Тілдік төрт дағды



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Авторлық бағдарлама кітабының рәсімделуі

МҰҚАБА БЕТІ

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №14 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мекемесі.

Бижанова Гульнара Сулейменовна

Авторлық бағдарлама тақырыбым: Тілдік төрт дағды
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 5-7 сыныптар.

Ақтау қаласы, 2021 жыл

Аннотация

Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға кең ауқымды құзіреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
Бұл бағдарламада оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары коммуникативті дағдыларды дамытуға негіз болатын сөйлеу, ойлау әрекеттерінің түрлері бойынша тілдік материалдар қамтылған. Тілдік төрт дағдыны дамытуға, тілді еркін игеруге, қарым-қатынасқа түсуге, алған білімдерін өмірде қолдануға, танымдық қабілеттерін дамыту үшін түрлі заманауи әдіс-тәсілдер қолданылған.

Аннотация

В современном мире необходимо, чтобы учащиеся владели как знаниями, так и навыками. Это требует от учащихся понимания и применения полученных знаний в различных ситуациях. Умение применять знания на практике дают учащимся возможность овладевания коммуникативной компетентностью.
В программу включены языковые материалы по видам разговорной, мыслительной деятельности, которые являются основой для развития навыков чтения, аудирования, письма и разговорной речи. Были использованы различные современные методы для развития четырех языковых навыков, свободного овладения языком, общения, применения полученных знаний в жизни, развития когнитивных способностей.

Annotation

In the modern world it is necessary that sdudents possess both knowledge and skills. This requires students to understand and apply the knowledge gained in different situations. The ability to apply knowledge in practice gives sdudents the opportunity to master communicative competence.
The program includes language materials on the types of speaking, thinking activities, which are the basis for the development of reading, listening, writing and speaking skills. Various modern methods were used to develop four language skills, fluent language acquisition, communication, application of the knowledge gained in life, and the development of cognitive abilities.

Кіріспе сөз

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол - қазақ тілі Мәңгілік Елдің мәңгілік тіліне айналды, деген сөзі қоғамда қазақ тілінің дамуына зор үлес қосып, өз септігін тигізуде. Білім беру жүйесі- әр елдің даму болашағын айқындайтын жүйе. Әлемде болып жатқан толағай өзгерістер білім беру жүйесінің алдына бәсекеге қабілетті, кез келген жағдайда өзіндік шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға қалыптастыруды мақсат қойып отырғаны белгілі. Келешек ұрпақты ұлттық болмысымызбен сусындата тәрбиелеуде, еліміздің болашақ азаматтарына сапалы білім беруді алдына міндет етіп қоя білген, ұстаздар қауымы. Әрине, жас ұрпаққа қазақ тілін үйрету- еліміздің күрделі мәселелерінің бірі. Мектептегі қазақ тілі мұғалімі тілді үйретудің басты тұлғасы болып қала бермек.
Бұл- шындық.
Құрметті жеткіншек, қазақ тілі - қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін жинақтап сақтаушы, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуші құрал. Сондықтан қазақтың сөздерінен ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинақтаған білімін, салт-дәстүрлерін, дүниетанымдық көзқарастарын табуға болады. Тіл байлығы, сөз қоры халқымыздың рухани қазынасы екені белгілі. Қазақтың әр сөзі - ақпараттың көзі, әр мақалы - аз сөзбен көп ойды жеткізетін жеке-жеке ғылыми тұжырым. Тілді меңгерген сайын Сендер сол білімге бойлайсыңдар.
Тіл әлемді танудың құралы болғандықтан, Сендер қазақ тілінің теориялық, орфоэпиялық, орфографиялық және синтаксистік нормаларын нақты игеру арқылы жазатын, сөйлейтін сөздердің стилін, міндеті мен мақсатын айқын біліп, қазақ тілінде сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастырасыңдар.
Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар.
Жас дос, қазақ тілінен тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен айтылым,тыңдалым,оқылым,жазылым әрекеттеріне баса назар аудару керексің.Сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгеру. Білімалушы сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыруда, тіліңнің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн.
Айтылым , жазылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын дамытуда , тілді еркін игеріп, қарым-қатынасқа түсе аласың. Алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеліп, танымдық қабілеттеріңді дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданасың.
Өз ортаңның лидері болып, сөзіңнің салмағын арттырғың келсе,сөйлегенде көңілге қонымды, адамға өтімді сөздің құпиясын білгің келсе, көпшілік немесе сыныптастарыңның алдында сөйлеу қорқынышыңды жеңіп, еркін сөйлегің келсе, өз ой-пікіріңді толық жазғың келсе, Жас дос, менің Тілдік төрт дағды авторлық кітабымды оқуға кеңес беремін.Ендеше, іске сәт, Жас дос!
Мектеп оқушылары қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгереді және оны ауызша және жазбаша қолдана білуі керек. Білімалушы, сөйлеу әрекетінің төрт түрін меңгеруі керек: рецептивті - тыңдау және оқу, нәтижелі - сөйлеу және жазу, сонымен қатар тілдің олармен байланысты үш аспектісі - лексика, фонетика және грамматика.Тіл тұлғааралық қатынас құралына айналуы үшін қарым-қатынастың барлық түрлерін және сөйлеудің барлық функцияларын меңгеру өте маңызды.
Мектепте қазақ тілін оқып-үйрену барысында оқушыларға оқытудың басты мақсаты - қазақ әдеби тіл нормаларын дұрыс қолдана білуге және сауатты жазуға үйрету; қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған білімін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін оның тілі арқылы таныта отырып, ана тілін қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру.
Қойылған мақсатқа сай жүзеге асырылатын міндеттер:
+ қазақ тілінің өзіне тән заңдылықтарын игерту және сол арқылы оқушының тілдік
құзіреттіліктерін қалыптастыру;
+ қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, қарым-қатынас барысында, тыңдалым,
оқылым, айтылым, жазылым әрекеттерінде сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру;
+ қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктері мен лексикалық бірліктерінің бойындағы
мағыналы байлықты, сөздердің жазылу мен айтылу нормаларын олардың қолданысы арқылы танып білу;
+ тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды сыртқа шығару, таным құралы
болу қызметтерін тілдік материалдар, оқылым және тыңдалым материалдары арқылы функционалды-коммуникативтік бағдарда игеру және оған қажетті түрлі дағдыларды қалыптастыру;
+ оқушыларды грамматикалық заңдылықтарды дұрыс меңгеруі арқылы сөз тіркесін,
сөйлемдерді тұлғалық және мағыналық жағынан дұрыс байланыстырып жаза білуге дағдыландыру;
+ оқушылардың жазбаша тілін дамыту, сауатты жазбаша сөйлеуге үйрету үшін ана
тіліндегі мәтіндерді дұрыс, жүйелі жаза білу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;
+ оқушылардың жеке лексикалық бірліктерді,сөздерді дұрыс жаза білуге
машықтануына күнделікті әрі жіті назар салып отыруын қадағалау;
+ оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге
үйрету;
+ оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
+ күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;
+ оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен
таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;
+ оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;
+ өз бетінше ізденуге,тыңдаған ақпарат бойынша ой қорытып, мәдени, ресми
қатынасқа бейімдеу;
+ қазақ тілінің әдеби нормаларын жетік білуге, грамматикалық заңдылықтарын
игеруге, сөйлейтін сөздің стилін, міндеті мен мақсатын айқын білуге, қазақ тілінде саутты сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
+ қазақ тілінің әдеби нормаларын жетік білуге, грамматикалық заңдылықтарын
сөздік қордағы көнерген сөздер мен жаңа сөздер, кәсіби сөздер мен диалекті сөздер, термин сөздер және олардың қолданыстары туралы теориялық білімдерді игеру;
+ қазақ тіліндегі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік
дағдыларын жағдаятқа сай дұыс қолдана білуге үйрету;
+ тіл мен мәдениет арасындағы байланысты және тіл әлемді танудың құралы
екендігін қазақ тілінің сөздік қорын игеру арқылы түсінуге, әлемді қазақша таныту;
+ қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасауда,
өзара пікір алмасуда, көзқарастарын білдіруде, өз ойын жүйелі де нақты жеткізе алуына үйрету;
+ оқығанын, не естігенін ешбір қиындықсыз бәрін түсінуг, түрлі жазба
және ауызша мәліметтерден нақты деректерді іріктеп алуға, тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізуге, кез келген тақырып бойынша дайындықсыз және жылдам күрделі тұрақты сөз тіркестері арқылы өз ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыру;
+ күрделі және көлемді мәтіндерді түсінуге, ойлана отырып жылдам сөз тауып,
ешбір дайындықсыз өз ойын жеткізге, әлеуметтік, кәсіби және білімдік қызметінің шеңберінде тілді тиімді қолдана алуына, күрделі тақырыптар бойынша да өз ойын жүйелі жеткізе алуна жағдай жасау;
+ түрлі тақырыптар бойынша өз ойын нақты жеткізе алуына, кез келген
тақырыптар бойынша пікірталасқа қатысуға, мемлекеттік тілдегі газеттердегі ақпараттардан қысқаша түсінік беруге үйрету;
+ күнделікті кездесетін тақырыптарға байланысты жай сөйлемдер арқылы
қиын емес мәселелерді шеше алуға, өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы жеткізуге дағдыландыру;
+ алған әсерін, басынан өткен оқиғаларын, арман-тілегі туралы жай сөйлемдер
арқылы шағын мәтіндер құрастыруға бейімдеу;
+ өзін қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша түсінікті толық
мәлімдемелерді жаза алуға машықтандыру;
+ өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін
қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беру;
+ шығармашылық ұстанымы арқылы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда
жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік туғыздыру.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол -- жаңадан жаңаны табатын өнер- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден -- бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым -- баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі -- оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу. Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады:
* қазақ тілінің өзіне тән заңдылықтарын игереді және сол арқылы тілдік
құзіреттіліктерін қалыптастырады;
* қазақ тілін ана тілі ретінде таниды, қарым-қатынас барысында, тыңдалым,
оқылым, айтылым, жазылым әрекеттерінде сауаттылықпен қолдану дағдыларын танып біледі, қолдана алады;
* қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктері мен лексикалық бірліктерінің
сөздердің жазылу мен айтылу нормаларын, олардың қолданысы арқылы танып біледі;
* қазақ тілі адамдар арасындағы қарым-қатынас, таным мен ойлау құралы
ғана емес, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін жинақтап сақтаушы және оны кейінгі ұрпаққа жеткізуші құрал екендігін танып біледі;
* тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болуын, ойды сыртқа шығару жолдарын,
таным құралы болу қызметтерін, тілдік материалдарды, оқылым және тыңдалым материалдары арқылы функционалды-коммуникативтік бағдарда игеру және оған қажетті түрлі дағдыларды қалыптастырады;
* оқушыларды грамматикалық заңдылықтарды дұрыс меңгереді.Сөз тіркестерін,
сөйлемдердің тұлғалық және мағыналық жағынан дұрыс байланыстырып жаза білуге дағдыланады;
* оқушылар жазбаша тілін дамытып, сауатты жазбаша сөйлеуге үйреніп, ана
тіліндегі мәтіндерді дұрыс, жүйелі жаза білу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыра алады;
* оқушылар жеке лексикалық бірліктерді,сөздерді дұрыс жаза білуге
машықтанады;
* оқушылар сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана біледі;
* оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамытады;
* күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыланады;
* оқушы қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен
танысып, мәдени ортада пайдалана алады;
* оқушылар шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіре
алады;
* өз бетінше ізденеді, тыңдаған ақпарат бойынша ой қорыта алады, мәдени, ресми
қатынасқа бейімделе алады;
* қазақ тілінің әдеби нормаларын жетік білудің негізін құрайтын өзіне тән
грамматикалық заңдылықтарын игеру арқылы жазатын, сөйлейтін сөздің стилін, міндеті мен мақсатын айқын біліп, қазақ тілінде саутты сөйлеу дағдысын қалыптастырады;
* қазақ тілінің әдеби нормаларын жетік білудің негізін құрайтын өзіне тән
грамматикалық заңдылықтарын сөздік қордағы көнерген сөздер мен жаңа сөздер, кәсіби сөздер мен диалекті сөздер, термин сөздер және олардың қолданыстары туралы теориялық білімді игереді;
* қазақ тіліндегі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік
дағдыларын жағдаятқа сай дұыс қолдана білуді үйренеді;
* тіл мен мәдениет арасындағы байланысты және тіл әлемді танудың құралы
екендігін қазақ тілінің сөздік қорын игеру арқылы түсініп, әлемді қазақша танитын болады;
* қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды,
өзара пікір алмасады, көзқарастарын білдіреді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізе алатын болады;
* оқығанын, не естігенін ешбір қиындықсыз бәрін түсіне алады. Түрлі жазба
және ауызша мәліметтерден нақты деректерді іріктеп алып, тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізе алады. Кез келген тақырып бойынша дайындықсыз және жылдам күрделі тұрақты сөз тіркестері арқылы өз ойын жүйелі жеткізіп бере алатын болады;
* күрделі және көлемді мәтіндерді түсінеді. Ойлана отырып жылдам сөз тауып,
ешбір дайындықсыз өз ойын жеткізе алады. Әлеуметтік, кәсіби және білімдік қызметінің шеңберінде тілді тиімді қолдана алады. Күрделі тақырыптар бойынша да өз ойын жүйелі жеткізе алады;
* түрлі тақырыптар бойынша өз ойын нақты жеткізе алады. Кез келген
тақырыптар бойынша пікірталасқа қатыса алады. Мемлекеттік тілдегі газеттердегі ақпараттар жөнінде қысқаша түсінік бере алады;
* күнделікті кездесетін тақырыптарға байланысты жай сөйлемдер арқылы
қиын емес мәселелерді шеше алады. Өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы жеткізе алатын болады;
* алған әсерін, басынан өткен оқиғаларын, арман-тілегі туралы жай сөйлемдер
арқылы шағын мәтіндер құрастыра алады;
* өзін қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша түсінікті толық
мәлімдемелерді жаза алады;
* өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін
қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді;
* шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа
типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

5-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАҒА ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов: Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ- деп кез келген халықтың тағдыры, мәдениеті мен болашағы тіліне тікелей байланысты екендігі айта кетіп, Мемлекеттік тіл халықтың рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол - ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор екендігін дәлелдеген.
Пәннің ерекшелігі. Авторлық бағдарлама - қазақ тілі пәніне қосымша жазба жұмысы.
Мемлекеттік тіл мәселесі - қай уақытта болсын мемлекет тарапынан баса назар аударар басым бағыттардың бірі. Мемлекеттік тіл - халықты біріктіруші басты фактор екенін Елбасы әр жылғы Жолдауларында ұдайы тілге тиек етіп келеді. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек.Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет, - деп атап көрсеткен болатын. Бұл ретте мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Демек, Мәңгілік Ел мұратына айналған мемлекеттік тілді өз деңгейінде абыройын асыру, мәртебесін биіктету - бәріміздің басты парызымыз. Осылайша, ел халықтарының тұтастығын, өзіндік бітім-болмысын сақтауда мемлекеттік тілдің маңызы зор.
Білімділік мақсаты. Коммуникативтік тəсіл арқылы оқушының тіл туралы, ұлттық жəне жаһандық мəдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, қазақ тілін табысты үйретуге бағытталған.
* әдеби тіл нормаларын дұрыс қолдануға арналған жұмыс;
* орфоэпия және орфографиямен жұмыс;
* синтаксистік нормалармен жұмыс;
* əдеби тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық, пунктуациялық
нормаларымен жұмыс;
* лексикалық бірліктерді дұрыс айту жəне дұрыс жазумен жұмыс;
* өз пікірін еркін, ашық білдіруге арналған тапсырмалармен жұмыс;
* нақты жағдайларға сəйкес қарым-қатынас дағдыларын қолдануға арналған жұмыс;
* әртүрлі жазба жұмыстармен жұмыс;
Бағдарламаның өзектілігі. Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясындағы Мәңгілік елдің мәңгілік тіл идеясын жүзеге асыру;
теориялық мәселелерді практикалық дағдының базасы болатынын
пайымдауға үйрететін білімдік қызметі арқылы ұғындыру;
жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы
меңгеруге болатынын, өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін практикалық жұмыстармен ұштастыру;
алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге
бағыттайтын коммуникативтік қызметін пайдалануға дағдыландыру.
Негізігі идеясы. Қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану. Тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу. Аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру. Мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Концепциясы. Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілін ұлықтау, құрметтеу, жетілдіру.
Оқытудың логикалық негізі. Мектеп бағдарламасындағы Қазақ тілі пәніне қосымша құрал.
Пәнаралық байланыс. Қазақ әдебиеті. Тарих. Жаратылыстану. Өзін-өзі тану.
Білімалушы теориялық біліммен қатар практика жүзінде алған білімдерін қорыта алуға үйренеді. Берілетін тапсырмалар деңгейлеріне қарай сараланып, шығармашылыққа өзі бетінше машықтануға бағытталған.

КҮНТІЗБЕЛІК - ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

РС
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
САҒАТ САНЫ
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

1
Кіріспе.

Тыңдалым дегеніміз не?
1
Тілдік төрт дағды.

Тыңдалым дағдысы.
Тыңдалым рецептивті дағды.
Тыңдалым түрлері.Әңгімелесу(диалог), әңгімелер(оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама.
Тыңдалым дағдылардың ішкі дағды түрлері. Мазмұнын түсіну үшін тыңдау, нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау, детальді түрде тыңдау, сөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау, интенсивті тыңдалым, экстенсивті тыңдалым
2
Айтылым дегеніміз не?
1
Айтылым дағдысы. Айтылым продуктивті дағды.Сөйлесу барысында әрекеттер.
Айтылымның ішкі дағдылары.
Грамматика. Сөздер және қарым-қатынасқа түсу функциялары.Сөйлеу барысында қажетті стиль.Дыбыс үндестігі.
Вербальді емес тіл(ым-ишара, мимика).Өзін-өзі түзете отырып сөйлеу.
3
Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну.
1
Сөйлеуші. Тіл мен қимыл.
Өз көзқарасы. Пікірін білдіру.
Айтылған пікірлерге қарсы пікір .
4
Мәтіндегі негізі ойды анықтау.
1
Қарапайым мәтіннің мазмұны.Мәтін бөлімдер. Негізгі ой.
5
Тыңдалған материалды мазмұндау.
1
Әңгімелеу және сипаттау мәтіні.
Түрлі тәсілдер. Әсерлі мазмұндау.
6
Оқиғаны болжау. Астарлы мағына.
1
Мақал-мәтелдерден, өлеңдер құрамынан астарлы мағыналы сөздер.
7
Әлеуметтік және іскерлік ортада тілдік нормалар.
1
Тақырыпқа байланысты пікірталас. Тілдік нормалар. Сөздік қор.
8
Тыңдаушыны қызықтыру үшін әдеби көркемдегіш құралдарды мақсатқа сай қолдану.
1
Әдеби көркемдегіш құралдар.Нақты аргументтер. Тезистер.
9
Тыңдалған мәтінді бағалау.
1
Сөйлеушінің ойы. Түсіндіру,жеткізу,сендіру.
Қайталау, көтеріңкі дауыс, ырғақ, екпін, кідіріс, эмоция .
10
Мультимедиалық құралдар арқылы тыңдау және өз пікірін білдіру.
1
Мультимедиалық құрал. Рөлдерді орындау. Дауыс ырғағы.
11
Оқылым дегеніміз не?
1
Оқылым дағдысы. Рецептивті (қабылдаушы) дағды. Оқылымның ішкі дағды түрлері. Мазмұнын түсіну үшін оқу. Көз жүгіртіп оқу, нақты ақпараттарды табу, детальді түрде оқу, сөз мағынасы. Мәтін құрылымы. Экстенсивті оқылым. Интенсивті оқылым.
12
Ақпаратты түсіну.
1
Автордың ойы. Кейіпкерлер әрекеті. Қорытынды тұжырым.
13
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап ойды, оқу .
1
Көркемдік мәтін. Деректі мәтін.
Ғылыми мәтіндер құрылымы.
Негізгі мақсаттар.
14
Оқылған мәтіндегі сөздердің лексикалық және синтаксистік мағыналарын түсіну.
1
Мәтіндегі образ. Сипаттау ой.
Көркем-бейнелі сөздер. Лексикалық мағына. Синтаксистік мағына.
15
Сұрақтар қоя білу және бағалау.
1
Мәтін құндылығы. Мәтін пайдалылығы. Мәтін сапасы. Бағалау. Анализ. Шешім.
16
Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану.
1
Әңгімелеу,сипаттау, пайымдау мәтіндері.
Түрлі материалдар.
Тарихи, ақпараттық мәтіндер, өлеңдер, үндеухаттар, журнал, газеттер.
17
Оқу түрлері.
1
Оқу түрлері. Қатесіз оқу, түсініп оқу, шапшаң оқу, мәнерлеп оқу, теріп оқу, дауыстапіштей оқу. Ауқымды әдеби көркем шығармалар.Қысқаша хабарлама Мазмұндау.
18
Әр түрлі дереккөздерден қосымша ақпараттар алу.
1
Белгілі бір тақырып. Қажетті ақпарат.
Әр түрлі дерекөздер. (интернет, газет-журналдар, телебағдарламалар, анықтамалықтар, т.б). Жүйелеу.
19
Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.
1
Әңгімелеу мәтіні. Ақпараттық мәтіндер. Салыстыру. Мәтін құрылымы. Оқиға әсері. Сюжет.Автор көзқарасы.
20
Жазылым дегеніміз не?
1
Жазылым дағдысы. Продуктивті дағды.
Жазылым түрлері. Жазу стилі.
Жазылымның ішкі дағдылары.
Сауаттылық дағдысы. Идея.
21
Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу.
1
Басынан кешкен оқиғалары.Деректі мәтіндер.Өлеңдер.
Оқырман. Көркем тіл.
22
Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу.
1
Мәтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың коммуникативтік дағдысын айтылым әрекеті ар0ылы қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын Сатылай кешенді оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру
Кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдылары
Ұлттық фразеологиялық қор
Қазақ тілі пәнін оқытуда кіріктірілген сабақтардың рөлі
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Семинар - лекцияның тікелей жалғасы ретінде. Семинар сабақтың өзіндік ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде интерактивті әдістерді қолдану әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, әдістемесін жасау
Педагогикалық тілдесу (коммуникация), адамшылықты ескеру (гуманизация) тілдесу стильдері, диалог және монолог, мазмұны мен құрылымы
Пәндер