Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
1.1 Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Инновация және оны дамыту дәстүрлі түрде ғылыми-техникалық үдерістің (оның жоғары деңгейіндегі технологиялық құрамдас бөлігінің) бағыты ретінде және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің қорытындыларын тәжірибеде қолданумен байланысты үдеріс ретінде алға тартылады. Бірақ та, "инновация" түсінігінің мағынасы мен мазмұны өте кең. Инновация саласы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен өнертабыстарды тәжірибелік қолдануды ғана емес, сонымен қатар өнімдегі, үрдістердегі, маркетингтегі, ұйымдағы өзгерістерді де қамтиды. Инновация жаңа немесе жетілдірілген өнімге, технологиялық үрдістерге, жаңа қызметтерді және әлеуеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа амалдарына енгізілген қызметтің қорытындысы ретінде өзгерудің айқын ықпалы болып әрекет етеді.
Туризм саласы бойынша халықаралық мамандардың зерттеуінше, Қазақстандағы туризм саласының соңғы жылдардағы даму деңгейі оның қарқынды және тұрақты дамуымен айқындалады. Алдағы уақытта еліміз саяхат және туризм үшін ірі экономикалық мемлекеттердің бірі болуға мүмкіндікке ие. Шет мелекеттерде Қазақстанды бірегей туристік әлеуеті бар біршама тұрақты елдердің бірі ретінде қарастыра бастайды. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылардың тұжырымынша, бұған әлемдік туристік нарықтағы Қазақстандықтардың қонақжайлылығы және мейірімділігі, жердің табиғи көрікті жерлері, оның тарихи-мәдени және этникалық әртүрлілігінің байлығы, сондай-ақ туристтік инфрақұрылым секілді артықшылықтар әсер етеді.
Қазіргі таңда осы заманға сай туристтік индустрияның барлық қажетті инфрақұрылымын қалыптастыру қажет. Егер бізге туристердің келуін қаласақ, біз осы бағыттағы көптеген тәсілдерді: Визаларды ресімдеу құны мен мерзімінен бастап ірі туристік демалыс және ойын-сауық орталықтарының құрылысына дейінгі тәсілдерді шұғыл түрде қайта қарастыруымыз керек. Туризмді дамыту үшін көптеген мемлекеттік ұйымдар мен облыстық атқарушы бөлімдер жауапты болуы тиіс, сабебі, туризм көптеген салалардың, қызметтер мен өндірістердің кең көлемін қамтиды. Көптеген дүние жергілікті биліктің бастамасына, олардың туризм өлкенің өркендеуінің негізгі себебі бола алатындығын көре білуіне байланысты. Одан бөлек, қуатты туристтік нысандар құру үшін мемлекет тарапынан да, отандық және шетелдік инвесторлар тарапынан да орасан салымдар керек. Сондықтан барлық әлемдік сипаттар мен талаптарға сай болатын дамыған туристтік кешеннің аз уақытта пайда болуы үшін тиісті мүмкіндіктер жасалуы керек.
Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы көлемі 2 есеге ұлғайды. Тек осы жылдың ішінде инновациялық типтегі жүздеген жаңа кәсіпорын салынды. Қазақстанның кез келген өңірі, экономиканың әрбір саласы тыңғылықты жұмыс жүргізіп, жоғары мүмкіншілікті және жүзеге асырылатын инновациялық жобаларды ұсынуы керек.
Туризм саласы бойынша инновацияларды дамыту ерекше маңызды рөл атқаруға тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей туристік индустрия тек өндіру, өңдеу, мұнай және газ бойынша кірістілік және динамикалық дамудан кейін болып артта қалып отыр. Дүниежүзілік туристтік ұйымның деректері бойынша туристтік бизнес өндірістік-сервистік нарық айналымының 10% - ын қамтамасыз етеді, оның үлесіне әлемдік инвестициялардың жалпы көлемінің 7% - ы және барлық салық түсімдерінің 5% - ы тиесілі.
Салыстыру үшін, Францияның әлемдік келу ағынындағы үлесі 10,7% - ды, Испанияда - 7,2% - ды, АҚШ-та-6,4% - ды, ҚХР-да-5,5% - ды құрайтынын атап өтуге болады. Туризм-кез келген дамыған ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Көптеген мемлекеттерде ол негізгі табыс көздерінің бірі болып табылады. Жалпы, Қазақстанда келу туризмінің үлесі өткен жылы тек 5% - ды, ішкі - 32% - ды, көшпелі-63% - ды құрады.
Жоғарыда көрсетілген деректерге сүйенсек, Қазақстанда келу туризмі төмен дамыған, бірақ ол ел экономикасына қаржылық түсімдердің қайнар көзі болып саналады. Туристік өнімдер мен қызметтерді алға тартуда жаңа мультимедиялық технологиялар ерекше зор орын алады - олар көптеген тұтынушыларды тарта алады, өзіндік құны мен жоғары деңгейлі коммуникативтілігімен ерекшеленеді. Жоғары технологияларды және коммуникацияларды тиімді пайдалану арқылы жарнамалық компаниялар мен пиар-акциялардың мүмкіндіктерін барынша кеңейтуге, туристтік нарықтың барлық субъектілерінің өзара іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Қазіргі уақытта интернет ресурстарға деген көзқарас толықтай өзгерді, желідегі белсенді жұмыс туристтік әкімшіліктердің маңызды бағыттарының біріне айналды. Интернеттің басты артықшылықтарының бірі-тұтынушыларға туристтік өнімді брондаудың қарапайым және жылдам әдісін ұсыну, бұл дәстүрлі баспа жарнамасын өндіруде және таратуда айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.
Туризм саласындағы инновацияларды сапалы жаңа дүниелері бар және өңірде саланың тұрақты түрде жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін оң өзгерістерге алып келетін жүйелі түрдегі іс-шаралар ретінде қарастыру қажет. Осылайша, бастапқыда орасаң зор пайда әкелмейді дейтін туристтік жобаларды құру және іске асыру жоспары туризмнің дамуына серпіліс беріп, сол арқылы қосымша жұмыс орындарын құруға және халықтың табысының өсуіне айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.
Заманауи туризм тәжірибесінде инновацияның келесідей түрлері кең тараған (инновациялық удерісті тасымалдаушы шарттар бойынша).
Нарықта болмаған жаңа турларды дайындау. Бастапқыда ауылдық (жасыл) туризм, экологиялық туризм, конгресс туризмі, су асты шытырман оқиғалы туризмі, круиздік туризмнің және басқа да туризм түрлері осы жоспар бойынша пайда болды. Мысалы, экспедициялық туризм түрі (Француздық фирма Poseidon Arctic Voyages Ltd - Солтүстік полюске экспедициялар бойынша әлемдегі ең ірі туроператор); "түрме" туризмі түрі (Джохор Бару, Малайзия; Хельсинки, Финляндия); ұн күрес (Греция);
Туристік үрдіске ресурстардың заманауи түрлерін тарту немесе алдын-ала айқындалған қасиеттері мен жаңа мақсатты қызметі бар ресурстар жинақтау. Туристтік сапарларда табиғи-антропогендік нысандардың (су қоймалары, тоғандар, орман саябақтары және т.б.) ерекше тобының үлес өсуде; туризмнің жаңа ерекше түрі - жайлау туризмі қазақстандық туристік сервисті қамтиды; техногендік, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінің (шахталар, кеніштер, карьерлер) және фабрика-зауыт туризмінің перспективалары лайықты бағаланады.
Туристтік серпіліске жаңа табиғи нысандарды (ғарыш немесе ғарыш базасына саяхат), экстремалды типтегі аймақтарды (шөлдер, Антарктида, экваторлық ормандар, Арал теңізіне экскурсиялар және т.б.) тартуды қосқанда, туристтік нарықтың жаңа сегменттерін қолға алу. Туристтік нарықты дамыту үшін туристтік маусымдардың уақыт шеңберін кеңейту және жаңа мақсатты тұтынушыларды қамтамасыз ету ("үшінші жас" туризмі, кәсіби топтардың туризмі және т. б.) есебінен де іске асырылуы ықтимал.
Жаңа туристтік және рекреациялық аймақтарды жүзеге асыру. Алғашында мұндай аймақтардың орнын экологиялық және рекреациялық қызметтерді біріктіретін ұлттық табиғи парктер атқарып отырды; қазіргі таңда туристтік өнімнің үдемелі түрі-көптеген ойын-сауық нысандарын білім беру тақырыбымен біріктіретін тақырыптық саябақ (Диснейленд саябақтары) Калифорния және Флорида, АҚШ, Франция, Жапония, Германиядағы Қиялланд бір жылда 7-13 миллион туристтердің ағынына қызмет етеді. Сахарадағы экстремалды, этнографиялық, шытырман оқиғалы және ойын-сауық туризміне мысал ретінде арнайы туристтік нысандар пайда болды (мысалы, "Звездные воины" киноэпопеясының түсірілімінен кейінгі қалған декорациялар, Тунис). Ал, өз кезегінде Қазақстанда "Жау жүрек мың бала", "Көшпенділер" фильмдерінің түсірілім орындарына маршруттар жоспарлауға болады.
Қонақ үй, авиабилет бронь және резерв қою жүйесіне компьютерлік (ақпараттық) технологияларды енгізу (GDS - жаһандық тарату жүйелері - Sabre, Amadeus, Galileo, Worldspan). Украина 2005 жылдан бастап қонақ үйлерді брондау қызметін қолданады Travel.ru (күнделікті қаралым 20 мың адам; 6500 турагенттіктер жайлы мәлімет еңгізілген). Дайын тур жинақтар бойынша табу, брондау және төлем жасау жүйелерін тұтынушылар саны көбеюде ("Мега ТИС" біртекті ақпараттық жүйесі). Қазақстан да өз кезегінде баяу, алайда сенімді қадамдармен еліміздің барлық аумағы бойынша, 3D форматтағы ең тартымды туристік объектілер бойынша виртуалды турларды ілгерілетуде. Мысалға, 3dtour.kz, virtualtour.kz секілді интернет-сайттар секілді;
Туристтерге қызмет көрсету жүйелерін экологияландыру, рекреациялық табиғатты пайдалану ауқымының көбеюі теріс көрсеткіштерге алып келді. Осылайша, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (UNEP) зерттеу нәтижесінше бір турист күніне орташа 1 кг қатты қалдық шығарады. ызмет көрсетудің жаңа жоспарлары шикізат, су, туристтік өнімнің энергия сыйымдылығын төмендетуге, жабық технологиялық циклдерді қолдануға негізделген. Дүниежүзілік деңгейде бұл бастаманы "қоршаған орта мәселелері бойынша халықаралық қонақ үйлер бастамасы" (IHEI) басшылық етеді, оның орталығы Лондон қаласында, ол 111 мемлекетте 11200 қонақ үйден құралған. Ол өз мүшелерін кәсіпті барынша экологиялық және әлеуметтік жауапты амалдармен жүргізуге негіздейді (қонақ үйлерде қуаттылықты үнемдейтін жарықтандыру мен жабдықтарды қолдану, био ыдырауға мүмкін тұрмыстық қажеттіліктерді сатып алу, сүлгілер мен төсек-жабдықтарын күн сайын жаңартудан бас тарту.
Туризмдегі маркетингтік кезеңді жүзеге асырудың жаңа тәсілдері (мұның ішінде туристтік нарықты кешенді зерттеу, сұранысты зерттеу, нарық бәсекелестігін анықтау, туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоспарлау, туристік өнімнің тұжырымдамасын дайындау, өтілімді күшейту стратегиясы, жарнамалық компания және т. б.).
Жұмыс өнімділігін және туристік қызметтер өндірісінің тиімділігін көбейту мақсатында туристік агенттіктің қызметкерлерін басқарудың жаңа тәсілдері.
Мемлекеттің туристтік ұйымдардың инновациялық қызметіне ықпал ету тетіктері: инновациялық белсенді ұйымдарға салық жағынан жеңілдіктер қарастыру, арнайы ғылыми-техникалық, салықтық және несиелік-қаржылық саясатты іске асыру, туристтік бағытқа отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы мүмкіндік туғызу, өтемпұл саясатын дамыту, ғылыми дамудың басты бағыттарын айқындау болып саналады.
Туризмдегі түрлі инновацияларды дамыту үшін басым көп мемлекеттер арнайы ұлттық ұйымдар құрады. Мысалы, Финляндияны алуға болады. Фин Туризм кеңесі Финляндияның туристік бағыт ретінде маркетингімен шұғылданатын мемлекеттік ұйым болып саналады, 11 елде өкілеттіктері бар. Фин Туризм кеңесі ұлттық туристік ұйымның қызметінде ақпараттық технологияларды алғашқы қолдана бастады. Инновацияны дамыту үшін еліміз арнайы қаржылық қолдау жолдарын күшейтті, жоғары технологиялар бағытында шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа салық жеңілдіктерін енгізді. Жоғары технологиялық өндірістердің "ақылды" қаласы - "инновациялық технологиялар саябағы" құрылуда.
Туризм-бұл салааралық ғылым, көлік, мейрамхана ісі, қонақ үй шаруашылығы, кәдесыйлар өндірісі және т.б. секілді салалардағы инновациялар тұтастай алғанда индустрияның дамуына ықпал етеді. Осылайша, туризм индустриясының инновациялық дамуы-бұл қызмет тұтынушыларының азаматтары да, мемлекеттік басқару органдары да, туристік фирмалар мен туристік индустрия кәсіпорындары да қатысатын күрделі үрдіс, олардың қызметі туристік және инновациялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Қазақстандық экономика үшін туризмнің инновациялық дамуы - бұл туристтік саланың барлық бөлімдерінде жаңа технологияларды, идеяларды құру, енгізу және коммерцияландыру есебінен экономикалық даму жолындағы жүйелі шектеулерге баса назар аудару тәсілі екені анық.
Әлем жаңаруда және онымен бірге түрлі өнімдер мен қызметтерді тұтынудың әдеттегі тетіктері өзгеруде. Бастамалар мен әртүрлі технологиялық жаңалықтар заманында әлемдік экономика негізінен өмірімізді "дейін" және "кейін" деп бөлетін дамудың толықтай жаңа кезеңін өткізуде. Туризм саласында "диверсиялық инновациялар" Нидерланды нарығын өзгертті. booking.com пайда болғанға дейін бұл елде 800 туристік агенттік болды. Кейін елде санаулы ғана қалды.
"Диверсиялық технологиялар" үрдісіне негізделе отырып, бизнес секторы біріккен тұтыну үшін көбірек платформалар пайда болған кезде фрелансинг бағытымен біртіндеп қозғалады. Бұл құбылыс жекеменшіктің қолданылмайтын нысандары: пәтерлер, үйлер, автомобильдер, велосипедтер, ұшақтар бартердің шарттары бойынша жалға немесе уақытша пайдалануға берілетін амалдары. Бірлескен тұтыну қызметтерінің кең тараған мысалдары HomeAway, Lyft, Uber, couchsurfing және Airbnb болды. PwC консалтингтік компаниясының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылға қарай бірлескен тұтыну экономикасының әлемдік қоры 344 млрд долларды құрайды. Көрсетілген сумманың басты бөлігі туризм саласына тиесілі болады, өз кезегінде туристтік бизнестің дәстүрлі түрінің өзгеруіне алып келді.
"Диверсиялық технологиялар" теориясының бірден бір көрінісі болған бірлескен тұтыну қызметтерінің бірі - Airbnb сайты. Бұл бүкіл әлем бойынша жеке тұрғын үйді қысқа мерзімге жалға алуға арналған онлайн көмекші. Мәліметтерге сүйенсек, Airbnb әлемнің 191 елінде (Airbnb, 2018) бес миллионға жуық орналастыру құралдарын (бөлмелер, пәтерлер, үйлер және т.б.) ұсынады. Қазақстанда жақында ғана таныла бастаған бірлесіп тұтыну ұғымының мәнін "Kazakh Tourism" ҰК АҚ мамандары айқындады. Танымал Airbnb қызметін зерттеуде Airbnb Data&Analytics деректер қоры қолданылды. Талдау нәтижелеріне сәйкес, сайтта Қазақстанның тек екі қаласы - Нұр-Сұлтан мен Алматы ұсынылды. Жалпы алғанда, бұл қалалардан жатақханалардың және пәтерлердің екі мыңға жуық түрлі ұсыныстары келтірілген.
Ұсынылған нысандарды Airbnb платформасында толтырудың орташа жылдық көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласы үшін 35%, Алматы қаласы үшін 45% құрайды. Сонымен қатар, екі қалада орташа жылдық баға тәулігіне 42-45 доллар аралығында өзгереді.
Сарасота университетінің қонақжайлылық және туризм колледжінің профессоры Е. Березина, Оңтүстік Флорида, Манати, АҚШ: "бірлескен тұтыну экономикасы бизнес даму қарқынын, сондай-ақ туризм саласын айтарлықтай өзгертті. Airbnb сияқты платформалардың пайда болуы, бір жағынан, пайдаланылмай тұрғын үйлерге ие көптеген адамдарға кәсіпкер болуға мүмкіндік туғызды. Екінші жағынан, бұл қызмет туризмді қол жетімді және қызықты етті. Бірлесіп тұтыну платформаларында ұсынылатын орналастыру қызметтерін қолдана отырып, турист келуші елдің өмір сүру салтын сезінуге, жергілікті тұрғындармен тілдесуге және қаланы олардың көзімен көруге мүмкіндік алады. Көп жағдайда қаланың орталық аудандарында көрнекті орындар мен көлік инфрақұрылымына жеңілдетілген қол жетімділікпен орналастыру ұсынылады.
Алайда, бірлесіп тұтыну экономикасының дамуы барысында кейбір кемшіліктер мен қауіптерді атаған дұрыс. Мысалы, бірлескен тұтыну жүйесі бойынша орналастыру Венеция, Барселона және Амстердам сияқты танымал туристік нарықтарда туризмнің дамуына алып келді. Туризмнің өсуі мен дамуы әдетте оң көзқараспен қаралса да, бұндай жағдайда туристік нарықтардың асып кетуі (overtourism) туралы айтылады. Шамадан артық толып кету бағаның ықтимал көтерілуіне, көлік жүйесінің шамадан тыс кептелістеріне және қала рухының өзгеруіне байланысты жергілікті тұрғындардың өмір сапасына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қоса, Airbnb секілді платформалар арқылы ұсынылатын орналастыру ұсыныстары қонақ үй қызметінде бәсекелестікті күшейтті. Жоғарыда аталған себептерге байланысты қазіргі жағдайда түрлі тәсілдерді қарастырады. Мысалы, нысандарды жалға беру уақыттарына шектеулер қойылады, орталық және сәйкесінше қаланың көрікті аудандарында салықтар көбейеді және т.б.
Бірлескен тұтыну экономикасы салыстырмалы түрде жақында пайда болғанын және өте жылдам дамып, осы бизнес үлгісін реттеуге байланысты көптеген жаңа сұрақтар туындағанын түсіну қажет. Бұл мәселелер тек локациялар деңгейінде ғана шешілмейді. Мысалы, Airbnb жақында "салауатты Туризм Кеңсесінің" құрылғанын жариялады. Бұл кеңсенің негізгі мақсаты туристік нысандардың экономикалық дамуы мен экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуді қоса алып, оларды дамыту және бақылау үшін мүмкіндіктер туғызу болып табылады.
Бірлескен тұтыну экономикасы жас және перспективалы даму құбылысы болып саналады, ол ТМД елдерінде туризм мен экономиканың дамуына айтарлықтай ықпал ете алады. Мысалы, Airbnb сервисі Қазақстанда қолжетімді, бұл ішкі және ең маңыздысы келу туризмін дамытуға ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ, Airbnb-бұл шетелдік туристерге танымал және ыңғайлы платформа.
Сейлов Ғалымжан "Kazakh Tourism" ҰК АҚ бас маманы: "Airbnb сияқты тұтынудың жалпы әлемдік трендтері мен инновациялық сервистері еліміздегі жалға берілетін тұрғын үй ұсыныстарының сандық өсуіне әсер етеді. Маңызды мәселе, біз осы құбылыс ұсынатын әлеуетті қалай пайдалана аламыз? Бірінші кезекте, Қазақстанның түрлі қалаларында бірлесіп тұтыну қызметтері арқылы жалға берілетін тұрғын үй нысандарының ұсынылған санын ұлғайтуға көмектесу керек. Мысалы, Швейцарияның "Observatoire Valaisan du Tourisme" институтының Airbnb-нің Швейцариядағы туризм секторына ықпалы бойынша зерттеуі осындай қызметтер арқылы нарықтың жаңа сегменттерін тартуға мүмкіншілік туғызғанын көрсетті.
Ати Тосун, Швейцариядан келген этникалық қазақ, travel-стартаптың негізін қалаушылардың бірі Indy-guide.com: "Қазақстанның туризм саласындағы мүмкіндігі зор. Батыс саяхатшылары таза табиғаттан ләззат алуға және басқа мәдениеттердің ішіне енуге мүмкіндік туғызатын маңызды туристтік тәжірибені іздейді. Олар жергілікті экскурсоводпен керемет ерекше көрікті жерлермен ұйымдастырылған маршрут емес, шынайы сапарды қалайды. Саяхатшылардың жаңа толқыны барлық бағытты өз бетінше жоспарлауға болатын тәуелсіз сапарларға қызығады. Сондықтан Airbnb секілді платформалар Қазақстанда туризмді дамыту үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Туристік нысандардың қол жетімділігінің арқасында, кез-келген турист ЮНЕСКО-ның мұра нысандарына кезексіз және туристердің үлкен тобымен де бірге бара алады, Қазақстан Халықаралық Туризм үшін де таптырмас ұсыныс бола алады. Алматы секілді инновациялық қалалардан бастап, шексіз көрікті дала, Альпі тауларына, тарихи көрікті орындарға дейін. Қазақстанда шынайылықты және әсем табиғатты өз деңгейінде бағалайтын саяхатшыны тартуға болатын көп дүние бар. Сәйкесінше, менің ойымша, бірлескен тұтыну экономикасы елдегі туризмнің дамуына жаңа серпін беруі керек".
Халықаралық туризм қазіргі таңда сыртқы экономикалық қызметтің қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып саналады. Туризмнің толықтай әлемдік экономикаға да, жекелеген елдер мен аймақтардың экономикасына да әсерінің қарқынды өсуі әлемдік экономиканың қалыптасуы мен дамуы қатар жүретін маңызды, тұрақты және ұзақ мерзімді тенденциялардың бірі ретінде саналады. Туризмнің қызметі халықтың анық қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген ұлттық экономиканың алапат тәуелсіз саласына айналуы айқын болады. Бұл қажеттіліктердің әртүрлілігі туристтік кәсіпорындармен қатар экономиканың дамуына ықпал ететін себебтердің бірі ретінде туризмнің маңыздылығын айқындайтын басқа бағыттағы кәсіпорындармен де қамтамасыздандырылады. Туризм әлемдік ықпалдастық үдерістердің факторларының бірі болып табылады, ал туристтік бизнес қазіргі таңда экономиканың басты секторына айналуда. Әлемдік туризмнің өсуіне ғылыми-техникалық үдеріс, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, бос уақыттың, демалыстың ұзақтығын көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық және басқа да біршама факторлар ықпал етеді. Қазақстан бірегей табиғи қорларға және көшпелі халықтың өзіндік мәдениетіне ие бола отырып, халықаралық және өңірлік нарықтарда туризмді дамыту үшін жүзеге аспаған жоғары әлеуетке ие.
Рекреациялық қорлар мен тарихи-мәдени мұраның туристтік мүмкіншілігі Қазақстанға халықаралық туризм нарығына үйлесімді қосылуға және елде туризмнің үдемелі дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғындардың жұмыспен қамтылуын және табысының тұрақты өсуін, туризммен сабақтас салалардың дамуын жетілдіруді және ұлттық экономикаға қаржы салым ағынын өсіруді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы мемлекеттік деңгейде экономиканың басты салаларының бірі болып саналады. Қазақстан экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту ережелерін жүзеге асыруда жетекші орын отандық кластерлер жүйесіне тиесілі.
Олардың ішінде туристтік кластер ерекше орында. Бұл саланы дамытудағы тенденциялар әлемдегі ең танымал шипажайларды жақсы білетін туристтер өз кезегінде туристік сектор жаңа дамып келе жатқан елдерге қызығады. Қазақстанда солардың қатарында.
Қазақстанда туризмді дамытудың бассты мақсаты заманауи, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристтік кешен құру болып табылады. Оның негізінде саланы экономика бөлімуі ретінде дамыту, әлемдік туристтік нарық жүйесіне біріктіру және туризм саласындағы болашақтағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін болады.

1.2 Туризмді дамытудағы "кластерлік тәсіл" түсінігі
Дамыған мемлекеттерде соңғы он жылдағы экономикалық саясатының басты элементтердің бірі ретінде кластерлер тұжырымдамасы мен кластерлік тәсілді қарастырады. Кластер түсінігі негізінде дамуды болжайтын саясаттағы мақсатты әрекеттер жүйесі де, өңірлік даму жоспарлары немесе өндірістің жергілікті бөлімдерін қолдау жөніндегі жүргізілетін жұмыстар секілді дараланған іс-шаралар түрінде де алға тартылуы мүмкін.
Кластерлер негізі бойынша белгілі бір аймақтың экономикалық табысына жоспарланған және осы міндетті жүзеге асыруға бағытталған түрлі компаниялар шоғырынан тұрады.
Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жоғары технологиялық өндірістердің қорларын ғылыми-зерттеу секторының мүмкіншілігімен біріктіру барысында кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету міндеті кластерлер шеңберінде шешілуде.
Кластерлік теорияның атақты зерттеушісі - американдық экономист Майкл Портер. "Елдердің бәсекелестік артықшылықтары" кітабында ол кластерлер ұғымын ашып, әлемдік экономика түсінігінде ұлттық, мемлекеттік және жергілікті бәсекеге қабілетті ұғымын алға тартты, кластерлер түсінігінің тарихи және зияткерлік алғышарттарын түсіндірді.
Атақты компьютерлік фирмалар негізінен АҚШ - тан, ал аудио және видео фирмалары Жапония мен Оңтүстік - Шығыс Азиядан тасымалданады. Швеция біршама өте қуатты машина жасау компанияларын құрды, алайда химиялық жоқ. Германияда үш орасан зор химиялық компания және қымбат автомобильдерді ауқымды өндірудің әлемдік көшбасшылары бар, алайда жақсы неміс компьютерлік компаниялары жоқ. Бұл деректер бір жағынан бәсекелестік сипатына қарсы келеді. Себебі, бәсекелестік-бұл басқалар қол жеткізген дүниені алуға деген ұмтылыс. Яғни, ойын шарттары секілді біреу ұтса бірден екіншісінің жеңілісіне айналады деп саналатын секілді. Көшбасшының қарсыластары үшін бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауы, ең бастысы, нарықты жоғалту және борышқор қаупін білдіреді. Алайда, бұл тек деструктивті ғана емес, сонымен бірге шығармашылық жағы да бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баянауыл ұлттық паркінің туристік маршруттары
Астананың туристік имиджін дамыту
Ақпараттық туристік кәсіпорындар
Туризм - экономиканы дамытудағы басты жол
Туристік ресурстарды дамыту
Туристік қызметке сұраныс
Туризм инновациясы
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Түркістан аймағында туризмнің жағдайын талдау, сонымен қатар дамыту жолдарыының іс-шаралары мен алға басу сипатын анықтау
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Пәндер