Оқушылардың танымдық белсенділігін сабақтан тыс уақытта дамыту жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

46. Тәрбиелеуші ортаны педагогикалық тұрғыдан құру жолдарына тоқталыңыз

47. Оқушылардың танымдық белсенділігін сабақтан тыс уақытта дамыту жолдарын сипаттаңыз

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың маттерияға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан айырмашылығы ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтікк қатынастарды қалыптастыру. Танымдық белсенділік - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой қажеттіліктен, мақсат, танымдық іс-әрекет уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық іс-әрекеттің, белсенділіктің негізінде оқушыларда танымдық іс-әрекетке қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.

Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбте теориясына айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырады.

Педагогтар, психологтар, әдіскерлер танымдық іс-әрекет ұғымы мен танмыдық іс-әрекет белсенділікті қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісіне ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасыдағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруды қарастырады.

Оқу үрдісі оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық іс-әрекеті негізінде оқушыларда танымдық іс-әрекет белсенділік қалыптасады. Демек, оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда өзіндік жұмыстардың маңызы ерекше. Өйткені, олар білім жиынтығын тек хана дәрісханалық сабақтарда ғана емес, өзіндік жұмыс барысында жинақтайды. Өзіндік жұмыс сабақтардан алған білімдерді сыныптан тыс уақытта кеңейтіп, тереңдету, сонымен қатар теориялық материалдарды талдау дағдысын қалыптастырады.

48. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, уақыт өлшемін белгілеп тәрбие жұмысының жоспарын жазыңыз

Тәрбие жұмысын жоспарлау педагог қызыметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға көмектеседі.

Мұғалім өз жұмысын жоспарлағанда мектептің жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Бүкіл мектептің істері мен жоспарлары мұғалім жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Мектептің міндеті әр оқушының жан-жақты дамуына қамқорлық жасау болып табылады. Оны орындау педагогтан жан-жақты күрделі жұмыс жүргізуді талап етеді.

Жоспар жасау дегеніміз - тәрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ-түйініне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру, оның нәтижелерін алдан ала көре білу.

Жоспар жасаған кезде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, сонымен қатар тәрбие жұмысын дұрыс уақытқа жоспарлай білу маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар :

  • Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
  • Өмірмен тығыз байланыстығы.
  • Жоспардын жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
  • Тәрбие жұмысы формалары оқушылардың жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
  • Жоспардың нақтылығы.

Тәрбие жоспарынын үлгісі:

  1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
  2. Өткен оқу жылына сай атқарылатын тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
  3. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
  4. Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылына атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары көрсетіледі.

49. Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекетіне талдау жасаңыз

50. Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясына талдау жасаңыз

51. Оқушыларды жан-жақты зерттеудің әдістері мен тәсілдерін жіктеңіз

52. Оқушылар ұжымының тәрбиесін диогностикалау әдістемесін сипаттаңыз

53. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктерін талдаңыз

54. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістерін жазыңыз

55. Мұғалімнің психодиагностикалық мәдениетін сипаттаңыз

56. Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің мәні мен атқаратын қызметтерін атаңыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызуғышылықтары
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуы
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық теориялық негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz