Медиабілім беру білім беру саласының арнайы бағыты ретінде


2. Медиапедагогиканың рөлі мен түрлері, қызметі.
3. Медиапедагогика педагогиканың арнайы саласы.
4. Медиапедагогиканың пәні.
«Медиа» термині біздің елімізде қолданыста жиі аталмағанымен, өміріміздің ең маңызды бөлігіне айналып кетті. Ол қазіргі «жаһандық ақпарат ғасырында» қоғамымыздың дамуына, тұлғаның қалыптасуына зор әсер етуші қару болып отыр. Медиа-білім беру - педагогикадағы білім алушылардың бұқаралық байланыс заңдылықтарын оқуын жақтайтын бағыт. Негізгі міндеті - жас ұрпақты казіргі ақпараттық заман талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен талдауға дайындау, адамды оны түсінуге, оның психикаға әсерін білуге үйрету, байланыстың вербальдік емес формалары негізінде, техника құралдар мен қазіргі акпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау тәсілдеріне үйрету. Медиабілім ХХ ғасырдың 60-жылдарында Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Канада және әлемнің тағы басқа да алдыңғы қатарлы елдерінде пайда болды. Басты мақсаты - жас ұрпақты медиамәдениет әлеміне бейімделуге, БАҚ тілін игеруге, медиамәтіндерді талдай білуге көмек көрсету болып табылады. Медиабілім - бұқаралық коммуникация заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың соны бір саласы.
Медиабілімнің негізгі бағыттарына:
а) қазіргі ақпарат ағыны көп заманда жаңа ұрпақты өмірге дайындау;
ә) әр түрлі ақпаратты қабылдау, өңдеу, оны адамның түсіне білу;
б) техника құралдарының көмегімен қарым-қатынас жасау қабілетін игеруге үйрету сияқты мәселелер жатады.
Еуропа Одағының құжаттарында «медиабілім» (media education) алынған ақпарат негізінде өздерінің ой-пікірлерін айтуға қабілетті, ақпарат құралдарына сыни және өзіндік көзқарасы бар отандық азаматтарды тәрбиелеу мақсатында медиақұзыреттілікті дамытуға бағытталған оқу ретінде айқындалады. Ол арқылы қажетті ақпаратты пайдалануға, оны талдауға, сондай-ақ ақпаратқа қатысты экономикалық, саяси, әлеуметтік немесе мәдени мүдделерді үйлестіруге мүмкіндік береді. Медиабілім адамдарды хабарламаларды жасауға, коммуникацияға мейлінше тиімді ақпарат құралын таңдауға оқытады. Медиабілім адамдарға өздерінің ойларын және ақпаратты еркін білдіру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1. Медианы тұтынудың жоғары деңгейі және қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының шектен тыс көптігі;
2. Медианың идеологиялық маңыздылығы, оның көпшіліктің санасына ықпалы;
3. Медиаақпарат санының жылдам өсуі, оны басқару және тарату тетіктерінің күшеюі;
4. Негізгі демократиялық процестерге медианың ену интенсивтілігі;
5. Болашақ талаптарға сәйкес бағдарланған оқушыларды, студенттерді оқытудың қажеттілігі.
6. Ақпаратты жекешелендіруде ұлттық және халықаралық процестердің ұлғаюы. «Медиабілім беру» түсінігі 1973 жылы ЮНЕСКО мен Кино және телеарнаның халықаралық кеңесінің ақпарат секторының бірлескен кеңесінде тұжырымдалғанына қарамастан, ғалымдар әлі де болса осы күрделі пәнаралық құбылыстың анықтамасын зерделеуде. ЮНЕСКО-ның бастамаларына сәйкес, медиабілім беру астарында педагогикалық теория мен практикада ерекшелік және автономдық білім беру салаларының бір бөлігі ретінде қаралатын қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат коммуникацияларын меңгеруде теория мен практика дағдыларына оқыту деп түсіну керек. Медиа білім беру саласында қарқынды түрде дамып келе жатыр. Қазіргі заманғы мектептерде білім берудің жаңа технологияларына қызығушылық артып отыр. Ол оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің мотивациясының артуына ықпал етері сөзсіз: - мектепте медиабілім берудің белгілі салаларын тереңдетіп оқыту үшін факультативтер ұйымдастыру; - оқыту мақсатында түрлі медиа-ресустарды пайдалану, жаңа ақпараттық мәдениетті құру және дамыту; - информатика кабинеттерін компьютерлендіру, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернетке қосу үрдістері жүзеге асырылуы тиіс; - мектеп баспасын - видео, веб-парақ, мектеп сайтын құру; - мектептен тыс уақыттарда жаңа педагогикалық технологияларды- қашықтан оқытуды, тестілеуді пайдалану, курстар өткізу. Медиатека дегеніміз - мектептегі білім беру үрдісіне қатысушылардың түрлі ақпарат иелерінің ақпараттық ресурстарына қолжетімді болу үшін құрылған ақпарат орталығы. Медиатеканың құрамдас бөліктері төмендегілер: - кітапхана-мәтіндер сақтау орны; - фонотека-механикалық, сөйлеу, магнитофондық және электрондық- оптикалық дыбыс жазбалары; - фильмотека-бейнетаспалар; - ойын (игротека) -ойын залдары, ойындар, автоматтар. 1990 жылдардың басында мектептерге медиатека қажет болды, сол жылдардың соңында мектептерде медиаорталықтар құрылды, ал ХХІ ғасырдың басында мектептердің өзінің арнайы құрылымдық бөлімшелері- ақпараттық және мультимедиалық технологиялар қызметін қалыптастыру қажеттілігі туындады, яғни кітапхананы, медиатеканы, радио тораптарды, т. б. дамыту мектептерде бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін құруды қажет етті. Мектептің ақпараттық кеңістігінің негізі - жұмыс орындарының компьютерлендіріліуі, бірыңғай интернет желісіне бірігуі. Бірақ, әзірше мектептерде интернет желісіне қол жеткізу күрделі мәселе. Бірінші мақсат- мектепте медиатека құру. Медиатеканы құрудың мақсат - білім беру үрдісінде қатысушылардың ақпаратық қажеттіліктерін қанағаттандыру. Медиатеканы ұйымдастырудың қағидалары - қолайлы ақпараттық орта қалыптастыру. Ақпараттық технологияны оқыту технологияларының бір түрлі ретінде оқу үрдісінде оңтайлы пайдалану тиімді және ол бүгінгі күннің қажеттілігі. Дегенмен, ақпараттық технологияны басқа технологиялармен бірге кешенді түрде пайдаланғанда ғана қоғам талабына сай жеке тұлға қалыптастыруға болатындығын естен шығармау қажет.
Заманауи қалаларда адамның бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы күніне 11 сағаттан асады, теледидар үйлерде күн сайын орташа алғанда 7 сағат 38 минут қосылып тұрады, ал екі жастан он екі жасқа дейінгі балалар орташа алғанда аптасына 25 сағат теледидар көреді екен. Отбасы қауымдастығы Ұлттық одағының деректеріне сәйкес (UNAF - Union National des Associations Familiales), кәмелетке толмаған аудитория жыл сайын орташа алғанда тиімді уақытының 154 сағатын ата-аналарымен бірге және 850 сағатын мұғалімдерімен бірге өткізсе, сонымен қатар балалар әр түрлі электрондық ақпарат құралдарымен байланысқа 1400 сағатын жұмсайтын көрінеді. Осылайша бұқаралық ақпарат құралдары жыл өткен сайын адамдардың өмірінде және білім беру үрдісінде үлкен роль атқарып келеді. Осыдан келіп бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының негізі болып табылатын медиабілімнің жүйелі дамуының маңыздылығы туындайды. Ресей педагогикалық энциклопедиясында оқушылар мен студенттердің «бұқаралық коммуникацияның заңдылықтарын» (баспасөз, телевидение, радио, кино, видео және т. б. ) үйренуге бағытталған медиабілімді педагогиканың бір бағыты ретінде көрсетеді. Қазіргі әлемдегі медиабілімнің маңыздылығы мен басымдығын айқындайтын жеті себебін негіздеп берді:
1. Медианы тұтынудың жоғары деңгейі және қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының шектен тыс көптігі.
2. Медианың идеологиялық маңыздылығы, өнеркәсіптің саласы ретінде олардың аудиторияның санасына ықпалы.
3. Медиаақпарат санының жылдам өсуі, оны басқару және тарату тетіктерінің күшеюі.
4. Негізгі демократиялық процестерге медианың ену интенсивтілігі.
5. Барлық салада визуалды коммуникация мен ақпарат маңыздылығының артуы.
6. Болашақ талаптарға сәйкес бағдарланған оқушыларды, студенттерді оқытудың қажеттілігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz