Драмалық шығармаларды оқыту (Рымғали Нұрғали зерттеулері негізінде)ды оқыту
Драмалық шығармаларды оқыту
(Рымғали Нұрғали зерттеулері негізінде)
Аңдатпа. Мақалада әдебиеттанушы ғалым Рымғали Нұрғали зерттеулеріндегі талдау үлгілері бойынша драмалық шығармаларды оқыту мәселелері мен оқу әдістері қарастырылған. Бұл әдістер 6В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні бойынша қолдануға арналған. Әдебиет тектерінің айрықша айшықты жанры – драма театр сахнасын нысанаға алып, сахнаға қойылу үшін жазылады. Орыс жазушысы Гогольдің Драма тек сахнада ғана өмір сүреді, сахнасыз драма – денесіз дем дегені сөзіміздің айғағы іспетті. Таным тұғысынан, тәрбие жағынан маңызы зор, идея және эстетика жағынан әсерлілігі мол өнердің бір түрі драмада мінездердің шайпасуы, сезімдердің шайқасуы көрініс табады. Жоғары деңгейдегі композициялық талаптарды ескеріп жазылған дүние болмысы ерек көркемдеуіш құралдардың бірі – диалогты, сонымен бірге монологтық мүмкіндіктерді кеңінен қолданып, сол арқылы кейіпкерлердің, өмір болмысының жан-жақты қырларын, сырларын, шындығын ашып, тіршілік құбылыстарындағы қатпарларды бағалайды, оларға шешім айтады. Әдебиеттегі өзге жанрлардан гөрі драмалық шығармаларды оқыту барысына енгізудің өзіне тән ерекшеліктері бар және мұндай ерекшеліктер драмауи шығармалардың жанрдағы табиғатын-болмысына туралай қатысты болады. Мақалада сыншы, зерттеуші Рымғали Нұрғалидің зерттеуіндегі драмалық шығармаларды оқыту мәселесі сөз етіледі.
Кілт сөздер: драма, тартыс, драмалық шығармалар, әдіс-тәсілдер, оқыту, характер, Рымғали Нұрғали, Еңлік-Кебек.
Кіріспе. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырманның (көрерменнің) көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдырады. Драма шығармасында шымыр шиеленіскен тұстар мол, оқиғалар желісі сан қырлы өрбіп, мұндағы тартыс қозғалмалы, өткір болады. Бұған байланысты Мұхтар Әуезов: Драматургиядағы конфликт мәселесі пьесаның жанрлық белгісін көрсететін шешуші элементтерінің бірі, драматургияның негізгі компоненті екенін айтқан.
Шиеленіс – драманың жаны, өзегі. Драмалық туындыны бекемдеп, прозадан, поэзиялық туындыдан ерекшелейтін шарттылық белгісі де осы конфликттілік. Ал, көрнекті әдебиеттанушы Зейнолла Қабдолов: Драмадағы ең шешуші нәрсе – тартыс екенін айтып кеткен. Эпостық шығармалар мен лирикалық туындылар шынайы өмірді көрсетудің екі шегі болса, драматургия осындай қос шектің түйіндесуінен туындаған үшінші бір құбылыс іспетті екенін Белинский байыптап берген болатын. [1, 216] Тірі, өзінше бөлек, екі шектің ортасындағы аралық әлем секілді. Драмалық шығармалардың ерекшеліктеріне: оның белгілі шегі болатындығы, тек қатысушылардың сөздерінен құралатындығы, ең басты шешуші нәрсе – тіл екендігі, қимыл-әрекетке құрылатындығы, драмалық көріністегі өмір шындығы көркемөнер тұрғысында өз тәмамын сахна әлемінде ғана табатындығы, образдар сахна жүзінде ғана жасалатындығы, ең қажет нәрсе – тәсіл екендігі, оның әдебиеттің ең қиын түрі (М.Горький) екенін растайды. Драмалық туындыларда әдебиеттің басқа жанрлық шығармаларындағыдай оқиға немесе құбылысты автордың өз баяндауында емес, ремарка түрінде, кейіпкерлер қимыл-қозғалысы, сырт бейнесі, киімін, оқиға орын алып жатқан жерді т.б. түсіндіру мақсатында беріледі. Барлық қимыл-қозғалыс, мінез-болмыс кейіпкер сөзі мен іс-әрекеті арқылы көрінеді.
Әдебиеттің басқа тектері сияқты драманың да жанрлық түрлері болады: трагедия, комедия және драма. Осы орайда драмалық туындыларды зерттеу драма өнерінің жанрлық қалыптасу кезеңдерін саралаған, драматург шеберлігі, көркемдік ойлау мәселелерін, драма жанрының табиғатын, ерекшеліктерін айқындап, типологиялық тұрғыда үлкен еңбек жазған көрнекті әдебиеттанушы, ғалым, академик Рымғали Нұрғали Драма өнері атты монографиясында трагедия, комедия, драманың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жіктелу деңгейін саралап, драма жанрының поэтикасын айқындай зерттейді. Жанрдың тууы, формалары турасында тұшымды пікір айтады. Жанрды туындататын элементтердің қатарында сюжет желісін, композицияны, тақырыпты, поэтиканы, шығарма идеясын және мәнін ашып көрсететін көркемдеуіш құралдар қосынын атайды. Бұған драмадағы эмоцияны қозғап, ерекше әсерлілік беретұғын формалар мен сәттерді де қосуды дұрыс көреді. Трагедиялық көрініс қайғыртуы тиіс, комедиялық сарын күлдіртуі тиіс, драмалық шығарма толқыту тиіс деп тұжырым айтады Рымғали Нұрғали. Драма барысында жанр түрлері бір-бірімен ықпалдасып, кірігіп, әрекеттеседі – бірі екіншісін байыта түседі, бір жанрлардың жаңарып өсе түскені байқалса, енді біреулерінің өше бастағаны байқалады [2, 7].
Зерттеу әдістері. Трагедия драмалық жанрлар арасындағы шынайы өмірге ең жақын жанр болып саналады. Себебі, трагедиялық туындыда өмірдегі алуан түрлі қарам_қайшылықтар, талас-тартысты тұстар, іңкарлық пен жеккөрушілік секілді сезімдер аламаны, идеялар мен ой-пікірлердің тартысы айрықша деммен, пафосты леппен, шынайы сұңғылалықпен көрсетілетінін Рымғали Нұрғали айтып кеткен болатын [3, 11]. Әдебиет әлемінде классика үлгілері деп саналған трагедиялық туындыларда жеке адамның өзін қоршаған қоғамның, әлеуметтік ортаның қалыптасқан қағидаларымен қақтығысқа келуі, таусылмайтын күрескерлік бағытына түсуі бейнеленеді. Қаһармандардың түрлі кедергілерден өтіп, алдарынан асу бермес тосқауылдар шығып, рухы қайсар жандардың оған алапат күресі, сұм заманның қатыгез әдеттерімен шайқаста опат болуы суреттеледі. Бұл жайында Рымғали Нұрғали зерттеушілік тұжырым жасап, былай дейді: Трагедияның ең басты ерекшелігі трагедиялық тартыста көрінеді. Трагедиялық конфликт кейіпкердің тартқан азабы мен өліміне де сабақтас. Бұл – қосалқы, сырт сипаттардың бірі. Ал, трагедиялық тартыстың өзегі әлеуметтік-тарихи, қоғамдық-саяси қабырғалы күштердің шайқасында жатыр. Бұл қақтығыста кең құлаш, қоғамдық мағына, философиялық тереңдік бар [4, 12]. Жалпы, тартыс, конфликттілік деген ұғымдар, тәсілдер көркем шығарманың жаны, қаны іспеттес. Әсіресе, трагедияда бұл көркемдік тәсілдерді қолданудың маңызы орасан. Іс-әрекеттегі, ой-танымдағы, көзқарастағы, өмір әдеттеріндегі ерекшеліктері көркем туынды қаһармандарын амал-әрекеттік те, психологиялық та қақтығысқа, тартысқа бастап отырады. Егер қаһармандар мықты болса, шығармада қақтығыс болмауы мүмкін емес, - деп М.Горький ескертіп кеткеніндей, драмалық туынды да, трагедиялық шығарма да сен тұр, мен атайын деген мықтылардың жиналған ортасы болғандықтан қақтығыстан, тартысудан қалыс болмақ емес. Бұл жанрдың табиғатына тән ерекшелігі. Драмалық шығармаларды оқу, сахнада көру бар да оны оқыту бар. Драмалық туындыларды оқытудың жолдары, әдіс тәсілдері көп. Ол әр ұстаздың ізденісі, шеберлігіне байланысты шығармашылық жұмыс болып табылады. Драмалық шығармаларды оқытуда мұғалім драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, шығарма көркемдігі мен суреткердің эстетикалық табысына ерекше назар аударып, кейіпкерлердің терең сырлы монологтарын, диалогтарын, пьесаның тартысқа толы сюжетін талдай білуі қажет. Талдау алдында оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдарды таныстырудың маңызы зор. Мұғалім пьеса жайлы тұщымды анықтама бергені ләзім. Шығарманың тақырыбы, жазылу уақыты, құрылысы, тарихи фоны, әдебиет пен театрдағы орны турасында мәлімет берсе, білім алушы шығарманы тұтас қабылдап, қызығушылығы артып, тақырыпты тез меңгеруіне жол ашады. Осы тұста ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтің пікірі орынды: ...Бала оқытуды жақсы білейін деген адамға әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек [5, 16] - деген пайымдаулары арқылы ағартушы ғалым мұғалімдердің бойында ең алдымен білім, біліктілік және сол білімді жеткізудің жолдарын көрсететін әдістемені меңгеру қажеттігін, бұған қоса психологиялық сауатының болуын басты мәселе етіп көтергенін аңғарамыз. Бұл мұғалімнің сабақты алдын ала жоспарлап, ұйымдастыруымен, оқыту әдістемесінің дұрыс жасалуымен, оқыту мазмұнын анықтап, принциптерін жүйелеуімен тығыз байланысты болып жүзеге асады. Сонда ғана драмалық шығармаларды оқыту жемісті болмақ. Пьесаны талдамас бұрын, шәкірттерге мәтінді алдын ала оқыту керек. Драманың басты күші тілінде болатындықтан, оған үңілу шығарманың сырын ашады. Оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беріп, ең негізгі тартыстар мен шиеленістерді көрсететін актілерге көңіл бөлгізіп, үлестірме нұсқау ұсынса болады.
Драмалық шығармаларды оқытуда мынадай әдістерді түрлендіріп қолдануды жүзеге асырса құба-құп:
Әңгімелеу;
Шығармашылық оқыту (іздендіріп оқыту);
Проблемалық баяндау арқылы;
Деңгейлік тапсырамаларды орындату;
Иллюстрация, көрнекілік;
Сахналық қойылым;
Жазбаша жұмыстар орындату;
Микс әдісін қолдану;
Өнер және мәдениет құралдарын қолдану;
Техникалық құралдарды (видео қойылымнан үзінді) қолдану; т.б.
Осы орайда ұлт мәдениеті мен тәлім-тәрбие тарихында және жоғары мектеп педагогикасының қалыптасуына үлес қосқан, іргелі еңбектерімен ерекше орын алатын қазақ зиялыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов оқыту ерекшеліктеріне қатысты келелі пікір қалдырған. Тәрбиеге жетекші еңбегіндегі пайымы қазіргі күні де құнды пікір: мұғалім айналысатын іс әрдайым қозғалыстағы, өзгерістегі, өсудегі, өркендеудегі тіршілік иесі – адам болғаны үшін, мұғалім де бірқалыпты әдісте табандап тұрып қалмастан, үнемі өзгеріп, дамып отыруға тиіс. Сабақты өту барысындағы қарапайым қабілеттілікпен шектелмей, әрдайым жаңа мәліметтен жаңа нәрсені тауып отыратын өнердің түрі [5,17].
Мысалы, М.Әузовтің Еңлік-Кебегін оқу барысында мынадай нұсқаулар беруге болады: а)трагедиядағы басты тартыстар, негізгі оқиғалар, соған назар аудар; ә) Трагедия өзіңе ұнады ма, әсіресе не ұнады, не ұнамады? Баланың ойын, пікірін дәлелді айтуға бағдарлап (тырысып), сол позициясын аяғына дейін қорғап, табанды болуға дағдыландыру ләзім. Қойылған сауалға бала еркін, ашық жауап беріп, өзі дәл сол жағдайда қайтер еді деген сияқты сыни ойлай алуына түрткі жасауы қажет. Бала ойының не пікірінің дәлелді айтуға тырысқанын назарда ұстау қажет.
Талдау мен нәтижелер. Ендігі кезекте ғалым Рымғали Нұрғали жүйелеген бағыт бойынша трагедия жанрының ерекшеліктеріне жинақы түрде тоқталып, талдап өтеміз. Әлемдік әдебиетте көптеген ұлы туындылар ел арасындағы аңыз_әңгімелердің негізімен дүниеге келгені мәлім жайт. Бұған мысал ретінде Рымғали Нұрғали әлем әдебиетінде жеріне жеткен шеберлікпен, асқан ақындық күш-қуатпен керемет философиялық шындықтарды поэтикалық суретпен берген Гетенің Фауст трагедиясын атап, оның сюжеттік желісі халық әдебиетінде жатқандығын тілге тиек етеді. Кейін сюжеттік желі неміс Клингердің Фаустың өмірі, қызметі, өлімі деген романына, ағылшын Марлоның Доктор Фаустың қайғылы тарихы атты трагедиясына арқау болған. Тақырып әртүрлі пайымдалғанымен, бұлардың барлығы көркемдігі, тереңдігі жағынан Гетё трагедиясынан көш кейін екенін Рымғали Нұрғали бағамдап айтып өткен. Міне, осындай фактілерден аңыз бен көркем әдебиеттің байланысы қай деңгейде екенін, әр жазушы өз шығармашылығында халық аңыздарын қалай пайдаға асыра білді деген мәселелерді айқындауға болады. Рымғали Нұрғали Еңлік-Кебек аңызының нұсқаларына тоқтағанда осы мақсатты көздейді. Драма өнері монографиясында ғалым бұл аңыздың 4 нұсқасын атап, мәтіндеріне терең үңіліп, сюжет желісі, стилі, кейіпкерлері туралы салыстырулар жүргізіп, әрқайсысының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып талдау жасайды. Мұхтар Әуезов қаламынан туған тарлан трагедияның ең бірінші нұсқасы 1892 жылда Дала уалаяты газетінде жарияланған. Қазақтың есінен кетпеген сөз деген тақырыппен берілген шығарма нұсқасы газеттің 31 санынан 39 санына дейін басылып отырған [6,14]. Еңлік пен Кебектің тағдырын сөз еткен, баспа бетін тұңғыш көрген бұл нұсқада елдік сарындылық, аңыздық бейімділік мол болған. Сол кезеңде көркемдейтін құрылымдары кемел болмаса да, тілдік, сюжеттік, композициялық, стильдік, образдық тұрғыда олқылықтары орын алып жатса да, аталмыш трагедияның балаңдығы, баспа жүзін енді көргені, халықтық сарын мен мотивті барынша сақтағаны оның қасиеті, құндылығы еді деп тұжырымдайды Рымғали Нұрғали алғашқы нұсқаны саралағанда. [7, 17]. Екінші нұсқасы Дала уәлаятында 1900 жылда жарық көреді. Бұл жолы туынды Қазақтың тұрмысындағы хикая деп аталады. Бірінші нұсқамен салыстырғанда бірқанша ерекшеліктері бар. Бұл нұсқада жігіттің есімі Серғали, қыздың есімі Қаңлық болып берілген. Абыз болса Келдей деп аталған. Ал Кеңгірбайдың есімі Шалпақ деп беріліпті. Жер-су атауларында да өзгешеліктер орын алған: Шыңғыс – Далаған, Хан – Бүркіттау деп өзгеріп, басқа да тау-шыңдардың, жер-сулардың атаулары келтіріледі Сабақ барысында драмалық туындыны экраннан көріп талдау, болмаса сол бір шағын оқиғаны көрініс етіп көрсетудің де маңызы да айрықша.
Мәнермен оқып беру, түсіндіріп оқып беру, рөлдерге бөлініп оқып беруге назарды аудару керек.
Талдаудан өткізу кезінде оқушыларға жиі-жиі түрткі беріп, оқушылардың қиялы мен ойларына еркіндік сыйлап тұру да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz