Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы, Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның ластануының мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЭССЕ
Тақырыбы: Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы, Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның ластануының мәселелері.

Орындаған:Әден Эльмира
Тобы: ЖМҚ Б 06-20
Тексерген:

Аурулардың алдын алу негізі ретінде гигиеналық нормалау 19-ғасырдың өзінде кемеңгер хирург Н.И. Пирогов Келешек, сақтандыратын медицинанікі деген, ал атақты клиницист-ғалым Г.А. Захарьин - Практикалық дәрігер кемеліне келген сайын гигиенаның құдіретін және емдеудің, терапияның, салыстырмалы түрде әлсіз екенін, ол көбірек түсінеді деген.Адам денсаулығы, тек сапалы өмір сүрудің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің саясаты мен ұлттық қауіпсіздігінде жетекші жүйе түзуші фактор болып табылады және оны қамтамасыз етуде ең маңызды, бірінші дәрежелі рөл алдын алу медицинасына беріледі. Адамға, тек табиғи факторлар ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның химиялық, биологиялық және физикалық ластануымен, табиғатты жөнсіз пайдаланумен, әлеуметтік ортаның сипатымен және қалыптасу ерекшеліктерімен, әскери шамданулармен және басқалармен байланысты, антропогенді факторлардың бірқатар кешені әсер етіп жатқан қазіргі заманда, олардың айтқандары бұрынғыдан да өзекті болып отыр.
Гигиена ғылымының негізін қалаушы Ф.Ф. Эрисман осыған байланысты, Егер ауру түрін дұрыс анықтау және оны дұрыс емдеу әдісі өте маңызды және елеулі деп саналса..., осы аурулар мен өлімнің себебі болып табылатын, қоғамның санитарлық сырқаттарын анықтау және жоя білу барлық рецепттер мен дәрілерді бірге алғандағыдан да, неге жоғары дәрежеде маңызды және елеулі деп айтпасқа деген. Алдын алу жөніндегі медицина тек дәрігер-гигиена мамандарының ғана еншісі емес, аурудың алдын алу жөніндегі шараларсыз, кез-келген емдеу саласындағы дәрігердің жұмысы мүмкін емес. Гигиеналық ойлау тәсілі және бұл саладан кең танылымдар студенттік кезеңнен бастап қалануы керек, ал алдын алу жөніндегі медицина болашақ дәрігерлерді дайындауда өзіне лайықты орын алуы тиіс.
Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі ғылым - гигиена болып табылады. Гигиена, іске асырылғанда адамның қолайлы өмір сүру жағдайын, денсаулығының нығаюын және ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін, гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында, қоршаған ортаның адам ағзасы мен қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді Гигиенаның мақсаты - адамның денсаулығын сақтау және нығайту, аурудың алдын алу. Англиядағы эксперименттік гигиенаның негізін қалаушы Эдвард Паркс гигиенаның мақсатына өте кең мағыналы және айқын анықтама берген: Ғылым ретінде гигиена үлкен және игілікті мақсат көздейді - адам ағзасының өсіп-дамуын - әбден жетілген, өмір сүруін - күшті, қартаюын - әбден баяу жүретін ету, өлімін ең ұзаққа созу деген.

Адамда дағдыланған бейімделу механизмі жоқ, бұрын белгісіз болған факторлардың көздері - жаңа технологиялар пайда болды.Әр түрлі салаларда гендік инженерия енгізілуде, сондай-ақ қауіпсіз емес болып табылған компьтерлерді, ұялы телефондарды және электромагнтиттік сәулеленулердің басқа да көздерін қолдану жаһандық масштаб алуда, әлеуметтік факторлардың әсері ұлғаюда. Бұл факторлардың әсері, тіпті қарқындылығы аздарының өзі де, адамның денсаулығына едәуір қауіп тудырады, себебі, көптеген аурулардың, оның ішінде қатерлі ісіктердің, жүрек-қан-тамыр, жүйке-психикалық аурулардың, иммундық тапшылық жағдайлардың және басқа да патологиялардың себебі немесе дамуының қауіп-қатері болуы мүмкін, оларды емдеуде клиникалық медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан, көбінде, қажетті тиімділікке жете алмайды.
Гигиена адамды қоршаған ортасын - тіршілік ортасы мен өндірістік іс-әрекет ортасын - қорғауға және сауықтыруға бағытталған, ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу жөніндегі шараларды дайындау және оларды іс жүзіне асыру арқылы өз мақсатының жүзеге асуына қол жеткізеді.Ол үшін, гигиена ғылымы келесі міндеттерді шешеді:
1. Адамның денсаулығына әсер етеін қоршаған ортаның табиғи және антропогенді факторларын зерттейді.
2. Бұл факторлардың адамның немесе популяцияның денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді.
3. Адам денсаулығына қолайлы әсер ететін қоршаған орта факторларын максималды пайдалану және қолайсыз әсер ететіндерін жою немесе қауіпсіз деңгейге дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы
Қалдықсыз және жартылай қалдықты өндірістік технологиялар
Қазақстан Республикасындағы атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері
Мен және мені қоршаған орта
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Пәндер