Арамшөптер туралы


Баяндама
Арамшөптер деп ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерде өздігінен өсіп, көптеген зиян келтіретін өсімдіктерді атайды. Арамшөптер тек жыртылған жерлерде ғана емес, сонымен қатар, жайылымдар мен шабындықтарда да кездеседі. Бұл жерлерде арамшөптерге улы, мал жеуге жарамсыз және ірі сабақты өсімдіктерді жатқызады. Егер бір ауылшаруашылық дақылдарының арасында басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Айтар болсақ, бидай дақылы ішіндегі арпа, сұлы немесе тағы да басқа мәдени дақылдар болса да арамшөптер қоспасы болады. Тіпті, бидай егісінде бір сорттың ішінде басқа сорт кездессе, оны да арамшөп қоспасы деп есептейді. Солардың ішіндегі өте қатты зиян келтіретіндері карантинді арамшөптер тобы болып есептеледі.
Диплoмдық жұмыстың нeгізгі мaқcaты : Aқтөбe oблыcындa жыл caйын кeздeceтiн кapaнтиндiк арамшөп жатаған укекіренің таралуын aнықтaп, күpecy шapaлapын жeтiлдіpу.
Диплoмдық жұмыстың мaқcaтын icкe acыpудa кeлeci міндeттep қoйылды:
- Карантинді жатаған укекіренің Ақтөбе облысы аумағында таралуын анықтау
- Жатаған укекіремен күресудің биологиялық тиімділігін анықтау
- Жатаған укекіремен күресудің шаруащылық тиімділігін анықтау
Жатаған укекіре - горчак ползучий, латынша атауы - Acroptilon repens - синонимі - Acroptilon picris, Centaurea picris, C. repens. Систематикалық орны: Күрделігүлділер - Asteraceae - тұқымдасы.
Биологиялық ерекшеліктері, зияндылығы және фитосанитарлық қаупі. Жатаған укекіре - атпа тамырлы көпжылдық өсімдік, гемикриптофит. Acroptilon туысы ботаникалық тұрғыдан көптиптікке жатпайды. Бұл туысқа екі түр кіреді. Оңтүстік укекіре, Орта Азия елдерінде тараған, жапырақтарын сыртынан көмкеріп тұратын қосалқысымен сипатталды. [34] .
Укекіренің бұл түрі шілде-тамыз айларында гүлдейді. Көбеюі тұқымымен немесе тамыр атпаларымен - вегетативтік жолдарымен жүреді. Негізгі көбею тәсілі - вегетативтік. Укекіренің тамырлары жазғы қуаңшылық кезінде топырақ құрғап кеткенде және жазғы жоғарғы температурада да тіршілікке қабілеттілігін жоймайды. Тұқым салуы Қазақстанның әр тарапында әр түрлі: солтүстік аймақта бір өсімдікте шамамен 170 тұқым түзілсе, оңтүстікте тұқым саны 400-600 дана болады. Бұл өсімдіктің тұқымының өнуі үшін қажетті орта жағдайы: температура - 20-30°С, топырақ ылғалдылығы - 20-22%, тұқымы сазды топырақта 3 см, құмдақ топырақтарда 5 см-ге дейін тереңдіктен өніп шыға алады
Далалық жағдайда укекіре тұқымы 3 см-ге дейінгі тереңдіктен топырақ 8-10°С дейін қызғанда көктеп шыға бастайды. Укекіренің тұқымы топырақта тіршілікке қабілеттілігін 5 жылға дейін жоймайды.
Морфологиясы және идентификациялау. Жатаған укекіре өсімдігінің биіктігі 20-70 см. Сабағы тік, түкті, етегінен ұшына дейін жанама сабақтар түзіп, тарамдалған. Өсімдігінің тамыры 10 м-ге дейін тереңдікке бойлайды. Жатаған укекіре негізгі тамырымен қатар көптеген қосалқы бүршіктері бар тамыр сабақ түзеді. Жапырақтары түкті, сабақ бойында кезекпен орналасқан, сағақсыз, отырыңқы, тілімденген, немесе жиектері тісті, жоғарғы жапырақтарының жиектері тегіс.
Жатаған укекіренің себетгүлдері дара, диаметрі 1-1, 25 см. Гүлдері түтікше тәрізді, күлте жапырақтары қызғылт түсті. Орама жапырақшалары жартылай дөңгелек немесе жалпақ, жұмыртқа пішінді, жартылай мөлдір, ақшыл-күміс түсті қосалқылары бар. Тұқымшалары қысқа, бір ұшында оңай сүртілетін айдары бар. Қуаңшылыққа төзімді, жарық сүйгіш укекіре көлеңкеде тұқым түзбейді. Сонымен қатар бұндай жағдайда өсімдіктің тамыр жүйесінің өсуі баяулайды, алайда олардың бойындағы пластикалық заттар қоры сақталып, көбею бүршіктері тіпті бірнеше жылдан кейін де (3 жылдан астам) жаңа өркен түзіп, арам шөп таралуын жалғастырады.
У кeкіpeнің зияндылығы өте зор: оның тамыры өте зянды улы зат шығарып топыраққа таратады, aуылшapуaшылығы дaқылдapы әлcіpeп, өнімді caбaқтapы aзaяды, coғaн қаpaй өнім кeмиді (сурет 3) . Мысалы, жaздық бидaй өнімділігі 1 м 2 eгіcтіктe apaм шөптің opтa eceппeн 75 caбaғы бoлғaн кeздe, eкі ece aзaяды. 1 шapшы мeтpдe 49 дaнa укeкіpe бoлғaндa apпa өнімділігі 4 eceге кeмиді. Coндaй-aқ 1 м 2 жepдe укeкіpeнің 26 дана caбaғы бoлca да, apпa мeн жaздық қapaбидaй өнімділігін eкі ece төмeндeтугe қaбілeтті eкeні бeлгілі бoлғaн. Мұндaй тeлімдepдe eкпe өcімдіктep қaтты cиpeйді, бoйлapы aлaca бoлып, мacaқтapы жeтілмeйді, aл тығыз өcкeн тeлімдepдe - өcімдік бірден өліп қaлaды. Жатаған укекіре басқан егіндіктегі өнім сапасы 30-50 пайызға төмендейді, құрғақшылық жылдары кейде 60-70 пайызға дейін төмендетеді.
Күрес шаралары - жатаған укекіремен күрес шараларын жүргізу үшін оның биологиялық ерекшеліктері мен өсіп-даму кезеңдерін толық меңгеру маңызды және агротехникалық - химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет. Негізгі күрес шарасы: тамыр жүйелерінің қайта өспеуі үшін жиі-жиі 10-12см тереңдікте өңдеу жүргізіп отыру болып табылады. Өте қатты ластанған жерлерге жатаған укекіренің тамыр жүйесін тежеу үшін қара сүрі жермен бірге алқапты жасыл массасымен бүркемелейтін мәдени дақылдар, оның ішінде: күздік қара бидай, арпа, сұлы, жүгері және жоңышқа егу қажет. Қара сүрі жер, өңделетін егістік алқаптың кемінде 20-25 пайызын қамту керек. Сүдігер жыртуды осы аймаққа тән қолайлы мерзімде жүргізу болып есептеледі.
Жатаған укекірені толық жою үшін қысқа мерзімде агротехникалық шаралармен бірге қазіргі заманғы гербицидтер қолдану ұсынылады. Гербицидтердің ең тиімді мерзімі арамшөптің шанақтану-гүлдеу кезеңдерінде қолдану болып саналады, бұл кезде өсімдіктің жер беті бөлігінің 71, 6-74, 3 пайызы жойылады, ал жер асты бөлігінің жойылуы сәйкесінше 21, 8-26, 1см. Тереңдікті ғана құрайды. Сонымен қатар гербицидтерді қолдану культиватормен қопсытудың 8-ден 4 қопсытуға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Укекірені жою үшін қолданылатын гербицидтер негізінен глифосат негізінде дайындалатындары. Препараттардың әр гектарға қолдану мөлшері: ГЛИФОС ПРЕМИУМ-2, 25л/га, ГЛИ-ФОСАТ-48%-6. 0л/га, ЛАНС-0, 15-0, 18л/га. [9]
Республика бойынша укекіренің таралуы әр облыста әр қилы. Ол облыстың ауыл шаруашылығы жақсы дамыған аймақтарында көптеп шоғырлануына негіз болады. Укекіремен күресу жолдарын тиімді жүргізген жағдайда ғана жыл сайынғы таралу дәрежесін төмендетуімізге болады. Кейбір облыстарда осындай іс-шаралардың тиімді жүргізілу нәтижесінде тұрақтылық сақталынып отыр. Оның таралуы бірнеше себептерге негіз бола алады, яғни ауыл шаруашылғы өте жақсы дамыған аймақтарда агротехникалық және химиялық шараларды тиімді қолданбағандықтан көптеп өсіп кету, тұқым арқылы басқа аймақтарға таралуы тағы басқалары.
2016 - 2021 жылдар аралығында арамшөптің таралуы 2280, 4 мың гектардан 2627, 1 мың гектарға дейін жетті. Яғни Республика бойынша укекіренің таралу деңгейі 5 жылдың ішінде 346, 6 мың га артты.
бойыншаҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті берген мәліметі бойынша 2016жылы укекіренің таралу дәрежесі 115 мың га жетті, бұл көрсеткіш 2017 жылы 120, 4 мың га дейін өзгерген, яғни бір жылдың ішінде укекіренің таралуы 5, 4 мың га артып отырғандығын байқауымызға болады. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 125, 9 мың га құрады, яғни бір жылдың ішінде укекіренің таралу деңгейі 5, 5 мың га артқанын байқауымызға болады. 2019 жылы таралуы 129, 8 мың га құрады, укекіренің бір жыл ішінде таралуы 3, 9 мың га дейін артты. Ал 2020 жылы укекіремен таралу деңгейі 132, 9 мың га құрады, яғни бір жылдың ішінде арамшөптің таралуы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2, 1 мың га артқан. Соңғы 2021 жылы укекіренің таралу деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 12, 8 мың га артып отыр, яғни ол 144, 7 мың га құрады. Ақтөбе облсының 2016 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта өсу деңгейі орташа есеппен 128 мың га құрады.
Байғанин ауданын жатаған укекіре орташа тараған аудан болып табылады. Байғанин ауданына қатысты укекіренің таралуына көз жүгіртетін болсақ 2017 жылдан 2020 жылдарға дейін ол 6, 1 мың га жерге таралып, яғни үш жыл ішінде укекіренің таралу көрстекіші еш өзгеріссіз, өз қалпында қалғандығын байқауымзға болады. Тек соңғы 2021 жылы ол 6, 4 мың га дейін артты. Байғанин ауданында укекіренің 2017 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта өсу деңгейі орташа есеппен 6, 2 мың га жерді құрады. Қазіргі таңда, ауданда жатаған укекіремен күресу шаралары жүріп жатыр. Бұл облыстың басқа аудандарына қарағанда шамамен орташа дәреже болып табылады.
Швейцариялық мақұлданған Ланс 24%с. е (0. 15-0. 18л/га) препараты жатаған укекірені толықтай дерлік жою үшін кеңінен қолданылған гербицид болып табылады. Жатаған укекіреге Ланс препараты алғашқы күннен ақ жоғары тиімділік көрсетілуі тиіс. Яғни биологиялық тиімділік 92 пайызға дейін көтерілуі тиіс. Бұл препараттың улылығы ұзақ мерзімге дейін созылады. Препарат басқа мәдени дақылдарға зиян келтірмей, тек жатаған укекірені ғана жоюға араналған.
Гербицидтің тиімділігі:
- Тамырға терең ене алатындықтан укекіремен жоғары дәрежеде күреседі;
- Төзімді, яғни сепкеннен кейін жаңбыр болған жағдайда гербицидке әсер етпейді;
- Топырақта әсері ұзақ сақталады, яғни жаңа арамшөптермен де күресесді;
- Барлық талапты сақтаған жағдайда, мәдени дақылдарға зиян келтірмей арамшөптің өзімен ғана күреседі.
Қорытынды:
Ерекше атап көрсететін болсақ, облыстар қатарына Жамбыл және Қостанай облысын жатқызамыз. Қазақстан территориясының укекіремен залалдану көрсеткішінің 28% Жамбыл облысынының үлесі болса, Қостанай облысында бұл көрсеткіш 28, 1% жетіп отыр. Ал қалған 12 облысқа 43, 9% үлесі тиесілі. Бірақ бұл екі облыста укекіренің таралу деңгейі өте жоғары болғанымен, таралу деңгейі әр қилы, Жамбыл облысында ол жылдан жылға төмендесе, ал Қостанай облысында ол жылдан жылға артып келе жатырғандығын көрдік. Ақтөбе облысының жалпы Қазақстан территориясында укекіремен таралу дәрежесіне тиетін үлесі 5, 5% құрады. Бұл көрсеткіштердің жылдан жылға облысты құрап отырған негізігі ауыл шаруашылық аудандары Әйтеке би, Хромтау және Қарғалы толтырып отырғандығын көрдік. Облыс көлемі бойынша 2020 жылы Байғанин ауданына тиісті укекіренің таралу үлесі 32, 4% болса, Хромтау кентінде 19, 3%, Қарғалы ауданында 14, 5% құрады . Ал қалған 8 ауданға 33, 8% үлесі тиесілі.
Жатаған укекіремен күресудің ең тиімді тәсіліне агротехникалық шараларды жүргізе отырып, жатаған укекіренің тамыр жүйесін әлсірету арқылы оған қосымша глифосат негізінде құралған гербицидтерді әр түрлі мерзімде бүрку арқылы әрекет ету болып табылды. Жүргізілген тәжірбие барысында, Байғанин ауданында жүргізілген тәжірбие нәтижесінде жатаған укекіреге қарсы қолданылған препараттардың ішінде ЛАНС препаратының көмегі ерекше зор болды. Препаратты енгізген күннен бастап 30 күн есептегенде оның биологиялық тиімділігі басқа препараттарға қарағанда жоғары екенін анықтады.
Қыркүйек айында санақ жүргізу барысында агротехникалық шараларды қолданған бірінші нұсқада 1 м 2 жерде 6 арамшөп тірі қалған, яғни бұл 3 рет қайтара культивация жұмыстарын жүргізген кезде жатаған укекіремен залалдану көрсеткіші алғашқысымен салыстырғанда 85, 4% төмендегенін көреміз. Ал екінші ураган гербициді (5 л/га) қолданылған нұсқада ешқандай жатаған укекіренің өсу үрдісі байқалмаған.
Суармалы егіс тәжірибесінде 2 рет культивация жұмыстарын жүргізу барысында жаз мезгілінің ортасында және одан кейін 1 айдан соң (тамыз айында) жатаған укекіренің сабақ түзу кезінде ураган гербицидімен (4-5л/га) басқада банвел-Д қоспасымен (4-5+1л/га), эстеронмен (4+1 л/га) өңделген болатын. Осы кезде жатаған укекіренің толығымен өлгендігі байқалды. Қыркүйек айында оңтайлы ауа райы болса да олардың әрі қарай өсуі байқалмады. Ал бақылау нұсқасында (гербицидсіз) 3 рет культивация жұмыстарын жүргізгенімен оның өсуіне ол тосқауыл қоя алмады. Себебі атап отырған агротехникалық шаралар жатаған укекіренің жойылуына гербицидсіз толық оң нәтиже бермейді.
5. Жатаған укекіремен тиімді күрес жүргізу шаралары барысында ғана өнімділікті, табыс мөлшерін, шартты таза пайда мөлшерін, шаруашылықтың рентабілділігін бірнеше есе жоғары алуымызға, сонымен қатар шаруашылықта өсіріліп отырған дақылдарымыздың өзіндік құнын бірнеше рет төмендетуімізге мол мүмкіндік бар екенін көрдік.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
- stat. gov. kz // ҚР Ұлттық экономика министрлігі, статистика комитетінің мәліметтері
- Маркова И. А., Гузюк М. Е., Вервейко И. В. Основы сельскохозяйственных пользований: Учебное пособие. - СПб. : ЛТА, 2001.
- Сутула Ю. В. Кожахова А. М. Алина Ж. Т. Сейтпенбетова Г. М. Ахметов А. А. Аскаров М. Б. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі. - Астана, 2018. - с. 109
- Список пестицидов (ядохимикатов) разрешенных к применению на территории РК на 2013-2022 годы
- Тулеева А. К., Габдулов М. А., Юсупова М. Г. және т. б. Өсімдік қорғаудың химиялық құралдары. - Астана: КазАТУ баспасы, 2016. - 280 б.
- Баздырев Г. И., Третьяков Н. Н., Белошапкина О. О. Интегрированная защита растений от вредных организмов: Учеб. пособие. - М. : ИНФРА-М, 2014. - с. 102
- Нұржанова А., Жамбакин К., Рахимбаев И. және басқалар. Тұрақты органикалық ластаушылар: пестицидтер. - Алматы. 2009. - 28 б.
- Г. С. Груздева. Химическая защита растений. - М. : Агропромиздат, 1987г. - 415 с.
- Haidair MA, Orr GL & Westra P (1997) Effects of light and mechanical stimulation on coiling and prehaustoria formation in Cuscuta spp. Weed Research 37, 219-228.
- Bunning E&Kautt R (1956) U¨ ber den Chemotropismus der Keimlinge von Cuscuta europea. Biologisches Zentralblatt 75, 356-359.
- Orr GL, Haidar MA & Orr DA (1996) Smallseed dodder (Cuscuta planiflora) phototropism toward far-red when in white light. Weed Science 44, 233-240.
- Holmes MG & Smiе\th H (1975) The function of phytochrome in plants growing in the natural environment. Nature 254, 512- 514.
- Yuncker, T. G. The genus Cuscuta. Memoirs of the Torrey Botanical Club. 1932; 18:109-331.
- Jadhav R. B, Anarthe S. J, Surana S. J, Gokhale S. B. Host-hemiparasite transfer of the C-glucosyl xanthone mangiferin between Mangifera indica and Dendrophthoe falcata. Journal of Plant Interactions. 2005; 1 (3) : 171-177
- Dawson J. H., Musselman L. J., Wolswinkel P., Dorr I. Biology and control of Cuscuta. Rev. Weed Sci. 1994; 6:265-317.
- Ashton F. M., Santana D. Cuscuta spp. (dodder) : a literature review of its biology and control. University of California Berkeley: Division of Agricultural Science Cooper. Ext. Bull. 1976; 1880.
- Cooke D. A., Black I. D. Biology and control of Cuscuta campestris and other Cuscuta spp. : a bibliographic review. Adelaide, South Australia: South Australian Department of Agriculture Technical. 1987; 18.
- Dawson J. H., Musselman L. J., Wolswinkel P., Dorr I. Biology and control of Cuscuta. Rev. Weed Sci. 1994; 6:265-317.
- Parket C., Riches C. R. Cuscuta species, the dodders and Cassytha filiarmis In: Parasitic weeds of the world biology and control, CAB International, Wallingford, UK, 1993; 183-223.
- Holm L., Doll J., Halm E., Panch J., Harberger J. World Weeds: Natural Histories and distribution. John Wiley & Sons. NY, USA. 1997.
- Hilaly J. E., Israili Z. H., Lyoussi B. Acute and chronic toxicological studies of Ajuga iva in experimental animals. J. Ethnopharmacol. 2004; 91: 43-30.
- Hutchison J. M., ASTON F. M. Germination of field dodder (Cuscuta campesrris) . Weed Science 1980; 28: 330-333.
- Jabbar A., Raza M. A., Iqbal Z., Khan N. An inventory of the ethnobotanicals used as anthelmintics in the southern Punjab (Pakistan) . J. Ethnopharmacology. 2006; 108: 152-154.
- Azza M. A., Essam A. S., Ahmed G. Pharmacological Study of Cuscuta campestris Yuncker. Phytotherapy Research. 1996; 10(2) : 117-120.
- Kumara N. K. Identification of strategies to improve research on medicinal plants used in Sri Lanka. In: WHO Symposium. University of Ruhuna, Galle, Sri Lanka. 2001.
- Сметник А. И. Защита растений: Научные исследования по карантину растений. Москва, 1978г. - 42с.
- Комарова Г. Ф. Защита растений: «Стандарты в карантине растений». Москва, 1990. - С. 22
- Ижевский И. И. Защита растений: «Чужеземные вредители». Москва, 1990. - 30с.
- Информационное агенство «Казах ЗЕРНО» http://kazakh-zerno. kz.
- Шестопалов И. А. Ежемесячный журнал для специалистов, ученых и практиков. Москва., 1992. -С. 39
- Экологический центр "Экосистема" http://www. ecosystema. ru.
- Атлас карантинных вредителей. Управление Федеральной службы по ветеринарному и фитосанитарному надзору по Краснодарскому краю и Республике Адыгея. Краснодар, - С. 46-136
- Третьяков Н. Н., Митюшев И. М. Карантинные вредители: идентификация, биология, фитосанитарные меры борьбы. Изд. РГАУ - МСХА им. К. А. Тимирязева, 2010г. - С. 93
- Методические указания по мониторингу численности вредителей, сорных расстений и развития болезней сельскохозяйственных культур. Фолиант, Астана, 2004г.
- Вредные организмы, имеющие карантинное значение для Европы// Информационные данные по карантинным вредным организмам для Европейского Союза и Европейской и Средиземноморской организации по защите растений (ЕОЗР) перевод с английского. - М., // Колос, 1996. - 911с.
- Шамонин А. И., Сметник А. И. Карантин растений в СССР - М., //Агропомиздат, 1986. - 98с
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz