы байланыстың дұрыс болмауынан болады.
Негізінде жазылмайтын ойылымды жарадан кейін, грануляциялық ұлпа аурулары тұр. Ол қабыну және дистрофиялық өзгерістердің болуы, грануляция түрінің, уақытының дұрыс емес жетілуі деп санайды. Даль грануляциялық ұлпа мен эпителийді бір жүйе деп қарастырады, бірақ мезенхималық ұлпаға көп көңіл бөлген [6].
Жалпы биологиялық тұрғыдан қарағанда, жараның жазылуы табиғи биологиялық әмбебап құбылыс: барлық тірі ағза гомеостазды жүйені құрайды, тұқыммен берілген барлық сыртқы тітіркеніске жауап береді [7].
Жаңа көзқарастар бойынша жара мәселесін қарастыру репорациялық өту бағытына байланысты. Оның морфологиясына, гистологиясына және биохимиясына, жараның даму процесінің ерекшеліктеріне сыртқы факторлардың әсері орасан. Мысалы, жараның жайылуы, микробпен ластануы, антибиотиктерді және энзимдерді қолдану, хирургиялық өңдеу жараның жазылуына байланысты.
Қарқынды жұмыстар жасау және кең түрде әртүрлі дәрілік заттарды қолдануға қарамастан, іріңдеу және операциядан кейінгі жаралар азаймай тұр, көп жағдайда жараның жазылуы ұзаққа созылады, жай жазылады. Соңғы уақыттағы зерттеулер бойынша қабынған патологиялық грануляциялар 8-12% құрайды [8].
Қалыпты уақытта жазылмайтын жаралар, ұзақ жазылмайтындарға жатады. Жараның тез жазылмауының себебі: биологиялық тазалану - өлі ұлпадан, бөгде заттардан және инфекциядан тазалану ұзақтығы; грануляция процесінің және эпидермизация процесінің бұзылуы; алиментарлы және қартаюдың себебі; қатерлі домбығу пайда болған кезде; жалпы инфекция кезінде; созылмалы интоксикация; жүрек-қан тамырлар аурулары; қоректенудің бұзылуы; авитоминоз кезінде және зат алмасудың барлық түрінің бұзылуы мен патологиялық грануляцияға байланысты [9].
Жара емінің аз әсер беруінің себебі: ескі препараттармен жергілікті ем жүргізу: Na хлоридінің гипертоникалық ерітіндісі, Вишневский майы, стрептоцидті, тетрациклинді, фурацилинді, гентомицинді майлар. Бұл препараттар жеке емдеу үшін микробқа қарсы әсері жоқ, ауырсынуды басатын, осматикалық, домбығуды болдырмау қасиеті жоқ, әсері аз.
Жара процесінің реакциясы өте күрделі кешенді реакция, ұлпа зақымдалуына жауап беретін құбылыс. Жаңа пайда болған жара толық грануляция болғанға шейін улы, бактерияны сіңіру қасиеті бар. Жара грануляциямен жабылған соң, оның сіңіру қасиеті жоғалады. Жараның бірінші фазасында оған ем ретінде осматикалық белсендігі жоғары препараттар беру керек, жарадан эксудаттың ағуын, өлген ұлпалардың бөлінуін және еруін қамтамасыз ету керек. Екінші фаза кезінде аз ғана микроб қалғанда, асептика және антисептикалық байлам жасау, уақытында жаңадан микроб өсінділерінің түскенде, дәрілік заттар грануляцияның пайда болуына ықпал жасауы керек [10].
90-жылғы тәжірибеде жаңа топ препараттарын қолдану арқылы жекеленген жерді емдеу, іріңді жараларды жұмсақ ұлпадан толық ажыратып өңдеу қажет екендігін көрсетті. Емдеу компонентінің ең бастысы: жара қысқа уақытта жабылуы тиіс. Бұл емдеу уақытын қысқартады және жақсы нәтиже береді, кей кезде ерте жабылған жара медикаментозды емдеуді қажет етеді, өйткені аэробты, анаэробты іріңді қоздырғыштар қоздыруы мүмкін, бұл кезде көп компонентті препараттар белсенді некролитикалық әсері бар, ұзақ осмотикалық белсенді болуы мүмкін немесе керісінше, жара бетінің кеуіп кетуі мүмкін. Кейбір ескі әдістер кері әсер етеді, біріншіден ескі дәрілік заттар байламда ерітінді түрінде 2-3 сағатта кеуіп кетеді, жара эксудатымен инактивтелінеді, сондықтан бұл әдістер аз әсер береді. Байламдар кеппес үшін оларға май қолданылады: құрамында антибиотик немесе антисептигі бар қарапайым ланолин-вазелин майынан дайындалады. [11].
Жараны емдеу және иммунореттеу. Жараны емдеу нәтижелері бірнеше факторға байланысты: жараның жазылуының биологиялық заңдары; жара процесінің фазасын бағалау; тиімді және сәйкес емдеу жолдарын таңдау.
Қазіргі уақытта жаңа тиімді бағыт табылды-иммунореттеу. Жараның емделуі жара процесінің фазасына байланысты. 1-фазада жараның инфекциясын тежеу новокаин тежеуі арқылы гиперэргияны жою және қоректенуін қалыптастыру. Организмді антибиотиктермен және антисептиктермен микроорганизмдерден тазалау, хирургиялық жолмен өлі ұлпаларды жою және мөлшерленген осмотерапия, тұзды ерітінділерді қолдану.
Емдеудің 2-фазасында кешенді және новокаинды блокада қоректендіруді және қан айналымды қалыптастыратын препараттар қолданады. Эпителизацияны ынталандыратын заттар беру керек, ол жара бетін грануляциялық жабынмен жабады. Гуманитарлық және ветеринарлық медицинада жараны емдеудің 1-ші фазасында мына майларды қолданылады: левомеколь, левосин, диаксиколь, диоксидинді 5%, сульфамеколь, фурагель, йодопирон 1%, йодметрикс, силен, стрептомитол, және т.б [12].
Жуан, тыртық пайда болмас үшін: іріңді жараларда өзіне тән емес ынталандырғыштар қолданылады, мысалы, биоматериалдан жасалған "Аллоплант". Регенерацияда ынталандырғыштарды қолдану, қабыну процесінің белсенділігін төмендетеді, моноциттердің миграциясын күшейтеді, пролиферация уақытын және эндотелиоцит апатиозын күшейтеді. Ол грануляциялық ұлпаның дамуын тездетеді. Биологиялық белсенді заттар В-каротин өте кең түрде антиоксидант және антигипоксант ретінде қолданады. Морфоиммуноцитохимиялық және биохимиялық әдісімен зерттелген жергілікті және резорбтивті әсері бар препарат В-каротин құрамында каролин биопрепараты бар. Жергілікті қолдануда В-каротин іріңді жараларды емдеу үшін қолданады. [13].
Ерте уақытта полинуклеарлар саны 5% көтеріледі, мононуклеардың көлемі 7% төмендейді, жалпы торша саны 5% төмендейді. Белоктағы катионның саны және цитоплазма 57% және 38% төмендейді. Суда еритін фракция құрамында шайыр және май бар. Биомин-10 және Биомин-20 күйікті емдеу үшін жараны және іріңді қабынуларды емдеу үшін т.б көрсетілімдері бар. Бұл препараттар бірнеше биологиялық белсенді заттардан тұрады, жан-жаққа бағытталған және дозаға тәуелді иммуномодульдейтін әсері бар, оптимальді емдік әсері бар.
Ретроспективті анализ анамнездері ауыр іріңді процестердің дамуы 15 мыңнан астам ауруларды кездеседі екен. Әр түрлі стационарлардан іріңді хирургияға ауысқан хирургиялық асқынуларды А.В.Вишневскийдің атындағы ғылыми-зерттеу институты зерттеген. Ол емдеудің әлсіз болуының себептерінің бірі - әсері әлсіз бензилпенициллин, жартылай синтетикалық пенициллин, цефалоспорин және 1-2 ұрпақтағы аминогликозидтерді дұрыс емес қолдану. Жараны емдеу үшін, жергілікті ескірген препараттарды қолдану - гипертоксикалық ерітінді Na хлоридін, Вишневский майын, ихтиол майын, стептоцидті, тетрациклинді, фурацилинді, гентамицин майы, емдеуді тиімсіз етеді. Ескірген препараттарды қолданудың дұрыс емеc екендігі келесіде көрінеді, бірнеше факторлары: препараттар жергілікті жараны емдеу үшін антимикробты белсенділігі жоқ, ауырсынуды баспайды, осматикалық қабынуға қарсы эффектісі жоқ. Көптеген зерттеулер бойынша, іріңді жаралардың қоздырғыштары өзгере бастаған [14].
Қазіргі кездегі хирургиялық инфекцияға антибиотикопрофилактика ретінде мына принципті ұстайды: жараға түскен микроорганизмдердің көбеюіне бөгет жасау немесе концентрациясын төмендету, жара инфекциясына әсерлі препараттар қолдану. Антибиотиктің бактерия концентрациясына операция басталғаннан соңына дейін әсері болуы керек. Препаратты 30-40 минут емдеу алдында тамыр ішіне енгізу керек. Егер операция 3 сағатқа созылса 2-ші қайтара енгізу керек. Антибиотикопрофилактика курсы барынша қысқа болу керек: кезең оптимальді болып есептелінеді, максимальді этиотропты әсері болуы керек, қарсы көрсетілімдер болмауы керек. Аэробты және анаэробты ассоцияциясы іріңді жарақаттанудан кейінгі жараларда, ойылымдарда, ауруларда 98,8%-ды құрайды. 80 нен 100%-ға дейінгі штаммдар пенициллинге, цефазолинге, тетрациклинге, канамицинге, гентамицинге, цефалоспоринге, сезімтал емес. Микроорганизмдерге төзімділік қалыптасу процесі кең дәрежеде тек антибиотиктер тобына ғана емес дәстүрлі антисептиктерге де, ланолин - вазелин негізіндегі ескі жақпа майларға да таралады. Мысалы, фурациллин ертіндісі, риванол, 3% бор қышқылы хирургиялық инфекцияның негізгі қоздырғыштарына қатысты өздерінің микробқа қарсы белсенділігін толық жоғалтты [19].

2.2 Жара мәселенің қазіргі ахуалын бағалау
Қазіргі уақытта жаңа механизммен әсер ететін емдік препараттар шыққан, аэробты және анаэробты қоздырғышқа қарсы әсері бар. Ол жұмсақ ұлпаның іріңді-қабынулы жараларын да емдейді. Жара процесінің 1-фазасында, құрамында майы бар антибиотиктер қысқа уақыт қана әсер етеді. Вазелин-ланолинді майлар жарадан бөліндінің бөлінуіне кедергі жасайды және белсенді компоненттің шығуына, микроб тұрған жерге, ұлпаның түбіне шейін антибиотиктің баруына кедергі жасайды, сөйтіп жіті қабынуды созылмалыға айналдырады.
Соңғы жылдары клиникалық тәжірибиеде іріңді жараларды емдеу үшін 1-ші фазадағы жаңа полиэтиленоксидті май қолданылуда. Полиэтилен этиленнен окисінен өндірілген уыттылығы төмен және осматикалық құрамы жақсы препарат. Препаратты өндіру кезінде оның іріңді жараларды емдеу үшін, полиэтиленоксид салмағы 400-ге және полиэтилен оксид молекуланың салмағы 1500-ге жеткізген. Іріңді жарада ПЭГ-1500 қабыну эксудатын белсенді байланыстырады, оны байламға өткізеді, сұйық зат жойылып кетеді, ал босатылған молекулалар ПЭГ -1500-де қайтадан жараның түбінде жатқан эксудатты өзіне тартады. Одан да ұсақ молекулалар ПЭГ-400 ұлпаның терең түбіне жете алады. Бұл антибиотикпен кешен түзіп, ПЭГ-400 оны ұлпада өткізеді. Ол жерде микробтар жиналатын жерді емдейді. Ланолин вазелинге қарағанда өте күшті, антимикробты қасиеті жоғары. Ланолин ол қысқа уақыт қана және тек жара үстінде ғана әсері болады. Жаңа препараттаға полиэтиленоксидті майларға жаңа препарттар енгізген, мысалы: левомицитин (левосин, левомеколь); диоксидин (5% диоксидин майы, диоксиколь, метилдиоксилин); йодты поливинил-пирролидон (1% йодопиронды май, йодметриксид); метронидазол+левомицитин (метрокаин); нитазол (стрептонитол, нитацид); фурациллин (фурагель); хинифурил (0,5% хинифурил майы); мафенид ацетат (10% мафенид ацетат майы). Тағы басқа майлар құрамында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жараның жазылуы
Жара және жараны жазушы таңғыштар
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
Ашық механикалық жарақаттың анықтамасы және түрлері
Жабық жараны емдеу әдісі
Ерекше қауіпті жануарлардың тістегенінен болған жаралар
Иттің сан аумағындағы жарасын емдеуге арналған ауру тарихы
Жарақаттар
«Қойдың жабық жарақатын емдеуге арналған ауру тарихы»
Жараның секвестрациялық тазаруы
Пәндер