Мемлекеттік шекарадағы контрабанданың алдын алу шаралары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
2-курс курсанты 215-ОЗ
Бейсембаев Н.Б.

Мемлекеттік шекарадағы контрабанданың алдын алу шаралары

Контрабанда қылмысы пайдақорлық қылмыстық құқықбұзушылықтар қатарына жатады. Пайдақорлық қылмыстық құқықбұзушылықтар - ол құқыққа
есірткі заттардың контрабандасы үлкен масштабқа жетті, қарсы қайтарымсыз пайда табу мақсатымен жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы.
Құқықбұзушылық еліміздің құқықтық тәртіп пен қоғамның әлеуметтік-психолигиялық атмосферасына әсер етеді, сонымен бірге ол ұлтымыздың әлеуметтік - адамгершілік, халықтың генетикалық болашағына өз зиянын тигізеді [1].
Есірткіні тарату, ең біріншіден, мемлекеттік және оның халқына зиянды салдарымен қауіп келтіреді. Наркобизнеске магниттік материалдарды қызуғышықпен тартылу себебінен басқа ішімдік факторлық себептермен жатады. Сонымен бірге бұл заттарды тек тұтынушы пайдаланушылардың санының өсуі ғана емес, дайындаушы мен есірткіні жөнелтушілердің санының өсуі де үлкен қауіп төндіріп тұр.
Уәкілетті органдар соңғы жылдарда есірткілі заттардың айналымы Қазақстанда бірнеше есе өскенін анықтағандықтан, бұл мәселемен күрес жүргізуге үлкен көңіл бөлу қажеттілігі туындап отыр. Бұл қылмыстық құқықбұзушылықтың объектісі- айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген айналысы заттардың контрабандасына қатысты қоғамдық қауіпсіздік. Бұл қауіпті ескере отырып, бұл заттардың тізімін мемлекет нақты анықтап, баĸылауда жататын есірткі заттар, прекурсорлармен психотроптыĸ заттар тізімін бекітті. Ал, қалған субьективті және обьективті белгілері экономикалық контрабандамен бірдей. Бірақ, бұл қылмыстардың құрамдарының обьектісі мен затынан басқа да айырмашылықтар бар.
Қазіргі кезде осындай жағдайда ерекше теориялыĸ және тәжірибелік кызығушылықты контрабандамен күреске бағытталған шаралар туғызады, себебі олар кұқықтык мемлекетті құру, қоғам мен тұлғаның мүдделерін қорғау аспектілерімен экономикалыĸ және әлеуметтік тұрғыда байланысты. Контрабандамен байланысты қылмыстардың қауіптілігі соңғы жылдары өсті, себебі ол ұйымдастырушылық және масштабтық сипатқа ие болып, қоғам мүдделеріне едәуір зиян келтіруде.
Әсіресе, мемлекеттің экономикалыĸ мүддесіне зиян келтіретін қауіпті қылмыстық құқық бұзушылықтың бірі - экономикалық контрабанда. Оның салдары да бізге анық: бюджетке баж салығы, салықтар мен жиналымдар түспейді; контрабанда қамқырумен байланысты болғандықтан, өте үлкен көлемді тауарларды, шикізатты ұрлау, салық төлеуден жалтару, қызмет бабындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау арқылы нұқсан келтіреді.
Ал, осы салдарға әкеп соғатын себептерді тауып, сол себептерді жою немесе азайту үшін әдістер табу керек. Әлеуметтік - экономикалық реформаларды жүргізген кезде қоғам қылмыстылықты кез келген қоғам мен бүкіл адамзаттың мәңгі серігі ретінде қабылдап білу керек. Мемлекет пен қоғамның дамуына байланысты қылмыстылықтың әр түрлі нысандары дамиды және өседі, сонымен бірге қылмыстылық, ол -әлеуметтік патология [2].
Контрабандамен айналысатын қылмыстық коғамдастықтардың сипаттаушы ерекшеліктері оларда контрабандалыĸ каналының болуы. Ал, контрабандалық канал ұғымы күрделі мағына, ол-мемлекеттік және кеден шекарасынан кеден бажын төлемей жүктерді өткізуге мүмкіндік тудырушы байланыстар мен шаралар жүйесі. Бір сөзбен айтқанда, осындай канал бар жерде, ұйымдасқан қылмыстылық бар.
Контрабандамен байланысты қылмыстардың алдын алуды жетілдіру үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері контрабандистермен пайдаланатын әдістерді білу керек . Сондықтан кеден органдарымен және өзге де құқық қорғау органдарымен және өзге де құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығы контрабандамен күресуде сапалы нәтижеге жетудің бір белгісі. Елімізде ол- ең алдымен, жеке салық түрлері мен баждардың есебінің жоғарлығы. Жоғары салықтар ұсақ және орташа бизнесті көлеңкелі экономикаға апарады, ал кеден ставкаларының жоғары болуы шынайы импортерлерді контрабандистер болуға итермелейді. Себептері: кеден және салық бақылауының төмен деңгейлігі; құқық қорғау және бақылаушы органдардың жемқорлығы; салық және кеден ставкаларының деңгейлері сәйкес келмеуі, сонымен бірге Қазақстан мен көршілес ашық шекаралармен мемлекеттердің экономикалық жағдайларының келіспеуі. Бұл сұрақ көршілес мемлекеттердің жоғары басшыларының құзыретінде. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі біріншіден, Ресеймен кеден баждарының ставкалары мен салықтарды есептеу тәртібін унификациялауға байланысты шаралар пайдаланып жатыр. Бірақ әртүрлі обьективті себептермен екі мемлекеттер арасындағы келісім кезекті түрде бұзылып жатыр. Бұл аядағы бәріне мәлім мысал,ол екі реттік салық салынуға бас тартпау үшін, ал Қазақстан онымен келісіп,сол тәртіпке көшуге мәжбүр болады.
Тағы бір себеп - азаматтардың ауқаттылығының төмен деңгейлігі. Себебі аш адам бір тілім нан үшін өз патриоттық сезімдерінен бас тартуы да мүмкін. Қазіргі кезде посткеңестік мемлекетте нақ осы жағдайы болып жатыр, онда көптеген аз қамтамасыздандырылған адамдар контрабандалық және аз бизнеске қатысуға мәжбүр болып отыр. Бұл жағдайда ұтатын-көлеңкелі контрабандалық патшалар. Әрине контрабандалық шарттарды жасаушы қарапайымдардан жауакершілікті алмау керек, бірақ ұйымдастырушыларға жауапкершіліктің көп үлесі тиесілі болу керек.
Келесі бір фактор, ол халықтың құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі болмыс сананы анықтайды,сондықтан өз қажеттіліктерін қанағаттандырумен қолы бос емес адамнан жоғары мінез-құлық пен құқықтық мәдениетті күту қиын.
Сонымен бірге кеден органдарының бақылауға өкілі бар органдардың қызметкерлері кеден органдарының қызметін реттейтін нормативті және өзге де құжаттарды білу керек. Контрабанданы табу үшін сәйкес қызметтің жұмыскерлері контрабандалық тауарды анықтаудың минималды тактикалық әдістерін иеленуі керек, мысалы жолдама құжаттарды толтыру тәртібін және бірінші қатарда кеден декларациясын толтыруды білу қажет. Осы категориядағы бұзушылықтарды табу үшін органдардың қызметкерлері кедендік бекеттерде минимум таразы болу керек,ол арқылы өткізіліп жатқан жүктің жолдама құжаттардағы салмақтың фактілі салмақпен сәйкестігін анықтауға болады. Қазіргі кезде контрабандистер көптеген контрабанда тауарларын транзит ретінде рәсімдейді, бұл контрабанданы табуға қиындық келтіреді, себебі транзиттік жүк ашылмайды. Сондықтан шекарашы өз тәжірибесін пайдаланып, тауардың салмағы мен жолдама құжаттарды салыстырып, екеуінің сәйкесіздігін байқауы керек.
Мысалы: Қытайдан контрабандалық жолмен тауар әкелуге қылмыскерлермен жиі қолданылатын әдіс азық-түлікке арналған жалған құжаттармен спиртті тасымалдайды, бірақ азық-түліктің салмағы мен көлемі спиртке қарағанда азырақ. Тағы бір мысал, түсті металды өткізу, онда металлопрокатты тығу арқылы, бұл жағдайда таразы арқылы контрабанданы табу оңайырақ, себебі лом прокатқа қарағанда жеңіл және көлемді.
Бірақ кейбір жағдайларда контрабандистер дұрыс рәсімделген құжаттарды пайдалануы мүмкін, мұнда олар контрабанда тауарын құпия орындап немесе таза жүк арасына тығады. Бұл жағдайда контрабанда салмағы аз болады да, таразы арқылы оны анықтау мүмкін емес. Мұнда түсті металдарды анықтайтын құралдарды пайдаланған жоқ, ол алтын, платина, күмістен жасалған бұйымдарды табуды жеңілдетеді.
Контрабанда мен коррупция, ұйымдасқан қылмыстың алдын алудың тиімді жүйесі ретінде елімізде біріңғай информациялық кеңістіктің құрылуы мүмкіндік туғызатын еді. Тұтас информациялық жүйеге көшуіміздің қажеттілігі, Республиканың құқық қорғау және бақылаушы органдардың қызметін ұйымдастыруда негізгі базаға айналуы мүмкін. Ал, құқық қорғау және фискальды органдар арасындағы ведомстволық қайшылықтарға тап болмауы үшін көрсетілген ақпарат орталығын қандай да бір ведомстволықтың құрамында құрамай, оны Үкімет немесе ҚР-ның Президенті жанында және ақпарат (ведомствоаралық) орталығын ұйымдастырып, құруға болады және қылмыспен күресті жүргізетін барлық мемлекеттік органдармен, әділ сот органдарының көрсеткіштерін жинақтап, реттеу өкілеттігін оған беруі керек[1].
Орталықты құрудың бір нұсқасы ретінде мынаны ұсынуға болады: Бас прокуратура жанындағы құқықтық ақпарат орталығын қазіргі жаңа дамыған аппаратурамен жабдықтап, Қазақстанның бүкіл аймағын қамтып,аудан,облыс, Республика схемасымен жұмысын бастауға болды және де қажет ақпаратқа орталық ведомстволардың лауазымды тұлғаларымен бірге, аудандық және облыстық деңгейлерінде қол жеткізу керек (белгілі бер пароль мен кілттерді пайдалану арқылы). Осындай ақпарттық орталықтар көптеген шет ел мемлкеттерінде бар және ұйымдасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқық қорғау қызметінің мәні
Кеден ісіне катысты қылмыстардың ұғымы мен түрлері, заңдылық сипаттамасы
Контрабанда
ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ ТҮСІНІГІ
Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің әлемдік тәжірибесі
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868- 1917 ж. ж. )
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Арнайы кедендік статистика
Пәндер