Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы - педагог
Ыбырай Алтынсарин
Ермекбай Сабыр 120-18 тобы Кәсіптік оқыту 3-курс
Ыбырай Алтынсарин (шын аты -- Ибраһим, 1841 -- 1889) -- қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы - педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі - адамның өзара қарым - қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе , қазақтың мәдениетін , өнерін терең білетін, ақыл - парасаты жоғары, сөзге шешен , елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім - тәрбиесін , үлгі - өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді. Ы. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ Ы. Алтынсариннің ұлттық - эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты. Ы. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы.Алтынсарин жастарды оқу - білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.
Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! - деген өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым - білімге мін бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық - білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей - жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Өнерді үйрен, үйрен де жирен деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер болуына да мән берген.
Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік , нақыл - насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер - білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды.Ы.Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе Талаптың пайдасы т. б. әңгімелерімен көрінеді.
Шығармаларында оның өнерге деген ықылас - ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері мен әңгімелері арқылы жастарды табиғаттың әсемдігін , адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол аймақта мектептер мен кәсіптік училищелер ашу арқылы жалпы және кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады.
Сиса көйлек үстінде,Тоқуменен табылған.Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған,- деп педагогтік тәсіліменен балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында , тек осы мектептерде ғана деп жазған болатын. Ы.Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену , талпыну, адамды сыйлау үгіттеледі.
Ы.Алтынсарин - қазақтың салт - дәстүрін зерттеумен айналысқан ғалым этнограф. Еңбек тақырыбы - Ыбырай әңгімелерінің арқауы. Ол техниканы меңгерген адам зор игілікке ие болады, жаратылыстың тілін біледі, оны өзінің айтқанына көндіреді , халықтың жалпы мәдениетін көтерумен қатар негізінен олардың тұрмысын жақсартады дейді. ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz