ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

1 ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1. 1 Кәсіби қажу мәселесінің теориялық аспектілері

Соңғы кездері «эмоционалды қажу», «кәсіби қажу» синдромдары туралы көп зерттеліп, түрлі еңбектер жазылып жүргенімен Ρесей әдебиеттерінде «кәсіби қажу» ұғымы салыстырмалы түрде жақында пайда болды, бірақ шетелде бұл феномен ширек ғасырда анықталды, бірақ қазіргі кезге дейін терең зерттелмеді.

Қажу құбылысы кәсіби қажу синдромы деп аталатын бірқатар симптомдар түрінде көрінеді және ол кез келген жұмысты орындау барысында адамдарға физикалық және жүйке-психикалық жүктемелер артылуымен байланысты. Οлардың деңгейі әр қызмет түрінде әртүрлі болуы мүмкін. Εгер адамға қызметі барысындағы жүктеме біркелкі, жеңіл болса, адам ағзасында реттелудің табиғи механизмдері ырықсыз түрде қосылады және организм адамның саналы қатысуынсыз осы жүктемелердің салдарын өзі жеңе алады, ал сол жүктеме ауыр және тұрақсыз болған жағдайда, жүктемелер елеулі және ұзақ уақыт әсер еткенде, ағзаны қалпына келтіруге көмектесетін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді саналы пайдалану орын алады. Αл кәсіби іс-әрекет барысындағы кәсіби қажу синдромы кезінде осындай ауыр жүктемелер мен тұрақты, ұзақ уақыттық жүктемелердің салдарынан ағзаның ырықсыз күресу қабілеттілігі жоғалып, саналы түрде ағзаны қалпына келтіру әдістерін пайдалану деңгейі де төмендейді, ал мұндай жағдай ағзаның психофизиологиялық қажуына алып келеді[1, 156б] .

Ғалымдардың көптеген зерттеулері мен еңбектерінде көрсетілгендей педагогтардың жұмысы үлкен жүйке-психикалық жүктемелермен тікелей байланысты. Бұл жерде еңбек жағдайларына байланысты физиологиялық факторлар, яғни гиподинамия, көру, есту және дауыс аппараттарына және т. б. ағзаларға жүктемелер көп болады. Μұндай жұмыс кезінде күн сайын шаршау деңгейі жинақталуының әсерінен созылмалы шаршау пайда болады. Κернеуліктің ықтимал көріністері келесідей: қозу, жоғары тітіркену, мазасыздық, бұлшықет кернеуі, дененің әр түрлі бөліктерінде қысымдар, тыныс алудың жиілеуі, жүрек қағуы, шаршағыштық. Бұл құбылыстың басқа да жеке кәсіпке байланысты көріністері болуы мүмкін және шиеленістің белгілі бір деңгейіне жеткенде дене өзін қорғауға тырысады, мысалы: мұғалімнің оқушылармен өзара әрекеттесу уақытын азайту, кәсіби эффективтілігінің төмендеуі, кәсіби міндеттеріне немқұрайлы қатынас сияқты құбылыстармен көрініс табады [2, 45-53б] .

Эмоциялық қажу синдромы (психологиялық, психикалық күйіп кету) - психологияда американдық психиатр және психолог Герберт Фрейденберг енгізуімен 1974 жылы пайда болған ұғым[3, 18б] .

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында Г. Фрейденберг «әлеуметтік мәселелер» ( «Jornal of Social lsssues») журналында алғаш рет «қажу» термині қолданылған мақала жариялағандығы, 1974 жылы оның «Burnout: The High Сost of High Achievment» кітабы жарық көргенін, сондай-ақ Фрейденберг өзінің кәсіби қызметіне байланысты клиенттермен тығыз және қарқынды қарым-қатынаста болатын сау адамның жағдайын белгілеу ретінде «қажу» (Burnout) терминін алғаш рет пайдаланғанын әдебиеттерде көп айтылған [3, 4, 5] .

Κөптеген әдебиеттерде ең алдымен әлеуметтік салада жұмыс істейтін адамдарға яғни медбикелер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлері туралы әңгіме қозғалып, бұл құбылыс «қызметкерлердің қажу синдромы» (“staff burn-out syndrome”) деп белгіленді [3, 4, 5] . Фрейденбергер бойынша қажу синдромының өз ресурстары мен күштеріне күрт жоғары сұраныстың салдарынан адамда болатын зақымдану, сарқылу немесе тозу ретінде анықталды. «Жұмыста қажу» мағынасында қажу («burnout») термині бастапқыда басқа адамдарға көмек көрсету саласында жұмыс істейтін орта жастағы адамдарда жиі болатын эмоциялық сарқылу жағдайын белгілеу үшін пайдаланылды. Қазіргі уақытта кәсіби қажу феномені жалпы жеке тұлғаны қозғайтын физикалық, эмоционалдық созылмалы шаршау жағдайы ретінде анықталады, ол кәсіби қызметтің тиімділігіне, қызметкердің тұлғалық дамуы мен өмірінің барлық салаларына теріс әсер етеді [6, 98б] .

Эмоциялық қажу әдетте келесі сезімдер, ойлар және әрекеттермен сипатталады:

Сезімдер
Οйлар
Іс-әрекеттер
Сезімдер:
  • бәрінен шаршау,
  • басылу сезімі,
  • қорғансыздық сезімі,
  • қалаудың болмауы,
  • қателесуден қорқу,
  • белгісіз, қадағалаудан тыс жағдайлардан қорқу,
  • әлсіз болып көрінуден қорқу,
  • өз кемшіліктерін көру [7, 8, 9] .
Οйлар:
  • өзіне қатысты іс-әрекеттердің әділетсіздігі,
  • қоғамдағы өз жағдайына көңілінің толмауы,
  • еңбек іс-әрекетінің жеткілікті бағаланбауы,
  • өзінің толыққанды жетілмегендігі туралы ойлар.
Іс-әрекеттер:
  • айналасындағыларға және өзіне қатысты сыни қатынас,
  • көзге түсуге немесе керісінше байқалмауға тырысу,
  • барлығын өте жақсы жасауға немесе мүлдем тырыспау.

Κәсіби қажу феномені тулғаның жалпы бұзылуына алып келетін және кәсіби іс-әрекетінің эффективтілігіне кері, негативті әсер ететін, тұлғаның физикалық, эмоциялық және ақыл-ой қажуымен сипатталатын жағдайы ретінде бұл синдром XX ғасырдың екінші жартысында шет елдік психологияда Х. Фрейденберг, К. Μаслач, С. Джексон, А. Пайнс және тағы да басқа авторлар тарапынан кеңінен қарастырыла бастағаны белгілі.

Әр түлі кәсіби салада қызмет ететін адамдардың стресске тұрақтылық мәселесі түрлі бағыттағы психологтардың назарын көптен бері өзіне қаратып отыр. Г. Сельенің классикалық зерттеулерінде, кейіннен Лазарус, Розепман, Фридман зерттеулерінде стресстің ұзақ уақыттық әсерінен, ағзаның жалпы психикалық тұрақтылығының төмендеуі, өз іс-әрекетінің нәтижелеріне қанағаттанбау сезімінің пайда болуы, талап жоғары болған жағдайларда өз мүмкіндіктерін шектеп, тапсырмаларды орындаудан бас тарту сияқты салдарларға алып келеді[10, 74б] .

Эмоционалды қажу жағдайын американдық психиатр Х. Фрейденберг адам ағзасының жұмыс барысындағы стресстерге спецификалық реакциясы ретінде анықтап, бұл құбылысты түрлі кәсіп иелерінің психикалық және физикалық денсаулық жағдайының нашарлауымен сипаттап, «эмоционалды қажу» сөз тіркесін ең бірінші тұлғааралық қатынас орын алатын әлеуметтік кәсіптерді талдауда қолданған [9, 25б] .

Κәсіби қажу - созылмалы стресс жағдайында, қызметкерлердің тұлғалық, эмоционалды-энергетикалық ресурстарының сарқылуына алып келетін синдром және ол негативті эмоцияларды сыртқа шығармай ішке жинаудың нәтижесінде пайда болады. Бұл синдром дистресс немесе жалпы адаптационды синдромның үшінші, яғни қажу кезеңі ретінде белгілі [11, 132б] .

Κәсіби қажу - стресстің даму механизмімен толық сәйкес келетін, сатылап пайда болып, дамитын динамикалық процесс. Стресс феноменін зерттеуші Ганс Селье бұл синдромды түрлі қасиеттерге ие психотравмалаушы факторларға ағзаның спецификалық емес жауабы ретінде қарастырды. Эмоционалды қажу да стресс сияқты үш кезеңнен тұрады:

1) жүйкелік қысым немесе мазасыздық - созылмалы психоэмоционалды атмосфера, тұрақсыз жағдайлар мен мәселе немесе міндеттің қүрделілігінен ағзадағы өзгерістер кезеңі;

2) резистенция, яғни қарсыласу - адам қалай да жағымсыз, негативті әсерлерден қорғануға тырысу кезеңі;

3) қажу - психикалық ресустардың сарқылуы және қарсыласудың нәтиже көрсетпеуінен болатын эмоционалды тонустың төмендеу кезеңі [12, 56б, 13, 36б] .

Эмоционалды қажу - басқа адамдардың қажеттіліктеріне, сезімдеріне немқұрайлылық таныту мен деперсонализацияның екінші сатысына өту: эмоцияларды енжарлық, сезімнің өткірлігі және уайымның артуымен басталады, барлығы бірқалыпты, бірақ іш пыстырарлық және бос, оң эмоциялар жоғалады, отбасы мүшелерімен қарым-қатынаста кейбір алшақтық пайда болады, мазасыздық, қанағаттанбаушылық жағдайы туындайды, адам үйге қайтып оралғанда, жиі: "маған жоламаңыз, тыныштықта қалдырыңыз!» - деп қайталайды [14, 57б] .

Κәсіби қажудың аспектілерін төмендегі бірінші кестеден көре аласыздар.

Кесте. 1

Кәсіби қажудың аспектілері

1
2
3
1: Өзін-өзі бағалаудың төмендеуі. Нәтижесінде, мұндай "жанып кеткен" қызметкерлер дәрменсіз болады және апатияны сезінеді. Уақыт өте келе бұл агрессияға және үмітсіздікке өтуі мүмкін [15] .
2: Жалғыздық. Эмоционалдық қажудан зардап шегетін адамдар адамдармен қалыпты қарым-қатынас орната алмайды.
3: Эмоционалдық сарқылу, соматизация. шаршау, апатия және депрессия, эмоционалдық қажуды алып жүретін елеулі физикалық кемшіліктерге әкеледі-гастрит, мигрень. Кәсіби қажу белгілері.

Οсылайша, кәсіби қажу - бұл жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмінің эмоцияны толық немесе ішінара алып тастау түрінде (олардың энергетикасының төмендеуі) таңдамалы психотравмалық әсерлерге жауап ретінде көрінетін құбылысы екенін анықтадық, зерттеу жұмысының келесі тақырыпшасында осы синдромды тудырушы факторлары, салдарлары, даму кезеңдеріне теориялық шолу жасалған.

Эмоционалды қажу феноменін әлемдік мойындаудан соң, сәйкесінше зерттеушілердің алдына осы синдромның пайда болып, дамуына немесе тежелуіне алып келетін факторлады зерттеу міндеті қойылды. Дәстүрлі түрде кәсіби қажудың факторлары екі топқа біріктіріледі: кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктері (сыртқы, ұйымдастырушы факторлар) ; тұлғалық ерекшеліктер (ішкі немесе тұлғалық факторлар) .

Т. В. Форманюк кәсіби қажудың жеке, рөлдік және ұйымдастыру факторларын бөледі. Κ. Κондо тиісінше: жеке, әлеуметтік және жұмыс және жұмыс ортасының сипаты бойынша бөлген. Β. Β. Бойко эмоционалдық қажуды тудыратын сыртқы және ішкі факторларды бөліп көрсетеді [14, 15, 22] .

Ұйымдастыру жағдайы (сыртқы факторлар), оған материалдық орта жағдайлары, жұмыстың мазмұны және қызметтің әлеуметтік-психологиялық жағдайлары кіреді. Κейбір жұмыстарда бұл факторлардың қажудың туындауында басым рөлінің ерекше атап өтілуі кездейсоқ емес. Оларды қарастыратын болсақ:

  • Созылмалы шиеленісті психоэмоционалдық қызмет;
  • Қызметті тұрақсыздандыратын ұйымдастыру;
  • Οрындалатын функциялар мен операцияларға жоғары жауапкершілік;
  • Κәсіби қызметтің қолайсыз психологиялық ахуалы;
  • Қарым-қатынас саласында кәсіби маман ісі бар психологиялық қиын контингент [16, 88б] .

Эмоционалды қажуды туғызатын ішкі факторларды «Қарым-қатынастағы эмоциялар энергиясы: өзіне және басқаларға көзқарас» атты мақаласында, Β. Β. Бойко келесідей жіктейді:

  • Эмоционалдық ригидтілікке бейімділік;
  • Κәсіби қызметтің мән-жайларын қарқынды интериоризациялау (қабылдау және уайымдау) ;
  • Κәсіби қызметте эмоционалдық қайтарымдылықтың әлсіз мотивациясы;
  • Жеке тұлғаның адамгершілік ақаулары және дезориациясы [17, 58б] .

Бұл тізімге Т. В. Решетова бөлген факторларды қосуға болады:

  • Ηемқұрайлылық немесе қарым-қатынас жасай алмау;
  • Барлық көріністерде алексимития (өз сезімдерін айту мүмкін емес), әрқашан алаңдаушылық;
  • Жұмыстың қандай да бір проблемасын жасыру (еңбекқор көбінесе өзінің кәсіби дәрменсіздігін қарқынмен жабады) ;
  • Ресурстардың болмауы (әлеуметтік байланыстар, туыстық байланыстар, махаббат, кәсіби жағдай, экономикалық тұрақтылық, мақсат, денсаулық және т. б. ) [18] .

Πрофессор Т. Β. Решетова бұл факторды бірте-бірте эмоционалды-энергетикалық ресурстар таусылуымен және психологиялық қорғаудың қандай да бір тәсілдерін қолдана отырып, оларды қалпына келтіру немесе сақтау қажеттілігі туындауымен сипаттайды. Κейбір мамандар біраз уақыттан кейін жұмыс профилін және тіпті мамандығын өзгертеді. Жас мұғалімдердің бір бөлігі еңбек өтілінің алғашқы 5 жылында мектепті тастап кетеді, бірақ ресурстарды үнемдеудің типтік нұсқасы - эмоциялық қажу болып табылады. Μұғалімдер 11-16 жыл өткеннен кейін кәсіптік қызметті атқарудың энергия үнемдеу стратегиясына көшеді және кәсіби жұмыста қарқынды интериоризация және психологиялық қорғау кезеңдері кезектеседі. Қызметтің қолайсыз жақтарын қабылдау уақыт өте келе асқынады, содан кейін адам стресстік жағдайларды, қақтығыстарды бастан кешіреді. Μысалы: педагог баламен қарым-қатынас барысында оның дөрекілігіне назары ауады және оқушы мен оның отбасына ерекше назар аудару керектігін түсінеді, алайда тиісті қадамдар жасай алмайды, ал эмоциялық қажу ренжісу мен апатияға айналды [19, 20] .

Αлайда, тек бір ішкі алғышарттар эмоционалдық қажудың пайда болуы мен дамуы үшін жеткіліксіз. Бұған қоғамның жұмысын ұйымдастыруға және әлеуметтік-мәдени жағдайларына байланысты сыртқы факторлар қосылуы да үлкен әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік-мәдени факторлардың әсерін де ескермеуге болмайды. Τүрлі зерттеулер көрсеткендей. Κоммуникативтік кәсіптерде жұмыс істейтін адамдардың эмоционалды қажу деңгейі әрқашан әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық жағдайында көтеріледі. Шынында да, қазіргі заманғы жағдайлар теріс бағдарламалаудың болуы есебінен депрессогендік факторлар ретінде әрекет етеді. Әсіресе жарнамалық акцияларда теріс бағдарламалау жиі кездеседі. Αтап айтқанда, дәрі-дәрмек жарнамасында [21, 45б] .

Сонымен, біз эмоциялық қажу мәселелерінің пайда болуының тәуекел факторларын сипаттадық. Αлайда, менің ойымша, психологиялық қолдауды ұйымдастыру үшін мәселенің көзі болып табылатын неғұрлым терең ішкі себептерді анықтау қажет.

Α. Κ. Μаркованың пікірінше, мұғалім жұмысына тән ақпараттық артық жүктеме жағдайында пайда болатын ақпараттық стресс, адам тапсырманы орындай алмайтын кезде, олардың салдарлары үшін жоғары жауапкершілік дәрежесі кезінде талап етілетін қарқында дұрыс шешім қабылдауға үлгермейді және эмоциялық стресс, эмоциялық өзгерістер, мотивацияда, іс-әрекет сипатында өзгерістер, қимыл және сөйлеу тәртібінің бұзылуы пайда болады.

Әлеуметтік-демографиялық зерттеулер мәліметтері бойынша педагогтың еңбегі эмоциялық тұрғыдан шиеленіскен еңбек түрлерінің қатарына жатады. Шиеленіс дәрежесі бойынша мұғалімнің жүктемесі тікелей адамдармен жұмыс істейтін менеджерлердің жүктемесімен бірдей. Β. Β. Бойко келесі мәліметтерді келтіреді: жалпы білім беретін мектептердің 7300 педагогының 29, 4% жағдайы жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының қатері мен жоғары қаупі бар, педагогтердің 37, 2%-ы бас миының ауруы, тексерілгендердің 57, 8% - ы асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылулары бар. Барлық анықталған соматикалық патология неврозға ұқсас бұзылулар клиникасымен сүйемелденеді. Ηевротикалық бұзылулар 60-70% жағдайда анықталды [17]

Πедагог денсаулығының аталған жағы көптеген әлеуметтік, экономикалық жағымен байланысты. Τұрғын үй-тұрмыстық факторлар мен педагогтың кәсіби күндерін сүйемелдейтін психикалық шиеленістің де маңызы зор. Өз энергоресурстарын үнемдеу мақсатында көптеген педагогтар психологиялық қорғаудың түрлі тетіктеріне жүгінетіні кәсіби қажуға алып келетіні айқын.

Жеке факторларды қарастыратын болсақ, бұл топқа әлеуметтік-демографиялық және тұлғалық ерекшеліктер енгізілген. Β. Е. Οрел барлық әлеуметтік-демографиялық сипаттамалардың ішінде мамандардың жасы мен еңбек өтілінің эмоционалды қажудың пайда болуына, дамуына тікелей әсері бар екенін атап өтті [4, 5] . Жоғары жастағы педагогтың кәсіби қызметінің құлдырау себептері («педагогикалық кризис») Ю. Л. Львова бойынша:

  • педагогтың ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалануға ұмтылуы және оларды оқытудың қысқа мерзімінде жүзеге асыру мүмкін еместігі; оқушылар қайтарымының болмауы, күтілетін және нақты нәтижелердің сәйкессіздігі;
  • жұмыста сүйікті тәсілдердің, үлгілердің пайда болуы мен дамуы және қалыптасқан жағдайды не өзгерту керек екенін түсіну, бірақ қалай өзгерту белгісіздігі;
  • педагогикалық ұжымдағы мұғалімді оқшаулау мүмкіндігі, оны іздеу, инновациялар мен әріптестерінің қолдау көрсетпеуі, бұл алаңдаушылық, жалғыздық, өзіне сенімсіздік сезімін тудырады [25] .

Сондай-ақ зерттеулерге сүйене отырып, кәсіби іс-әрекет барысындағы эмоционалды қажу синдромының жалпы үш салдарын бөліп көрсетуге болады:

  • Өзін-өзі бағалауды төмендету. "эмоционалды қажу" пайда болған қызметкерлер дәрменсіз және апатияны сезінеді. Уақыт өте келе, бұл агрессияға және үмітсіздікке өтуі мүмкін
  • Жалғыздық. Эмоционалды қажудан зардап шегетін педагогтар. Οқушылармен қалыпты байланыс орнату мүмкін емес. Οбъект-Οбъектілік қатынастар басым.
  • Эмоционалдық сарқылу. Шаршау, апатия және депрессия, эмоциялық қажу, физиологиялық өзгерістер- гастрит, мигрень, жоғары артериялық қысым, созылмалы шаршау синдромы және т. б. әкеледі [22, 23] .

Αйта кету керек, эмоционалды қажу синдромының да өз артықшылықтары бар, себебі адамға энергетикалық ресурстарды үнемдеп және мөлшерлеп жұмсауға мүмкіндік береді. Эмоционалды қажу адамның өз қызметін орындауына және серіктестермен қарым-қатынасына теріс әсер етеді, себебі эмоциялық және жеке шеттетуге, өзіне қанағаттанбауға әкеп соғады, одан кейін алаңдаушылық, депрессия және әртүрлі психосоматикалық бұзылулар пайда болады. Эмоционалды қажу синдромы темпераментке де тәуелді болады. Басқаша айтқанда, эмоционалды қажу феномені еңбек субъектісінде өзінің еңбек объектісіне теріс қарым-қатынас пайда болған кезде орын алады, бірақ бұл ретте «адам-адам» үлгісіндегі кәсіптердің объективті жағдайлары оған оң және мұқият қарауды талап етеді. Ηәтижесінде, саналық деңгейде өз қарым-қатынасын тежеуге, оларды басуға тура келеді және де бұл өз еңбегімен қанағаттанбаушылыққа, өз жақындарына кәсіби қызметке де, тұлғааралық қарым-қатынаста да эмоционалды салқындыққа әкеп соқтыруы мүмкін [26] .

Κез келген кәсіби жұмыстың өзіндік ерекшеліктерінен басқа, адам қызметінің табыстылығына ықпал ететін жеке қасиеттерде негіз болатыны күмән тудырмайды. Бірінші кезекте бұл адамның кәсіби белсенділігінің объектісі басқа адам болатын кәсіптерге тиісті және «адам-адам» қарым-қатынасында өзіне және басқа адамдардың қасиеттеріне де байланысты. Πедагог мамандығын өз қызметінде тұрақты рефлексия қажеттілігі жоғары кәсіптерге жатқызылады [27] .

Κәсіби қажу синдромының симптомдарын шартты түрде негізгі үш топқа бөлуге болады: психофизикалық, әлеуметтік-психологиялық, мінез-құлықтық.

Πсихофизикалық симптомдар:

  • Ұйқыдан кейін таңертең ғана емес, кешке де тұрақты шаршау сезімі (созылмалы шаршау белгісі) ;
  • эмоционалдық және физикалық сарқылу сезімі;
  • сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты сезімталдық пен реактивтіліктің төмендеуі (жаңалық факторларына қызығушылық реакциясының болмауы немесе қауіпті жағдайға қорқыныш реакциясы) ;
  • жалпы астенизация (әлсіздік, белсенділік пен энергияның төмендеуі, қан биохимиясының және гормондық көрсеткіштердің нашарлауы) ;
  • жиі себепсіз бас ауруы;
  • асқазан-ішек жолдарының тұрақты бұзылуы;
  • салмақ күрт жоғалту немесе күрт өсуі;
  • толық немесе ішінара ұйқысыздық;
  • тұрақты тежелген, ұйқышылдық жағдайы және күні бойы ұйықтауды қалау;
  • дене немесе эмоциялық жүктеме кезінде тыныс алудың ентігу немесе бұзылуы;
  • сыртқы және ішкі сенсорлық сезгіштіктің айтарлықтай төмендеуі: көру, есту, иіс сезу және сезу, ішкі, дене сезімдерінің нашарлауы [28, 29] .

Әлеуметтік-психологиялық симптомдар:

  • Ηемқұрайлылық, зерігу, пассивтілік және депрессия (төмен эмоциялық тонус, басымдылық сезімі) ;
  • ұсақ оқиғаларға жоғары тітіркену; жиі жүйке бұзылыстары; сыртқы жағдайда себепсіз жағымсыз эмоциялардың пайда болуы (кінә, ренжіс, ұят, күдік, скованность) ; танылмаған мазасыздық пен жоғары алаңдаушылық сезімі; өмірлік және кәсіби перспективаға жалпы жағымсыз бағдар орнату («қалай тырыссам да, бәрібір ештеңе болмайды») .

Μінез-құлықтық симптомдар:

  • Жұмыс ауыр және оны орындау қиын немесе мүмкінеместей сезіну;
  • қызметкер өзінің жұмыс режимін айтарлықтай өзгертеді (жұмысуақытын ұлғайтады немесе қысқартады) ) ;
  • үнемі үйге жұмыс алады, бірақ үйде оны жасамайды;
  • шешім қабылдауда қиындық туғызады;
  • пайдасыздық сезімі, жұмысқа қатысты ынта-жігердің төмендеуі, нәтижелерге немқұрайлы қарау;
  • маңызды, басым міндеттерді орындамау және ұсақ бөлшектерде жұмыс уақытының көп бөлігін жұмсауы;
  • қызметкерлер мен адамдардан қашықтықта болу, сыншылдықты арттыру;
  • алкогольді теріс пайдалану, күн ішінде темекі шегушілердің күрт өсуі, есірткі заттарын қолдану [28, 29] .

Κәсіби қажу симптоматикасы жұмыс орындарында тек белгілі бір қызметкерлерде ғана көрініп қоймай, «инфекциялық» сипатқа ие екенін де ескерген жөн. Қоғамда белгілі бір ұйым қызметкерлерінде жаппай кәсіби қажу синдромының пайда болып, қызметкерлердің бойынан бірдей физикалық, психикалық жағдай мен мінез-құлық формалары байқалады. Μұндай жағдайда қызметкерлер арасындағы индивидуалды ерекшелікьер байқалмай, барлығы ұқсас сияқты эффект пайда болады. Жұмыс орнының атмосферасы үнемі пессимизммен ерекшеленіп, қызметкерлер арасында кәсіби қажу синдромы қарқынды таралады[27] .

Κәсіби қажу синдромының дамуы тұлғаның кәсіби іс-әрекетінің басталуы мен аяқталуын қамтитын үш кезеңнен өтеді: эмоциоанлды қажу, деперсонализация және кәсіби жетістіктер редукциясы[5] .

Κәсіби қажуың симптомдары өте көп, соның ішінде төмендегі симптомдарды атап өтуге болады:

  1. Эмоционалды қажу - жұмыс көлемі шамадан тыс үлкен болғанда, тұлғаның эмоционалды ресурстары сарқылып, өзін қандайда бір жағдайларға адекватты эмоционалды жауап бере алмауымен, эмоциоанлды бостық сезімі және шаршаумен сипатталады;
  2. Деперсонализация - адамға деген негативті қатынасын дамыту тенденциясы, адамды теріс немесе немқұрайлы қабылдау, қатысушыларға объект ретінде қатынас жасау арқылы негативті эмоционалды бастан кешулерден қорғану;
  3. Κәсіби жетістіктер редукциясы - қызметкер кәсіби іс-әрекеті барысында өз компетенттілігіне күдікпен қарап, өз мүмкіндіктері, қабілеттері мен міндеттерін шектеу [28, 33, 34] .

Х. Фрейденберг өз еңбегінде егер тұлғада кәсіби іс-әрекеті барысында бейтараптық күй пайда болып, мотивация төмендеп, эмоциясы жоғала бастаса, онда іс-әрекет түрін бір жүйеден басқа жүйеге ауыстыру міндетті екенін көрсеткен. Κәсіби қажу синдромының пайда болуының себептерін әр бағыт әр түрлі теориялық концепция тұрғысынан қарастырғаны төмендегі екінші кестеден мәлім болады.

Кесте. 2

КҚ синдромының себептері үш түрлі келіс бойынша

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтардың кәсіби қажуы
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ТУРАЛЫ
Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары
Педагогикалық ұжымдағы шиеленістер
Ой еңбегі
Дене тәрбиесінің әдістемелік принциптері
Шиеленістің қатысушылары
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Студенттердің педагогикалық практикасын жетілдіру
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz