Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идеяның окушы жастарға ұлттық тәрбие берудегі тағылымы


Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идеяның окушы жастарға ұлттық тәрбие берудегі тағылымы
Аңдатпа
Бұл мақалада қазақтын ұлы ағартушысы, әрі тұңғыш мектеп ашушысы Ыбырай Алтынсарин жайлы және оның барлық педагогикалық еңбектері теориясында қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жинаған бай тәжірбиесін жеткіншектер дүниетанымын қалыптастырып, жетілдіруде қосқан орасан еңбегі жайлы баяндалады. Ыбырай Алтынсарин өзі жас кезінен халық педагогикасынан алған тәлім-тәрбие, үлгі-өнегесін ағартушылық жұмысы арқылы қазақ балаларының бойына сіңіре білді. Қазіргідей ұлттық рухани болмысымыз қайта түлеу заманымызда жазушының қалдырған этнографиялық еңбектері жас жеткіншектердің өз ұлтының ерекшелігін, оның тәлім-тәрбиесін терең біліп ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда маңызы зор деп есептеймін.
Түйінді сөздер: Ыбырай Алтынсарин, ұлттық тәрбие, халықтық тәрбие, білім.
Аннотация
В этой статье изложено о великом просветителе и первооткрывателе казахской школы Ыбырай Алтынсарине и о его огромном заслуге в формировании и совершенствовании мировоззрения подрастающего поколения, о богатом опыте, накопленном казахским народом на протяжении веков в области воспитания. Ыбырай Алтынсарин с юных лет сумел привить казахским детям образцово-воспитательную, образцово-просветительскую работу, полученную от народной педагогики. Я считаю, что этнографические труды, оставленные писателем в эпоху возрождения нашей национальной духовной сущности, имеют большое значение для формирования у молодых людей национального мировоззрения с глубоким знанием специфики своей нации и ее воспитания.
Ключевые слова: Ыбырай Алтынсарин, национальное воспитание, народное воспитание, знание.
Annotation
This article describes the great educator and discoverer of the Kazakh school Ybyray Altynsarin and his great contribution to the formation and improvement of the worldview of the younger generation, the rich experience accumulated by the Kazakh people over the centuries in the field of education. Ybyray Altynsarin from a young age managed to instill in Kazakh children exemplary educational, exemplary educational work received from folk pedagogy. I believe that the ethnographic works left by the writer in the era of the revival of our national spiritual essence are of great importance for the formation of a national worldview among young people with a deep knowledge of the specifics of their nation and its upbringing.
Key words: Ybyray Altynsarin, national education, national education, knowledge.
Қазіргі кезеңде Қазақөтан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді дамудың жолдарымен жүріп келеді. Мұны еліміз ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Өйткені халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезегін жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтық өз туған халқының рухани құндылықтарынан, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарынан ажырап қалуына әкеп соқтырды. Міне, сондықтан да жас өспірімдердің халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы - біздің бүгінгі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады.
Елбасымыз ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады. Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», - екенін атап көрсетті [1] .
Ocы қaғидaлapды бacшылыққa aлa oтыpып, бoлaшaқ ұpпaққa ұлттық тәpбиe бepyдi Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идея тағылымдарын
нeгiзгe aлcaқ бoлaды.
«Ұлттық тәрбие дегеніміз - қоршаған ортаның талап-тілегіне сай дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, отаншыл, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбеқкор, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан қоғамның белсенді мүшелерін, яғни өзі өмір сүріп жатқан ортаның моральдық нормаларына, заң және құқықтық талап-тілектеріне мойын ұсынатын, сонымен қатар халықтық ой-арманы, салт-санасы, жөн-жосық, жол-жоралғы, әдет- ғұрыптарының қажеттісін бойына сіңірген жаңа тұрпаттағы жеке тұлға тәрбиелеу».
Ұлттық тәрбиенің осы компоненттерінің мән-мазмұнын байытып, ауқымын кеңейтетін халықтық тэлім-тәрбие, яғни оның маңызды бөлінбес бөлігі - халқымыздың ойшылдарының ой-пікірлері. Осы тұрғыдан алғанда, казақ ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идеяның ұлттық тәрбие берудегі тағылымы ерекше [2] .
Халқымыздың бүкіл рухани әлемінен, тәрбиелік ой-пікірлері тарихының аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, демократ, ғалым Ы. Алтынсарин есімінің алар орны ерекше. Ы. Алтынсарин - өз дәуірінің әдеби - мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы педагог, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай, әдебиетіміздің «алыптар тобының» өкілі. Ы. Алтынсарин-өзінің бұкіл жарқын талантын, күш жігерін, халқына еліне, әсіресе, жас ұрпақтың тәрбиесіне жұмсаған қаламгер. Оның әдеби шығармалары қазақ әдиебетінің қалыптасып дамуына, ал-оқу саласындағы көзқарастары- республикамыздағы педагогикалық-психалогиялық ой-пікірдің өсіп-жетілуіне, оқулықтарымен оқу құралдары-төлтума мектеп оқулықтарын жасау өндірісіне орасан зор ықпал етті. Қазіргі таңда білім саласының қызметкерлері, ұстаздар, тәрбиешілер оқу- тәрбие ісіне ұлттық сипат беруге, оны бүгінгі күн талабына орай барынша мазмұнды жүргізуге күш салуда. Білім беру туралы Заңда: «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрету үшін жағдайлар жасау - негізгі міндеттердің бірі» делінген. Көне тарихымызға көз жүгіртер болсақ, ұрпақ тәрбиесіне ежелден таңғажайып ғибратнамаға толы ауыз әдебиетінің, бесік жырларының, қисса-дастандардың, шешендік сөздердің, ұлттық рәсімдердің ықпалы аз болмаған. Осылайша бала кішкентай кезінен бастап ғылымның әр саласынан мол мағлұмат алып, ибалы, инабатты, елгезек, ұлтжанды болып өскен. Тоқырау кезеңінің сыныбынан сүрінбей өткен халықтық тәрбие, қазір жаңарып, жаңғырып, бізге толыққанды боп жеткен баға жетпес бай қазына. Онда халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті көрініс тапқан.
«Қазақ деген - жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету - біздің әрқайсымыздың борышымыз» деген Ыбырай Алтынсарин.
Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының қоғамдық ой пікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихында жаңашыл-педагог, жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын прозашы, қазақ тарихының жанашыры ретінде кеңінен мәлім.
Алтынсарин облыстық мектептер инспекторы болып қызмет істегенде, ағартушылық жұмысын тыңнан ұйымдастыруына тура келді. Ағартушылық жұмысын іске асыруда талай қыйыншылықтарға кездесті. Ол жылдан аса уақыттың ішінде Қараторғай болысында (Торғай уезі), Карабұтақ болысында (Ырғыз уезі), Обаған және Жетіқара болыстарында (Қостанай уезі), Берте болысында небәрі бес болыстық мектептер ашып үлгерді. Осы кезде ол Қостанай және Ақтебе қалаларында орыс балаларына арнап екі мектеп ашты. Бұл мектептер ашылғанда Ыбырай Алтынсарин ішінде езі болып, бірінші үлгілі сабақты оқушыларға езі береді.
Ыбырай Алтынсарин уездік қалаларда 4 орталық орыс-қазақ училищелерін, бір қоленері училищесін, 5 болыстық мектептерді, орыс балаларына арнап 2 мектеп ашып, оларды тегіс жабдықтады. Ол ағартушылық қызметінде балаларды оқыту және тәрбиелеу, мұғалімдердің беделін кетеру, релін арттыру мәселелері үлкен орын алады. Ол мұғалімдер оқушыларын ез балаларындай керулері керек, сонда ғана оқу жұмысы ойдағыдай ілгері басады деген болатын.
Халық ағарту жұмысын ілгері дамытудағы мұғалімдердің релін Ыбырай Алтынсарин былайша бағалады: «Халық ағарту жұмысы бұл арада тек жаңа ғана басталып келеді, сондықтан, жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізде де, қазақ мектептерінің бар келешегі, кебінесе, істің казіргі басталуына байланысты; сондықтан да мен кәзір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат керемін . . . Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы [1, 28 б. ], - деп жазды. Ыбырай Алтынсарин, - тамаша жақсы педагогика кұралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқыят түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» [1, 28 б. ] деген.
Ұлы ағартушы орыс-қазақ мектептеріне тек орыс тілін ғана оқыйтын, оқу, жазуды ғана үйрететін мектептер деп қарауға болмайтынын ескертіп, ол мектептерден оқушыларды, тазалыққа дағдыланатын, әрнәрсеге де дұрыс ақыл-оймен қарай білетін етіп шығару керектігін айтқан болатын. Бұл-бір.
Екіншіден, казақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы, құрғақ, жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп қарады [1, 28 б. ] .
Үшіншіден, Ыбырай Алтынсариннің бала тәрбиесіне қатысты ұлы ағартушылық идеясы оның көркем шығармаларында да, ғылми мақалаларында көрініс тапты. Ол өзінің әңгімелері арқылы қазақ балаларының заманына лайықты озық азаматтық көзқарасын қалыптастыруды көздеді. Оның бұл педагогикалық қағидалары күні бүгінге дейін бала тәрбиесіндегі маңызын жойған жоқ.
Ыбырай Алтынсарин әрі ақын, әрі қара сөздің ұстасы, қазақтың әдеби тілінің негізін салған артына ғылыми мұра қалдырған тұлғалардың бірі. Алтынсариннің көркем әдеби шығармалары оның «Қазақ хрестоматиясында» Орынбор 1878 жылы 1 кітабында басылып шықты. Бұл кітап тек оқу құралы ғана емес, сол кездегі бала тәрбиесіне арналған көркем шығарма, озат ой-пікір ұлт қазынасы болды.
Алтынсарин көркем шығармаларын жұртшылыққа түсінікті тілде жазды. Оның шығармаларында халықтың көркем сөздіктері қорытылып, біркелкі қалыпқа түсірілді.
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап, сөзі жатық, мағнасы қызғылықты ұсақ әңгімелер жазды. Автордың бұл әңгімелерінің балалар үшін, тәрбиелік рөлі ерекше болғандығы күмән туғызбайды.
Қазақ балаларын оқып білім алуға шақырған үндеуін «Кел, балалар, оқылық», «Өнер білім бар жұрттар» деген өлеңдері арқылы жеткізді. Ыбырай Алтынсарин өзінің белгілі шығармасы «Қазақ хрестоматиясында» (Орынбор, 1879 жыл) «Сөзбасы» деген атпен бастырды. Демек, бұл өлеңінде қазақ жастарын автор оқып білім алуға үгіттеді, өткір тілмен, майда сөзбен үндеу ретінде жазды. «Балғожа бидің баласына жазған хаты» сол «Қазақ хрестоматиясының» ішінде «Оқудағы балалардың үйіне жазған хаты» бөлімінде басылған өлеңінде балаларға оқудың маңызын ұғындырды.
«Шеше мен бала» деген Ы. Алтынсариннің өлеңнің бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық, психологиялық маңызы өте зор. Бұл өлеңдері жасөспірім балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, өнегелі болуға тәрбиелейді. Орыс классиктерінің де (М. Ю. Лермонтов, Некрасов т. б) шығармаларында да осы сарында жазылған өлеңдер жиі кездесетіндігі жұртшылыққа мәлім. Мәселен, «Бәріміз бір адамның баласымыз», «Аразбол, кедей болсаң ұрлықпенен», «Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға», «Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған», «Ағайын жат болады алыс болса», «Асылы залымдардың лайланды», «Әй достарым!», «Әй, жігіттер!», «Азған елдің хандары», «Азған елдің қожасы», «Азған елдің молдасы», «Азған елдің билері», «Азған елдің байлары», «Береке кеткен елдерде», «Азған елдің адамына» деген өлеңдері жастарға айтқан өсиеті. Бұл өлеңін Ы. Алтынсарин «Бәріміз бір адамның баласымыз» деп бастағанда, ол қазақ жастарының ынтымақшыл бірлікте болуға шақырғандығын көреміз. Осы өлеңдерінде автор халық әдебиеті мұрасының негізінде ұлттық тәрбие діңгегі ата-бабалардың рухани мұраларының сабақтастығын сақтаудағы тәрбиенің бір жолы қазақтың халық әдебиеті арқылы дамытуды көздегендігі сезіледі.
Жалпы Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері 1876-1879-жылдар арасында жазылып, бірінші рет «Қазақ хрестоматиясында» басылып шыққан болатын-ды. Бұл әңгімелердің кейбіреулері орыс жазушылары мен орыс педагогтерінің шығармалары үлгісінде жазылған. Мысалы, «Бір уыс мақта», «Аурудан аянған күштірек», «Алтын шеттеулік», «Тышқанның өсиеті», «Шеше мен бала», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Қарға мен құрт», «Түлкі мен ешкі» тағы басқалары сол кездегі орыс педагогтерінің (Ушинский, Толстой, Паульсон, Крылов) шығармалары үлгісінде жазылған. Ал, олардың ішінде бірнешеулерінің мағынасы негізінде орыс педагогтерінің шығармаларына ұқсас келеді [3] . Осы әңгімелер бір стильде дидактикалық мақсатта жазылған. Бұл жөнінде «Қазақ хрестоматисына» жазған алғы сөзінде және әркімдерге жазылған хаттарында автордың өзі де ескертеді. Сөз құрылысы жатық, көпшілікке түсінікті, қазақтың сұлу жалпақ тілімен көңілге қонатындай етіп, оқушы балаларға тәлім-тәрбие беруге арналған.
Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Аурудан аянған күштірек», «Мейірімді бала», «Палкан деген ит», «Қанағат», «Өтіріктің залалы», «Тәкаппаршылық» т. б. бұл әңгімелері жастарды әдептілікке, сабырлылыққа, салмақтылыққа және әділ, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелейді. Оның басқа әңгімелерінің де түйіні жастарға өнегелі тәрбие беру екендігін көреміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz