Аудиттің мәні


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Аудит оның түрлері мен мазмұны . . . . . . 5
2. Сыртқы аудит, оның ерекшеліктері. . . …. . 13
3. Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы . . . 17
4. Аудиттің пәні, объектісі және функциясы…. . . . 21
5. Сыртқы аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы
ролі. . 23
ҚОРЫТЫНДЫ. . . 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . ………. . 31
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмысымның тақырыбы «Сыртқы аудиттің түрлері, оның мақсаты мен мәні» болғандықтан, мен бір емес бірнеше әдебиеттерге сүйендім, өйткені ол әрине өте ауқымды тақырып. Себебі, аудит жұмысының көлемі-объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасын оның мәліметтерінің дұрыстығы тек қана Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты -аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасаудағы бірден-бір мақсаты - аудит қорытындысын алу. Себебі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты жария етіледі. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз.
Аудит - ол дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, Бухгалтерлік есептілік көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету деп ойлаймын.
Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қарайды, себебі олар салық төлейді, аудиторлық тексерісті қажет етеді, себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорынның қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі - клиент есебінен (тексерілген субъект жекелеген жағдайда бюджеттік қаражаттар есебінен) шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Соңғы жылдары елімізді тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді. Аудит бойынша енгізілген оқулықтар мен тәжірибелік құралдар саны аз болды. Аудит тарихы, проблемалары, оның даму жән қалыптасу тәжірибелерін экономистер мен практиктер әр түрлі журналдар мен басқа мерзімді басылымдар орыс тілінде ғана шығады. Бұл жерде республикамыздың жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік тілде оқитын студенттер санын жылдан жылға көбейту мәселесін шешкен жөн деп ойлаймын.
Аудит ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «Аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай деңгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда, ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық заңдылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы елдегі тауар бағасын тұрақты етіп нарықтық қатынасқа көшу заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.
Екіншіден, «аудит жұмысы» үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, аудит барысында кәсіпорынның табыс-пайда сомасы салық нақты анықтамадан қанша салық сома төлеу керек екенін, «салық есебінің» дұрыс жүргізілгенін аудит арқылы анықтайды. Қандай бір елде болмасын үлкен экономикалық проблема ол-салықтың тиісті көлемде жинау және де нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкестігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өз тарапынан «салық есебін» жүргізуге мәжбүр, оған қоса тек қана «салық есебіне» аудит жүргізіп, аудиторлық қорытынды алуға мәжбүр. Ондай жасамаған жағдайда салық инспекциясы қатал жаза қолданып, субъектілер айып төлейді.
Соңғы жылдары баспабан шыққан арнайы әдебиеттерде «аудит» түсінігі шаруашылық қызметін бақылаудың жаңа бағыты ретінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық және комерциялық қызметін қаржылық бақылаудың жаңа ұйымдастырушы түрі ретінде анықталады. Менің көзқарасым бойынша бұл түсінік «қаржылық бақылау» түсінігімен біршама тең болып келеді. Өйткені, ол көрсеткіштердің дұрыстығы тексертуді ғана емес, сондай-ақ шығындарды рационализациялау мен пайданы заңдық негізде оптимизациялау мақсатымен шаруашылық қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды дайындауды қамтиды. Сонымен қатар аудитті тексерумен, аудиторларды тексерушілермен теңестіруге болмайды. «Ревизия» термині латынның «revision» сөзінен аударғанда «қызметті зерттеу» дегенді, ал «ревизор» термині ревизияны жүргізуші адам” деген мағынаны білдіреді. Тексеру мен аудит мазмұны жағынан жақын болса да бір түсінік емес. Аудит тексеру мен бақылаудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, сонымен бірге өзіне тән ерекшеліктері бар.
1. Аудит оның түрлері мен мазмұны
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес Қаржылық есептілік берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатыңда заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні Қаржылық есептілік беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, Бухгалтерлік есептілік жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есептілік беру аудитінің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есептілік құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептіліктің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері-акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашьшық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептіліктеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар) ;
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есептілік беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттін, мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытыңды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар қоғам) .
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитты жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есептілік беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.
Меншік иелену кұқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған каржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мүқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:
Қаржылық есептілік берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.
Қаржылық есептілік беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептіліктің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, зандық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет.
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліклілікті, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықты талап етеді. Әрине, оған осы кәсіп мәртебесіне сай жоғары ақы төленуі керек. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді тандамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді дұрыс таңдау қажет.
Аудит және оған сыбайлас ғылым түрлері. Аудит өзінше жеке ғылым саласы. Басқа ғылым саласы сияқты аудит те объективтік себептермен өз бетінше дами бастаған жаңа ғылым саласы. Оған себеп болған кәсіпорын шаруашылығындағы тексеру процесінің қоғамдық деңгейге көтерілуіне байланысты, әр елдің экономикасының тиянақты дамуын қамтамасыз ету үшін қаржылық жағдайын тексеріп отыруға қойылатын талап қатайған сайын аудит ғылыми сала ретінде жедел даму жолына түсті.
Аудит экономикалық ғылым саласындағы топқа қосылады, оған қоса нарықтық қатынас экономикасында, оның заңдылықтарын іс жүзінде қолдану процесінде ерекше әсерін тигізетін нақты функцияларды орындайтын ғылым саласы. Аудит-фундаменталдық емес, іс-әрекетке қолданылатын ғылым саласы. Ол жалпы ғылым тану теориясына сүйене отырып жұмыс бабында адамдарға экономикалық білім жолын анықтайтын, шаруашылықтың білімділігін бағалап, оның келешегіне болжау жасауға негіз беретін ғылым саласы. Аудит жеке ғылым сала ретінде өзіне сыбайлас ғылым түрлерінің әдістерін қолдана отырып, шаруашылық субъектілерінің жұмысын зерттеп, оны әділ бағалап, тапсырушыларға өзіне тиімді шешім қабылдауды анықтап береді.
Қоғам тану ғылым саласында диалектикалық процесс әсерінен экономикалық ғылым тобында менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есептілік, экономикалық талдау, статистика сияқты ғылым түрлері пайда болды. Қазіргі кезде осы топқа қосылатын жаңа ғылым саласы ол-аудит. Осы аталған ғылым салаларының ішінде аудит бухгалтерлік есептілікпен тығыз байланысты.
Аудит және бухгалтерлік есептілік. Бухгалтерлік есептілік аудит үшін ең негізгі информация көзі, екіншіден, зерттеу, іздестіру объектісі. Бухгалтерлік есептілік нақты бухгалтерлік құжат арқылы белгілі өлшемдермен тіркелген шаруашылық көрсеткіштерін үздіксіз өзара байланыста тіркеуге алады. Кәсіпкер шаруашылығында орындалған жұмыстар, фактілер арнайы құжаттарға түсірілгеннен кейін шаруашылық операциясы деп аталынып, бухгалтерлік есептілікке алынады. Бухгалтерлік есептіліктің соңғы сатысы, қорытындысы, ол кәсіпорынның қаржылық ақпараттары. Онда кәсіпорын мүліктерінің қорытынды есебі, қаржылық жағдайы, өткен уақытта болған шаруашылық нәтижесі, табыстылығы көрсетіледі (жылдық) . Сол ақпарат көрсеткіштерін аудитор тексеріп дұрыстығын анықтайды. Қазіргі кезде аудиторлық тексеруді аудитор фирмасы немесе жеке аудиторлар жүргізеді. Аудитті тексеру барысында аудитор Бухгалтерлік есептіліктің заң талабына сәйкес, нормативтік ереже нұсқауды дұрыс қолданып жүргізілгенін анықтайды. Бухгалтерлік есептілік мәліметің дұрыстығын анықтау үшін «алғашқы есеп» есеп құжаттарын тексереді. Одан кейін аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерінің дұрыстығын тексереді.
Қорыта келгенде аудитор Бухгалтерлік есептілікті жақсы білетін, есеп заңын және нормативтік құжаттарды, салық есебінің ерекшеліктерін білетін жетік білімді маман болуы керек.
Аудит және экономикалық талдау. Арнайы оқулықтарда, ғылыми зерттеу басылымдарында «аудитті» экономикалық талдау деп анықтайды. Олай деп айтылуы орынды деуге болады. Себебі, тиянақты аудиторлық қорытынды жасау үшін кәсіпорын ақпаратына экономикалық талдау жасау өте қажет. Қазақстандық стандартта және халықаралық нормативте аудит қызметінің ішінде «қаржылық ақпаратының» экономикалық талдауы арнайы көрсетілген. Мысалы, 12 нормативте «аналитикалық процедурада» айтылған: аудитор өз қорытындысын жасау үшін кәсіпорынның барлық қаржы-табыс туралы ақпаратының, оның шаруашылығында экономикалық жағдайының дұрыс көрсетілгенін анықтау үшін аналитикалық есептеу процедурасын жасауы қажет. Онда ол қаржылық-табыстылық ақпараттың әр элементі өзі жасаған есептеу жолымен анықталуға тиісті.
Аудиторлық қорытынды жасау алдындағы экономикалық талдаудың құндылығы сол, ол кәсіпорын шаруашылығында болған толқулардың, өзгерістердің қандай себептерден болғанын, оның тиімді немесе тиімсіз, зиянды болу себептерін анықтап, олардың нәтижесінің қаржылық ақпаратына қандай әсерін тигізгенін тексеруінде, ақпарат көрсеткіштерінің дұрыстығын, факторлардың оған әсерін анықтауында. Аудитор аналитикалық процедура жасаудың алдында өзінің экономикалық талдау жасау программасын жасайды, ол үш этаптан тұрады: қойылған мақсатқа толық және оптималды жауап алу үшін тиімді экономикалық талдау әдісін белгілеу; талдау жасалынатын информация базасын анықтау; экономикалық талдауда анықталған ауытқу құбылыстарын шектеуге, түзетуге шешім қабылдау.
Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау әдістерін қарастырайық.
1. Ақпаратты оқу әдісі. Бұл әдістің мақсаты қорлардың, мүліктің нақты мөлшерін анықтау, олардың тиімді пайдалану жолын және кәсіпорынның табыстылық деңгейін тексеру. Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын қандай шаруашылыққа жұмсалғанын және ақпараттан тыс көрсеткіштер көрсетілген болса соның заңдылығын, экономикалық тиімділігін анықтап, талдау жасау. Ақпаратты оқу барысында, қосымша информацияларға, тіркеулерді көрсетілген мәліметтерге ерекше көңіл бөлінеді.
2. Шаруашылық саласындағы салыстырмалы талдау әдісі. Шаруашылық саласындағы бірнеше кәсіпорындар ақпаратын салыстыру арқылы экономикалық талдау жасаған кезде олардың арасында бір-біріне экономикалық жағдайларының айырмашылықтары анықталады. Аудитор салыстырмалы көрсеткіштер арқылы әрбір жеке шаруашылық субъектілерін жетістіктері мен кемшіліктерін, қаржылық жағдайын талдап, өз қорытындысын жасайды. Осы орайда аудитор салыстырмалы талдау арқылы салыстырмалы уақытта қандай толқу, өзгерістер қандай себептерден боғанын анықтап оны нақты ақша өлшемімен және процент көрсеткішімен көрсетеді.
3. Ақпарат пен нақты көрсеткіштерді салыстырмалы талдау әдісі. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өздерінің шаруашылығына бизнес-жоспарын және табыстылық нәтижесінің көрсетуіне бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама кәсіпорынның басқарушылық есебінің негізін анықтайды.
А. Д. Шеремет пен В. П. Суйцтың аудит бойынша екінші қайтара шығарылған оқулығында аудит түрлері сараланып беріледі. Осы жіктелімге сай аудит төмендегі түрлерге бөлінеді:
Аудиттің түрлері
Сыртқы
Ішкі
Міндетті
Бастамашылық (ерікті)
1- банктік аудит
2-сақтандыру компанияларының аудиті
3-биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті
4-жалпы аудит;
5-мемлекеттік аудит
1 қаржылық есептілік беру аудиті
салықтың аудиті
сәйкестік аудиті
операциялық аудит
арнайы (экологиялық, операциялық және т. б. )
Бастапқы
Келісілген
Дәлелдеуші
Жүйелі бағытталған
Тәуекелдікке негізделген аудит
Қазіргі кезге дейін сыртқы аудит мәселелері арастырылды. Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.
Ішкі аудитордардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:
- активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
- жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
- ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өндеудін тиімділігін талдау;
- басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады.
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттың тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық катынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.
Сыртқы аудитты жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есептілік берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.
Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит және оның түрлері" деген 4-бабында "Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген.
Міндетті аудит - тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудитгің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімімен жүргізіледі.
Қаржылық есептілік беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар басқа да қызметтерді көрсете алады. "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар қаржылық есептілік беру аудитінен басқа өз қызметінің профилі бойынша төмендегі қызметгерді көрсете алады:
- Бухгалтерлік есептілікті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық және статистикалық қорытынды есепті құру;
- салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
- қаржылық, салықтық, банктік және басқа шаруашылық заңының мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету;
- қосымша кәсіби білім беру ретінде Бухгалтерлік есептілік, салық есебі, қаржы-шаруашылық қызмет аудиті мен таддауына оқыту оқытушылық, ғылыми қызмет;
- Бухгалтерлік есептілікті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту;
- бағалы қағаздар рыногындағы қызмет;
- адвокат (қорғаушы) қызметімен байланысы жоқ заң қызметтерін көрсету.
Бухгалтерлік есептілікті жүргізу және қалпына келтіру. «Бухгалтерлік есептілік пен қаржылық есептілікті беру туралы» заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда есепті келісім-шарт негізінде арнаулы ұйымдар жүзеге асыра алады. Осындай ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz