ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ


- Кешенді әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының мемлекеттік басқарудағы реттеудің қалыптасу және теориялық негізі. Аймақтардың кешенді әлеуметтік экономикалық дамуын реттеудегі аймақтық саясаттың мәні мен алғышарттары
Қасым Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына 2020 жылдың 1 қыркүйгінде «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” жолдауында, Өңірлеріміз арасында экономикалық және өндірістік бағыты, тұрыс деңгейі, мемлекеттік қызмет сапасы жағынан айырмашылықтар бар. Сондықтан аумақтық даму жолында әр өңірдін бәсекелі артыұшылығын ескеру қажет. - деп айтқан болатын. Жаңа саяси экономикалық бағыттың - өңірлер арасындағы урбанизация мәселесін шешуге және белгілі бір аймақтағы өңірдің ай географиялық экономикалық айырмашылықтарын арттыруға серпін береді. Ірі металлургилялық кәсіпорындр орналасқан өңірлерді дамытуға қатысты жаңа көзқарастар керек. Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарына қатысты деп айтқан болатын. Осы өңірлер жоғары технологиялы, ғылымның және жаңа техникалық қызмет көрсету орталығына айналу керектігіне баса назар аудару қажет екендігін ашып көрсетті. Жолдауда айтылған ірі бизнес өкілдеріне өңірлік университеттердегі ғылыми әдістемелік қызметін қамқорлығына алса, нұр үстіне нұр болар еді. »
Коғам да болып жатқан әлеуметтік - экономикалық мәселелерді мемлекеттің әртүрлі араласу тәсілдерін қолдану арқылы шешу көзделген. Мемлекеттік реттеу әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділігі қалыптастыруға тәкелей немесе жанама түрде ықпал етеді. Мемлекеттің өмірге қатысу немесе ыұпал ету нысандары туралы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің заңында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына келесідей құжаттар кіреді:
- ҚР 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы;
- ҚР Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы;
- ҚР 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары;
- Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы;
- 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
- 5-10 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар;
- Салалық бағдарламалар;
- Мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспары;
- Өңірлерді дамытудың 5 жылға арналған бағдарламалары;
- Ұлттық басқарушы холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арнаған даму стратегиялары;
Өңірлік экономиканы зерттеудің аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуді кеңістікте орналастыру және өндірістік күштерді дамыту үдерісіне, териториялық құрылымдардың әлеуметтік - экономикалық дамуы үдерісіне, мемлекеттің спецификалық жоспарлы әсер етуі, ол өзінің мәнін әртүрлі бағдарлама, болжам, жоспар түрінде шығып, тікелей және жанама реттеу арқылы мемлекеттік спецификалық жоспарлы республикалық және аймақтық экономикалық органдар жүйесі арқылы әсер етеді. Мемлекеттің шаруашылығы анықталған экономикалық жүйемен оның бөлек аймақтарының аймақтық-құрылымдық жүйе ретінде аймақтық дамудағы мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылады.
Кез-келген аймақтың территориясы республика шегінде орналасу және өндірістік күштердің даму үдерістері, нарықтық қатынастар қалыптасуының аймақтық аспектілеріндегі және мемлекет тарапынан реттеу шараларының мәні болып табылатындығын баса айтқан жөн. Аумақтық экономика бұл тұтас бір мемлекеттің экономикалық органдары қалыптасқан мемлекеттің субъектісі болып табылады. Бюджеттік-салқытық тұтұалар, құқықтық нормалар, несие - ақшалай аспаптар және стратегиялық жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі нысандары болып жатқызылады. Адамдардың әртүрлі қызметтер түрлері менен ондағы әлеуметтік саланың тұстары құықықтық нормалары, компетенция анықтамасы, билік ұғымы мен оның көлемі мемлекеттік деңгейдегі және аймақтық билік органдарының, коммерциялық ұйымдарының міндеттер көмегімен ұжымның әкімшіл құқылық реттеу рычагы іспеттес реттеуде өзіндік мақсаттары жүзеге асады. Құқықтық реттеулер келесі тұжырымдама мен механизмдерден тұрады: заңдар, нормативтік актілер, жарлықтар, заңдық актілер.
Кәсіп орынның немесе белгілі бір топтың топтасқан құрылымдық және нормативтік ұжымдар мен ұжымшарлар отандық тауарлардың экспорттағы рөлін арттыру немесе бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін келесідеу бюджеттік - саясат қолданылады. Бұл жүйе негізгі элементтерден тұрады: салықтық саясат, мемлекеттік бюджет, амортизациялық саясат. Мемлекеттік реттеудің маңызды құрылымды элементі болып табылатын нарықты экономиканы тұтқалар тәсілінде қолданылатын саясат, ол бюджеттік - салықтық.
Тәсілдердің екі тобы бар:
- Салықтық жүйе және салықтық пайыздар деңгейінің өзгеруі;
- Инвестициялық қызметтерінің көлеміне әсер ету мақсатымен, кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға тікелей және жанама жеңілдіктер беру;
Мемлекеттік бюджет ол мемлекеттің орталықтандырылған ақша түсіміне қолайлы және мемлекеттің халық алдындағы ұзақ немесе қысқа уақыттағы жобаларды іске асырудағы және міндеттемерді орындауда қолданылатын құрал деседе болады. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен келесідей істерді асыруға болады:
- ғылыми зерттеулерге арналған мемлекеттік инвестициалардан қаржыландыру, өз кәсібін сүйе білетін және жоғары мамндырылған жұмысшы күшін дайындау, инфрақұрылымды модернизациялау бағдарламасын қалыптастыру мен жүзеге асыру, елдің қорғаныс және төтенше жағдайлардағы қабілеттілігін қамтамасыз ету саласындағы бағдарламалрды қаржыландыру;
- негізгі капитал жаңартуын және оның өнімділігін мемлекеттік органдар арқылы қаржыландыру;
- табиғатты тиімді қорғау және оны баптау, тиімді пайдалану бойынша шараларды қаржыландыру;
- халықты әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар бағдарламарды қаржыландыру;
- басқа да мемлекеттік қажеттіліктер мен материалдық қорларды толықтыру үшін және қорларды сатып алу;
Адам баласының дамуы арқылы бүгінде біз көптеген жетістіктерге жетіп отырмыз. Сонын бірі аймақтық экономиканы басқару және оны дамыту мәселесіне көптеген ғалымдар ғылыми мақалалар менен ғылыми тағылымдамалар жазған. Елдің дамуында айтарлықтай рөл атқаратын және мемлекет экономикасына серпін беретін белгілі бір аймақты экономикалық аймақ дейді. Осындағы аймақтық экономикадағы мемлекеттік реттеудегі маңызды механизімдер болып табылады:
- белгілі бір аймақтың өндірістік күштерін ұзақ мерзімді болашағын орналастыру және аймақтың әеуметтік - экономикалық дамуын кешенді болжау;
- мемлекеттің дамуын және әлеуметтік - экономикалық даму әлеуеті мен ондағы кезең, кезеңмен кешенді болжауды жүзеге асыру үшін бағытталған мемлекеттік, аймақтық, салалық деңгейде стратегиялық жоспарлар жүйесін қамтамасыз ету;
- аймақ аралық жобаларды және мәселелрді шешу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру;
- нақты аймақтың даму мәселесіндегі ең өткір және өзекті сұрақтарды шешу бойынша мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру, оның ішінде алшақ ауылдар, күйзелісті шағын және орта қалалар, экологиялық қауіпі бар аймақтардың дамуын мемлекет қолдайтын арнайы бағдарламалар;
- аймақтың дамуын тездету және оный әлеуетін толықтай қолдану, шет елдерден шет ел инвестициясын тарту, қазіргі заманда өзгеріп жатқан, тұрақты дамып жатқан технологиялық процесстерді қолдану және т. б. мақсатында зерттейтін оны саралайтын заңшығарушылық, институтционалдық және әдістемелік қамтылған арнайы экономикалық аймақ (АЭА) қалыптастыру.
- Өңір экономикасын реттеу үшін мемлекет әдістер жүйесін қолданады. Ол нарық ерекшелігін, шешілетін стратегиялық және тактикалық тапсырмалар сипатын есепке ала отырып икемді және дифференцияланған кешен болуы керек;
- Аймақ экономикасының дамуы аймақтардың экономикалық географиялық ерекшеліктеріне қарай анықтау, ондағы нарық ерекшелігін саралай отырып, стратегиялық бағдарлама жасау. Яғни бұл бағдарлама оң нәтиже беруі тиіс;
- Кеңістікте дамитын, үнемі толығатын, күрделенетін аймақтық экономика еңбек бөлінісін және ондағы алып отырған ауыл шаруашылық құрылымдарды экномикалық тұрғыда тұрақтылығын және дамуын қамтитын байланыстар жүйесін білдіру. Жалпы эконокмикалық кеңістік әлеует көлеміне технологиялық жағдайын тәуелсіз басқару, меншік түріне әр түрлі шаруашылықтардың бірігуі негізінде қалыптастыру;
Мемлекеттік реттеудің аймақ экономикасындағы обьектілі алуан түрлілік. Солардың бірі 1 суретте көрсетілген.
Сурет 1 - Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеудің обьектілері
Ескерту әдебиет көзінің негізінде жасалған[1]
Негізі аймақтық саясаттың жалпы объектісі болып мемлекетті әкімшіл-аймақтық жүйеге бөлу элементі ретінде аймақтар табылады. Өңір деп біртекті табиғи жағдай қалыптасқан, мемлекеттің ірі аймақтық территорияға ұқсас бөлшегін айтамыз. Қалыптасқан және келешегі бар және әлеуметтік инфрақұрылымына сәйкес табиғи шикізаттар кешенінің үйлесімі негізінде өндірістік күштердің бағытталған бір ортақ мақсатты жүзеге асыратын әкімшіл-экономиканы айтамыз.
Еліміз тәуелсіздік алғғанан бастап әр бір өңір, аймақ өзінің даму жоспары бойынша дамыды. Бірақ айтылатын мәселенің әлі күнге дейін шешімі таппақ емеспіз. Өйткені аймақтардың дұрыс баламалы дамуынсыз, мемлекеттің экономикасының қандай да бір ілгері басушылық көрінбейді. Осыған орай аймақтық саясаттың тиімді жұмыс істеуі мен қалыптасуы жайлы сұрақ бүгінгі күнге де жетіп отыр. [2]
Мемлекеттің аймақтық саясаты бұл кез-келген тәуелсіздігі бар мемлекеттің негізгі саясаты болып табылады. Осыған орай елдер өзінің мемлекеттік маңызы бар стратегиялардың бірі ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесін ұйымдастыруға бағытталған. Өңірдің интеграциялық әлеуетін қамтамасыз етуде аймақтық бағдарламаларға атқарушы роль беріледі. Мұнымен қоса, аймақтық дамуды басқару белгілі бір жүйе болып әртүрлі әдіс-тәсілдермен өңірлер мен мүдделері және ішкі қызығушылықтарды қалыптастырады.
Өңірлік саясаттың аймақтың дамуына ұлттық және жергілікті билік мүшелерінің әсер ету тұтқалары мен арсенал құралдары және жиынтықтары әдіс құрал ретінде қолданылады. Өңірлік немесе аймақтық саясаттың мән мағынасы әр қалай. Кей бір дамыған елдерде аймақтық саясатты экономикалық дамуы нашар өңірелреді жетілдіруге оны ынталандыруға бағыттап, одан кейін халықты жұмыспен қамтиды. Осыған орай басқа мемлекеттерде еркін сауда және кәсіпкерлік аймағы қалыптасып, даму жоспары жүщеге асады. Яғни бұнда жұмыссыздық деңгейіні қарап, ондағы кәсіпкерлік деңгейін саралай отырып, үкімет тарапынан жәрдемақы немесе белгілі бір бизнес деңгейіне салық жеңілдіктері беріледі. Бірақ осының барлығына стимул немесе мотивация беру үшін шет жерден инвестициялар тартылуы және олардың жасалуы тиіс. Мысал ретінде қазіргі Еуропалық одақтың нашар дамыған аймаққа немесе мемлекетке қайтадан өзінің экономикасын ынталандыру процессі жүзеге асады. [3]
Тәсілдің бұл түрін еліміздің жағдайына қарап, біздің ойымызша аймақтық саясатқа бұл жеткілікті емес. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар нашар дамыған және кері тартатын аймақтардың дамуымен ғана шектелмей, аймақтық саясатты да дамыту керек. Аймақтық саясатты жүзеге асыра отырып, бірге экономиканың бәсекелесу шамасын көтеруге жол ашып және алғышарттары дамыған аймақтарға мемлекет тарапынан жәрдем беру керек. Жер қойнауында жатқан табиғат ресурстарын қолдануға ынталандыру жұмыстарын жүргізу және оларға жайлы жағдай жасауын талап етеді.
Аймақтық саясаттың тиіміді қалыптасуына белгілі бір талаптардың болуы шарт. Аймақ бір мемлекет емес, ол мемлекеттің аймақтың саясатының субьектісі. Осыған байланысты аймақтық даму саясаты мемлекет жағынан да және аймақтағы жергілікті атқарушы органдардан да қарастырылуы мүмкін.
Біріншіден мемлекеттік реттеу жүйесін құра отырып, аймақтық экономиканың мемлекеттік алғышарттын аламыз. Өңірдін дамуы стратегиялық сипатқа ие, өйткені аймақтық дамудың мәселелерін, нарықтық реттелу негізі арқылы, мемлекеттің қатысыуынсыз кешенді әлеуметтік экономикалық үдерістерге аймақтағы және еліміздің өтпелі экономикасы арқылы мүмкін емес. [4]
Мемлекеттік алғышарттардың екінші шарты, бұл өңірдін дамуын еш кедергісіз дамуы мен экономикалық ортаның қолайлы жағдайын құруға және жақсаруына байланысты. Осы алғышартта аймақтық саясаттың артықшылығына келесідей шарттар кіреді: қаржы - несиелік, бюджеттік, салықтық, өнеркәсіптік және баға мен монополияға қарсы саясатты талдау;
Аймақтық саясаттың үшінші алғышартында институтционалды немесе экономикадағы интитуциондық ұйымдық саясатты іске асыруға көздейді. Аймақтардағы халықтық төлемқабілеттіклі пен оның өзгеруіне жаңа жағдай жасау үшін, шағын және орта бизнес өкілдеріне кәсіпкерліктің дамуына ерекше бақылау жасай отырып, сатылас ықпалды топтарды қалыптастыра қаржы - өнеркәсіптік топтарда және ұлттық компанияларда, жекешелендіру үдерісін іске асырып және акционерлеу мемлекеттік кәсіпорынындағы басқару жүйесін жетілдіруін үзбей қаматамасыз ету керек. Бұның барлығын қолдайтын бизнесті қолдайтын инфраструктураны құрып және дамыту керек, ол өзіне келесідей құрылымдарды қоса алады: несиелік, қаржылық, инвестициялық сақтандырулық;
Мемлекеттік алғышарттың төртінші шартында экономиканың инвестициялық белсенділігін қамтамасыз ету. Бұған орталықтандырылған экономикаға инвестициялау саясатын іске асыруға қажетті жүйені қалыптастыру керек. Осыған байланысты зейнетақы және сақтандыру қорлары, халықтық инвестициялық компаниялар мен шағын орта компаниялардың шағын немесе меншік ақша ресурстарымен тиімді қолдана алатын инвестициялық институттардың дамуын және олардың қалыптасуына мемлекет тарапынан немесе тағы да басқа компаниялардан ынталандыру көмегін жасау қажет.
Жалпымемлекеттік бесінші алғышартта келесі саясаттың құрылуы және оның жекелей немесе аймақтардағы экономиканың өз бетінше күшеюі аймақтық саясаттың алғышарты болып табылады. Басқарудың мемлекеттік түрі, оның жекеленуі болып өз бетінше бағыт, яғни экономиканың нарықтық күшіне тән. Бұл басқарудың мемлекеттік органдар арасындағы немесе яки орталық және жергілікті органдар арасындағы қарым-қатынастың таным талабы мәселесі қазіргі кезде елімізде маңызды сұраққа айналып келеді. Аймақ пен орталықтың арасындағы басымды билікті ауыстыру экономикаға жаңа серпін және өте маңызды шартқа айналуға мүмкіндік береді. [5]
Бюджет аралық қатынасты реттейтін және оны жетілдіруге серпінді маңызды рөл бөлінеді. Өйткені аймақтың экономикалық - әлеуметтік әлеуетін өсіруге және кеңейтуге бағытталған аймақтық инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға қаржылық база ретінде қолданылады.
Аймақтық саясаттың құрылуымен оның аймақтық алғышарттардың макродеңгейдегі жалпымемлекеттік алғышарттар тізбегі келесідей.
Бірінші аймақтық шартттың негізінде индустриалды деңгейдің дамуы негіз болады. Өйткені осыған орай Қазақстандағы басқа да аймақтарда даму үлгісі ерекшеленеді. Индустриалды-аграрлық, аргралы-индустриалды, және аграрлы аймақтар болып үлгіленеді. Индустриалды үлгіде дамыған және мамандырылған аймақтарда тереңдетілген аймақтық саясатты жүргізуге болады. Егерде аймақтық даму үлгісі аграрлы немесе аграрлы-индустриалды болса, соғұрлым міндеті де басқаша болады.
Екінші аймақтық алғышартта менеджмент болып саналады. Осы алғышарт аймақтың аймақтық саясатттағы талдаудың немесе саралаудың шарттары болып, оның ішіндегі өңір халқының, кәсіпорындардың мүдделерін, аймақтық немесе жалпымелекеттік мүделлерінің белгілі бір деңгейдегі балансын (уровень) қамтамасыз етуді болжайды. Осы алғышаттың тағы бір міндетіне келсек, бұл өңірді басқарушылық қызметінің жиынтығын қолдануды қамтамасыз етуді қалыптастырады. Мысалға, болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылай және т. б.
Үшінші аймақтық алғышарттың өңірдін немесе аймақтық инвестиция климаты болып саналады. Кәсіпорындардың өсуі, өнеркәсіптегі құрылымдық қайта қүрылуы, жаңа технологияларды меңгегеру жаңадан тартылған немесе тартылатын инвестицияларсыз мүмкін емес. Сырттан келетін инвесторларға салыстырмалы инвестициялық потенциалды дамыта отырып, осы өңірдін немесе аймақтың инвестициялық әлеуетін, нәтижелік, аймақтық саясатқа жеткізу болып табылады. Осы жерде аймақтық инвестициялық портфельінің қамтамасыздандырылуы, ол мемлекеттің инвестициялық саясатының бағытына байланысты. Жобаларға және инвестициялық ресурстарға қол жеткізетін аймақтардың да рөлі бар екендігін көруге болады. Шет мемлекеттерден инвестицияларды тартуда аймақтардың келесідей рөліне аса көңіл бөлу керек, жергілікті бюджеттің инвестициялық басымдылығын күшейтуге, инвестициялық жобалардағы пакетін іріктеу, қызметтік үйлесімділікті жақсарту, аймақтық кіріс көздерін дұрыс пайдалану, жергілікті мекендегі немесе аймақтағы қаржы нарығын дамыту.
Төртінші аймақтық шарт, бұл аймақтық жекелей құрылым әр түрлі жекелей кәсіпорындардың формасына қатысты институциондық шарттарға байланысты. Аймақтық жергілікті органдардың тікелей мақсаты болып, шағын бизнеске арнайы жағдай жасап, бизнес формудар, бизнес инкубаторлар, арнайы маркетингтік орталықтарды жасау сияқты, яки бизнеске инфрақұрылымды жасау міндетті. Жергілікті нарыққа ықпалдастыққа бағытталған аймақтық қауымдастықты жасайтын немесе қамтамасыз ететін топтардың жасалуына жәрдем беретін орталық көзі болуы керек.
Бесінші шарттың алғышарты алдыңғы шартқа келіп тіреледі, бірақ өзі жеке дара күш ретінде бөлектелініп алынған. Жергілікті атқарушы органдардың әкімішілк аппаратында арнайы бөлінулерге ұқсас, жеке дара аумақтарда орналасқан, кәсіпорындардың директорлар кеңесін, одан бөлек сарапшы мамандардың комиссиясын құру сияқты, органдарды ұйымдастырушылық шарттардың жасалуына тиісті немесе басқарушылық инфрақұрылымын қалыптастыру керек. Яғни аймақтық кәсіпорындардың бір-бірімен араласуын немесе әрекеттесуіне ықпал болатын, жергілікті атқарушы органдардың атынан, кәсіпкерлер палатасы, еңбек биржасы, жұмыс берушілер ассосациясы сияқты орталықтарды құру керек.
Өңірдін аймақтық саясаттың дамуына алғышарттардың негізгі жалпы сипаттамасы түп негізімен келеді. Бірақ аймақтық саясаттың шартына сырт немесе тыс жерден көрінсе, аймақ факторына қатысты жиектемелерде қатысты болады.
Пасивті және белсенді болып аймақтық саясатта қолданылатын мақсат пен міндеттер екі түрлі болып бөлінеді. Пасивті типті аймақтық басқару бұл өз алдына, кәсіпорындар мен жергілікті басқарушы органдарды арасында ақпарат алмасу және бір - бірімен жақсы болу сияқты сипаттағы шаралармен шектеледі. Ал белсенді типті аймақтық саясатттың нарықтық ерекшеліктеріне байланысты, кең ауқымды және экономикалық жүйеге тікелей немесе жанама тетікті қолданумен әсер етеді.
Өңірдін әлеуметтік экономикалық дамуы немесе оның аймақтық саясаттағы мемлекет ішілік рөлі макроэкономикалық тепе-теңдік дамудың мемлекеттік реттеудің маңызды тетігі болып саналады. Өйткені жер шарында орналасқан тәуелсізід бар мемлекеттердің өзіндік бір көрсеткіштермен дараланатын аймақтық бірлік болып саналады.
Мемлекеттің экономикалық реттеудегі ерекше бағыттың мазмұны жеке аймақтардың дамуында, теңсіздіктерді тегістеу үшін - аймақтық саясатты қолданады. Ұлттық шаруашылықтың кеңістік-өндірістік мемлекеттік аймақтық саясатының тепе-теңдікті қамтамасыз еткізетін мемлекеттік шаралардың жиынтығын құрайтын аймақтық саясат деп анықталады. Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерінде, аймақтық саясаттың стратегиялық мақсаттарына жетуінің және әлеулеметтік - экономикалық бағыттарының дамуы, оның нысаналы көрсеткіштік нысанының орындалуына, шаруашылықтың территориялық көрсеткіштерін тиімді қолдануға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттің аймақтық саясаты бұл, елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық әлеуметтік және экологиялық, индустриалды инфрақұрылымдық деңгейінің дамуын басқаруға бағытталған басқару бойынша қызмет орталығы және аймақтар мен мемлекет, аймақтардың өзара қарым-қатынасын көрсетуге бағытталған жүйе болып табылады.
Аймақтық саясатта шетелдік ғалымдардың келесідей тұжырымдамалары қолданылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz