Шолпы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ШОЛПЫ

Аннотация. Мақалада ұлттық құндылықтардың бірі болып саналатын зергерлік әшекей бұйым атаулары, соның ішінде, шолпының қазақ жазушыларының шығармаларында қолданылу олардың ерекшеліктері лингво-мәдениеттанымдық тұрғыдан талданады. Шашқа тағатын шолпының ерте замандағы қорғау, сақтау қызметі ғана емес ұлт дүниесіндегі әсемдік, нәзіктік символы ретінде шығармаларда қарастырылады. Қазақ дүниетанымында шолпы материалдық құндылық қана емес, әшекей бұйымның иесімен, оның дәрежесімен байланысы мысалдар негізінде анықталады.
Түйін сөздер: зергерлік бұйым, шолпы, лингво-мәдениеттаным, көркем шығарма.
Кіріспе. Қазақ ұлттық дүниетанымындағы зергерлік бұйымдар. Қолөнер бұйымдары қазақ мәдениетінің бір үлкен бөлігі болып саналады. Қолөнер бұйымдары халықтың тек материалдық қана емес, наным-сенім, өнер, эстетикалық, тәрбиелік жағы т.б. сияқты қоғамдық өмірінің құбылыстарын танытады. Қолөнер бұйымдарымен, соның ішінде, зергерлік әшекейлермен байланысты тіркестер, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер де баршылық. Мысалы: Алтынның сынығы, бет моншағы үзілу, құлағына алтын сырға, сырға салу, т.б. Көркем шығармаларда кездесетін қолөнер бұйымдардың атауын аудару оның ар жағындағы аялық білімді ашуды қажет етеді. Қолөнер бұйымдарының бір түрі - зергерлік әшекейлер көптеген жазушылардың шығармаларына арқау болып келеді. Әлемдік көркем шығармаларда кездесетін әшекей бұйымдардың атқаратын қызметі де әртүрлі. Әшекей бұйым шығармаларда тылсым күш белгісі, адам бойындағы байлыққұмарлық, махаббат белгісі, бағалы сыйлық немесе бойтұмар, кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін сынау т.б. ретінде қолданылады. Қазақ халқында әшекей бұйымдар адамның жас шамасын, аймағын, мәртебесін, дәрежесін, талғамын, қоршаған ортасын т.б. белгілерді көрсетеді. Аталған белгілер қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан да анық байқалады. І. Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясында Күнімжанды сипаттауда алтыннан, алтын ақшадан соғылған әшекей бұйымдары хан әйелінің сән-салтанатын бейнелейді (1-мысал). Әшекей бұйымдардың аудармасында қолданылған золотые пластинки, золотые рубли царской чеканки атаулары орыс халқында осы әшекейлердің байлық иесіне тиесілі екендігін және отбасылық құнды зат белгісін көрсетеді. (1) Үстінде шытырма ақ жібек көйлек, көгілдір торқа оқалы камзол, оның сыртынан шетін құндызбен әдіптеген дүрия қызыл шапан, басында ақ меруерт өрген, алтын теңгелері көзіне түсе салбыраған қызыл барқыт сәукеле. Сыртынан ақ торғын шәліні көмілдіре жамылған. Құлағына таққан үш буынды сырғалары мен арқасына төгіле түскен тоқпақтай қалың шашының ұшындағы төрт қатар шолпысы кілең бір сомдық алтын ақшасынан қиыстырылған [7, 658 б.]. М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясында жиі кездесетін қазақтың қыздары мен жас әйелдерінің бұрымына тағатын әшекей - шолпы. Қазақ халқы ерте кезден шолпыны қара ниетті тылсым күштерден қорғау үшін тағады. Шолпы мен шашбауды шашты қорғау мақсатында таққан [10]. Шолпы - қазақ қыздарының киімінің тұрақты элементі болатын шашқа арналған әшекей. Олардың екі түрі болады. Құрылымы жағынан шағындау болып келетін бірінші түрі шолпы - өзара біріктіріп жасалған қозғалмалы бөлшектерден: құлпырма маржан тізбектерінен, Ресей тиындарынан, әртүрлі пішіндегі жартылай қуыс немесе жалпақ, селдір медальондардан және күміске орнатылған түрлі тастардан тұрады. Түрлі сәндік салпыншақтармен әсемдеген құрылымы күрделі пішіндегі жалпақ тастарға қондырылады. Шашқа тағатын үзбелі шашбау деп аталатын екінші түрі ұзындығымен ерекшеленеді. Шолпы шаштың ұшына ілінсе, шашбау бұрымның түп жағына ілінеді және шашпен бірге өріліп сән береді [11, 96 б.]. Қыз баланы шолпысының сыңғырынан таныған. Қыздың жүрісінен шолпы сыңғырлап дыбыс беріп отырады, оны шолпы дыбысын қатты шығармай, бойын тік ұстап, әдеппен, әсем қимылдауға бейімдейді. Көркем шығармадағы шолпы атауының аударылу ерекшелігі. Шолпы - ақындардың әсем жырларына арқау болған әшекейдің бірі. Бейнелеп айтып, бейнелеп сөйлеу қазақтың сөз өнерінде, салт-дәстүрінде, шешендік сөздерінде кеңінен қолданылған тәсіл екендігін ғалымдар өз еңбектерінде атап көрсетеді [12]. Шолпыны сұлулық пен жастықтың символы ретінде қолдану халықтық эпостардан бастау алады. Көркем шығарма аудармасында шолпы қыз бала тағатын қарапайым әшекей ретінде көрінгенмен, оның астарында халықтың дүниетанымының бір көрінісі жатады. Мысалы, Қозы Көрпеш - Баян сұлу эпосындағы шолпы - қазақ қыздарын бейнелеудегі тұрақты белгінің бірі. (2) Күндердің күнінде, көп күндердің бірінде, шолпысын сылдырлатып, тақиясын қисық киіп, таз-Қозының ұйықтап жатқан жеріне жетті [13, 61 б.]. Ағылшын тіліндегі аудармасындағы шолпы сөзіне pendant (алқа, салпыншақ) сөзінің қоса берілуі шолпының қозғалмалы бөліктен тұратынын сипаттау мақсатында қолданылады (2-мысал). М. Әуезовтің Абай жолы романында шолпы сөзі 30-дан артық қолданылады. Шығарманың орыс тілдеріндегі аудармасында шолпы атауының анықтамасы беріледі: Шолпы - золотое или серебряное украшение в косах молодых женщин и девушек [15, 638 б.]. Шығармада ұлы ақынның сүйген қызын сипаттауда қолданылатын шолпы және оның үні қыздың әсем жүрісін, қимылын көрсететін жастықтың, нәзіктіктің, сұлулықтың символы ретінде беріледі. Сылдыраған шолпы ақынға тіл қатқандай әсер береді. Шолпының үні жас ақынның көңілін толқытып, оның жүрегінің соғысымен үндеседі (3,4-мысал). (3) Сылдыраған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді [14, 141 б.]. (4) Абайдың көңіліне Тоғжанның шолпысы шылдыр-шылдыр етіп, ап-анық естіліп бара жатқан сияқты. Өз жүрегінің лүп-лүп соққан қатты толқын ырғағы [14, 151 б.]. Шығармадағы шолпы атауы оның үнін білдіру үшін үнемі сылдыршылдыр еліктеуіш сөздерімен қоса қолданылады. Қазақ тілінде сылдыр сөзімен бұлақтың сылдыры, қамыстың сылдыры,сылдыр қағу, күміс сылдыры т.б. тіркестер бар. Романдағы түрлі әуенмен баяу, тоқтаусыз, қатты, кейде тұншыға сылдырайтын шолпы эпитеттері оның иесінің көңіл-күйі мен іс-қимылынан хабар беруде өте әсерлі қолданылады. Шолпы үнін стилистикалық тәсіл арқылы беру аудармада да көрініс табады. Орыс тіліндегі аудармада шолпының үнін нақты көрсетуте звон серебряного шолпы немесе серебряный звон шолпы сияқты метафоралар қолданылады (4,5-мысал). Орыс халқының тарихында мыс пен қалайы қосып жасалған қоңыраудың құрамына дыбысы жақсы естілу үшін күміс қосып жасау туралы айтылады. Осыдан келіп серебряный звон сөзі қолданысқа енген [17]. Сонымен қатар, мұндай тіркес орыс тілінде әуезді дыбыс, сыңғырлаған күлкі, бұлақтың сылдырымен байланысты қолданылады, мысалы: серебристый звон ручья. (5) Шолпы әуелі жиі сылдырап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраздан соң анда-санда бір ғана шылдыр ете түсіп ұзап барады [14, 149 б.]. Бір уақытта шегірен шымылдық толқып барып қозғалды да, есік жақтағы шетінен шолпы сылдыры естіліп, Тоғжанның әсем бойы көрінді [14, 148 б.]
Қазақ поэзиясындағы шолпы символы. Абайдың өз өлеңдерінде де кездесетін шолпы - сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі. Ақынның Білектей арқасында өрген бұрым өлеңінің ағылшын тіліндегі аудармасында қолданылған күміс тиын сөзі шолпының дыбысын дәл беру үшін және оның біріктірілген қозғалмалы бөлшектерден тұратындығын сипаттау мақсатында алынған сөз тәрізді. (7) Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Шолпы Абай мен Мағжан өлеңдеріндегі сұлулықты бейнелейтін символға айналды. Лирик ақын М. Жұмабаев Шолпы өлеңінде нәзік сезімін шолпының сылдырымен байланысты шебер бейнелейді. Сылдыр, сылдыр, сылдыр ... Қанымды қайнатты құрғыр. Шықы-шық жүрекке тиеді, Күлпара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даланың Ұлы қыздары Шолпының сылдыры, шашбаудың сыңғыры
Қазақ зергерлік бұйымдарының түрлері
Зергерлік бұйымдар сыры Қазақ зергерлік бұйымдарының шығу тарихы
Қазақтың зергерлік өнері
Зергерлік өнердің тарихы
Қазақ халқының зергерлік бұйымдары
Қазақ халқының дәстүрлі шаш қою мәдениеті
Зергерлік әшекей бұйымдар
Қазақ тарихи-этнографиясының экспозицияда алатын орны (тұжырымдама)
Қазақ халқының шаш туралы түсінігі, шаштың түрлі атауы
Пәндер